Дипломдық ЖҰмыс 1-сынып оқушыларының Әліппеден кейінгі кезеңде сөйлеу дағдыларын қалыптастыру әдістемесі



бет27/28
Дата11.04.2023
өлшемі455 Kb.
#81658
түріДиплом
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
Коптерова Б. диплом жұмысы

Қорытынды

Қазiргi заманда ғылымның барлық салаларында интеграция құбылысы жүрiп жатыр. Бұл-Қазақстан Республикасының жүргiзiп жатқан саясатының нәтижесi. Мұндай үрдiстен бiлiм беру саласы да шет қалған жоқ. Бүгiнгi күнде қазақ тiлiн оқыту әдiстемесiнде жаңа инновациялық амал-тәсiлдер көптеп енгiзiлiп жатыр. Шәкiрттердiң жеке тұлғалық қабiлеттерiн жан-жақты дамытуға, тiлдiк материалдарды терең де сапалы игеруiне арналған жаңа инновация С.Рахметова, Ф.Ш.Оразбаева, К.Жақсылықова, Қ.Қадашева, Н.Т.Тулепбергенова, А.К.Жанабилова т.б. әдiскер-ғалымдардың еңбектерiнде жан-жақты қарастырылған. Нәтижесiнде қазақ тiлiн оқыту әдiстемесiнде қатысым әдiсiнiң, модульмен оқыту, бiлiмдi iзгiлендiру, саралап, деңгейлеп т.б. оқыту амал-тәсiлдерiнiң ғылыми және әдiстемелiк негiздерi қаланып, қазiр орта және бастауыш мектепте қазақ тiлiн оқыту iсiнің сапасын арттыруда зор үлес қосылуда. Сондықтан қазiргi кезеңде бастауыш мектепте қазақ тiлiн оқытуда жаңа технологиялар енгізіліп, сабақты оқушыларға тартымды оқыту тәжірибелері жүріп жатыр.


Осы орайда сауат ашу барысында кіші жастағы оқушыларды ауызша сөйлеуге дағдыландыру жұмысының өте маңызды да күрделілігін анықтауда тіл мен сөйлеудің ерекшеліктеріне, сөйлеудің түрлеріне және ауызша сөйлеу дегеніміздің өзі не екендігі айтылды. Онан әрі сөйлеу дағдыларына анықтама берген Б.В.Беляев, П.Я.Гальперин, А.А. Люблинская, Н.А.Лошкарева, М.Н. Скаткин, И.Я.Лернер, Ю.К.Бабанский, Е.В.Гурьянов, Қ.Жарықбаев т.б. ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып берілді.
Ертеректе қазақ халқын сауаттандыру үшiн ұлтжанды азаматтар тiлдiң теориялық заңдылықтарын зерттеп, нәтижелерiн халыққа бiлiм беруде қолдануды өздерiне парыз деп санады. Ұлт мектептерiнде қазақ тiлiн оқыту әдiстемесi жөнiнде пiкiрлер сол кезеңдегi «Айқап», «Қазақ», «Шолпан», «Мұғалiм», «Сана» т.б басылымдарда жарияланып отырды. Сол жылдары жарық көрген А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Ғ.Бегалиев, Қ.Жұбанов, Т.Шонанов, Ә.Садуақасов, С.Жиенбаевтардың еңбектерiнде бастауыш мектепте қазақ тiлiн оқыту жөнiнде елеулi пiкiрлер, қазақ тiлi сабағының құрылымы және сабақта қолданылатын негiзгi әдiстер мен мұғалiмге қойылатын талаптар айқындалды.
Бастауыш мектепте қазақ тiлiн оқыту әдiстемесiнiң негiзiн қалаған ғалымдардың осы жұмыста аталған еңбектерiнiң басты құндылығы мұғалiмдерге қазақ тiлiн қалай оқыту жөнiнде теориялық және практикалық көмек беруінде.
Бірінші сыныпта «Әліппені» оқыту барысында оқушылардың тілін дамытуға, оларды ауызша сөйлеуге ерекше үлес қосқан А.Байтұрсынов болды. А. Байтұрсынов еңбектерінде тілдік материалды оқушылар өмірде алған білімін кеңінен қолдана алатын дағдылар қалыптастырудың негізін қалады. Ғалым оқушыларды ауызша сөйлеу үшін: «Ойнайық та ойлайық» деп тапсырма береді немесе балаларды жұмбақтар арқылы сөйлету: «Төлептің төрт ұлы бар. Төрт ұлдың адам басына бір апа, бір қарындасы бар. Төлептің барлық баласы нешеу болады»т.б. Сондай-ақ мәнді оқыту арқылы балалардың ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Мысалы: «Қата оқыған жақ қайта оқиды»т.б.
Оқушылардың ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыру мәселесін кейiнгi жылдары осы мәселенi Ә.Сәдуақасов, С.Жиенбаев, Р.Әмiров, Ш.Сарыбаев, К.Бозжанова, С.Рахметова, М.Жазыбаев, И.Ұйықбаев, С.Қазыбаев, Т.Әбдiкәрiмова, Г.Уайсова, Қ.Молдабек, Ә.Жұмабаева, М.Ермекбаев және т.б ары қарай тереңдетiп, келелi зерттеулермен, монографиялармен, әдiстемелiк нұсқаулармен дамытты.
Зерттеуімізде осы ғалымдардың ғылыми жұмыстары тақырып тұрғысынан жан-жақты талданып, кіші жастағы, оқушылардың ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастырудың теориялық негіздері айқындалды. Ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыруда адамгершілік тәрбие, елін, жерін, халқын сүю сезімі, «жан » тәрбиесі, адалдық, шыншылдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу, саналы тәрбиелікке дұрыс мінез-құлық нормаларына үйрету және оны қалай, қандай жұмыстармен байланыстарын жүргізуге болатынын айтылды.
Кіші жастағы оқушылардың ауызша сөйлеу дағдысын жаңа технологиялар арқылы қалыптастыру әдістемесін жасауда ең алдымен ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастырудың негізгі белгілері мен деңгейлері анықталады: оқушы айтайын деген ойын жинақы, толық жеткізуі, тілінің тазалығы, орфоэпиялық заңдылықтардың қатаң сақталуы, сөздің әсерлілігі, ойын, пікірін дәлелдеуі- ауызша сөйлеу дағдылырын қалыптастырудың басты белгілері болып табылады.
Бірінші сынып оқушыларының ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру деңгейлері: 1.Қатысымдық - ақпарат деңгейі - лингвистикалық мақсатты көздейтін «Әліппеге» дайындық кезеңінде іске асады; 2. Қатысымдық –ауызша сөйлеу деңгейі;- Сауат ашу, яғни «Әліппе» кезеңінде іске асады; 3. Қатысымдық шығармашылық деңгей- «Әліппеден » кейінгі кезеңде іске асады.
1. Диалогтық технология. Бұл оқыту процесiнде кем дегенде екi адамның арасындағы тығыз қарым-қатынастың, белсендi iс-әрекеттiң жүзеге асуы нәтижесiнде болады.
Диалогтық оқыту технологиясы үйретушi мен үйренушiнiң бiр-бiрiмен пiкiр алмасуын, тiл арқылы сөйлеуiн қамтамасыз ете келiп, адам мен адамның өзара түсiнуiне жол ашады.
Диалогтық технология оқушы мен оқытушының әрқайсысының өзiне тән мiндеттердi бөлек алып, ал олардың алдына қойған мақсаттарының ортақ болуын талап етедi.
Диалогтық технология оқыту жүйесiнде бiрнеше тиiмдi тәсiлдердi, амалдарды бiрiктiредi.
Диалогтық технологияның басты белгiсiнiң бiрi – тiлдi үйретудi күнделiктi өмiрде жүзеге асыру.
Диалогтық технологияда белгiлi бiр тiл туралы бiлiм берiлмейдi. Қарым-қатынас құралы тiлдiң өзiн қалай қолдану керек, сол жөнiнде оқытылады, яғни сол тiлде сөйлеу үйретiлдi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет