Су тышқаны (Ондатр) терісі.Ондатр терісінің жүні жылтыр, ұзындығы орташа. Жотасындағы жабын талшығы біршама ірі, қою да жұмсақ түбіттен едәуір ерекшеленіп тұрады. Жота жүні сарғыш, қызыл-қоңыр. Бүйір жүні ақшылдау, бауыр жүні ақбоз түсті. Қара ондатрдың жота және бүйір жүндері қоңырқай немесе қара-қоңыр, түбіті — қара-сұр. Бауыры ақбоз түсті. Сақа ондатрдың бауыр жүні жотасынан гөрі өскелең. Жазда жүн талшықтарындағы қылшық саны көбейіп, қыста жүн талшықтарындағы түбіт саны артады. Сондықтан оны қыста үстаған жөн. Терісін машинада шелдеуге келмейтін өте майлы тері.