Диплом жұмысының сипаты


А. Байтұрсынұлының туындыларындағы ұлттық идея және оның заманауи кезеңдегі көріністерінің өзектілігі



бет8/12
Дата22.11.2022
өлшемі140,97 Kb.
#51782
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Жасар Байтурсын

А. Байтұрсынұлының туындыларындағы ұлттық идея және оның заманауи кезеңдегі көріністерінің өзектілігі.




    1. А.Байтұрсынұлының поэзиясындағы алаш ұраны және ұлттық рух сарындары

Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығындағы алаш ұраны мен ұлттырқ рух сарындары ерекше көтерілген мәселелердің бірі болып табылады. Алайда біздің пікірімізше Ахмет Байтұрсынұлы шығармашылығы емес, ең бастысы алаш ұраны мен ұлттық рухтың қандай болатындығын ісімен дәлелдеген тарихи тұлға болып табылады. Дегенмен бұл дегеніміз ақын, Алаш қайраткерлерінің шоқтығы биік жұлдызының алаш ұранын көтермеген немесе ұлттық рухты қозғамаған дегенді білдірмейді. Ахмет Байтұрсынұлы өз жанынан шығарған өлеңдері мен жазған мақалаларының басым көпшілігі ұлттық рухты қозғап, алаш ұраның да ерекше насихаттаған. Тіпті И. Крыловтан және өзге де орыс ақындарының мысалдарын аударғанда, өлең соңында одан алатын ғибраттар арқылы өлеңді түйіндеп отырады. Әрине Ахмет Байтұрсынұлы өзінің өлеңдері арқылы қазақты қайрау, намысшыл болу, өз үлесінен бас тартпау сынды қасиеттерге ие болса деп тілейді. Сол үшін де қазақтың жаман әдеттерін айту арқылы одан қашу керектігін көрсетеді. «Көк есектерге» деп аталатын өлеңінде қазақтың ең бір жаман қасиеттерінің бірі – көре алмаушылық, аяқтан шалу сынды қасиеттерді қатал сынайды. Өзінің өлеңінде қазақ деген халыққа не жазғанын, оның алдында қандай күнәсі бар екендігін білмей дал болып, өзінің бар кінәсі адамшылыққа салып, азат ел болса екен деген тілегінің ғана болғандығын айтады. Өзінің қоғамдық-саяси қызметіне баға бере келе, Ахмет Байтұрсынұлы қазақ деген намысты халыққа жол көрсеткендігін атап өтіп, бүгінгі күнделікті тіршіліктің, күйбең тірліктің мәселесін шешуге емес, алысты болжаған маңызды мәселелерді шешуге бағытталған өзекті бағытқа жол сілтегенін атап өтеді. Өзге жұрттар дамып, мемлекеттіліктерін жаңа деңгейге шығарып жатқанда, өз қатарыңнан қалма, сен де дамуға, мемлекеттілігіңді құрып, терезесі тең ел болуға лайықты екендігін атап өтеді. Осы ретте Ахмет Байтұрсынұлы өзін табалап, қудалауға жан құмартқан қазақтардан неңді бұзып, неңді құрттым, неге маған өшіктің деп сауал қояды. Рас қазақ халқы «ел қамын ойлайтын азамат туса, оны аяқтан шалатын қос ит қатар туады» дейді. Міне осы заңдылыққа күйінген Ахмет Байтұрсынұлы мұндай сатқын қазақтарға «аштан өліп қалған атаң бар ма еді, тамақ үшін мені саттың» деп күйінген. Рас Ахмет Байтұрсынұлын жамандап, сатқандар шен қуған, қызмет ойлағандар еді. Қарапайым қазаққа Ахмет Байтұрсынұлынан жақын жан болмағаны анық еді. Ахмет Байтұрсынұлы өзін қаралаған жандарға қарғыс айтпай, керісінше бір күн туса, менің көмегім қажет болса, сендер үшін де жан берер ем деп кең көңілділік танытады. Ахмет Байтұрсынұлы келер ұрпақ мұндай сатқындар «яһудамен» қатар жазатын болатындығына сенеді. Рас Алаш қайраткерінің бұл сенімі бүгінде толығымен орындалып отыр. Осы өлең жолдарын Ахмет Байтұрсынұлы былай деп түйіндейді:



Қинамайды абақтыға жапқаны,
Қиын емес дарға асқаны, атқаны.
Маған ауыр осылардың бәрінен
Өз ауылымның иттері үріп, қапқаны [32, 29 б.].
деп түйіндейді.
Біз жоғарыдағы тараушалар барысында Ахмет Байтұрсынұлының бірнеше мәрте патша кейіннен большевиктер құрған үкімет тарапынан қудаланғандығын атап өткен болатынбыз. Сол қудаланған жылдары шыққан «Тілек батам» деп аталатын өлеңдер жинағында Алланың кінәсіз адамға жақ екендігін алға тарта отырып, өзінің абыройынан айырмауын сұрайды. Оған қоса шариғат заңы мен аят, хадистерде ниеті түзу, ісі оң адамдардыь қудалау деген жоқ екендігін алға тарта отырып, өзін ұстатып, жала жапқандардың өзін қудалағаны дұрыс деген де ой айтады. Ол туралы ойын өзінің өлеңінде былай деп түйіндейді:

Аят және хадисте,


адал ниет пен ақ істе,
жаңылмасақ жоқ еді,
жаза тартсын деген бап.
Мені ұстаған айдатып,
Зығырданын қайнатып.
Масайраған, мәз болып,
Қуанғандарды Өзің тап! – деп орын алған қиын жайттарды реттеумен, сатқындар ісін жазалауды Құдайға қалдырады [33, 82 б.]. Бұл біздің ұлттық діліміздің басты ерекшеліктерінің бірі болып табылады. Қазақ халқы кек қумай, «жазасын Алла берсін» деген сөзді жиі қолданатыны белгілі.
Ахмет Байтұрсынұлы Алаш ұраны мәңгілік әрі ол бір күндік қажеттілікпен өлшенбейтіндігін ерекше атап өтеді. Өзінің бір шығармасында қазақ халқының аз немесе бір күндік табыс пен қанағатқа алданбауға шақырады. Аз нәрсеге жалданбай, өміршең идеяларға бірігуге шақырады. Ал осы Алаш ұранынан адасып, ұлттық мүдде жолынан тайғандарды түзу жолға салуды Жаратқанға аманат етеді. Ол туралы:

Аз күніне алданып,


Аздық нәрсемен жалданып.
Адасқандарын алаштың,
Түзу жолыңа түсір, Хақ, - деп жырлаған болатын Алаш арысы [34, 69 б.].
Ахмет Байтұрсынұлы өзінің Алаш ұранды қызметі үшін де көп қудаланғанын біз жоғарыда атап өттік. Ол күндерін де өлеңге қосып, жаны қиналғанда ұлттық рухтың тарихи бастауларына айналып, қазақ тарихында өзіндік орны және атымен қалған тұлғаларды да өлеңге қосады. Олардан медет сұрап, солардың ұлттық рух жолындағы қызметін қазақтарға үлгі етеді. Өзінің тар қапастағы қиналған шағын дұшпандардың қолынан ұстап әкеткенімен иттері тонымды тістелеп, тұтқынға алды дей келе, тұтқында өт бойыма жайылып, жүрек дертке толды дейді. Әрине бұл ретте жүрек дерті алдымен шарасыздықтан туындаған жайт пен қазақтың ауыр әлеуметтік-экономикалық ахуалымен тығыз байланысты деп айтуға толық негіз бар. Оның үстіне Ахмет Байтұрсынұлы тар қапаста жалғыз жатып, өзінің тұтқындалуын ұлттық рухтың тұншықтыруымен салыстырады. Рас біздің пікірімізше де Ахмет Байтұрсынұлының жабылуы, ол патшалық Ресей мен Кеңстік үкіметтің қазақ халқының ұлттық рухын бұғаулап, Алаш ұранына тұсау салу әрекеті деп бағалаймыз.
Ахмет Байтұрсынұлы қазақтардың ауыр тағдырына өзі сынды қайраткерлердің қоғамдық-саяси қызметінен бөлек, өз тарихымызда болған тұлғалардың өмірінен қарапайым қазақтардың да үлгі алғанын қалаған болатын. Мұндай тұлғалар қатарында Қара балуан атанған Жәнібек пен Қаз дауысты Қазыбек, он екі имам атанған әулиелер мен жиырма сегіз әнбиелерді, халқын ойлаған хандар мен ұлттық рухтың тарихи бастауы болған батырларды атап өтеді. Рас Ахмет Байтұрсынұлы ХХ ғасыр басындағы қазақтардың ұлттық рухының деңгейіне көңілі толмағандығын байқауға болады. Мысалы өзінің бір өлеңінде:
Құнсыз болды еріміз,
Жесір болған жеріміз.
Жан менікі ед деп айта алмас,
Мал менікі ед деп айта алмас.
Ит және құсқа аз боп,
Барын салды таласқа,
Арын сатты қалашқа.
Жұрт болайық демейді,
Жұрт қайғысын жемейді, - деп сол заманның ащы шындығын ортаға салады [35, 81 б.].
Тіпті өзінің және Алаш қайраткерлерінің бүкіл қоғамдық-саяси қызметінің мәні мен мақсаты осы езілген Алаш ұранын қайта жандандырып, іріп-шіри бастаған ұлттық рухты қалпына келтіруді ойлаған. Мұндай аянышты жайтты көзбен көріп, бірігіп кетерміз деген ой болғандығын айта келе, шалшығымыз қайта көл болады және балшығымыз кен болады деген үмітке сенген. Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығымен таныса келе, орыс шаруаларының қазақтың жерін таптауы, ысырапшылдылықпен иемденуі, осы жерлер үшін қан төккен бабаларымыздың жерін «дәретсіз аяқтардың» басуы, қорсылдаған жануарларының жүруі ұлттық рухымызға сын деп қабылдады. Қазақтың қасиетті басын былғап, қолын байлап, жолын бөгеген жандарға қарсы мына әлемде жақындар мен жаттар арасынан шыққан әділ қазы бар ма деп халықаралық маңызы бар сауал қояды.
Ахмет Байтұрсынұлы орын алған ахуалды сараптай, талдай келе, қазақ халқының ауыр жағдайын дұрыстап, ұлттық рухының қайта көтерілуіне ешкімнің де мүдделі емес екендігін атап өтеді. «Сорлы болған мұжық» деп аталатын өлеңін «Жұртқа сенбе, тек өзің сен!» деп бастауының өзінде үлкен мән жатыр. Ақын өзінің басынан өткізген қудалау мен тар қапысқа жабылу сәттерімен салыстыра келе, қазақ халқының да ауыр жағдайы осы сынды дейді. Осы үшін де:

Достық пен жақындықты шын дер ем,
Жақын жайшылықта көп дос-жаранды,
Мен неліктен жамандықта сирек көрдімм?
Тар кезең мен қиын жерде табылу жоқ,
Қалған ғой құлақтары болған керең.
Осындай дүниедегі істі байқап,
Достық және жақындыққа таңдап сенем, - деп жырлаған болатын [36, 71 б.].
Сөзсіз Алаш рухының ХХ ғасыр басындағы түрленіп, жаңаша сипат алуында басшылыққа ұстанатан маңызды тұстарының бірі де қазақ халқының тек өзінің күші мен біліміне сенуімен байланысты болғандығын осы өлеңдерінен байқаймыз. Рас тарихи оқиғалар желісі көрсеткендей қазақ халқына болысып, олардың отарлық қамыттан ажырап шығуына шын тілектес болған бірде-бір халық болмағаны анық еді. Осы ретте Ахмет Байтұрсынұлы өзінің шығармалары арқылы қазақ халқын үнемі өзін-өзі жетілдіріп, білім алу ісіне ерекше көңіл аударуға шақырады. Саяси сауатты болып, өз мүдделерін өздері қорғауына шақырады. Сөзсіз мұның барлығы да ұлттық рухтың көтерілуі мен Алаш ұранының жаңаша қарқынмен дамуына түрткі болады деп санады. Рас біз жоғарыда Ахмет Байтұрсынұлының ХХ ғасыр басындағы қазақ халқының сапалық тұрғыдан өзгеріп, бұрынғы бабалардың асыл қасиеттерінің жоғалуына налыды. Өзінің «Жұртыма» деп аталатын өлеңінде ХХ ғасыр басындағы қазақтардың бірлік қылып, бір іс істеуге шорқақтығын айта келе, оңай олжа шыға келсе, бірден ортақтасуға ғана дайын болуды жақсы үйренгенсіңдер деп айтады. Қара қарғалар секілді шуылдап, қоян секілді қорқақ болған жұртым ай деп налыған. Жекелеген адамдар Ахмет Байтұрсынұлының бұл өткір сынына ренжуі де мүмкін. Алайда сол жылдары қазақтарға сипаттама берген отарлаушылардың басым көпшілігі қазақтардың қорқақ болып кеткендігін алға тартқаны тарихи шындық. Малымды алды, жерімді алды, енді әйелімді алар деп қорыққаны да тарихи шындық. Міне осы қасиеттен айырылудың маңыздылығын көтерген Ахмет Байтұрсынұлы осылайша ұлттық рухты оятамыз деп сенді. Осы «Жұртыма» деп аталатын өлеңінде Алаш рухына қарама-қайшы келетін түсініктер мен күнделікті тіршіліктегі әдеттерді де сипаттайды:


Ел болумен іс етпессің келісімді.
Үміт қылып бәйге атыдай талай қосып,
Байқадым шабыс пен желісіңді.
Жөн айтатын жұртшылықта адам болса,
Шығарсың қолыңа алып керісіңді.
Бытырап өз бетіңе жөнелгенде,
Көрдім ғой жайылатын өрісіңді.
Келгенде өз-өзіңе мықтысыңдар,
Қайтемін өзге десе көнгішіңді.
Секілді сынған бұтақ төмендесең,
Кім жұлмайды оңайдағы жемісіңді, - деген жолдары соның дәлелі [37, 108 б.].
Осы өлең жолдарынан-ақ Алаш арысының ұлттық рух мәселесіне деген көзқарастарының қандай болғандығы мен Алаш ұраны қандай адамшылық қасиеттерге негізделу керек деген пікірін байқауға болады. Сөзсіз Ахмет Байтұрсынұлы қазақ халқының ұлттық рухының әлі де болса толыққанды сөнбегендігіне кәміл сенді. Сондықтан да осындай жалынды сөзбен қайрап, ұлт болып ұйысуға жол ашатын адами қасиеттердің қазақ халқының ішінде қайта жандануына тілекшілік білдірді. Ахмет Байтұрсынұлының осы өлеңдеріндегі көтерілген мәселелерді саралай келе, Алаш ұраны бірігіп іс қылып, ең бастысы өз мүддесі мен өзінің қызығушылықтарын жан-тәнімен қорғай алуға негізделгенін байқаймыз. Қазақ халқының сол жылдардағы жағымсыз қасиеттерінің бірі – бір-біріне күш көрсетуде алдына жан салмй, елдің қамын жеген азаматтардың ісіне сын артуда алға шығып, ортақ мәмілеге келе алмастан, ұлттық мүддеден өз мүддесін жоғары қою болғаны жасырын емес. Мойындау керек мұндай адам бойында кездесетін мұндай жағымсыз қасиеттерді бүгін де байқауға болады. Міне Ахмет Байтұрсынұлының пікірінше ұлттық рухтың сипаты мен Алаш ұранының саяси келбетінің қалыптасуы үшін осы адами қасиеттердің өзгертумен тығыз байланысты еді.
Ахмет Байтұрсынұлы Алаш ұранының қалыптасуы мен ұлттық рухтың заман ағымына сай болуында жастарға үлкен сенім артты. Әрине жастардың да тек құрғақ сөздерге алданып, бос ұрандармен саналарын улағандығын құптамады. Мұның шешімін Ахмет Байтұрсынұлы сапалы білім алу ісінен тапты. Өзінің келесі бір шығармасында «Балалар, оқуға бар, Жатпа қарап!» деген ұранды жолдарынан бастап, қоршаған ортада ешқандай да жаратылыс бос жүрмегендігін атап өтеді. Мысалы таң атпай тауық шақырып, күн шығысымен барлық тіршілік иесі, құс та, аң да өз тіршілігіне кіріседі. Жұмыссыз ешқандай жаратылыс жүрмейтіндігін атап өтіп, тіпті қоңыздың өзі жүгін сүйреп жүрсе, аралар балын жинайды, бұлбұлдар сайрап, балықшылар ау қармап, диқандар орағын сайлап тіршілік бір тынбайды дейді. Ең бастысы Ахмет Байтұрсынұлы жалқау жанды Алла сүймейді деп шариғат заңдылықтарын қосып та ескертеді. Ахмет Байтұрсынұлының бұл шығармашылық Алаш ұранының білім мен ғылымға негізделгендігін анық байқаймыз. Өзінің «Ғылым» деп аталатын өлеңінде Ахмет Байтұрсынұлы ғылымның өз өмірі үшін ғана емес, жалпы ХХ ғасыр басындағы қазақ халқы үшін қандай маңызды екендігін атап өтеді. Өзінің бұл тарихи шығармасында молдаларды сынап, ғылымды сиқыр деп, онымен айналысқан адам кәпір болады деген сөздерінің еш қисынға келмейтіндігін барынша дәлелдейді. Әрине исламда ғылым мен ғалым адамдардың орны мен дәрежесі өте жоғары анық. Тіпті пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) «жаманның намазынан ғалымның ұйқысы артық» деген хадисі де бар. Демек ХХ ғасыр басы «дүмше молда дін бұзар» мәтелінің өзекті болып тұрған шағы деп айтуға болады. Сондықтан Ахмет Байтұрсынұлы өзге елдер заман ағымына сай дамып отыр, ал біздің қимылымыз шабан деген пікір білдіреді. Ахмет Байтұрсынұлы «заман түлкі болса, тазы болып шал» сөзін құран аяттарымен қатар қоятындығын жеткізіп, қазақ баласы заман ағымына сай зайырлы білім беру жүйесіне еркін тартылуы тиіс деген ұстанымды ұстанған. Ғылымды жаман деген сол қазақтар, өзгелер ойлап тапқан дүниені қолдануды алдына жан салмай, түсімізге де кірмегенді өңімізде көрдік деп мәз болуда деп сынайды. Демек Ахмет Байтұрсынұлының пікірінше Алаш ұраны «білімді жастар» қағидасына орайластырылған деп айтуға толық негіз бар.
Ахмет Байтұрсынұлы өзінің әрбір шығармасында, өлеңдерінде қазақты қамшылай түсетін сөздер жазып, ұлттық рухын оятуға тырысады. Әрине қазақтың дүниетанымын жақсы білетін Алаш арысының бұл жазғаны алдымен Алаш ұранының аясында және қазақ халқына жаны ашығандық екені анық. Оған дәлел Ахмет Байтұрсынұлының:

Жазғаным жаным ашып Алашыма,
Қазақтың адасқан аз баласына.
Қаннан қан, еттен етім, бауыр жұртым,
Қарап тұрған Қаратаудың қаласына.
Іші лас, бірақ сырты таза залымдарың,
Алдандық тек сыртының тазасына.
Мәз болдық байғазы алғандағы балаларша,
Сатылдық жылтырақ танасына – деп ой қорытады [38, 3-4 б.].
Міне Ахмет Байтұрсынұлы қазақ халқының жағымсыз қасиеті мен оны өмір салтына айналдырған туған елі қазағына жаны ашып, кеңінен толғаған. Сөзсіз ХХ ғасыр басында дамыған елдермен бәсекеге қабілетті байланыстар орнату үшін білімге ден қойып, жаман қасиеттерден арылудың маңыздылығын атап өтеді. Сондықтан білімді елдің ерекшеліктері мен қазақтардың даму ахуалымен салыстырмалы түрде талдап, Алаш ұранының білім мен ғылымға, ортақ мәмілеге келе алу сынды қасиетке құрылғаны абзал деген қорытындыға келеді. Оған дәлел өзінің келесі өлеңінде:


Жігіттер, бұдан ғибратты алмай болмас,
Алдымен бірлік керек, болса жолдас.
Бірің айтқаныңа бірің көнбей,
Істелген ынтымақсыз іс оңбас, – деген жолдары соның дәлелі [34, 77 б.].
Сөзсіз Ахмет Байтұрсынұлы қазақ халқының тек жаман әрі жағымсыз қасиеттерін ғана тізбелеуден аулақ болады. Рас ХХ ғасыр басындағы қазақ халқы әлі де болса, бабалар аманатына адал қалпын сақтап қалған ұлттардың бірі саналды. Өйткені қазақ даласын зерттеуге жіберілген экспедициялардың жұмыс қорытындысымен танысаақ, бірқатар қызықты мәліметтерді кездестіруге болады. Ол алдымен қазақ халқының сөз қадірін жете түсінетін әрі бір ауыз сөзге тоқтап, мәмілеге тез келе алатын ұлт екендігін айғақтайды. Қазақ халқының қай заманда болмасын асыл қасиеттерінің бірі – кең пейілділік пен адамгершілік принциптерінің жоғары саналуы деп айтсақ болады. Өздерінің жерін тартып алып, өздеріне жалға беру арқылы пайда тапқан орыс шаруаларының ішінде де қазақ халқына оң көзқарасты ұстанғандары болғаны жасырын емес. Міне соларды қазақтар «тамыр» деп жақын тартып, Адам Ата мен Хауа Анадан тараған бір елміз деп отырған. Мұндай адамзат баласы үшін асыл болған қасиеттер біліммен ұштасса сөзсіз жоғары нәтижелер мен жетістіктердің тарихи алғышартына айналары анық екендігін Алаш зиялысы кәміл сенді деп санаймыз.
Сонымен тараушаның қорытындылай келе, Ахмет Байтұрсынұлы шығармасында Алаш ұраны мен ұлттық рух мәселесі ерекше қозғалған тақырыптардың бірі болғандығы анықталды. Ахмет Байтұрсынұлы Алаш ұраны білім мен ғылымға негізделіп, ұлттық ерекшеліктерімізбен ұштасуы тиіс деген пікірді ұстанды. Қайраткер ислам дінің өміршең идеяларын жоққа шығармайды. Өйткені басым бағыттарды сараптай келе, оның шариғат заңдылықтарына сәйкестігін де көрсетіп отырады. Алайда Ахмет Байтұрсынұлы дүмше молдалардың қоғамды кері тартатын уағыздарына ашық қарсы шығады. Диплом жұмысы барысында бізде мұндай діни негіздегі жалған тұжырымдарды айыптап, дін ұлттық рухтың қалыптасуында ерекше маңыздылыққа ие болуы тиіс деп санаймыз.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет