Қатырып бекітетін заттар.Негізінде тері илегенде қатырып, бекітетін мынандай зат түрлерін қолданады:
Өсімдіктерқұрамында кездесетін қатырғыштық бекітуқасиеті бары — танидтер.
Минералды катырушы заттарқұрамында қатыру қабілетібар - тұзды хром жөне алюминий хромпик (натрийлы жәнекалийлі) болып табылады.
Синтетикалық қатырушы заттар (синтандар)құрамындақатыру қасиеті бар, органикалық синтездік зат болыптабылады.
Тері илеуге қажетті негізгі саймандар
Ағаштан жасалған үлкен әуіт (баркас).
Әуіт терілерді өндірістік жолмен илеу барысында қажет. Ол терілерді салу, оған су құйып терілерді жібітіп жуу, ерікке салу, қатырып бекіту үшін керек.
Шелдейтін машина.
Жуылған терілерді шелдеуге қажет. Теріні шелдейтін машинада немесе шалғымен шелдеуге болады.
Тері жүнін қырқатын машина.
Мал терісінің жүнін қырқу үшін қажет. Машинада терідегі жүнді әртүрлі шамада қырқуға болады. Терідегі жүнді қырыққанда тері салмағы азаяды. Егер тері жүні қырқылмаса оның ұйпалануы ықтимал. Ал қырқылса, ұйпаланбайды.
Кептіргіш.
Терілерді арнаулы кептіргіште және далада қанар бетіне жайып немесе тартылған жіпке іліп кептіруте болады.
Барабан.
Мұны ағаштан немесе темірден жасауға болады. Барабан терілерді жұмсарту үшін керек. Ол үшін барабанның ішіне ылғал ағаш үгіндісін салып, оған тері және домалақ резеңке шарик салып жұмсартады. Домалақ резеңке шарик тері жүнінің ұйпаланып, шатысып қалмауы үшін қажет.
Торлы барабан.
Мұны жасау үшін - алдымен екі жағын ағаштан немесе фанермен бекітіп, үстін тормен тартып тастайды. Барабанға салу мақсаты - терінің жүніне және өңіне жабысқан ағаш үгіндісін тазалау.
Достарыңызбен бөлісу: |