Дипломдық ЖҰмыс 1-сынып оқушыларының Әліппеден кейінгі кезеңде сөйлеу дағдыларын қалыптастыру әдістемесі



бет21/28
Дата11.04.2023
өлшемі455 Kb.
#81658
түріДиплом
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   28
Сабақтың тақырыбы: Сөйлем ұғымын оқушыларға таныстыру.
Сабақтың мақсаты:
1) Балаларға сөйлем туралы түсінік беру. .
2) Балалардың ой-өрісін, сөздік қорын, ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
3) Балаларды ұғымталдыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
4) Алдыңғы сабақта өтілген балалардың ой, сөз туралы түсініктерін жетілдіру.
Оқушының берген жауабы: « Мен жанұяда бесінші баламын. Мен оқуды жақсы оқып, өскенде үлкен азамат боламын. Мен күнде анама үй жұмыстарында көмектесемін. Мен сабаққа кешікпей келемін.Сен менімен дос боласың ба? Сен сабақты жақсы оқисың ба? Сен анаңның айқанын тыңдайсың ба?
Өзіне сұрақ қойылған оқушы сұрақтарға жауап беріп, екінші оқушыға сұрақтар қояды. Оқушыларға бір- бірінің жауаптарын қайталамауы ескертілді.
Тапсырманың ұтымдылығы төмендегідей болды:

  • оқушылар сөйлемдерді дұрыс құрастыруға үйренді;

  • оқушылардың сөйлем туралы түсінігі қалыптасты;

  • сұрақтарға дұрыс жауап беруді меңгерді;

  • өзара белсенді пікірлесуіне, ауызша сөйлеу дағдыларының қалыптасуына игі ықпал етті.

Оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда диалогтық технология сабақтары мынадай түрлерi тәжiрибе барысында тиiмдiлiгiн көрсеттi:
Сабақ тақырыбы: Сөйлем ұғымын оқушыларға таныстыру.
Сабақтың мақсаты:
1) Балаларға сөйлем туралы түсінік беру. .
2) Балалардың ой-өрісін, сөздік қорын, тіл байлығын, тілін дамыту.
3) Балаларды ұғымталдыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
4) Алдыңғы сабақта өтілген балалардың ой, сөз туралы түсініктерін жетілдіру.
Сабақ көрнекілігі: суреттер, жұмбақтар, буындар, үлестірмелі кеспелер.
Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Мұғалім оқушыларға жеміс – жидектердің суреттерін көрсетіп, олардың аттарын сұрады:
- Бұл не болады, балалар?

  • Алма.

  • Дұрыс.

  • Алманы біз не істейміз?

  • Алманы біз жейміз.

  • Алма тәтті ме, әлде ащы ма?

  • Тәтті алма да, ащы алма да бар.

  • Енді осы алма сөзін пайдаланып бірнеше сөздер айтайық.

  • Қызыл алма, көк алма

  • Дұрыс. Енді осы сөздерді бір-бірімен байланыстырып, айтып көрейік. Маған апам қызыл алма берді.Қызыл алма тәтті екен. Мен апама рахмет айттым.

  • Балалар, мен сендерге алма деп бір сөзді айтқанда ма, әлде Маған апам қызыл алма берді деген кезде ой түсінікті ме?

  • Толық айтқанда ой түсінікті. Балалар, біз бүгін сендермен сөйлем туралы түсініп, оның қалай жасалатынын үйренеміз.

  • Алма қайда өседі?

  • Алма бақта өседі.

- Алма, бақ, әдемі сөздерді біріктіріп айтайық.

  • Бақта әдемі алмалар өседі.

  • Сөздер бірігіп, белгілі аяқталған ойды білдіреді. Сөйлем төрт сөзден құралып тұр. Сөйлемде сөздер бір-бірімен байланысып тұр. Енді өздеріңнің аналарың жөнінде сөйлем құрастырыңдар.

Сонан кейін оқушылардың өздерінің аналары туралы құраған сөйлемдері тыңдалды. Мұғалім оқушылармен жеке жұмыс жасау үшін әрқайсысына жеке-жеке сурет салынған қима қағаздар беріп, сөйлем құрастыруды тапсырды.

Осы тапсырмаларды орындағаннан кейін оқушыларға жұмбақтар жасырылып, олардың жауаптары тыңдалды.
Көк ала костюм киеді,
Күннің көзін сүйді.
(Қарбыз)
Аспай піскен
Қайнамай түскен.
(Жеміс)
Қорытындылау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет