Диплом жұмысының тақырыбы ретінде сатып алу-сату шарты табылады. Бұл тақырыпты диплом жұмысы ретінде таңдау себебі: сатып алу-сату шарты қазақ тарихының әдет құқығымен реттелетін ең көне шарттардың бірі болып табылатындығында көрінеді


Тауарды салатып ыдыс және оны буып-түю



бет6/33
Дата15.04.2023
өлшемі0,71 Mb.
#83237
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Байланысты:
Сатып алу шарты

Тауарды салатып ыдыс және оны буып-түю. Тауарды салатын ыдыс және оны буып-түю талаптарын сатып алу-сату шарттарының жалпы ережелеріне кірістіру біздің азаматтық заңдарда жаңа болып табылады. Өзінің сыртқы көзге түспейтініне қарамастан, олар сатып алу-сатудың өркениеттілік қатынасының қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Егер сатып алу-сату шарты қандай түріне қатысты екендігі белгіленбесе, олар тауарды салатын ыдыс және буып-түю мен байланысты даулы жағдайларды шешуге мүмкіндік береді.
Егер шартта өзгеше көзделмесе және міндеттеменің мәнінен немесе тауарлардың сипатынан туындамаса, сатушы сатып алушыға тауарды ыдысқа салып және (немесе) буып-түйю беруге міндетті.
Егер шартта ыдыс пен буып-түюге талаптар белгіленбесе, тауар ол үшін арналған әдетті әдіспен, ыдысқа салынуы, буып-түйілуі керек. Бұлай болмағанда сақтау мен тасымалдаудың әдеттегі жағдайларында осы типтес тауарлардың сақталуын қамтамасыз ететін әдіспен ыдысқа салынып және (немесе) буып-түйілуге тиіс. Ал егер тауар сақтаудың немесе тасымалдаудың қандай да ерекше жағдайларын талап етсе, онда ыдыс және буып-түю оларға сәйкес келуі керек.
Тауар сатып алушыға барлық керек-жарағымен берілуі қажет (керек жарақ бұл негізгі затқа қызмет етуші зат).
Затты керек-жарақ қылып бағалау тек оның және басты заттың функционалды тағайындалуларының өзара байланысына негіздемейді. Азаматтық кодекстің 408-бабыңда сатушының керек - жарақтарды беруі бойынша міндеті бекітілгеніне қарамастан олар тұтынушыларға (сатып алушыларға) қиянат жасауға тырысады. Бұл реттерде олар сатушылар көп ретте Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 122-бабының міндетті еместігін пайдаланады. Қосымша ақыға аудио-видеотехникаға қосалқы шнур, бұйым үшін қорғаныш жапқыш, оны күтіп баптауға арналған зат ұсынылады. Қосалқы (керек-жарақ) зат барлық жағдайда өздігінен атқаратын қызметі жоқ деген қалыптасқан түсінік қате болып саналады. Сондықтан қандай да болмасын тауардың керек-жарақтары оны мақсаттарда кедергісіз қолдану кажеттерімен анықталуы керек. Егер керек-жарақ тұтынылатын (тұтыну барысында өз қасиетін жоғалтатын болса) зат болса оның негізін зат қызметін қамтамасыз ететін мерзім белгіленіп көрсетілуі тиіс. Тағы да айтатын бір нәрсе бар.
Біздің көзқарасымыз бойынша, жиынтықтылық пен керек-жарақ түсініктерінің араларында тығыз байланыс бар. Керек-жарақ болып келетін затты беру жиынтылықпен қарастырылуы керек, егер бұл жасалмаса керек-жарақ туралы нормалар (Азаматтық Кодекстің 122 бабы) тікелей қолданылуы керек.
Тауармен (өніммен) бірге оның жиынтықтылығын қауіпсіздігін, сапасын, растайтын тұтыну тәртібін растайтын ж.б. құжаттар беріледі. Өнім сатып алушыға берілгенге дейін меншік шаруашылық жүргізу, оралымды басқару құқықтары оған өтіп үлгерсе, сатушы тауар берілгенге дейін оны сақтауға, нашарлауына (бұзылуына) жол бермеуге міндетті. Осыған байланысты сатушы мүлікке немқұрайлы қарамауы және оны қасақана бүлдірмеуі керек. Сатушы осы міндетін тегін атқармайды. Егер екі тараптың келісімімен өзгеше қарастырылмаса, сатып алушы сатушыға оның тауарды сақтауға жұмсағанын өтейді.
Сатушының құқығы. Сатушының құқықтарына зат қабылдануын және сатып алу бағасын төлеуді талап ету құқықтары жатады. Әр міндеттемеге сәйкес келетін қарсы құқық бар. Сатып алушының шартпен бекітілген міндеттемелері сатушының басқа да құқығы барын ескереді.
Сатып алушының құқықтары мен міндеттері. Сатып алушының негізгі міндеті тауарды қабылдап алу және ақысын төлеуі болып табылады. Сатып алушының тауарды қабылдауы, ол жағынан тауарды беру және алу үшін қажетті шараларды қамтиды. Бірінші кезекте сатып алушы тауарды қабылдап алу үшін алдын-ала жағдай жасауы қажет. Тауар тасымалдануға тиісті болса, сатып алушы жүкті тиеп жіберу үшін қажетті мәліметтерді сатушыға хабарлауға міндетті (егер тауарды сатушы жеткізетін болса). Ал, кейбір жағдайда сатып алушы тауарды өндірістен немесе сатушының қоймасынан алып кетуді ұйымдастыруы қажет. Бұл шара сатып алушы сатушының тауарды сақтайтын жерін білген кезде қолданылуы керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет