3. Қасқыр терісі
Қасқыр терісінің жұмсақтығы, жүнінің үлпілдектігі, қоюлығы мен түсі, сондай-ақ терісінің көлемі мекендеген жеріне байланысты. Мұның терісі бес түрге бөлінеді: полярлық қасқыр терісі өте көлемді. Жүні өте әдемі, қою, әрі жүмсақ, бауыр жүні өскелең, жұмсақ, қою, тері үлпасы жұқа. Жүн талшықтары ақшыл немесе күңгірт сүр, көгілдірлеу ренді. Құйрық жүні үлпілдек.
Қазақстанда қасқыр терісі ормандық және далалық болып бөлінеді. Бұлардың сібірлік қасқырдан айырмашылығы - денесі шағындау, әрі жүні қысқалау. Құйрығы онша ұзын емес. Орта Азияның таулы аудандарында мекендейтін қасқырлар терісінің жүні өскелең, жұмсақ, бірақ сирек, түсі ақшыл сұр, жота жүні қоңырқай, бүйірі мен бауыр жүні ақшыл. Орта Азия далалық қасқырларының терісі шағын, жүні көрікеіздеу, қатқылдау. Жотасы сүрғылт сары, бауыры ақшыл сүр түсті. Талшық пен түбіт аралас жүнді терісі майлы. Жазда қоңыр сұр, қыста жүні қалың, ақшыл сұр түсті болады. Қыста түбіт саны артып, жазда түлеген соң азаяды.
Достарыңызбен бөлісу: |