Диплом жұмысы телжан шонанұлының лингвистикалық МҰрасы 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті»


ІІІ. Қазақ тілін үйренуші өзге ұлт өкілдеріне ар­нал­ған оқу құралдары мен зерттеу еңбек­тері



бет10/19
Дата21.07.2022
өлшемі161,89 Kb.
#37839
түріДиплом
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19
Байланысты:
диплом Телжан Шонанов

ІІІ. Қазақ тілін үйренуші өзге ұлт өкілдеріне ар­нал­ған оқу құралдары мен зерттеу еңбек­тері. «Шала сауатты ересектер үшін оқу құралы» (1926); «Орыстар үшін қазақша əліппе» (1931), «Қазақ тілінің оқу құралы» (1933), «Учебник казахского языка для взрослых» (1934)
Ғалымның аса бір ескерерлік еңбегі – 1920 жылдары қазақ тілі мемлекеттік тіл болып жариялануына байланысты – орыстарға қазақ тілін оқыту мақсатымен бағдарлама мен оқулықтар жазуы және ана тілін өзге жұртқа оқытудың әдіс-тәсілдерін баяндайтын көптеген мақалаларының баспасөз беттерінде жариялануы.
Т.Шонановтың қазақ тілін оқытуға қатысты бай ғылыми-әдістемелік мұрасының ішінен біздің зерттеу нысанамызға қатысты екі үлкен топты жеке алып қарастырамыз. Олар: 1) Орыс тілді мемлекеттік қызметшілерге (өзге ұлт өкілдеріне) қазақ тілін үйретуге арналған еңбектері; 2) Шала сауатты ересектерге (жергілікті ұлт өкілдеріне) қазақ тілін оқытуға арналған еңбектері.
Атап айтар болсақ, әдіскер-ғалымның «Самоучитель киргизского языка для русских” атты еңбегі 1925 жылы Орынбор қаласында басылып шықты, бұл Қазан төңкерісінен кейінгі кезеңде жазылған алғашқы оқу құралдарының бірі болды. Т.Шонановтың бұл салаға қатысты келесі еңбегі 1929 жылы “Заочные курсы казахского языка для русских на новом алфавите” деген атпен басылса, 1930 жылы “Самоучитель казахского языка для русских (практика и теория)” атты оқу құралы жарық көрді. Ал 1936 жылы К.Төлебаевпен бірге авторлықта ересек тіл үйренушілерге арналған “Учебник казахского языка для взрослых” атты оқу құралы шықты.
Қазақ тілін оқыту әдістемесінде жазылған тұңғыш бағдарламалар да Т.Шонанұлының үлесіне тиесілі. Ғалымның “Европалық жұмыскерлерге қазақ тілі сабақтарының қалыпты програмы” 1927 жылы және С.Кеңесбаевпен авторлық бірлестіктегі “Программа по казахскому языку для ведомственных курсов по коренизации аппарата” атты бағдарламасы 1933 жылы жарық көрді. Аталған соңғы бағдарламада авторлар 240 сағатқа негізделген тіл үйрету курстарында 1200-1500 лексикалық бірлікті меңгертуге болады деп есептеді.
Т.Шонановтың шала сауатты қазақ тілді ересектерге арналған еңбектерінің алдына қойған негізгі мақсаты — әріптерді таныту, оқу, жазуды үйрету, сол кездегі Кеңестік қоғам өміріне қатысты қарапайым мәтіндерді оқыту арқылы таптық, коллективтік тәрбие беру болды. Автор 1926 жылы шыққан “Шала сауатты ересектер үшін оқу құралы” атты еңбегінде: “Қолдан келгенше комплекс жолымен жазылды. Комплекске жеті ірі тема кірді”, — деп атап көрсетеді. Мұндағы автордың комплекс дегені — модульдік жүйемен ұсынылған тақырыптар кешені, атап айтсақ, «Мал бағу», «Егіншілік», «Кәператив», «Саяси сауат», «Ленин өмірі мен ісі», «Төңкеріс мейрамдары», «Есеп білдіргіш» тақырыптары төңірегінде ұсынылған мәтіндер сол кезеңдегі қоғам өмірінің жан-жақты қырларын қамтыды.
1930 жылы Қызылордада басылып шыққан “Сауаттан: Қазақстан оқу кәмиссериетінің білім ордасы үлкендер үшін ұнатқан” оқу құралында “қол қат, сенім қат, әдіріс” сынды ресми іс қағаздарының үлгілерін ұсынды.
Т.Шонановтың М.Жолдыбайұлымен бірлестікте жазылған “Әліппе” атты келесі еңбегі де ересектердің сауатын ашуға бағытталды. Латын әліпбиіндегі 29 әріптің баспа және жазбаша түрлерін суреттер мен мысалдар арқылы толық танытып шыққаннан кейін “Колхозға кім кіре алады?”, “Көптің мүлкін күт”, “Екпінді”, “Зауыт”, “Ленин”, “Сталин” т.б. бірнеше мәтіндер беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет