Дипломатиялық этикет және хаттама



Pdf көрінісі
бет22/63
Дата23.09.2023
өлшемі1,14 Mb.
#109884
түріДиплом
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   63
Қабылдауға шақыру. 
Қабылдауға шақырылған қонақтардың сандық және дербестік 
құрамы оған арналған оқиғаның маңыздылығына қарай анықталады. Егер қабылдау шетел 
делегациясының келуіне арналса, әріптестердің арасындағы қарым-қатынастардың 
деңгейі мен сипатын ескеру қажет. Егер мұнда қонақтар делегациясында ерлі-зайыпты 
жұптар болса, қабылдап тұрған жақтың ресми тұлғалары қабылдауға жұппен 
шақырылады. Біздің елімізге беделді қонақ сапармен келгенде, қабылдауға (оның 
делегациясының мүшелерінен басқа), қонақ келген елдің елшісі мен аға дипломатиялық 
қызметкерлер шақырылады. 
Қабылдаудың түрі мен уақыты туралы қонақтар алдын ала шақыру қағаздарымен 
хабардар етіледі. Шақыру қағаздарын баспаханада басып шығарған жөн. Шақырылған 
қонақтың аты-жөні, тегі, оның лауазымы қолмен жазылады немесе бланкте басылады. 
Ерлі-зайыпты жұптарға бірінші орында ресми тұлғаның атын көрсетуімен жалпы шақыру 
жіберіледі. Шақырулар үшінші тұлғаның атынан «шақыру құрметіне ие» деген жазуды 
пайдалану арқылы жазылып, қол қойылмайды. «Коктейль» немесе «а ля фуршет» типтегі 
қабылдауға шақыруларда қабылдаудың басталу және аяқталу уақыты көрсетіледі.
Маңызды тұлғаға шақыруды жіберу барысында, яғни жібермей тұрып телефон 
арқылы белгіленген күн ол үшін қолайлы ма деп сұраған жөн, ал шақыруды курьер 
арқылы жіберу керек. Салтанатты қабылдауға шақыру қағазында киімнің түрі көрсетілуі 
мүмкін. Төменгі сол жақ бұрышында: «white tie» (ақ галстук, фрак дегенді білдіреді); 
«black tie» (қара галстук, яғни смокинг); «evening dress» кешкі киім. Ханымдар кешкі 
әдемі көйлек кию керек, бұл шақыруда көрсетілмесе де.
Шақыруларды қабылдауға 2-3 апта қалғанға дейін жібереді. Шақыру қабылданса 
да, қабылданбаса да, жауап беру міндетті. Шақырудан бас тартса, көрсетілген құрмет үшін 
алғысын айтып, бас тарту себебін айтады. Қабылдау жасайтын тұлғаның мәртебесі 
неғұрлым жоғары болса, соғұрлым ерте оның шақыруына жауап беріледі. Әдетте, жа-
уапты шақыруды алғаннан кейін 3-5 күн өткеннен кейін беру керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет