4. Шүйебөрі терісі
Шүйебөрі терісінің аумағы, яғни көлемі оның мекендейтін жайлы жеріне байланысты. Бұл аңның сыртқы түрі қасқырға ұқсайды. Терісінің жүні сарғыш, қылшықты келеді. Ұрғашысынан еркегінің терісі көлемділеу. Терісі майлы.
5. Борсық терісі
Борсық терісінің көлемі оның үлкен-кішілігіне байланысты. Терісінің жота жүні сұрғылтау қара, қоңырқай қара, ақшыл қара, қылшықты болып келеді. Борсықтың терісі өте майлы топқа жатады.
6. Ондатр терісі
Ондатр терісінің жүні жылтыр, ұзындығы орташа болады. Жотасындағы жабын талшығы біршама ірі, қою, жұмсақ түбіттен едәуір ерекшеленіп тұрады. Жота жүні сарғыш, қызыл қоңыр. Бүйір жүні ақшылдау. Бауыр жүні ақ боз түсті. Қара ондатрдың жота және бүйір жүндері қоңырқай немесе қара қоңыр, түбіті — қара сұр. Бауыры ақ боз түсті. Сақа ондатрдың бауыр жүні жотасынан гөрі өскелең келеді. Жазда жүн талшықтарындағы қылшық саны көбейіп, қыста жүн талшықтарындағы түбіт саны артады. Машинада шелдеугеболмайтын, өте майлы топқа жататын тері.
Достарыңызбен бөлісу: |