Дипломдық ЖҰмыс 1-сынып оқушыларының Әліппеден кейінгі кезеңде сөйлеу дағдыларын қалыптастыру әдістемесі



бет26/28
Дата11.04.2023
өлшемі455 Kb.
#81658
түріДиплом
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
Коптерова Б. диплом жұмысы

Жұмбақ: Жоқ өзінде бас та,
Қас та, мойын да.
Ұзындығы жазулы тұр бойында.
(Сызғыш)
Сызғыш сөзіне дыбыстық талдау жүргізіледі.
Ойын: «Сөйлемді толықтыру»
1. Өзімнен кіші бауырым..................(сіңлі)
2 Қыз құлағындағы әшекей................(сырға)
«Орамал тастамақ » ойыны, ойын кезінде мұғалім өтілген әріп бойынша сөз айтып, балаға орамал лақтырылады. Қағып алған бала сөз ойлап келесі балаға тастайды. Ойын осылай жалғаса береді.
Сабақтың тақырыбы: «Е» әріпі мен дыбысы.
Сабақтың мақсаты: 1.«Е» әріпі туралы ұғым қалыптастыру.
2. Баланың тыңдау, есте сақтау қабілетін арттыру.
3. Инабаттылыққа, сыйластыққа үйрету.
Сабақ түрі : Аралас сабақ
Көрнекті құралдар:суреттер, кесте қағаздар.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: 1.Сәлемдесу
2.Түгелдеу
3.Оқу құралдарын тексеру .
2. Үй тапсырмасын тексеру:
1. «Аңдар » мәтіннің мазмұын сұрау.
2. Сыныпты екі топқа бөліп, жарыс ретінде «ң» әріпі кездесетін сөздерді сұраймын.
Жаңа сабақ.
1. «Е » әріпін көрсетіп, жаңа әріптің «Е» деп дыбысталатынын, дауысты дыбыс екенін, сөздің басында, ортасында, соңында кездесетінін мысалдар келтіру арқылы көрсеткен. Оқулықта мысал ретінде келтірілген сөздерді оқытамын. Әр сөзді бөлек талдатып, қанша «е» әріпі кездесетінін, орналасу орнын анықтаймын.
2. «Емен » мәтінін 5-6 оқушыға кезекпен оқытамын. 5-6 оқушыдан мазмұнын сұраймын.
3. Сергіту сәті:
Қане балалар тұрайық
Алға қадам басайық.
Сабақтың тақырыбы; Буынға бөлейік.
Сабақтың мақсаты: (а) сөздердің бір быуыннан да, көп буыннанда тұратынын білдіру
ә) сөзде неше дауысты дыбыс болса,сонша буын боатынын түсіндіру.
б) буындық белгіні қол жаттықтыру дәптеріне жаздыру.
в) ойын «Жоғалған буын».
Көрнекіліктер: Суретті үлгі құралы- қыз баланың суреті, текшелер, ойын, дәптер, қалаи.
Сабақтың барысы.
1Ұйымдастыру кезеңі.
Тақтадағы суретке қарап ат қою, қыз баланың есімі- Сара.

  • Еді, Сара неше буыннан тұрады екен, ойлап көрейік. Са-ра.

  • Бірінші буынын кім айтады?

  • Бірінші буыны Са.

  • Екінші буыны –ра.

  • Дұрыс. Екі буыннан тұрады. Себебі екі дауысты дыбыс бар. Дауысты дыбысжеке өзі ғана бір буыннан құрай алады. Мысылы, а-ша.

Ойын «Жоғалған буын»
Балаларды екі топқа бөлу.

  • мен бірінші буынды көрсетемін, сендер жоғалған буынды табасыңдар.

Ойынның шарты: Жылдам ойлап, келесі буынды табу. Қай қатардағы топ бұрын аяқталса, сол топқа бір-бірден ойыншық қойылыды.

  • Ал енді ойынымызды бастайық:

Үй- ... , бө- .. не, қар- .. , сауыс- ... , тар- .. , кө- ... , тор-... , бүр- ... .
Ойын соңында жеңімпаз топқа түсті жалауша беріледі.

  • Балалар, енді мына сызбаға қарап сөйлем құрастырайық. Сөйлемдегі сөздердің санын тор көзге жазайық.

Қарлығаш
Қол жаттықтыру жұмысы.
Тақтаға текшелер мен сөз жазып, әр қайысын буындық бергңменбергілету. Мысалы «Сара» сөзі текшемен былай жазылады: көк, қызыл, көк, қызыл.

  • мына сызбаның көшірмесін дәптерге түсірейік.

  • Бұл өрнек неше торкөзден тұрады.?

  • Енді осы өрнектен қолымызды үзбей, сатылып көшіреміз.

  • Енді әуң шарларына жазылған буындардан сөз құрау: Ұ-зақ, кө-кек, қар-лы-ғаш, тор-ғай, тыр-на, боз-тор-ғай.

Осы сөздерді құрастырып сөйлем құрау.
Ұзақ-жыл құсы. Торғай шырылдады. Тырна ұшып келді.
Сабақты қорыту. Буын туралы білімдерін тиянақтау.

Қорыта айтқанда, оқушылардың ауызша сөйлеу дағдысын диалогтық оқыту технологиясы арқылы қалыптастыруда адамгершілік тәрбие, елін, жерін, халқын сүю сезімі, «жан» тәрбиесі, адалдық, шыншылдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу, саналы тәрбиелікке дұрыс мінез-құлық нормаларына үйрету және оны қалай, қандай жұмыстармен байланыстарын жүргізуге болады.


Кіші жастағы оқушылардың ауызша сөйлеу дағдысын жаңа технологиялар арқылы қалыптастыру әдістемесін жасауда ең алдымен ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастырудың негізгі белгілері мен деңгейлері анықталады: оқушы айтайын деген ойын жинақы, толық жеткізуі, тілінің тазалығы, орфоэпиялық заңдылықтардың қатаң сақталуы, сөздің әсерлілігі, ойын, пікірін дәлелдеуі - ауызша сөйлеу дағдылырын қалыптастырудың басты белгілері болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет