Дипломдық ЖҰмыс 1-сынып оқушыларының Әліппеден кейінгі кезеңде сөйлеу дағдыларын қалыптастыру әдістемесі


Диалогтық оқыту технологиясының белгiлерiне



бет20/28
Дата11.04.2023
өлшемі455 Kb.
#81658
түріДиплом
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   28
Диалогтық оқыту технологиясының белгiлерiне:

  1. Бiр тақырыпқа қарай түрлi көзқарастар мен пiкiрлердi қарастыру;

  2. Мұғалiм мен оқушының арасындағы өздерiнiң пiкiрiн дәлелдеуге, нақтылауға арналған өзара сыйласымдыққа негiзделген ерекше қарым-қатынас;

  3. Оқушының өзiндiк ойлауы мен өзiндiк көзқарасын, оқушының жеке басын құрметтеу;

  4. Оқушылар арасында өзара пiкiрталастық көзқарастардың көп болуы;

  5. Диалогтар арқылы оқушыға беймәлiм ақпараттарды, сөйлесу формалары мен үлгiлерiн үйрету;

Оқушылардың тiлдiк қатысым әрекетiн белсендiруге арналған түрлi тапсырмалар беру жатады. Қатысымды-ақпаратты деңгейдiң мақсаты –оқушыларға дайындық кезеңіндегі лингвистикалық мақсатты, тiлдiк заңдылықтардың өзiндiк ерекшелiктерiн меңгерту, үйрету және соның барысында оларды ауызша сөйлеуге дағдыландыру. Қатысымды – ақпаратты деңгей сауат ашу кезеңіне дейін жүргізіліп, сабақтар диалогтық оқыту технологиясы негізінде жүргізілді. Бұл деңгейде оқушылар сұрақ қоюға, сұраққа жауап беруге, өз ойын жеткізуге, сынып алдында тұруға, сөйлеуге үйренеді. Диалогтық оқыту технологиясы ― оқушылар мен мұғалімнiң шешiмдi бiрге iздеуiн, оқыту процесiнде өзара белсендi тiлдiк қатынаста болуын, бiр-бiрiнiң пiкiрiн, ойын, көзқарасын сыйлауға, құрметтеудi қажет ететiн жаңа инновациялық амал-тәсiл. Диалогтық оқыту технологиясының дәстүрлі оқытудан мынадай ерекшеліктері бар:

  1. Оқушылардың бiр тақырыпқа қарай түрлi көзқарастар мен пiкiрлер білдіру;

  2. Мұғалiм мен оқушының арасындағы өздерiнiң пiкiрiн дәлелдеуге, натылауға арналған өзара сыйласымдыққа негiзделген ерекше қарым-қатынас туғызу;

  3. Оқушының өзiндiк ойлауы мен өзiндiк көзқарасын, оқушының жеке басын құрметтеу;

  4. Оқушылар арасында өзара пiкiрталастық көзқарастардың көп болу;

  5. Диалогтар арқылы оқушыға беймәлiм ақпараттарды, сөйлесу формалары мен үлгiлерiн үйрету;

  6. Оқушылардың сабақта өзара тiлдiк қатысым әрекетiн белсендiру.

Диалогтық оқыту технологиясына негізделген сабақтарда оқушылар бір- бірінен сұрауға, өз ойын дәлелдеуге дағдыланды. Диалогты оқыту технологиясына негізделген жұмыстар жүйесі оқушылардың өзіндік психологиялық ерекшеліктеріне қарай түрлендіріліп берілді [28,23-25.]. Диалогтық оқыту технологиясы қолданылған сабақтарда оқушылар мынадай тапсырмаларды: «Өзара диалог жүргізу», «Досыңнан сұхбат ал», «Моделмен жұмыс» орындады. «Өзара диалог жүргізу» тапсырмаларында оқушылар белгілі бір тақырып бойынша (өзінің жанұясы,үй жануарлары туралы т.б.) , суреттердегі сюжеттер бойынша әңгімелесіп, өздерінің ойын, пікірін жеткізуге үйренді. «Досыңнан сұхбат ал» тапсырмаларында өзінің сыныптас достарынан болашақта кім болатыны, иектеп және сыныптастары және т.б. мәселелер туралы сұрақты дұрыс қоюды, қойған сұрақтарына жауап алуды меңгерді. «Моделмен жұмыс» тапсырмаларында өзінің ой пікірін дәлелді айтуға, сөйлемдерді дұрыс құрастыруға дағдыланды. Мысалы, Мен...., Сен... моделіне негізделген тапсырма [29].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет