1.3 Зияты зақымдалған тіл кемістігі бар балаларға педагогикалық көмек беру жүйесі
Қысқаша тарихи мағлұматтар. Сөйлеу патологиясы және оның коррекциясы жуықта ғана зерттеле басталды, дәлірек айтқанда, шамамен ХІХ ғасырдың ортасынан бастап, яғни сөйлеу әрекетінің негізгі анатомо-физиологиялық механизмдері анықтала бастағаннан бері.
Логопедия – арнайы оқыту және тәрбиелеу құралдарымен сөйлеу қабілетінің ауытқуларын анықтау, жою және алдын алу әдістері туралы ғылым [33.37].
Логопедия адамның психикалық және, нақтырақ айтқанда, сөйлеу әрекеті, сөйлеу коммуникациясының қалыптасу қалпын және патологиясын қамтамасыз ететін сөйлеу және тілдік механизмдер туралы білімнің интегративті аумағы ретінде тарихи қалыптасты. Осыған байланысты логопедия неврология, нейропсихология және нейролингвистика, психология, педагогика және т.б. ғылымдарға негізделеді. Бұл ғылыми дисциплиналар логопедияға сөйлеу бұзылыстарының механизмдері мен құрылымдарын ғылыми түрде негіздеуге, сөйлеуді дамытуға, түзеу және қалыптастыруға ғылыми әдістерін құруға және қолдануға мүмкіндік береді.
2 ЗИЯТЫ ЗАҚЫМДАЛҒАН БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІН ДАМЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫСТАР 2.1 Зияты зақымдалған балалардың сөйлеу тілін дамыту ерекшеліктері
Сөйлеу әрекеттірі тілдесу жағдаяттарына байланысты қарым – қатынастық мақсаттарды шешуге бағытталған дағдылар жүйесінің сипатқа ие болуын қажет етеді. Тілдесу жүзеге асуы үшін кем дегенде екі адам болуы керек. Бірі – ақпаратты беруші, екіншісі – тыңдаушы [36.23-39].
Әдістемеде сөйлеу әрекетінің төрт түрін бөліп көрсетеді: оқылым, тыңдалым, айтылым және жазылым. Сөйлеу әрекетінің әрбір түрі тек қана сол әрекетке ғана қажетті, тек қана сол әрекетке ғана тән ерекше дағдылар мен машықтардың дамуын талап ету ана тілін оқытудағы негізгі қағида болып табылады.
Сөйлеу әрекетінің екі түрін – тыңдалым мен айтылымды – тілдесудің ауызша түріне, екі түрін – оқылым мен жазылымды – жазбаша түріне жатқызады. Бұлайша бөлу, тілдесудің бұл екі түрінің бір – бірінен едәуір алшақтығы бар екенін көрсетеді. Ол мәтін көлемінен де, ондағы синтаксистік құрылымнан да, жалпы тілдесу кезіндегі сөздер санынан да байқалады. Мұнымен қоса ауызша тілдесу кезіндегі ақпарат есту арқылы қабылданса, жазбаша тілдесу кезіндегі ақпарат көру арқылы қабылданады. Сондықтан жазбаша тілдесу көру арқылы қабылдап, түсіну дағдысын талап етсе, ауызша тілдесу тыңдай отырып, қабылдап, түсініп, жауап беру дағдысын талап етеді.
Сөйлеу әрекетінің екі түрін өнімді әрекетке, екі түрін баяндау әрекетіне жатқызады. Өнімді тілдесу кезінде сөйлеуші өз сөзін өзі құрастырады. Ал баяндау әрекетінде тыңдап немесе оқып отырған адам айтушы мен жазушыдан келген ақпаратты оқи, тыңдай отырып, бақылап, барлап, қорытып барып, жауап береді. Оның беретін жауабы өзіне келген ақпаратқа тәуелді.