Диплом жұмысының сипаты


Диплом жұмысының мақсаты және міндеттері



бет4/12
Дата22.11.2022
өлшемі140,97 Kb.
#51782
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Диплом жұмысының мақсаты және міндеттері. Ахмет Байтұрсынұлы ХХ ғасыр басында қалыптасқан ұлт қайраткерлерінің көшбасшыларының бірі болған деп атай келе, біз диплом жұмысы барысында Ахмет Байтұрсынұлының еңбектері ХХ ғасыр басындағы ұлттық идея мәселесінің қайнар көзі екендігін дәлелдеп, оған тарихи-әлеуметтік танымы жоғары құбылыс ретінде дәлелдеу мен оның қазіргі қазақстандық қоғам жағдайындағы тәуелсіздік философиясымен тарихи сабақтастығын айқындауды диплом жұмысының мақсаты етіп алдық. Диплом жұмысы барысында анықталған осы мақсатқа қол жеткізу үшін біз мынандай міндеттерді анықтап, жүзеге асырдық:

  • Мәселенің теориялық негіздерін айқындау мақсатында ұлттық идея ұғымын ашып, оның құрылымы мен тарихи танымдағы сабақтастығына баға беру;

  • Ахмет Байтұрсынұлы ХХ ғасырдың басыңда қалыптасқанын басшылыққа ала отырып, ұлт қайраткерлерінің қалыптасуына түрткі болған саяси-әлеуметтік ахуалға баға беріп, анықтау;

  • ХХ ғасыр басындағы А. Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығын сараптап, оның қоғамдық саяси қызметін талдау арқылы ұлттық идея ұғымына сай келетін тұстарына сараптамалық талдау жасау;

  • Ахмет Байтұрсынұлының поэзиясындағы алаш ұраны және ұлттық рух сарындарын қарастырып, сараптамалық қорытынды шығару;

  • Ахмет Байтұрсынұлының еңбектеріне талдау жасай отырып, оның этнолингвистикалық философемасын айқындау;

  • Ахмет Байтұрсынұлы еңбектерінде көтерілген ұлттық идея мәселесін аша отырып, оның тәуелсіздік философиямен үндестік мәселесін ашу.

Диплом жұмысының зерттеу әдістері және оның әдіснамалық негізі:

  • Ахмет Байтұрсынұлының рухани мұрасындағы ұлттық идеясы: тарихи-әлеуметтік таным мәселесін қарастырып, диплом жұмысының басты зерттеу нысаны етіп алғаннан кейін біз осы тақырып көлемінде ғылыми-зерттеу жұмыстары мен іргелі ғылыми еңбектердің үлкен көлемін қарастыра алдық. Сондықтан диплом жұмысы барысында қолданылған ғылыми әдістердің бірі осы еңбектерді сыныптап, топтарға бөле алдық. Бұл өз кезегінде диплом жұмысын тиімді ұйымдастыруға септігін тигізді. Осы арқылы біз диплом жұмысының ішкі логикалық байланысына қол жеткізіп, жүйелілік сынды маңызды мәселеге қол жеткізе алдық;

  • Диплом жұмысының теориялық негізі, ұлттық идея мәселесін қарастыру барысында біз ұғымдар мен терминдер жұмыс жасадық. Сондықтан келтірілген анықтамаларды салыстыра талдау, ғылыми пайымдарды синтездеу сынды әдістерді қолдандық. Алдымен теориядан негізгі мәселеге көшуде жалпыдан жалқыға өту әдісін пайдаландық;

  • Диплом жұмысы барысында қолданылған әдістердің бірі ретроспективтілік әдіс болып табылады. Оның мәні біз Ахме Байтұрсынұлының қоғамдық-саяси қызметтерін талдау барысында аталған жайттардың әртүрлі уақыт кеңістігінде қандай болғандығын салыстырып отырдық. Ахмет Байтұрсынұлының ұлттық идеяға қатысты көтерген мәселелері тәуелсізік жылдарында көрінісін осы әдіске сай талдадық. Бұл қарастырып отырған жағдайды әртүрлі тарихи уақытта салыстырмалы талдауға жағдай жасайды;

  • Диплом жұмысы барысында біз объективтілік принципті басшылықта ұстадық. Демек кез-келген мәселені талдау барысында біз шынайы болып, жақсы және жағымсыз жайттарды қатар қарастырдық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет