Диплом жұмысының тақырыбы ретінде сатып алу-сату шарты табылады. Бұл тақырыпты диплом жұмысы ретінде таңдау себебі: сатып алу-сату шарты қазақ тарихының әдет құқығымен реттелетін ең көне шарттардың бірі болып табылатындығында көрінеді


-бап. Тауардың кездейсоқ жойылу қаупiнiң ауысуы



бет9/33
Дата15.04.2023
өлшемі0,71 Mb.
#83237
түріДиплом
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   33
Байланысты:
Сатып алу шарты

411-бап. Тауардың кездейсоқ жойылу қаупiнiң ауысуы

    1. Егер сатып алу-сату шартында өзгеше көзделмесе, тауардың кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бұлiну қаупi сатушы заң актiлерiне немесе шартқа сәйкес сатып алушыға тауар беру жөнiндегi өз мiндетiн атқарды деп есептелетiн кезден бастап сатып алушыға ауысады.

2. Жолда келе жатқан кезде сатылған тауардың кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бұлiну қаупi, егер шартта немесе iскерлiк айналым ғұрпында өзгеше көзделмесе, сатып алу-сату шарты жасалған кезден бастап сатып алушыға ауысады.
Егер шарт жасасқан кезде сатушы тауардың жоғалтылғанын немесе бұлiнгенiн бiлсе немесе бiлуге тиiс болса және бұл туралы сатып алушыға хабарламаса, тауардың кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бұлiну қаупi сатып алушының талап етуi бойынша тауар бiрiншi тасымалдаушыға өткiзiлген кезден бастап сатып алушыға ауысатыпдығы туралы шарт талабын сот жарамсыз деп тануы мүмкiн.


412-бап. Сатушының сатылған тауарды сақтау жөнiндегi
мiндетi
Меншiк құқығы, шаруашылық жүргiзу немесе оралымды басқару құқығы сатып алушыға тауарды берместен бұрын ауысқан кезде сатушы тауарды бергенге дейiн оның нашарлауына жол бермей сақтауға мiндеттi.
Егер тараптардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, сатып алушы сатушыға бұған қажеттi шығындарды өтеуге мiндеттi.


413-бап. Сатушының үшiншi тұлғалардың құқықтарынан тыс
тауарды беру мiндетi
1. Сатып алушы үшiншi тұлғалардың құқықтары жүктелген тауарды қабылдауға келiскен жағдайды қоспағанда, сатушы үшiншi тұлғалардың кез келген құқықтарынан тыс тауарды сатып алушыға беруге мiндеттi.
Егер тауарға үшiншi тұлғалардың құқықтары туралы сатып алушының бiлгендiгi немесе бiлуге тиiс екендiгi дәлелденбесе, сатушының бұл мiндеттердi орындамауы сатып алушыға сол тауардың сатып алу бағасын кемiтудi не шартты бұзуды және залалдарды өтеудi талап ету құқығын бередi.
2. Тауарды сатып алушыға беру кезiнде үшiншi тұлғалардың оған қатысты талаптары болып, ол жөнiнде сатушы бiлген жағдайда да, егер бұл талаптар кейiннен белгiленген тәртiппен заңды деп танылса, тиiсiнше осы баптың 1-тармағында көзделген ережелер қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет