Дипломатиялық этикет және хаттама



Pdf көрінісі
бет6/63
Дата23.09.2023
өлшемі1,14 Mb.
#109884
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63
Бекіту сұрақтары: 
1.
Мемлекеттік қызметтің ерекше түрі ретінде дипломатия қашан пайда болды? 
2.
Этикет дегеніміз не? 
3.
Хаттаманың дипломатиялық қызметтегі маңызы қандай? 
№2 дәрістің тақырыбы: 
Хаттама және этикет – халықаралық қарым-қатынас мәдениеті 
Сағат саны: 
1
 
Дәрістің мақсаты: 
Дипломатиялық хаттама мен этикеттің мәнін ашып көрсету.
Терминдер мен анықтамалар.
Протокол. Протокол ережелері. Халықаралық 
сыпайылық. Церемониал. Гуго Гроций. 1961 ж. Дипломатиялық қатынастар туралы Вена 
конвенциясы. 1961 ж. Консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясы. 1967 ж. 
Консулдық функциялар туралы Европа конвенциясы
 
Дәрістің топтама-тәсімі.
Дипломатиялық хаттама маңызы мен негіздері. Халықаралық 
іскерлік байланыстардың құқықтық негізі. Мемлекеттік қызметтік және хаттамалық 
ағалық. Этикеттің негізгі деректері және ережелері

Этикет тәртіптерінің қалыптасу 
тарихы

Этикет тәртібі және орта. 
Дипломатиялық протоколдың Ережесі мемлекетаралық қатынастарда ұсталынатын 
этикет, құрмет және сыйластық Ережесінің халықаралық тәжірибеде жалпы 
қабылданатын жиынтығы – «халықаралық сыпайылық» деп аталатын қағидатқа 
негізделеді. Халықаралық сыпайылықты, әсіресе қасақана бұзу, мемлекеттің беделіне 
нұқсан келтіру ретінде қарастырылады. Дипломатиялық протоколдың негізгі қағидаттары. 
Дипломатиялық протокол XIX ғасырда Вена конгресінде (1814-1815) ресми түрде 
бекітілді. Бұл халықаралық қатынаста мемлекет және үкімет, Сыртқы істер 
ведомстволарының басшылары, дипломатиялық өкілдіктер, ресми тұлғалар ұстануы тиіс 
жалпы қабылданған ережелердің, дәстүрлер мен шарттылықтардың жиынтығы. 
Дипломатиялық протоколдың бай тарихы, өзінің ерекшеліктері мен дәстүрі бар. Алайда, 
оның мәртебелі шетелдік қонаққа, оның шыққан елі мен халқына терең сыйластық 
көрсетуі тұрақты әрі өзгеріссіз негізі болып қала береді. Қазіргі уақыттағы қалыптасқан 
дипломатиялық протоколдың Ережесі мен нормалары іс жүзінде сыртқы саяси және 
халықаралық-экономикалық ынтымақтастықтың барлық нысандарын реттеп отырады. 
Дипломатиялық протоколдың органикалық құрамдас бөліктерінің бірі болып 
дипломатиялық этикет саналады. Егер дипломатиялық протокол «мемлекеттер 
арасындағы қарым-қатынастың жақсы мәнері» болса, онда дипломатиялық этикет – бұл өз 
мемлекетін таныстыратын лауазымды тұлғалар, саяси және қоғамдық қайраткерлер 
арасындағы қарым-қатынастың жақсы мәнері болып саналады. Дипломаттардың 
үкіметтік, қоғамдық және іскерлік ортада өз әріптестерімен қарым-қатынасы бұрыннан 
белгіленген Ережелерді ұстану арқылы жүргізіледі, қалыптасқан жағдайдан кері кету 
өзара қарым-қатынасқа кері әсерін тигізеді. Дипломатиялық этикеттің Ережесі – үндеудің, 


хат алмасудың, сондай-ақ ресми іссапармен келудің, кездесулер мен сұхбаттар, 
дипломатиялық қабылдаулардың және т.б. белгілі бір нысанын құрайды. Олар 
дипломаттың, мемлекеттік қызметкердің, бизнесменнің сыртқы келбетіне, олардың 
киіміне, мәнеріне, мінез-құлығына және т.б. қатаң талаптар қояды. Дипломатиялық этикет 
пен протокол нормаларының негізінде әрбір дипломат үшін өздері таныстыратын 
мемлекет жатады. Әрбір мемлекет егеменді және халықаралық қатынас тәжірибесінде тең 
құқықтар мен артықшылықтарды пайдаланады. Дипломатиялық тәжірибеде өзара 
түсіністік қағидатының зор мәні бар. Дипломатиялық этикеттің қатаң нормалары жауап 
берудің міндеттілігі (хатқа, нотаға, жіберілген визит карточкасына, сыпайылық визитіне 
немесе құттықтауларға), комплименттің кіріспе (хаттың не нотаның басында) және 
қорытындысында (соңында) ресми хат алмасуда (нотада, хатта) қатысу қажеттілігі 
ережесін ұстануды белгілейді. Бір қарағанда, қатыспай қалған қалыптасқан дәстүрдегі 
комплименттер сыйластық не жауыздық деп бағаланып, оның салдары халықаралық 
шиеленіске алып келуі мүмкін. Дипломатиялық тәжірибеде үлкендік қағидатын 
ұстанудың зор маңызы бар, бұл жерде таныстыратын елдің маңыздылығына емес, өкілдің 
рангасына және оны аккредитациялау күніне байланысты. Дипломатиялық этикет 
нормасының негізінде болатын елдің салт-дәстүрлері мен Ережелерін, олардың 
заңнамалары мен белгіленген тәртіптерін қатаң және сөзсіз ұстану жатыр. Шын мәнінде, 
дипломатиялық этикет толық көлемде, соның ішінде барлық дипломаттарға да міндетті 
жалпы азаматтық этикеттің Ережесін толықтырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет