Диплом жұмысының тақырыбы ретінде сатып алу-сату шарты табылады. Бұл тақырыпты диплом жұмысы ретінде таңдау себебі: сатып алу-сату шарты қазақ тарихының әдет құқығымен реттелетін ең көне шарттардың бірі болып табылатындығында көрінеді



бет5/33
Дата15.04.2023
өлшемі0,71 Mb.
#83237
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Байланысты:
Сатып алу шарты

Тауарлардың түр-түрі. Тауарлардың түр-түрі бөлшектеп сатып алу-сату, тауар жеткізшімі, келісімшарт жасасу шарттарында көзделген (энергиямен жабдықтау шартында да теоретикалық көзқарастан оның қарастырылуы мүмкіншілігі туралы айтуға болады).
Тауардың түр-түрі дегеніміз (ассортимент) бір түрлі тауардың жиынтығынын ішіндегі белгілеріне және бір түрлі тауардың үлгісіне, мөлшеріне, сортына, түсіне, электр қуатының тиісті өлшемдеріне байланысты бөлінуі. Егер тұлға бір сатушыдан тұрмыстық химия затын және тағы бір электр құралын сатып алса, онда тауардың түр-түрі деген сөйлем қолданылмайды.
Тауардың түр-түріне қойылатын талаптарды күрделі затты беруге қатысты міндеттемеге қойылатын талаптардан ажырата білу керек.
Жиынтылықтық және жиынтық. Сатушы сатып алушыға жинақтылық немесе жиынтығы туралы талаптарына сәйкес тауар беруге міндетті. Жиынтылықтық дегеніміз шартта көзделген немесе заттың функционалдық тағайындалуымен анықталатын барлық құрама бөліктердің затта болуы. Шартпен бұйымдардың стандарттық және қосымша жиынтықтылығы көзделеді немесе жиынтылықтықтан кейбір жиынтықтаушы бөліктер алынып тасталады.
Шартта тауардың жиынтықтылығы белгіленбесе, сатушы сатып алушыға жиынтықтылығы іскерлік айналым әдет ғұрыптарымен немесе әдетте қойылатын өзге де талаптармен анықталатын тауар беруге міндетті.
Жиынтықтылықтың тауарлардың жиынтығын айыру қажет. Қазақстан Республикасын біріктіру. Азаматтық кодексі 432-ба-бының мағынасына сәйкес жиынтық дегеніміз бірнеше сатып алу-сату шартының пәні кейбір кездерде күрделі болып келетінін анықтай аламыз. Осымен қатар біздің көзқарасымыз бойынша жиынтық Азаматтық Кодекстің 121-бабымен анықталатын күрделі зат ұғымына тең болып келмейді. Заттардың жиынтығына қатысты біртұтас кұқықтық қатынас пайда болады, одан сатушының тиісті міндеті өз көрінісін табады.
Заттардың жиынтығы болуы үшін (оған қатысты) талап қойылуы үшін анық айқындалған себептердің қажеті жоқ, тараптардың ішінен ниеттенуі жеткілікті болып келеді. Мысалы, альпинист тобы Эверестқа шығуға қажетті, оны қамтамасыз етстің заттар сатып алады. Жиынтық талабы, ассортимент және сапа талаптарымен тығыз байланысты. Мысалы, экспедиция сатып алатын жиынтыққа кіретін кейбір заттарға тау биігінде пайдалану жарамдығына, жоғары төзімділігіне, төмен температура тұрақтылығына талап қойылады.
Егер шартта өзгеше көзделмесе және ол міндеттеменің мәнінен туындамаса, сатушы сатып алушыға жиынтыққа енетін барлық тауарды бір мезгілде беруге міндетті.
Сатып алушы үшінші тұлғалардың кұқықтары жүктелген тауарды қабылдауға келіскен жағдайды қоспағанда, сатушы үшінші тұлғалардың кез-келген құқықтарынан тыс тауарды сатып алушыға беруге міндетті (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 413 бабының, 1-тармағы). Бұл норма дәстүрлі сатып алушы оларда меншік иесі болып келгісі келетін, шарттарға көбірек қолданымды. Ал мүліктік құқықтарды сату кезінде өз өзгешеліктері орын ала алады.
Кейбір жағдайларда аталған талап орындалымсыз болуы мүмкін. Мысалы, сатып алушы үлестік құқықта болған мүлікті сатып алады және оңашаланған үлеске өзіндік пайдалану, иелену, билік ету құқығын алады, алайда ортақ меншігінің тәртібіне байланысты, мүлік құрамына жүктемелер кіреді. Егер сатудың пәні мүліктік құқық болса, (сонымен қатар меншік құқығынан өзге заттық құқық) жүктемелер вариациясы сансыз болады. Айтылғанды қорытатын болсақ, шарт пәнінің ерекшеліктері кейбір ауыртпалықтарды болжауға мүмкіншілік берді дей аламыз. Уақыт өтісімен бұл сұрақ соттық практика (тәжірибе) және азаматтық құқықтың жүйесі (доктрина) үшін маңызды мәселе болып табылар демекпіз.
Сатушының тағы да бір міндеті тауарды үшінші тұлғалардың талаптануынан да босатып беру. Осы міндетті сатушы олар туралы білген жағдайларда ғана қолданылады. Болашақта талаптану занды деп танылу керек, егер осы болмаса сатушы тауарды басқа тұлғалар талаптануынан босатып беру міндетін бұзбаған деп саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет