Диплома в республиканском конкурсе «Наследие наших предков сохраним и приумножим»



Pdf көрінісі
бет6/11
Дата03.03.2017
өлшемі2,72 Mb.
#6673
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

24

^ й е х н о л о ги я

Үгілмелі қамырдан өнімдер 

пісіру, дайындау

Нұргүл Кәкімқы зы  ШАЛҒЫМБАЕВА,

Абай  атындағы  орта  мектеп-лицейдің 

технология  пәнінің  мұғалімі 

ШҚО,  Үржар  ауданы,  Үржар  ауылы



Сабақтың  мақсаты:

Білімділік:  оқуш ыларға  қамырдан  жасалған 

та ға м д а р   түр і  мен  д а й ы н д а л у  е р е кш е л ікте р і 

жөнінде  түсінік  беру;

Дамытушылық:  оқушылардың  тамақ  пісіруге 

деген  қы зы ғуш ы лы ғы н,  құш тарлы ғы н  арттыру, 

күн д е л ікті  алған  д а ғд ы л а р ы н ,  қа б іл е тте р ін , 

шеберліктерін,  іскерліктерін  дамыту;



Т ә р б и е л іл ік :  оқуш ы л а р д ы   уқы п ты л ы ққа , 

әдемілікке,  тазалыққа  тәрбиелеу.



Сабақтың түрі:  аралас.

С абақт ы ң  ә д іс і:  с ұ р а қ-ж а у а п ,  түсін д ір у, 

нүсқаулар,  сарамандық  жумыс.



Сабақтың  көрнекілігі:  слайд,  электронды 

тақта.


Сабақтың барысы:

I.  Үйымдастыру  кезеңі

II.  Қызығушылықты ояту

1.  ¥ннан  қандай  тағамдар  жасауға  болады?

2.  Қамыр  илеу  алдында  ұнды  не  істеу  керек?

3.  Шай  дастарқанының  басты  асы  не?

4.  Бауырсақ  сөзі  қандай  мағына  білдіреді?

5.  Ұннан  қандай  кондитер  бұйымдарын  пісіруге 

болады?

6.  Конд итер  б ұй ы м д а р ы н ы ң   қурам ы на  не 



қосамыз?

III.  Мағынаны  ажырату

Үгілмелі  қамырдан  торт,  пирог,  бәліш,  печенье 

т.б.  тағамдар  пісіреді.  Үгілмелі  қамырды  әзірлеудің 

көптеген тәсілдері  бар.  Оны әзірлеуге негізінен май, 

қант,  жумыртқа,  бидай  ұны  пайдаланылады,  бірақ 

тағамның  түріне  қарай  олардың  мөлшері  өзгереді. 

Қамырға  арналған  сары  майды  (немесе  маргарин) 

езу  оңай  болуы  үшін  оны  жылы  жерге  қояды,  бірақ 

отқа  ерітуге  мүлде  болмайды.  Қамырды  тақтайға 

қатты  ны ғы здамай  илейді,  сонда  май  біркелкі 

тарайды.  Қамыр  тақтайға  жабыспаса  және  тегіс 

болса,  онда даяр  болғаны.  Үгілмелі  қамырға  лимон 

немесе  апельсин  цедрасын,  ваниль қосуға болады.

IV.  Сарамандық  жұмыс

Ж ұм ы сты ң   м ақсаты :  үгілмелі  қамыр  илеуді, 

жаюды,  печенье  үлгілерін  жасауды  және  пісіруді 

үйрету.


Қажетті ыдыс-аяқтар:  шуңғыл  ыдыс,  стакан, 

асханалық қасық, булғауыш, қалыптар,  оқтау,  пышақ, 

табақ,  пісіретін  пеш.

Қажетті азық-түлік:  5 жумырқа,  1  стакан қант, 

1  шай  қасық  нан  содасы,  лимон  қышқылы,  1  қорап 

маргарин,  4-5  стакан  ун.

Жумыстың орындалу реті:

1.  Шәшкеге  жұмыртқаларды  жарып,  қантпен 

араластыру;

2.  Ж умсартылған  маргаринге  соданы  (лимон 

қы ш қы л ы м ен 

ө л т ір е м із) 

қосы п, 

жақсы лап 

араластыру;

3.  ¥н  сеуіп,  қамыр  илеу;

4.  Қамырдың  қалыңдығын  0,8-1  см  етіп  жаю;

5.  Қамырды  металл  қалыптар  мен  фигураларға 

ойып,  қант  сеуіп  пешке  жайғастыр;

6.  Қызулы  пеште 20-25  минут  пісіру;

7.  Пешті  ешіріп,  печеньені  салқындатып, жайпақ 

табаққа салу.

Жұмбақтар:

1.  Ақ қиыршық еритін,

Ac жоқ одан  жеритін.  (Тұз)

2.  Есігі  жоқ,  тесігі  жоқ,

Ақ доптың  ішінде  несібі.  (Жумыртқа)

3.  Ағаш  басында  құлыптаулы сандық.  (Жаңғақ)

4.  Жылай-жылай  пісер,

Аузыңа  кеп  түсер.  (Шелпек)

5.  Су  болмаса да  суйық,

Өзі бітеу,  тұйық.  (Жұмыртқа)

6.  Дәмді,  дәмді  тағамдарды  жинайды,

Қонақтарды  көңіліне  сыйлайды.  (Дастарқан)

7. Үсті тас,  асты тас,

Ортасында  піскен  ас.  (Нан)

8.  Бір  құдықтың  екі түрлі  суы  бар,

Қайнатса екеуі де мұзға айналады. (Жұмыртқа)

9.  Суда туады,  суда  өледі.  (Тұз)

Блиц сұрақтар

1.  Қамырға  ашытқы  қосқанда  қандай  процесс 

жүреді?  (Ашу  процесі)

2.  Бір жұмыртқа  10 минутта піседі, ал 4 жұмыртқа 

неше  минутта  піседі?  (10  минут)

3.  Қамыр  неше  топқа  бөлінеді?  (2)

4.  Кешке  жатарда  асты  неше  сағат  бүрын  ішу 

керек?  (3  сағат)

5  Адам  баласы  бір  күнде  тамақтың  35%  қай 

мезгілде  ішуі  керек?  (Түсте)

6.  Кулинария  орталығы?  (Азия)

Мақал-мәтелдердің жалғасын  тап.

а)  Таңғы  асты  тастама,  кешкі асқа  қарама.

ә)  Ет етке,  сорпа  бетке.

б)  Шақырған  жерден  қалма,  шақырмаган жерге 



барма.

в)  Ac  иесімен  тәтті.

г)  Асыңа  тойғызбасаң  да,  ақ  ниетіңө  тойгыз.

д)  Тойған  уйге  тогыз  бар.

е)  Иан  -   тамақтың  атасы,  ынтымақ  көптің 

батасы.

ж)  Дастарқанда  наны  жоқтың,  тамағының  сәні



жоқ.

Қы сқаш а  кеңест ер:

Нан  ы ды ста  кө ге р іп   ке тп е с  үш ін  сіріңке 

қорабына  мақтаны  йодқа  батырып,  нан  салғышқа 

немесе  ыдысқа  салып  қояды;



«Мектелтегі технология.  Технология  в  школе»

№7/2010

% £

е х н о л о г и я

25

- Пышақты өткірлеу үшін  жарты сағат тұзды суға 

салу  керек;

-  Күнбағыс  майы  ашымауы  үшін  сақтайтын 

ыдыстың  қақпағы  аздап  ашық  болғаны  жақсы;

- Турып қалған сүтті пісірер кезде, оған 5-8 тамшы 

туз  е р ітінд ісін ,  осы  мөлш ерде  су  там ы зсаңы з 

ашымайды;

-  Әлдене  қуыры п  ж а тқанда,  та бадағы   май 

шашырамасын  десеңіз,  аздап  майда  туз  сеуіп 

жіберіңіз;

- Картопты қабығымен қайнатқанда езіліп кетпес 

үшін  сірке  суын  тамызады;

- Ашылған  томат  пастасы  бузылмауы  үшін  оған 

бір  ас  қасық арақ  қуйыңыз;

-  Кофенің  жауы  -   ауа.  Сондықтан,  оны  қүрғақ 

және  жабық  ыдыста  сақтау  керек;

- Заттың асқа, суйыққа байланысты  кіші бөлшегі, 

қалдығының  аталуы.

Асқа байланы сты

  Бір  асауға  жарарлық  (ас)  -   асам;



•  Астың дәмін  білерлік  қалдығы  -  жалам;

•  Бір  қайнатуға  жетерлік  (шай)  -   қайнатым;

  Еттің қатқаны,  қалғаны -  қақпыш;



•  Астың  ыдыс  түбінде  күйіп,  жабысып  қалған 

қалдығы -  қаспақ;

• Астьщ қалған  бөлігі -  сарқыт;

  Нанның  үзген  бөлігі  -   сындырық;



  Дәннің тым  усақталғаны  -  талқан;

  Нанның  кескен  кіші  бөлігі  -   тілім;



• Аз да болса жеу үшін  пайдаланылар  ас,  тағам

-   тіскебасар;

•  Бір  рет жеп  қаларлық ас -   шайнам;

•  Бір түйреп  алуға  жарарлық ас -   шаншым.

С ұйыққа байланы сты

  Ac  қуйған  ыдыста  тазалаудан  пайда  болған 



қалды қ-жуы нды ;

Суйық  астың  ішуге  келмей  ыдыста  қалғаны  -  

жуғын;

•  Бір рет қана жутуға боларлықсуйықтық-жутым;



  Суйықтықтың таусыла  қалғаны -  сарқынды;

  Суйықтың кіші  бөлігі -  тамшы.



Қаймақты печенье

200  гр  қаймақ,  100  гр  маргарин,  1  стакан  қант,  3 

жұмыртқаға  қасықтың  ушымен  ғана  ас  содасын 

қосып,  езіп  араластырамыз,  3  стакан  ун  салып 

қамыр  илейміз,  формаға  келтіріп  пісіреміз.

Жаңғақ қосы лған  печенье

5 стакан ун,  1  стакан сары май,  1,5 стакан қант,  1 

стакан  мейіз,  1  стакан  жаңғақ  (қуырылған)  дәнегі, 

4  ас  қасық қатық,  4  шай  қасық туз  пайдаланылады. 

Бәрін  қосып  илейсіз  де,  пісірерде  бетіне  жумыртқа 

жағып,  қуырмай  үгілген  жаңғақ  дәнегін  себеміз.

Ой толғаны с

Үгілмелі  қамырдан  қандай  тағамдар  пісіруге 

болады?


Қамырдың  қурамы  қандай?

Үйге  тапсырма:  үгілмелі  қамырдан  жасалатын 

тағамның  тәсілдерін  жазып  келу.

Еттен  қырыққабат 

орамасын  дайындау

Г.С. АКТУРИНА,

Сазды  орта  мектебінің  технология 

пәнінің  мұғалімі

Сабақтың мақсаты:



а)  білімділігі:  оқушыларға  еттен  қырыққабат 

орамасын  дайындау  жолдарын  үйрету;



в) 

да м ы т уш ы лы ғы : 

ең бек 


сабағы нан 

б іл ім д е р ін , 

кү н д е л ікт і 

алған 


д а ғд ы л ары н, 

қабілеттерін,  шеберліктерін,  іскерліктерін  шыңдап 

дамыту;

б)  тәрбиелілігі:  тағамдарды  пайдаланып  қана 

қоймай,  уқыптылыққа,  әдемілікке,  тындырымды 

істеуге  тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

С а б а қты ң   ә д іс і:  сарам андық  жұмыс,  сұрақ- 

жауап.


Керекті  қуралдар:  ет пен  кекөністерге арналған 

тақтайш алар,  пы шақтар,  кастрөлдер,  табалар, 

тәрелкелер,  асханалық  қуралдар.

Азы қ-түліктер:  500 гр етке  800 гр ақбас қауданы 

қырыққабат,  1  стакан  күріш,  2  бас  пияз,  2  ас  қасық 

ун, 2 ас қасықтан томат-пюре,  қаймақ жэне май, туз, 

аскөк  немесе  әшкөк.

Сабақтың бары сы:

I.  Үйымдастыру  кезеңі:

Оқушыларды  түгендеп,  сарамандық  жумысқа 

дайындығын  тексеру;

II.  Үй  тапсырмасын  сурау,  тексеру:

Қуырдақ,  қазақша  ет,  мәнті,  кеспе, орамжапырақ 

орамасы.


1.  «Ас  -   адамның  арқауы»  деген  мақал  нені 

білдіреді,  кім  айтады?

Жауабы.  Денсаулықтың жақсы  болуы,  адамның 

жақсы  ойлап,  жумыс  істеуі.  Адам  тамақтанғанда 

жумыс жасауға,  өмір сүруге қызығушылығы артады. 

Аспен  адамның  ойлау  өрісі  кеңейіп,  тірек  күші 

артады.

2.  Ет  және  ет  тағамдарының  қундылығын  кім 



айтады?

Ж ауабы.  Сиыр  етінің  18-20,  қой  етінің  15-20 

пайызын  белок  қурайды.  Қурамы  4-9  пайыз майдан 

түратын  ет,  адам  денсаулығына  пайдалы,  яғни  күш 

береді.

3.  Е ттің  қур а м ы нд а   қанд ай  витам инд е р 



кездеседі,  кім  айтады?

Ж а уа б ы . 

Е ттің  

қур а м ы н д а  

В  тобы ны ң 

витаминдері  (В1,  В2,  ВЗ,  В12)  басымдау  келеді,  ал 

минералды  заттардан  -   фосфор  (0,2),  калий  (0,3), 

темір  (2-3),  мырыш  (2-3)  бар.



«Мектептегі технология.  Технология  в  школе»

№7/2010

26

Ж

ЕХНОЛОГИЯ

4.  Етті  пісірген  уақытта  біраз  өзгерістер  жүреді, 

ол  қандай  өзгерістер  екен,  кім  біледі?

Ж ауабы:  п іс ір ге н   кезде  б е л октар  ы ды рап, 

нәтижесінде  ет  массасы  40  пайызға  дейін  азаяды.

1  кг  шикі  еттен,  600  гр  піскен  ет  алынады.

5.  Ет тағамдарын  топтау.  Қане  кім  айтады?

Жауабы:  өсімдік  текті  тағамдар  сияқты  барлық

ет  тағам дары   суға  пісір іл ге н ,  қуыры лған,  бүқ- 

тырылған  және  қақталған  болып  бөлінеді.

Қауіпсіздік  ережелері  мен  тазалық,  гигиеналық 

ережелерінің  сақталуы:

1.  Тамақ  пісірер  алдында,  алжапқыш  пен  бас 

орамалыңды  тақ;

2.  Қолыңды  жу;

3.  Қызып  түрған  кастрөлді  немесе  басқа  да 

ыдыстарды  үстелдің  шетіне  қоюға  болмайды;

4.  Егер  үйде  газ  плитасымен  тамақ  әзірлесең, 

мына  ережені  ұмытпа:

- газ жанбай  қалып,  шығуына жол  берме,  газдың 

шығуын  оның  иісінен  білуге  болады;

- газ белгілі  бір  себептермен  шыга  бастаса,  оны 

тез арада  жауып,  терезе  мен  есікті  ашып,  бөлменің 

ауасын  тазарту  керек.

Мен  сізд е р д і  екі  то пқа  б ө л е м ін:  I  топ 

«Шеберлер»  тобы,  олар  етті  қырыққабаттан  орама 

дайындайды ;  II  топ  «Аспаз»  тобы,  олар  мәнті 

орамасын  дайындайды.

III.  Сарамандық  жұмыс.

Жұмыстың  орындалу  реті:

1.  Фаршты  дайындау  үшін  етті  еттартқыштан 

өткізеді.  Күрішті  қайнатып,  суытады  және  етпен 

араластырады.  Пиязды  майдалап  турап,  аздап 

қуырады  жэне  суытады.  Қуырылған  пиязды  етпен 

және  күрішпен  араластыры п,  түз  және  бүрыш 

қосады.


2.  Қырыққабаттың  жапырағын  дайындау  үшін 

қырыққабаттың  бүтін  жапырақтарын  қайнаған  суға 

5-7  минут  салып  алу  керек.  Содан  соң,  оны  сүзгіге 

салы п  суы тады   ж эн е   ө зегін  ұқы пты   түр д е  

жапырақтың  қалыңдығындай  етіп  жұқартады;

3.  Қырыққабат  орамасын  қалыпқа  келтіру  үшін 

қырыққабат  жапырақтарына  фарш  салынады  да, 

хатқалта  (конверт)  түрінде  оралады;

4.  Қырыққабат  орамасы  табада  қуырылады  да, 

кәстрөлге  салынады;

5.  Тұздықты  дайындау:  табаға  қаймақ,  томат- 

пюре,1  стакан  су  құйылады.  1  ас  қасық  ұн  және 

сондай  май  қосып,  араластырады,  түз  салынып 

қайнатылады;

6.  Қырыққабат  орамасын  бүқтыру:  дайындаған 

түздық  қырыққабат  орамасына  қүйылады  да,  баяу 

жанған  отта  30-40  минут  бүқты руға  қойылады. 

Қырыққабат  орамасын  қаңылтыр  пешке  (духовка) 

де бүқтыруға  болады;

7. Дайын болған  қырыққабат орамасы тарелкеге 

салынып,  үстіне  тұздық  қүйылады  және  үсақтап 

туралған  көк  себіледі  де,  қонақтарға  үсынылады.

Мәнті

Әдетте,  мәнтіні  пісіру  үшін  фарш  дайындау 



керек. Ол үшін  осы мақсатқа арналған ет өте үсақтап

туралады.  Оған  м үм кіндік  болмаса,  ірі  көзді  ет 

тартқышпен  тартылады.  Ет  семіз  болмаса  ұсақтап 

туралған  қүйры қ  май,  сақиналап  кесілген  пияз 

(үсақтап  турауға  да  болады)  салынып,  түзды  су 

қүйы л а д ы ,  б үр ы ш та л а д ы ,  ж а қсы л а п  аралас- 

тырылады.

Сөйтіп  мәнті  фаршы  салынған  ыдыстың қақпағы 

жабылып  қойылады  да  қамыр  дайындалады.  Ол 

үшін, үнға түзды су қүя отырып,  қамыр иленеді.  Қатты 

етіп  әбден  иі  қандырылады.  Біраздан  кейін  тағы  да 

аудармалап,  иін  қандыра  түскен  жен.  Содан  соң, 

шетінен  кішкентайдан  үзіп  алып,  үнға  аунатылады 

да,  шелпек  сияқты  етіп  оқтаумен  жайылады.  Бүл 

шелпектердің  шеттері ортасына қарағанда жұқалау 

болуға  тиіс.  С онда  фарш  қаусы руға  ыңғайлы 

болады.  Әрі  пісуі  де  жеделдейді.  Егер  аспаздың 

бүлай  еткісі  келмесе,  иленген  қамырды  күлшелеп, 

етке  салатындай  етіп  жазуға  да  болады.  Ол  кезде 

пышақпен  терт  бүрыштап  немесе  жүқа  стаканный 

кенересімен  дөңгелектеп  кесуге  тура  келеді.

Сонымен  фарш  та,  қамыр  да  дайын  болғаннан 

кейін,  дөңгелек  не  төртбұрышты  қамырдың,  не 

шелпектің  үстіне  көз  мөлшерімен  фарш  салынып, 

ж и ектері  қаусы ры л ад ы   да  саусақты ң  үш ымен 

шымшып  ж а б ы сты ры л ад ы .  Керекті  мөлш ерде 

осылай  дайындалған  мәнті  пісірілетін  кәстрөлдің 

май  жағылған  шілтерлі  табақшаларына  қатпарлап, 

бір-біріне тигізбей салынып,  астыңғы табақшасында 

қайнап  жатқан  сорпаның  немесе  судың  буына  40- 

45  минут  пісіріледі.

Құрамы:  қамыр  илеу  үшін  500  грамм  ұн,  1  шай 

қасық тұз,  1  стакан су,  фарш үшін  қойдың 1  кг жұмсақ 

еті,  1  шай  қасық  қара  бүрыш,  4  пияз,  100  грамм 

құйрық  май,  майлайтын  2  ас  қасық  өсімдік  майы, 

татымына  қарай  тұз  қажет.

IV.  Бекіту.

С оны м ен 



ба л а л а р , 

б үгін 


бізд е р  

ет 


тағамдарының құндылығы туралы өттік.  Қырыққабат 

орам асы н  д а й ы н д а у  және  мәнті  дайы нд а уд ы  

үйрендік, енді сабақты Венн диаграммасы бойынша 

бекітейік:

Қырыққабат 

орамасы 


айырм^шылығы

л

күріш



қырыққабат 

суға  пісіреді,



1. ет

2.  екеуі де 

орама

3.  жуа, түз, 



бұрыш

1.  қамыр

2.  картоп

3.  буға  піседі

мәнті 

айырмашылығы



V.  Бағалау.

VI.  Ү й ге   тап сы р м а:  қам ы р  ә зір л е п  келу 

(қайнатылған  қамыр).



«Мектептегі технология.  Технология

  в 

школе»

№7/2010

% £

е х н о л о г и я

27

5-6  сыныптарға  арналған 

«Қолданбалы  өнер  курсының» 

бағдарламасы

Ж.Ә. СМАҒ¥Л,

№7 орта  мектебінің  технология  пәні муғалімі,

Караганды облысы, Сәтбаев қаласы

Түсінікхат.

Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік үлгісі 

қалыптасу үстінде.  Бул процесс білім  парадигмасының 

өзгеруімен  қатар  жүруде.  Білім  берудің  ескі  үлгісінің, 

мазмұнының орнына жаңасы келуде.  Жаңа білім беру -  

бірінші  орынға -   баланың тулғасын,  білім  алу  арқылы 

жан-жақты  дамуын қойып  отыр. 

Қолданбалы  өнер 

курсының  бағдарламасының  ерекшелігі,  оқушыларды 

қолданбалы өнер түрімен, дизайн мүсін, ағашқа күйдіру 

өнерлерімен  таныстыра  отырып,  тулға  ретінде 

танымдық 

қызығушылықтарын  қанағаттандырады 

Олардың 


ой-өрісін  кеңейтеді,  шығармашылық 

қабілеттерін  дамытады. Осы арқылы оқушылардыңөзіне 

тән  икемділігі  анықталады,  тулға  ретінде  көркем- 

эстетикалық  б іл ік т іл ігі,  талғамы,  қабілеттері, 

қалыптасады.  Қолданбалы  өнер курсының барысында 

оқушылар  әр  түрлі  материалдармен  жумыс  істеп 

дағдыланады.  Бұйымдарды  жасау  технологиясымен 

танысады, қурал-саймандарды пайдаланып еңбек етуге 

машықтанады, технология пәніне қосымша  мәліметтер 

алады. Қолданбалы өнер саласындағы халықтың ұлттық 

дәстүрін зерделеуге  және оқушының  өзіне тән бағдарын 

таңдауға мүмкіндік береді.

Уақыт талабына  байланысты  мектеп  оқушыларын 

нарықтық  экономика  талабына  сай  жан-жақты,  білім- 

біліктілігі артқан.кездескен тығырынтан шыға білетін, іскер 

тулға ретінде тәрбиелеуіміз керек.

5-сыныптан бастап мектеп оқушыларын технология 

пәні  бойынша  арнаулы  багдарлама  қурастырып, 

үйірмелерге қатыстыру  бейін алды даярлығы кезеңінде 

олардыңбілімін кеңейтеді, тереңдетеді  Оқушылардың 

жеке  және  түлғалық  ерекшеліктерін  қалыптастырып 

мінез-қулқының  дамуын қамтамасыз етеді.  Икемділігін 

анықтап, енерге деген қызығушылығын арттырып кәсіптік 

бағдарын таңдауға жағдай туғызады.



Өзектілігі: бағдарламада көрсетілген бағыт -  қазақ 

мектептерінде білім беру саласында  алган білімдерін 

тереңдетіп,  сапасын  жаңа  заман  талабына  сай 

жақсартып,  оқушылардың  технология,  бейнелеу  пәні 

бойынша  теориялық  білімін  практикамен  уштастыра 

игертіп 


және  көркемдік,  эстетика  танымдық 

қызығушылығын арттыру.



Мақсаты:  оқушылардың  әр түрлі  буйымдар  жасау 

арқылы  шығармашылық  ойлау  қабілеттерін  дамытып, 

көркем-эстетикалық біліктілігін қалыптастыру.

Міндеттері:

-  Сәндік-қолданбалы  енер  және  басқа  енер 

саласындағы материалдардың өңдеу технологиясын білу;

- Буйымдарды жасау жолын меңгерту;

- Қазақ халқының енерінің турлерін танып білу;

- Жумысты жүйелеп қорытындылай білу;

- Қурал-саймандарды ажырата білу;

- Техника қауіпсіздік ережесін білу.

Күтілетін  нәтиже:

Білуге тиіс:

- Шеберханада техника қауіпсіздік ережесін меңгереді;

- Халықтың сәндік-қолданбалы енер түрлерін ажырата 

біледі;

-  Буйымдардың  көркемдеп  өңдеу  технологиясын, 



дурыс уйымдастыруды меңгереді;

- Дизайн,  композиция ұғымдарын ажырата біледі.

Игеругетиіс:

- Шеберханада жумыс орнын дурыс уйымдастырады;

- Қурал-саймандарды дұрыс қолдана біледі;

- Шығармашылық жумыстарды істей біледі;

- Ақпаратжүйесін пайдалануды біледі.

Негізгі бөлім

5-6 сыныптарда үйірме жумыстарында оқушылар әр 

түрлі  өнер  түрлерінен  мағлумат  алып  жэне  буйымдар 

жасап машықтанады.

Курс барысында темендегі жумыс түрлері қамтылған:

I.  Қолданбалы  енер  бойынша  қазақ  халқының 

қоленерінің  даму  тарихынан  мағлуматтар  алады.  Киіз 

үйдің бөлшектерімен, тарихымен танысып және әр түрлі 

ою өрнектер қиып машықтанады.

Бейнелеу  енері  бойынша,  сызықты  бейнелеу 



арқылы, түрлі геометриялықденелердің жобасын салып 

жаттыгады,  графикалық  торлар  көмегімен  суреттерді 

улкейтіп  салу тәсілдерін  меңгереді,  жобалық суреттер 

салады.


3. Ағаш өңдеу өнері бойынша, табиғи материалдарды 

еңцеу жолдары арқылы, әр түрлі бейнелер жасауды және 

аралас техника әдісімен буйымдар жасауды меңгереді.

4.  Шекімелеу енерінен мағлумат алып, шекіме жасау 

технологиясымен  танысып,  шекімелеу  жумыстарын 

орындайды.

5. Мүйіз еңцеу тәсілдерімен танысып, мүйізден буйым 

жасаудыңжолын меңгереді.

6.  Тері  өңдеу  өнерімен  танысып,  теріден  буйым 

жасаудыңжолын меңгереді.

7.  Дизайн  өнері  бойынша  мағлуматтар  алып,  әр 

түрлі  эмблема  салу арқылы  қолдарын жаттықтырады, 

ой-қиялын  дамытады.  Модельдер  жасау,  олардың 

сызбаларын  сызып, жасалу  жолдарын  меңгереді.

8.  Қағаздан  әр  түрлі  планер  түрлерін  жасап 

машык^анады.

9  Электр күйдіргіш қуралдары арқылы, ағаш, ушқат 

бетіне күйдіріп сурет салу әдісімен танысады.

10  Пластилиннен мүсін жасап,  жапсырмалау арқылы 

ою-ернектүрлерін  жасап  машықтанады.

I I .   Оригами  өнерімен  танысып,  қағаздан  әр  түрлі 

буйымдар жасап үйренеді.

12. 

Шығармашылық  жоба  бойынша  муғалім  кемегіне 



сүйене  отырып, жыл бойғы  алған  білімдерін, біліктілігін 

өзіндік  жумыстар  істеп  көрсетеді.



«Мектептегі технология.  Технология  в  школе»

N97/2010

28

^%ЕХНОЛОГИЯ

Қолданбалы  өнер  курсы .  6-сынып



Тақы ры бы

Сағат

Күні

Қолданбалы енер  курсы  6-сынып



34  сағ

1

Кіріспе.  Шеберханада жумыс істеуережесі.



1  с

2

Ағаш уқсату шеберлігі.



1  с

3

Ағаш ұқсату өнерінің даму тарихы.



1  с

4

Ағаш өңдеу шеберінің кәсібі.



1  с

5

Ағаштың алуан түрі.



1  с

6

Ою-өрнектіңдаму тарихы.



1  с

7

Ою-өрнекті  қолданужүйесі.



1  с

8

Ою-өрнек үлгілерін дайыңцау.



1  с

9

Композиция туралы  тусінік.



1  с

10

Дизайн  енері.



1  с

11

Ақпараттарды пайдалану.



1  с

,

12



Ағаш ою қурал-саймаңцары.

1  с


13

Ағаш материадцарын дайындау.

1  с

14

Қашаумен  ағаш ою тәсілдерімен таныстыру.



1  с

15

Ағаш ою тәсілдеріне машықтану.



1  с

16

Ағаш оюларының улгілері.



1  с

17

Ағашты кертіп ою.



1  с

18

Геометриялық пішіндер  бойынша  жумыс.



1  с

19

Агашты қиып ою.



1  с

20

Ою-өрнекті  қиып оютәсілімен  орындау.



1  с

21

Ағашты әрлеу жумыстарымен танысу.



1  с

22

Жумырлап  ою.



1  с

23

Жан-жануарлардың бейнесін ою.



1  с

24

Пирография  аспаптарымен танысу,техника  қауіпсіздік ережесі.



1  с

25

Ағаш бетіне  ,ушқат бетіне  пирофафия тәсілімен сурет салу.



1  с

26

Куйдіріп табиғат көрінісін салу.



1  с

27

Анималистік жанр бойынша күйдіріп сурет салу.



1  с

28

Адам  бейнесін куйдіріп  салу.



1  с

29

Адам  бейнесін күйдіріп  салу.



1  с

30

Жобаның тақырыбын тандау.эскиздерін  орындау.



1  с

31

Материалдар дайындау.экономикалық есебін  шығару.



1  с

32

Жобаны орындау кезеңі.



1  с

33

Жобаны орындау кезеңі.



1  с

34

Жобаны Kopfay.



1  с

«Мектептегі технология.  Технология  в  школе»

№7/2010



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет