Диплом жұмысының сипаты


Тақырыптың зерттелу деңгейі



бет3/12
Дата22.11.2022
өлшемі140,97 Kb.
#51782
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі мәселесі бірқатар зерттелген тақырыптардың қатарына жатады. Алайда ғылыми-зерттеу жұмыстары арасында арнайы Ахмет Байтұрсынұлының шығармаларындағы ұлттық идея мәселесін және оның тарихи-әлеуметтік негіздерін сараптаған жұмыстар жоқ. Сондықтан біздің диплом жұмысы барысында қарастырған мәселеміз бұл бағытта жүргізілген бірқатар жанама мәліметтердің негізінле, өзіндік сараптама жасау арқылы ұйымдастырылды. Диплом жұмысы барысында біз мәселенің теориялық негіздерін ашу мақсатында «ұлттық идея» ұғымы, және оның құрылымдары сынды тақырыптарды ашуда орыс ғалымдарының еңбектерін сараптай алдық. Сонымен қатар ХХ ғасыр басындағы саяси ахуалды қарастыра отырып, Ахмет Байтұрсынұлын қалыптастырған тарихи жайттарға баға беру үшін бірқатар отандық тарих ғылымындағы іргелі еңбектерді де пайдалана алдық. Ахмет Байтұрсынұлының еңбектерін де қолдана отырып, оның әр шығармасындағы ұлттық идея мәселесін сараптап, Алаш қайраткерінің ұлттық идея туралы толғаныстарына тарихи және әлеуметтік тұрғыдан талдай алдық. Нәтижесінде біз қарастырып отырған мәселеге қатысты зерттеу жұмыстарының шартты түрде үлкен үш тобын анықтадық. Олардың біріншісі мәселенің теориялық негіздерін ашатын еңбектер болса, екіншісі тарихи ахуалды сипаттайтын әргелі ғылыми еңбектер және үшіншісі Ахмет Байтұрсынұлының шығармалары және оның еңбектеріне қатысты шыққан жинақтарды атауға болады.
Біз ұлттық идея түсініктерінің мәні мен мазмұнын дәл ашып, оның қазақ халқының ерекшеліктеріне сай талдау мақсатында В.Ю. Хотинецтің «Этническое самосознание» деп аталатын еңбегін сәтті пайдалана алдық [2]. Автордың келтірген ұлттық идея түсініктері өзінің кең көлемділігімен ерекшеленеді. Сонымен қатар тарихтағы ұлттық идея мәселесінің көтерілуі мен ұлттық идеяның қалыптасуындағы тұлғалардың алар орнын анықтау мақсатында Б. Тоғысбаевтың «Тарихи тұлғалар» атты еңбегін пайдаландық [3]. Аталған еңбектің маңыздылығы алдымен біздің ғылыми ұстанымызбен тығыз байланысты болып отыр. Біз диплом жұмысы барысында ХХ ғасыр басындағы ұлттық идея мәселесінің көтерілуі мен қалыптасуындағы Ахмет Байтұрсынұлының орнын анықтауға тырыстық. Міне осындай еңбектерде көрсетілген жайттарды басшылыққа ала отырып, біз ХХ ғасыр басындағы ахуалмен сәйкестендірдік. Диплом жұмысы барысында біз нақты терминдермен жұмыс жасау үшін ғылыми сөздіктердің анықтамалығына да жүгінген болатынбыз. Ғылыми сөздіктер үлкен ғылыми қауымдастықтың күшімен шығатынын ескерсек, мәселенің теориялық негіздерін ашуға үлкен септігі бар екені анық. Мұндай ғылыми сөздіктер қатарында «Современный философский словарь» деп аталатын еңбекті атауға болады [4]. Мәселенің теориялық негіздерін ашып, ұлттық идея түсініктері мен оның құрамын сараптауда А.Б. Багдасарованың «Национальная идея: сущность и ее трансформации в русской социально-философской мысли» деп аталатын еңбегін атай аламыз [5]. Мұндай еңбектер қатарында С. Сулакшиннің «Национальная идея России» атты еңбегін де атауға болады [6]. Автордың Ресей мысалындағы сараптамалары біздің тарапымыздан қызығушылық тудырды. Рас авторлардың келтірген пайымдары мен жасаған тұжырымдарын басшылыққа ала отырып, ХХ ғасыр басындағы қазақ халқының ұлттық идеясының негіздерін анықтай алдық. Біз осы келтірілген теориялық мәселені Алаш қозғалысы және Ахмет Байтұрсынұлының еңбектерімен салыстырмалы түрде талдай отырып, өзіндік пайымдар шығарып отырдық. Осы ретте Алаш қозғалысы бойынша алдыңғы қатарлы отандық маман М.Қ. Қойгелдиевтің «Алаш қозғалысы» атты еңбегін атай аламыз [7]. Сонымен қатар мәселенің теориялық негіздерін ашу үшін Г.В. Здереваның «Современная концепция патриотизма – основа идейного позиционирования в международном сообществе» атты еңбегін де пайдаландық [8] және де В.И. Карасиктің «Аксиологическая лингвистика» [9], В.П. Сальниковтің «Гуманитарный суверенитет и идеологическая функция государства» [10] еңбектерін барынша пайдалана алдық.
Біз жоғарыда атап өткеніміздей зерттеу жұмыстарының үлкен бөлігін тарихи танымдық зерттеу жұмыстары құрап отыр. Мұндай еңбектер қатарында Омарбеков Т., Омарбеков Ш. «Қазақстан тарихына және тарихнамасына ұлттық көзқарас» [11] еңбектерін пайдаландық. Сонымен қатар диплом жұмысы барысында Р.С. Имаханбеттің «Ахмет Байтұрсынұлы: ғұмырбаяндық деректер» [12], Ахмет Байтұрсынұлының өзінің «Алты томдық шығармалар жинағын» [13], К. Нұрпейісұлының «Ғасыр басындағы ұлттық интеллигенция» [14], «Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін)» деп аталатын бес томдық материалдарын [15], К. Нұрпейісұлының «Алаш һәм Алашорда» атты еңбегін [16], Т. Омарбековтің «Қателескен Ленин бе, жоқ әлде қазақ зиялылары ма?» [17] атты еңбектерді пайдаланып, өзіндік қорытынды шығардық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет