Дипломдық ЖҰмыс 1-сынып оқушыларының Әліппеден кейінгі кезеңде сөйлеу дағдыларын қалыптастыру әдістемесі


Оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастырудың лингво- дидактикалық негіздері



бет6/28
Дата11.04.2023
өлшемі455 Kb.
#81658
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
1.2 Оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастырудың лингво- дидактикалық негіздері
Адамның жеке басының дамуында, қабілеттілігін жетілдіруде білім, білік, дағды маңызды роль атқарады. Бұл психологиялық үш категорияның өзара байланысы мен олардың мән-мағынасын көрсететін схема педагогика мен психологияда ұзақ жылдар бойы пікірталас тудырып келеді. Бұған көптеген маман ғалымдардың ұзақ жылдар бойғы зерттеулерінің нәтижесі айқын дәлел бола алады. Іс-әрекет жасауда, білім алып, біліктілікті меңгеру үшін алдымен дағдыға үйретудің маңызы зор.
«Адамда білім туа пайда болмайды, онда белгілі бір қабілеттіліктің нышаны болуы мүмкін, сонан соң өсе келе ғана білім алуға деген құштарлық пайда болады» - деп К.Д.Ушинский орынды айтқан.
А.С.Макаренко бұл жайында былай дейді: «Біздің міндетіміз мінез-құлық мәселелеріне деген дұрыс және ақылға сыйымды қатынасты тәрбиелеу ғана емес, сонымен қатар дұрыс әдептерді, ойланып отыруды керек етпейтін, қайта онсыз еш нәрсе істей алмайтындай әдеттерді тәрбиелей білуіміз керек». Ал, Б.М.Теплов болса адам кәсіби қабілетін дамытып, шеберлік дәрежесіне көтерілу үшін алдымен білім алу, сонан соң ғана жаттығу арқылы білік пен дағдыны жетілдіру керек екенін дәлелдейді.
Ф.Н.Гоноболин оқыту процесінде оқушылардың біліктілігін кейде білім арқылы, кейде дағды қалыптастыруға болатындығын дәлелдейді. Профессор И.Я.Кондефератов болса, жастарды оқытудың негізгі мақсаты - біліктілікке үйрету, ал, білім алу – білікті ашуға арналған жол дейді. Жалпы педагогикалық әдебиеттерде «білім»,»білік», «дағды» ұғымдарына түрліше анықтама беріледі. Біз төменде білім, білік ,дағды ұғымдарының түрліше анықтамаларын сызба түрінде келтіріп отырмыз. Білім, білік, дағдының анықтамалары: Білім - адам ойында шындықтың дұрыс бейнеленуі,қоғамдық тәжірибеде тексерілген таным барысның нәтижесі. Білім адамдардың қоғамдағы материалдық және рухани іс-әрект нәтижесі ретінде пайда болады. Кез-келген шындықты бейнелеу білім болмайды. Ал адам өзін өз өміріндегі іс-әрекетінен, оның обьективті жағдайларымен заттарынан бөліп қарайды. Адамдар болмысының тәсілдерінің мақсатқа сәйкес және тек басқа адамдармен қарым-қатынасымен жүзеге асатын нақты іс-әрекеті.

Білім - адамдардың заттар мен өмір құбылыстарын, табиғат пен қоғам заңдарын танып білу жемісі. Білімде адам болмысының көп ғасырлық тәжірибесі, оның өзін қоршап тұрған құбылыстар жайындағы ұғымдар мен түсініктер жинақталған. Білім фактілер, принциптер, заңдар түрінде өмір сүреді. Оқушылар білімнің бәрін емес, оқу пәндеріне арнаулы түрде іріктеліп, біріктірілген негіздерін ғана меңгереді.

Біз бұл анықтамалардың түпкі мазмұны білімнің адам, табиғат, қоғам. жайндағы фактілер екендігі, біліктің осы білімді не дағдыны өзгертілген жағдайда пайдалана білу машығы, ал дағдының автоматты түрде жүзеге астын адамның қимыл-қозғалыстары екендігіне көзімізді жеткіздік.


Оқушының білім, білік, дағдыны меңгеру жолы -өте күрделі және ұзақ
уақытты керек ететін процесс. Ол мұғалім мен оқушы тарапынан әр алуан жан-жақты ойлау және практикалық әрекет жасайды.
Осы сияқты білік пен дағдының арасындағы өзара байланыстың күрделі болатындығын белгілі психолог мамандар да (А.А.Смирнов, Л.М.Шварц,Т.Г.Егоров) атап көрсеткен. Мысалы, әріптерді ажырата білетін бірінші сынып оқушысы, жазу мен есептеу туралы дағды алмай-ақ,кітапты оқи алады.
Білім,білік, дағдылардың жүйесінің көрсетіліп отыруы қажетті іске айналып келеді. Мұны білім,білік,дағдының арасындағы өзара байланыстылықты тиімді пайдалануға жол ашатын мүмкіншілк деп түсінеміз.
Оқу үдерісінде инновациялық технологияларды енгізудің негізгі өзекті мәселесі – жаңа әдістерді қолдана отырып жас жеткіншектердің парасаттылық, шығармашылық ойлауын дамыту, қазіргі заман талабына сай экономикалық көзқарастары мен белсенділігін қалыптастыру – жалпы оқыту теориясының бүгінгі таңдағы жағдайын тереңірек жүйелеу мен реттеуді қажетсінеді [15, 6 б.].
Ғылым адам баласы ой-санасының, дүниетанымының өсуіне байланысты бірте-бірте дамып, қалыптасады. Ғылымның алуан түрі бар. Қазақ тілін оқыту әдістемесі лингвистика, логика, педагогика және психология ғылымдарымен тығыз байланысты [16, 3 б.].
Оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру деп-оқушылардың сөздерді дәл қолдана білуге, өз ойларын, пікірлерін екінші біреуге жеке сөйлемдер арқылы , логикалық, композитциялық тұтастығын сақтай отырып, жүйелі түрде әңгімелеу арқылы ауызша дұрыс білдіруге яғни «нәрсенің жай-күйін» түрін түсін, ісін,сөзбен келістіріп айтып беруге үйрету жұмысын айтамыз.
Бастауыш мектепте ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыру жғұмысы негізінен төмендегідей мақсаттарды көздейді:

  1. Оқушылардың бақылағыштық,ойлау қабілеттері мен тілін, дүниетанымын дамыту, әр нәрсені салыстыра талдап, жинақтап, жалпылап, нақтылап, салыстыру негізінде өз беттерімен қорытынды шығара білуге үйрету.

  2. Оқушыларға қазақ тілі нормасына сай, өз сезімін, ойын дұрыс айтып, жазып бере алатындай дағдылар беру .Сөйлеу-әрекет, адамның әрекеті, яғни қарым-қатынас жасау үшін,ойын, білімін, сезімін екінші біреуге жеткізу үшін тілді қолдану болып табылады.

3. Оқушыларға ана тілін сүюге, оның алтын қорын, тамаша сырлы, көктемде нәзік сөз байлығын қолдана білуге және оны сезініп, құрметтей білуге тәрбиелеу.
4. Қазақ тіл ғылымы табыс негізінде оқушылардың ауызша және жазбаша тілін дамытуға септігі тиетінін жұмыстардың оңай да тиімді түрлерін іріктеп алып ұсыну.
Оқушылардың ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыруымыз үшін біз мына сияқты негізгі мәселелерді үйретуіміз қажет, яғни белгілі бір тақырыпты оқыта отырып, баланың сөздік қорын дамыту; сөздерді үйрете отырып, жаңа сөздер жасайтын формаларды меңгерту барысында оларды байланыстырып сөйлем құрауға сөз тіркесіне; сондай-ақ ойларын ауызша сауатты, жүйелі, дұрыс жеткізуге, сөйлеу білуге үйрету мақсат етіледі. Сонда осы үшеуі (сөздік жұмысы, сөз тіркесі мен сөйлем құрау және байланыстырып сөйлеуге үйрету). Күнделікті өтілетін сауат ашу, сабақтарымен байланысты, біртұтас жүргізіліп отырылса, ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыру жұмысы да біршама жүйелі өткізілді деуге болады. Яғни ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыру осы негізгі үш бағытта қатар жүреді, өйткені сөздік жұмысы сөйлем құрау үшін де, байланыстырып сөйлеу үшін де негіз болады: ал әңгіме айтуға дайындық жасау сөз бен сөйлемсіз іске асуы мүмкін емес. Сондықтан бұлайша топтаудың өзі –шартты түрде ғана, яғни ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастырудың мазмұнын нені қамтитынын көрсету.
Сөйлеу – адамзаттың даму эволюциясында қол жеткiзген жетiстiктерiнiң бiрi. Адамдарды басқа дүниеден ерекшелеп тұратын да осы- сөйлеу. Сөйлеу үдерісінде адамдар бiр-бiрiнiң ойын түсiнедi, бiр-бiрiмен қарым-қатынас жасайды.
Сөйлеу сыртқы және ішкі болып екіге бөлінеді [17, 101б.]. Сыртқы сөйлеу ауызша және жазбаша, сондай-ақ диалогтық және монологтық болып бөлінеді.
Н.И.Красногорский: «Сөз сөйлеу қызметінің ерекшеліктерін игермейінше адамда жоғары нерв қыметінің типі болмақ емес» - деп жазды. Адамның мәдени дәрежесін сипаттау үшін, адамның бағыттылығымен тығыз байланысты сөз сөйлеу стилінің елеулі мәні бар [18, 138-139 б.].
Диалогтық сөйлеу екі немесе бірнеше адамның арасында өтетін болғандықтан түрлі жағдайларға, әркімнің көңіл-күйіне байланысты толымсыз,сұраулы, лепті сөйлемдер,одағай,шылаулар,мақал-мәтелдер көп кездеседі.Бет әлпет көрінісі, ымдау, интонация қолданылады.
Дағды жаттығу процесінде қалыптасады. Оны қалыптастыру үшін қайталау жеткіліксіз, оған арнай жаттығу қажет. Кез–келген қайталаудан жаттығу шықпайды. Мәселен, адамның нашар жазуы, көп қайталағанмен түзелмейді. Себебі, мұнда арнайы жаттығулар жүйесі жоқ. Жаттығу жөнінде белгілі ережелерді білмей, яғни дағдыны қалыптастыру қандай жолмен жүріп отырғанымен таныспай , дағдыға болса да ие болу қиын.
Дағдыға машықтана алудың төмендегідей белгілерін көрсетуге болады.
Біріншіден, дағдының ойдағыдай қалыптасуы,оның нәтижесін үнемі біліп отыруға байланысты.Екіншіден, дағдыланушы адам жаттығуға біртіндеп кіріссе, жаттығулардың арасын уақыт жөнінен дұрыс бөлсе, үйрену әдістерін жетілдірсе, үйренетін дағдының өзінің ерекшеліктерін білсе, дағды нәтижелі болумен қатар, тез қалыптасып, соңынан берік орнығатын болады. Адамның үйрену тәсілінің жетктігі оның дағдыға тезірек машықтануынан туған қажетті білмдерді тезірек меңгертуге көмектеседі.екінші жағынан, адамда дағды мен білімнің жетіспей жатуы оның біліктерінің арта түсуіне кедергі келтіреді. Бұл үшеуі бір–бірімен кері құрылымдастық қатынаста болып отырады.
Дағдылануда іс–әрекеттің тұтас өзі емес, жеке компонентері ғана автоматтанады.Мәселен, баланың жазуы әр уақытта саналы әрекет болып есептеледі, орындаудағы тәсілдері оның автоматтануы болып табылады.Даму шегіне жеткен дағдылардан мына төмендегідей белгілерді байқауға болады.
1.Дағды алудың белгісі –әр түрлі амалды тез орындап, шапшаң қимылдау.
2. Дағды қалыптасқаннан кейін күштеніп, қиналып істеу жойылады.
3.Дағдыланудың үшінші белгісі –бірқатар жеке амалдарды біріктіріп, одан тұтас бір амал жасай алу. Жаттыға келе кібіртіктеп отырмайды,шапшаң оқитын болады.
4.Көзбен бақылаудың маңызы кеміп, қозғалыс пен бақылаудың маңызы артады.
5.Дағдыға машықтану үшін алдын ала қабылдай алу қабілетінің болуы.
Дағды адам әрекетінің қай–қайсынан да ерекше маңыз алады.Ол іске шапшаң, шұғыл кірісуге мүмкіндік береді. Дағдының арқасында біздің санамыз қызметтің түпкілікті, шешуші кезеңдеріне жұмылдырады. Оқу дағдыларын жете меңгеру баланы оқуда озат оқушының қатарына алып келеді.Еліміздегі ғылыми техникалық прогресс адамдарда жан –жақты білім болуымен қатар жақсы дағдыны қажет ететіні сөзсіз.
Бала күнінде ең кемінде 1000 нан аса қимыл–қозғалыс жасайды. Сол қимыл–қозғалыстың 99% –і дағдыланудың негізінде жүзеге асады десек қателеспеген болар едік. Дағдының пайда болуы әуелі ойланып–толғануды талап ететін саналы істерден шығады. Дағды қалыптасқан соң, іс үйреншікті келеді де, осының нәтижесінде меңгерілетін істердің жемісі дағдыға айналмаған істерге қарағанда әлдеқайда өнімді және нәтижелі болып кездеседі.
Дағдының қалыптасуы жад процесінің негізінде жүзеге асады. Оқу үстіндегі дағдыда талаптануды жаттығу деп атайды. Бұл әдіс онан әрі де қолданыла берсе, дағдылану процесі табандап бір орында тұрып қалады нем есе тіпті бастапқы кезіне төмендеп кетуі де ықтимал. Дағдылану үнемі бір қалыпта тұрып қалмауы үшін жаттығу процесінің әр кезеңінде де әр түрлі әдіс қолданылып, сабақ беруді түрлендіріп жүргізеді. Дағдының бір орында тұрып қалып немесе бұрынғысынан төмендеп кетуі тек оқыту жұмысының нашар қойылғанынан болады деп түсіну кейде қате болар еді. Мысалы, оқушы екі сызықты дәптерден бір сызықты дәптерге көшкенде, жазуы бұрынғы қалпынан төмендейді. Дегенмен бұған біраз уақыт төселгеннен кейін жазуы бұрынғысындай болып қайта түзеліп кетеді.
Оқушылардың білім,білік,дағдыларын қалыптастыруда жаттығу әдісінің маңызы зор. Жаттығу әдісі дегеніміз оқушылардың қабылдаған білім,білік,дағдыларын бірнеше рет қайта пысықтап, нақтылы түрдетүрде ойда тиянақты қалдыру әдісін айтамыз. Жаттығу әдісі оқушылардың оқу жұмысын өздігінен орндау белсенділігін арттырады.Әрбір жаңа білім , дағдыларды тиянақты болу үшін жүргізілетін жаттығудың арқасында олардың өздігінен жұмыс істей алу қабілеті дамиды
Оқушылардың білік және дағдыларының тиянақты болу процестері жаттығу әдісінің негізгі тәсілдері жинақтау және талдау жолдарымен қалыптасады. Жаттығу әдісімен сабақ жүргізгенде оқушылардың жас ерекшеліктері еске алынады.Сонымен қатар жаттығу жұмыстары оқушыларды жалықтырмай қайта оларды ынталандырып отыруы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет