Диплом жұмысының тақырыбы ретінде сатып алу-сату шарты табылады. Бұл тақырыпты диплом жұмысы ретінде таңдау себебі: сатып алу-сату шарты қазақ тарихының әдет құқығымен реттелетін ең көне шарттардың бірі болып табылатындығында көрінеді



бет3/33
Дата15.04.2023
өлшемі0,71 Mb.
#83237
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Байланысты:
Сатып алу шарты

1.2. Сатып алу-сату шартының пәні

Құқықтық қатынастардың объектісін материалдық (пәндік), заңы идеологиялық деп бөлуді азаматтық құқықтық шарттар үшін де қолдануға болады.


Сатып алу-сату шартының арнайы пәні бар. Қазіргі таңда олардың мәні бірдей. Бірақ өндірістің дамуы, тауар номенклатурасының және олардың қолданылуының кеңуі сатып алу-сату шартының пәніне талаптың өсуіне әкеледі, егер сатып алынатын тауардың қандай бір ерекше қолданылуы болса.
Шарт нормаларында толық және дұрыс бекітілмеуі сатып алу-сату шартының пәні туралы қате түсінікке әкелуі мүмкін. Бөлшектеп сатып алу-сату шарты жасалған жағдайда заң шығарушы салаға, сатылатын өнім қауіпсіздігіне байланысты талаптарды тікелей нормативтік актілерді бекіту арқылы тұтынушының құқықтарын қорғап қалуға тырысады.
Заттар сатып алу-сату шарттарының көп тараған түрінің бірі болып табылады. Тауар болып азаматтық айналысқа түсетін кез-келген зат табыла алады: жылжитын және жылжымайтын.
Пәннің ерекшелігі сатып алу-сату режиміне де әсер етеді. Мысалы, шетел валютасын сатып алу-сату Қазақстан Республикасының «Валюталық реттеу туралы» Заңына сәйкес және заңасты нормативтік актілермен жүзеге асырылады. Бағалы қағаздар айналымы «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, «Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар мен мәмілелерді тіркеу туралы» Заңмен және басқа да нормативтік актілермен реттеледі.
Азаматтық айналыстан шектелген заттарды сатып алу-сату «Қазақстан Республикасының рұқсат ету жүйесі туралы» Ережесімен бекітілген ережелермен, «Қазақстан Республикасының Қарудың бөлек түрлерінің айналысына мемлекеттік бақылау туралы» Заңымен және тағы басқа да нормативтік атілермен реттеледі.
Қазіргі таңда мүліктік құқықтарды сатып алу-сату шартының объектісі ретінде қарастыратын жалпы нормалар Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 406 бабының 4 тармағына сәйкес белгіленген (1, 202).
Мүліктік құқықтарды қайтарымды талапта беру мәмілелері кең таралған, оларға тауар биржаларында жасалған мәмілелер жатады. Патенттік құқықты талаппен беру де сатып алу-сату шартын жасасу арқылы жүзеге асырылады, яғни, пәні болып мүліктік құқықтар табылады.
Сатып алу-сату шартының негізгі қажетті шарты болып оның пәні туралы келісім табылады. Егер шарт тауарлардың атауын және санын айқындауға мүмкіндік берсе, тауар туралы қажетті шарт келісілген деп есптелінеді.
Сатып алу-сату шартының пәнінен кейін осы параграфта оның бағасын қарастырған жөн. Баға бір тарап екінші тарапқа немесе ол көрсеткен үшінші тұлғаға тауарды меншікке бергені үшін ақшалай қанағаттандыру болып табылады. Ол шарт бойынша баға белгілеу еркіндігіне негізделеді.
Тарифтер, бағалар, ставкалар және тағы басқа заң құжаттарында көзделген уәкілді органдармен белгіленеді. Орталықтандырылып бекітілген тарифтер мен бағалардан кәсіпкерлік әрекет субъектісі өзі бекіткен бағалар мен тарифтерді айыра білу керек.
Монополиялық әрекеттің субъектісімен жүзеге асырылатын тауарларға баға орталықтанған тәртіппен бекітіледі. Мысалы, Қазақстан Республикасының территориясында «мемлекеттік кәсіпорындар мен монопольды жүзеге асыратын қызметкер үшін бағаны реттеу ережесі» 1995 жыл 25 тамызда қабылданған, Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу бойынша агенттігің Төрағасымен бекітілген және 1998 жылы 14 шілдеде қабылданған «Қазақстан республикасында бәсекелестікті қорғау және табиғи монополия субъектілерінің қызметтері мен жұмыстарына баға (тариф) ұсыну, қарастыру, бекіту және енгізу тәртібі туралы» Нұсқау бойынша қарастыруға болады.
Егер баға шартпен тікелей анықталмаса және оның шарттарына қарай анықталуға мүмкіндік жоқ болса, бұл шарттың жарамдылығына әсер етпейді. Мұндай жағдайда негізгі тауардың нарықтық бағамы есепке алынады.
Егер бағасы тауар салмағына байланысты болса, нетто салмағына байланысты анықталады. Бұл сатып алушы үшін ыңғайлы ереже деп айтуға болады, әсіресе, тара салмағы одан ауыр болса немесе тауар қымбат бағалы болса және салмақтан кішкентай ауытқуы болса ол бағаның қымбаттауына әкеледі.
Егер шарт тауар бағасы оның көрсеткіштеріне қарай өзгеруге тиіс деп көрсетсе, бірақ бағаны қайта қарастыру анықталмаса, баға шарт жасасу кезіндегі тауар көрсеткіштер қатынасымен тауарды беру кезінде анықталады.
Шарт мазмұны деп тараптардың құқықтары мен міндеттері түсіндіріледі.
Сатушы шартта бекітілген тауарды сатып алушыға беруге міндетті. Бұнда негізгі талаптар болып мына талаптар көзделген: тауардың атауы, саны және сапасы.
Олар сатып алу-сату шартымен күмәнсіз талаптар болып табылады, заңмен «тауар саны» туралы талап шарттардың қажетті шартына жатқызылмаса да, бірақ әр жағдай бойынша талаптар өзгеріп отыруы мүмкін.
Тауар саны сатып алушыға берілуі тиіс тауар саны шартта тиісті өлшем бірліктеріне сәйкес немесе ақшалай түрде көзделеді, бұл шартта тауардың бастапқы санау мөлшерінің бағаны бекітуді талап етеді. Тауардың саны туралы талап оны айқындау тәртібін шартта белгілеу жолымен келісілуі мүмкін.
Тауардың сапасы сатушы сатып алушыға сапасы шартқа сәйкес келетін тауар беруге міндетті. Егер сатып алу-сатудың кәсіпкерлік шарттары сөз болса, сатылатын заттардың сапасына талап жиі кездеспейтін, сондықтан нақты шартта бекітілмейтін талап болып табылады.
Сондықтан сапа туралы талап кейбір жағдайларда шартты түсіндіруден туындайтын талап болып табылады және үшінші нұсқа сапа туралы талапты презюмирациялау, яғни, шартта тауардың сапасы туралы талаптар болмаған жағдайда сатушы сатып алушыға әдетте осы сияқты тауар пайдаланатын мақсаттағы жарамды тауар беруге міндетті.
Бұл талап азаматтық заңнаманың тауар сапасына байланысты нормалардың қолданысқа түсуі деп түсінуге болады. Егер сатып алушы осы затқа байланысты нақты мақсатты көздесе және екі жақтың арасында бұған байланысты нақты келісім жоқ болса, онда сатушы пайдалануға жарамды, сапалы тауар беруге міндетті болып табылады.
Тұрақталған нарықтық экономикасы бар елдердің сот практикасы мұндай жағдайда сатушы мен сатып алушының жеке басына мән береді.
Егер сатушы кәсіпкерлік қызметтің субъектісі белгілі-бір салада маман болса, онда ол тауардың сұранылатын мақсатыпа байланысты тауар сапасын қамтамасыз ету керек. Егер де сатып алушы бұл сұрақ бойынша көп білетін болса, сұрақ басқаша шешіледі. Мысалы, өндірістік кәсіпорын мұрагерден тұрып қалған жабдықты сатып алады және мұрагер оның техникалық параметрлері туралы мағлұматы жоқ (4, 256).
Егер сатып алушы сатып алуға бел буса тауар керекті сапасы бар деп танылуы тиіс. Тауарды шарт үлгісі бойынша және сипаттамасы бойынша сатқан жағдайда сатушы сатып алушыға үлгіге және сипаттамасына сәйкес келетін тауар беруге міндеті.
Егер де сапаның қандай критериі сипаттамада көрсетілмесе, сатушының ол бойынша міндеттері жоғарыда көрсетілген критеримен анықталуы тиіс.
Сипаттаманың өзі де белгілі-бір критерилерге сәйкес жасалуы тиіс. Тым жалпы сипаттама жасап, сатушы сипаттамаға сәйкес сапалы тауар беруден өзін-өзі босатуы мүмкін. Егер сатылатын тауардың сапасына заң актілерінде белгіленген тәртіпке сәйкес міндетті талаптар көзделсе, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын сатушы сатып алушыға осы міндетті талаптарға сәйкес келетін тауар беруге міндетті.
Егер сатушы мен сатып алушының арасындағы келісім бойынша заң актілерінде көзделген тәртіппен белгіленген міндетті талаптармен салыстырғанда сапаға қойылатын жоғарғы талаптарға сәйкес келетін тауар берілуі мүмкін.
Сатушы кемшіліктері бар тауарды алдын-ала келісіп беруі мүмкін. Сатушы жарамдылық мерзімі белгіленген тауарды сатып алушыға жарамдылық мерзімі біткенге дейін олардың мақсаты бойынша пайдалануға болатындай есеппен беруге міндетті.
Жарамдылық мерзімі заңдарда, мемлекеттік стандарттың міндетті талаптарында немесе басқа міндетті ережелерінде бітуіне қарай тауар мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз деп саналатын уақыт кезеңі.
Сондықтан сатып алу-сату шартының пәні күрделі деп танылуы мүмкін және оған байланысты біркелкі шартты құқықтық қатынас болуы мүмкін және де сәйкес сатушы міндеттері пайда болады (7, 257).
Тауарлар жиынтығы көрсетілетін себептерге байланыссыз да шарт пәні болып табылады, тараптардың ішкі дәлелдеуі жеткілікті. Сатып алушы үшінші тұлғалардың құқықтары жүктелген тауарды қабылдауға келіскен жағдайды қоспағанда, сатушы үшінші тұлғаның кез-келген құқығынан тыс тауарды сатып алушыға беруге міндетті.
Бұл норма «дәстүрлі» сатып алу-сату шарттарына көп қолданылады, бұнда сатып алушы меншік құқығына ие болуға тырысады. Сондай-ақ сатушы үшінші тұлғаның талаптарынан бос тауар беруге міндетті.
Бұл міндет сатушы олар туралы білген жағдайда ғана қолданылады және де бұл талаптар құқылы деп есептеледі егер бұл жүзеге аспаса сатушы үшінші тұлғаның құқықтарынан тыс тауарды беру міндетінбұзды деп есептесе.
Егер бұл шарт орындалмай қалса, үшінші тұлға шартты орындауға дейін пайда болған негіздер бойынша сатып алушыдан тауарды алып қою туралы талап арыз қойса, бұл тараптардың іс бойынша бірдей міндеткершілігін туындатады.
Сатып алушы сатушыны бұл іске қатысуға тартуға міндетті және сатушы іске қатыса отырып сатылған тауарды сатып алушыдан алып қоюды болдырмайтынын дәлелдей алса, сатып алушының сатушыны іске қатысуға тартпауы сатушыны сатып алушы алдындағы жауапкершіліктен босатады.
Сатып алушы іске қатысуға тартқан, бірақ оған қатыспаған сатушы сатып алушының істі дұрыс жүргізбегенін дәлелдеу құқығынан айырылады. Ыдыс және буып-түю туралы талаптарды сатып алу-сату шартының жалпы ережелеріне енгізу біздің азаматтық құқықтың жаңа толықтыруы болып табылады.
Бұл өзінің ескерусіздігіне қарамастан бұл сатып алу-сату бойынша өркениетті қатынастың орнауына көмектеседі және ыдыс және буып-түю туралы даулы мәселелерді шешуге көмектеседі.
Егер шартта өзгеше көзделмесе және міндеттеменің мәнінен немесе тауарлардың сипатынан туындамаса, сатушы сатып алушыға тауарды ыдысқа салып және буып-түйіп беруге міндетті.
Егер шартта ыдыс пен буып-түюге талаптар белгіленбесе, тауар осындай тауарға арналған әдеттегі әдіспен, ал бұлай болмаған жағдайда сақтау мен тасымалдаудың әдеттегі жағдайында осы тектес тауарлардың сақталуын қамтамасыз ететін әдіспен ыдысқа салынуға және буып-түйілуге тиіс.
Егер тауар қандай да бір арнайы сақтау шартын немесе тасымалдауды қажет етсе, бұнда осы тектес тауарлардың сақталуын қамтамасыз ететін әдіспен ыдысқа салынуға және буып-түйілуге тиіс.
Тауар сатып алушыға барлық керек-жарағымен берілуі тиіс. Керек-жарақ бұл басты затта қызмет көрсетуге керекті заттар. Затты керек жарақ ретінде бағалау басты затпен функционалды байланысымен ғана туындамайды, ол шарттың мазмұнына да байланысты.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 408 бабында бекітілген жалпы ережеге қарамастан қазіргі танда сатушылар көбінесе Қазақстан республикасының Азаматтық Кодексінің 122 бабындағы нормалардың диспозитивті сипатына қолданылады.
Тауармен қоса оған қатысты куәландыратын құжаттарды беруге міндетті. Сатушы құқықтары болып затты алуды және сатып алу құнын төлеуді талап ету табылады, әрбір міндеттемеден сәйкесінше құқықтар туындайды. Шартпен көзделген сатып алушының міндеттері сатушының басқа да құқығының бар екенін көрсетеді.
Сатып алушының негізгі міндеттері болып тауарды қабылдап оған ақшаны төлеу. Сатып алушының тауарды қабылдап алуы, оның тауарды алу және беруді қамтамасыз ету әрекеттерін жүзеге асыру болып табылады.
Біріншіден, ол сатып алушының оған тауарды қабылдап алуға ұйымдастырушылық алғы шарт жасау міндетін қамтиды. Тасымалдауды қажет ететін тауарға байланысты сатып алушы сатушыға тиеп жөнелту реквизиттерін айтуға міндетті.
Басқа жағдайларда ол тауарды ол өндірілетін немесе сатушының қоймасынан алып кетуді ұйымдастыруы тиіс болады. Егер тауарды беру шарттары оны жеткізіп салуды көздесе, онда сатып алушы өз қоймасының қызмететуін қамтамасыз етуі тиіс анықталған орында тауарды тосуы керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет