Дипломдық ЖҰмыс 05011300 «Биология»


Әр түрлі аң терілерінің сапалықкөрсеткіштері



бет62/83
Дата07.02.2022
өлшемі2 Mb.
#24990
түріДиплом
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   83
Әр түрлі аң терілерінің сапалықкөрсеткіштері:

Әр түрлі аң терілері олардың денесінің үлкен-кішілігіне, тері көлемінің үлкен, орташа, кішілігіне, жұқалығына, қалыңдығына, тығыздығына қарай иленуі керек.

1. Қоян терісі

Қоян терісі негізінде үй қоянының әр түрлі тұқымдарынан және жабайы қояндардан алынады. Былғары өнеркәсібі, сондай-ақ орта-кіші кәсіпорындар үшін қоян терісі ең негізгі шикізат болып саналады. Республиканың солтүстік және орталық облыстарына қарағанда оңтүстік аудандарда қоян шаруашылығы біршама дамыған.

Қазір оңтүстік аудандардан қоян терісінің 82%-ы, орталық аудандарда 11-12%-ы, ал солтүстік аудандарда 15%-ға жуығы дайындалады. Оңтүстікте өсірілетін қоян терісіне қарағанда солтүстік аудандарда өсірілетін қоян терісінің сапасы едәуір жоғары. Қоян терісінің жүні жұмсақ, түбіт аралас, майсыз, өте жұқа келеді. Ұрғашысы еркегінен үлкендеу болады. Бірақ ұрғашы қоян терісі жұқа, ал еркегінің терісі ұрғашысынан қалыңдау келеді. Ұрғашысының терісі еркегінен көлемді болады.

2. Түлкі терісі

Түлкі терілері көбінесе жабайы өсетіндері мен аңшылық шаруашылықтарында бағылатын түлкілерден алынады. Бұл терілер ұзын жүнділерге жатады. Әсіресе бағыттаушы талшықтары ерекше ұзын (82 мм-ге дейін) келеді. Бағыттаушы талшықтары бірыңғай түсті: қоңырқай, қара. Түлкінің қылшық талшықтарының ұшында ақшыл түсті сақиналы бұйрасы болады. Қызыл түлкіде ол жирен, сары немесе ақшылдау, ал жылтыр қара түсті де шымқай ақ болып келеді.

Түлкі терісін табиғи түсіне қарай қызыл, қарақоңыр және жылтыр қара деп бөледі. Еркегі ұрғашысынан ірірек, жүні жұмсақ, түбіт аралас, терісі майлы. Қысқа қарай жүніндегі түбіт саны көбейіп, жазға қарай түлеп, түбіті азаяды. Еркегінің терісі ұрғашысынан көлемдірек, терісі қалыңдау болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет