Дипломатиялық этикет және хаттама



Pdf көрінісі
бет21/63
Дата23.09.2023
өлшемі1,14 Mb.
#109884
түріДиплом
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   63
Бекіту сұрақтары: 
1.
Шетелдік делегацияның сапарларын қандай орган ұйымдастырады? 
2.
Қазақстан Республикасында шетелдiк делегацияның болу мерзiмi қандай? 
3.
Сапарды дайындау жөнiндегi iс-шаралар жоспарына не кіреді? 
4.
Мемлекеттік деңгейдегі салатантты шараларды жоспарлау кімнің құзырына кіреді? 
5.
Іскерлік кездесулер дегеніміз не? 
6.
Президенттiң келiссөздер жүргiзу тәртiбiн кім анықтайды? 
№17 дәріс тақырыбы: 
Іскерлік қабылдаулар 
Сағат саны: 
1
 
Дәрістің мақсаты: 
іскерлік қабылдаулар түрлеріне сипаттама беру.
Терминдер мен анықтамалар.
Қабылдаулар. Іскерлік қабылдаулар. "Шампан бокалы". 
"Шай". "Кофе". "Таңертеңгі ас". Жур фикс". "А ля фуршет". "Түскі ас". "Түскі ас-буфет". 
"Коктейль". "Кешкі ас". 
Дәрістің топтама-тәсімі.
Қабылдау түсінігі, түрлері және маңыздылығы. Қабылдауға 
дайындық. Қабылдау түрлерін таңдау. Қабылдауға шақыру. Қабылдаудағы отырғызу 
принциптері және ерекшеліктері. Үстелге отырмайтын қабылдау түрі оның ерекшелігі. 
Қабылдау бөлмесін дайындау. Қабылдау сценарийі. Қабылдаудағы киім үлгісі. 
Қабылдаулар бүкіл деңгейлердегі мемлекеттік органдардың өкілдік қызметтерінің 
аса маңызды формасы болып саналады. Олар маңызды оқиғаларды (ұлттық мерекелерді, 
мерейтойлық атаулы күндерді) атап өту үшін, елге шетелдік делегациялардың келу 
жағдайы бойынша (шетелдік қонақтардың құрметіне қабылдаушы тарап басшылығы 
атынан қабылдау – сапар бағдарламасының міндетті протоколдық бөлігі), қандай да бір 
ресми іс-шаралар өткізу (конгрестер, симпозиумдар, конференциялар, таныстырылымдар, 
халықаралық көрмелерді ашу және жабу, шарттарға қол қою және т.б.), елде 
аккредиттелген дипломатиялық өкілдерге құрмет көрсету тәртібінде өткізіледі. 
Дипломатиялық өкілдіктер жұмысының тәжірибесінде барған елдің басшы тұлғаларына 
құрмет көрсету мақсатында, сондай-ақ дипломатиялық функцияларды жүзеге асыру 
тәртібінде, қабылдаулар кең таралған. Қабылдаулар – қызметтік қызметтің түрі. Олардың 
басты мазмұны – банкет үстелі емес, байланыстарды теңдестіру және кеңейту, ресми емес 
жағдайда қажетті ақпарат алу.
Қабылдаулар – ресми байланыстарды ұстап тұрудың байырғы формасы. 
Қабылдауларды дайындаудың, өткізудің қазіргі ережелері, қонақтар мінез-құлқының 
этикеті, әртүрлі халықтардың үстел басындағы және қонақ қабылдау мәдениетінің 
көпғасырлық дәстүрлерінен тамыр тартып жатыр. Бүгінгі күнгі ұлттық ерекшеліктерге 
қарамастан, халықаралық тәжірибеде, біршама мағынасында шарттылық сипатқа ие, 
қабылдаулардың белгілі бір жіктеуі қалыптасты. Бұл әсіресе, «ресми» өлшеміне қатысты, 
мәселен, егер оған, оның қызметтік мәртебесіне сәйкес қонақтар: ерлер жұбайларынсыз, 
әйелдер – ресми жағдайы бойынша жарынсыз шақырылған болса, қабылдауды ресми деп 
санау қабылданған. 
Қабылдаулар күндізгіге және кешкіге, сондай-ақ протоколдық лауазымы жағынан 
жоғары тұрушылығына сәйкес үстел басына отырғызу және отырғызусыз (түрегеліп 
тұратын) қабылдауларға бөлінеді. «Шампан бокалы» («шарап бокалы») үстел басына 
отырғызусыз, сағат 12 және 13 арасында ұйымдастырылады, ұзақтығы бір сағатқа жуық. 
Тісбасар ретінде канапе (шағын бутерброд), жаңғақтар және т.б. беріледі. Сусындар мен 
тісбасарларды даяшылар (қызмет көрсетуші персонал ішіндегі қызметкерлер) әкеледі. Бұл 
– қабылдаулардың ішіндегі ең қарапайымы. 
«Таңертеңгілік ас» – сағат 12 мен 15 аралығында (әдетте, сағат 12.30 немесе 13-те) 
беріледі. Әдетте, үстел басында бір сағатқа жуық созылады және кофе ішуге 20 минуттай 


уақыт бөлінеді. Кофе (шай) сол үстел басында немесе қонақ бөлмеде берілуі мүмкін. Ас 
мәзіріне дәстүрлі түрде бір-екі салқын тісбасар, ыстық балық және ет мәзірі және десерт 
кіреді. Бірінші ас мәзірі (суп) ұсынылуы мүмкін. Таңертеңгілік ас алдында аперитив 
беріледі; салқын ас мәзіріне – арақ немесе настойка (салқындатылған); балыққа – 
салқындатылған ақ шарап; етке – бөлме температурасындағы қызыл шарап; десертке – 
салқындатылған шампан; шайға, кофеге – ликер, коньяк. 
Егер киім үлгісі (түрі) шақыруда көрсетілмесе, күндізгі қабылдауларға күнделікті 
костюммен келеді. Протоколдық тәжірибеде, күндізгіге қарағанда, дәстүрлі түрде 
неғұрлым құрметті саналатын, кешкі қабылдаулар әсіресе, кең таралған. «Коктейль» 
типіндегі қабылдау сағат 17 мен 18 аралығында басталады және екі сағатқа жуық 
созылады. Түрегеп тұрған қалыпта өтеді. Шақыруда қабылдаудың басталу және аяқталу 
уақыты (17.00-19.00; 18.00-20.00) көрсетіледі. Қонақтар қабылдауға көрсетілген уақыттың 
кез келген сағатында келіп және кете алады. Қабылдауда бокалдарға құйылған 
коктейльдер беріледі. Оларды даяшылар таратады. Кейбір уақытта спирт ішімдіктері 
қойылған бар-буфет ұйымдастырылады. Коктейль үстелі асхана аспаптарымен 
жабдықталмайды. 
«А ля фуршет». «А ля фуршетті» дайындау және ұйымдастыру «коктейль» 
типіндегі қабылдауға сәйкес келеді. Формалды өзгешелігі – ұсынылатын тісбасарлар 
санының көп болуында. Үстел жасалып, ыстық ас мәзірлері (жюльен, ыстық сосискалар) 
берілуі мүмкін. Қонақтар үстел басына өздері келеді, тісбасарларды алып, кейін шегініп 
кетеді. Даяшылар тарелкаларын ғана ауыстырып, ас мәзірінің бар-жоғын қадағалайды, 
сусындар құяды және балмұздақ қояды. Егер шақыруда басқалай көрсетілмесе, 
«коктейльдегі» және «а ля фуршеттегі» киім түрі күнделікті, екі жағдайда да, іс-шараның 
салтанаттылығын атап көрсету үшін, қабылдаудың соңында шампан берілуі мүмкін. 
«Түскі ас» – қабылдаудың неғұрлым құрметті түрі. Ол әдетте сағат 19 бен 21 (бірақ 
әдетте одан кеш емес) арасында басталады, басты қонақтың қайтқанына дейін, 2-2,5 
сағатқа созылады. Үстел басына отырғызу арқылы өткізіледі. Түскі ас мәртебесінің 
жоғары болуына байланысты мұқият дайындықты, кәсіби қызмет көрсетуді қажет етеді. 
Ұлттық дәстүрлерге сәйкес ас мәзіріне екі-үш суық тісбасарлар, бірінші, ыстық балық 
және ет ас мәзірі, десерт кіреді. Сусындарды беру тәртібі, таңертеңгілік асты беру 
тәртібіндегідей. Шақыруда көрсетілгендей, түскі аста ерекше киім түрі болуы мүмкін 
(ерлер үшін смокинг немесе фрак, әйелдер үшін кешкі киім түрі). 
«Кешкі ас» қабылдауы түскі астан (уақытының басталуымен ғана (сағат 21 және 
одан кештеу) өзгешеленеді. Уақыттың кеш болуымен протоколдық тәжірибеде, жоғары 
мәртебелі қонақтың жұмыс бағдарламасының аса көптігінен, осындай қабылдау аздау 
таралған. Кешкі аста әдетте бірінші ас мәзірі берілмейді. Ерекше салтанатты жағдайларда 
кейбір уақытта екі қабылдау бірден өткізіледі: түскі астан кейін бірден «коктейль» немесе 
«а ля фуршет» типіндегі қабылдау өткізіледі.
«Түскі ас-буфет» – «түскі ас» типіндегі қабылдаудың бір түрі. «Түскі ас» сияқты 
уақытта өткізіледі, құрмет аздау көрсетілгенімен, неғұрлым демократиялық. Үстел басына 
немесе креслолар мен дивандарға 4-6 адамнан, қонақтарды еркін отырғызу болжанады. 
Залдың ортасында немесе қабырға түбінде орналасқан буфет үстелі жеке жабдықталады. 
Қабылдауға қатысушылар буфет үстеліне тақалып, өз тарелкаларын толтырып, өзі 
сөйлескісі келген адамның қасына келіп отырады. Шарап, коктейльдер және спирттік 
ішімдіктер буфет үстелінің үстіне қойылады.
Қабылдауды өткізу мұқият дайындықты қажет етеді және оған: қабылдауды өткізу 
уақыты мен түрін анықтау; шақырылғандардың тізімін жасау және шақыруларды 
уақытылы салып жіберу; үстел басына отырғызу жоспарын жасау, куверттік және үстел 
басына отырғызу карточкаларын басып шығару (егер сөз таңертеңгілік ас, түскі ас немесе 
кешкі ас туралы болып отырса); ас мәзірін жасау және қабылдау өткізу сценарийі кіреді. 
Қабылдау түрін таңдау ол соған арналған оқиғаның сипатымен, оны ұйымдастырушының 
қаржылық мүмкіндіктерімен, сондай-ақ қалыптасқан протоколдық дәстүрлермен 


анықталады. Қабылдаулардың неғұрлым құрметті түрлері, себептің маңыздылығы 
бойынша: күндізгіден – таңертеңгі ас, кешкіден – түскі ас немесе кешкі ас.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет