Сабақтың тақырыбы: Сөздер мен дыбыстар.
Сабақтың мақсаты: Сөз, дыбыс туралы ұғымдарды түсіндіру. Сөздің дыбыстан құралатын құралатын, дыбыстың дауысты, дауыссыз болып бөлінетіні түрінде түсінік беру. Естің қабілетін жетілдіру.
Сабақтың көрнекілігі: Ойыншықтар, суреттер, үйлестірмелі материалдар, текшелер кеспе әріптер.
Сабақтың барысы:
Мұғалім балаларды сабаққа ұйымдастырады. Балалар назарын өзіне аудару үшін есік қағады да, олардан не естігенін сұрайды.
Мұғалім дабылды (Барабанды) соғады да, не естідіңдер деп сұрайды.
Дұрыс, балалар, сендер дұрыс естідіңдер? Бірақ ол дыбыстар біркелкі ме?
Дыбыстар әр түрлі болады. Мысалы: А-а десек? Оны созып айтуға болады, даусымыз еркін шығады.Ал енді бір дыбыстардың айтылуы қысқа. Мысалы: Д дыбысы. Қане, бәріміз осы екі дыбысты айтып көрейік. Айырмашылығы қандай? Ол дыбыстарды жеке-жеке айтайық ол дыбыс. Енді осы дыбыстардан сөз құрайық. Топта көргендеріңнен, ойыншықтардың атарын, заттарды атаңдар.
Сөз бір нәрсе туралы ұғымды білдіреді. Мысалы қуыршақ десек, онда ойыншықты білдіреді. Осы сияқты басқа сөздерді де айтуға болады. Сөз дыбыстан құралады. Енді Ана сөзін талдайық .
АНА –неше дыбыс бар?
Дұрыс айтыңдар, ана сөзі үш дыбыстан құралған. Келесі сөзді өздерің ойлап, кезекпен айтыңдар.
Жеке дыбыс ойлаңдар.
Балалардың жауабы тыңдалады.
«Кім көп біледі?» ойынын ұйымдастыру.
Балалар жеке дыбыстарды айтып жарысады. Ең аз айтқан бала жеңілген айыбын өтейді [30].
Қорыта айтқанда, диалогтық оқыту технологиясында мұғалім мен оқушылар арасында тiлдiк қатынас бүкiл сабақ бойы жүредi. Бұл оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын жетiлдiрдi, ойлау қабiлеттерiн арттырып,бiлiмдерiн толықтырды.
Сабақтың тақырыбы: Құмырсқа мен көгершін мәтінін оқыту
Сабаққа қажеттi көрнекi құралдар: плакаттар, кеспе қағаздар, сөйлеуге жағдаят туғызуға арналған кестелер.
Сабақ үйге берiлген тапсырмаларды сұраудан басталды. Оқушылардың барлығы бiр-бiрiмен жарыса жауап беруге тырысты. Үй тапсырмасын тексергеннен кейiн, оқушыларға мәтiннiң жоспарын берiп, мәтiн жазуды тапсырдық.
- Балалар, мәтiннiң аты «Құмырсқа мен көгершiн». Сендер дәптерлерiңе мәтiннiң негiзгi бөлiктерiнiң атауларына қарап, мәтiн жазыңдар:
1. Құмырсқа суға ағады.
2. Көгершiн құтқарады.
3. Көгершiн құс торушының қолына түседi.
4. Құмырсқа көгершiнге көмекке келедi.
Достарыңызбен бөлісу: |