Дипломдық ЖҰмыс 05011300 «Биология»


Аң терілерін илеу тәсілдері



бет61/83
Дата07.02.2022
өлшемі2 Mb.
#24990
түріДиплом
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   83
Байланысты:
Камила диплом (1)

Аң терілерін илеу тәсілдері

Аң терілері иленбеген жағдайда, терілерін сапалы қалпында сақтау өте қиын. Өйткені аң терілерін сақтаған кезде зиянды насекомдардан қорғау қажет. Олар қолайлы жағдай туғанда тез өсіп-өніп, теріні бүлдіреді.

Аң терілерінің түпкілікті құндылығы — оларды илеуге байланысты. Илеу бірқатар химиялық және механикалық тәсілдерден тұрады. Соның нәтижесінде қатқыл, дөрекі терілер шүберектей жұмсарады, бүгімділігі артып, едәуір жеңілдейді.

Аң терілері илеу үстінде түрлі химиялық, механикалық әсерлерге ұшырайды. Тері ұлпалары талшық қасиетін біршама өзгертеді. Илеу үстінде оның салмағы, мөлшері, қалыңдығы, жүн талшығының қоюлығы елеулі түрде өзгереді. Көбірек өзгеріске ұшырайтыны — салмағы, көлемі мен тері ұлпасының қалыңдығы.

Иленген терілердің салмағы оның нақты салмағына, қосылатын химиялық қоспалардың салмағы мен терінің қабылдау қабілеттілігіне байланысты болады.

Ал, аң терілерін илеу технологиясында оған мына тәсіл ғана қосылады. Ол тәсілдің мәні машинамен немесе қолмен, сондай-ақ тарақпен тарау, қалғаны жалпы әдістер жиынтығындай. Аң терілерін илеу тәсілдері мынандай:

  1. Сумен жібіту;

  2. Жуу;

  3. Шелдеу;

  4. Ерікке салу;

  5. Қатырып бекіту;

  6. Кептіру;

  7. Ағаш ұнтағымен жұмсарту;

  8. Ыдыратып жұмсарту;

  9. Жүнін тарау;

  10. Әрлеу.

Егер аң терілерін илеудің осы тәсілдерін орта және кіші кәсіпорындарда пайдаланса, қаракөл елтірісі мен аң терілерінің сапасын арттыруға үлес қосып, Қазақстандағы қаракөл қой шаруашылығының дамуына үлкен пайдасын тигізер еді. Қаракөл қой шаруашылығының экономикалық тиімділігін арттыруға Оңтүстік-Батыс ауыл шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының мамандары мен ғалымдарының да қосқан үлкен үлесі болар еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет