Дипломдық ЖҰмыс 1-сынып оқушыларының Әліппеден кейінгі кезеңде сөйлеу дағдыларын қалыптастыру әдістемесі



бет7/28
Дата11.04.2023
өлшемі455 Kb.
#81658
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28
Жаттығу жұмыстарын жемісті жүргізуге бірнеше талаптар қойылады. Бұл талаптардың негізгісі мыналар:
а) Жаттығу жұмысы нәтижелі болып оқушы ойдағыдай табысқа жету үшін ең алдымен нені жаттауды, оны қалай жаттауды білу қажет.Егер оқушының алдында осындай мақсат болмаса, ол өзін–өзі күштеп, жұмысқа беріле алмайды.
ә) Оқушының жаттығуы өріс алуы үшін, ол өз жұмысының қалай орындалғанын үнемі тексеріп отыруы қажет.Егер жұмысты орындауда оқушы қателік жіберсе, сол қатені қалай жеңудің тәсілі көрсетіледі.Егер оқушы тапсырманы дұрыс орындайтын болса, оны осы ісі үшін мақұлдап отыру жаттығудың өріс алуына себепші болады.
Б) Жаттығу жұмысының мазмұны тек ауызша қайталау болмай, көбінесе әрекет арқылы жүргізілуі тиіс.Себебі ауызша қайталауға қарағанда дағдыланып,әр түрлі әрекет жасау мазмұнның есте терең қалуына себеп болады.
В) Жаттығу жұмысы белгілі бір жүйелілікпен жүргізілуі тиіс.Мысалы оқу мазмұндары бірінен соң бірі бөлшектерге бөлініп,белгілі бір мерзім бойынша жүргізілсе, нәтижелі болады.
Г)Жаттығу жұмысын жүргізу арасындағы уақыт аралықтары ұзақ болмауы тиіс. Егер жұмыстарының арасындағы үзіліс ұзақ болса, бұрынғы өткендер ұмытылып, келесі мазмұндарды еске түсіру қиынға соғады.
Жаттығу жұмысының әрбір тәсілдері жеке пәндерге байланысты үнемі бірдей бола бермейді. Мысалы, жеке пәндердің тақырыптарына байланысты, соған жаттығуда әр түрлі ерекшеліктер кездеседі. Бұл еркшеліктер негізінде жеке пәндердегі оқу мазмұндарының ұғынуға жеңіл не қиын келуі. Оқу мазмұны неғұрлым қиын келсе солғұрлым қайталауды кеңінен талап етеді. Егер жаттығу жұмысы орынсыз көп қайталана берсе, оқушы тез шаршайды.Ал қайталау аз болса онда дағды терең қалыптаспайды.Сондықтан қайталану оқу мазмұнының ерекшелігіне қарай белгілі мөлшермен жүргізілуі тиіс.
Мектеп оқушыларының оқу процесінде білімнің қалыптасуы , жетілуі төмендегідей бағыттар бойынша жүреді.
А) оқушы меңгеретін елестетулердің, түсініктердің, мәліметтердің көлемі өседі. Олар оқушылардың жеке –дара тәжірибесін құрайды;
Білім анағұрлым дифференцияланған және дәл бола түседі. Біріккен сөз бөлшектенген түсініктер мен бейнелерден оқушы дәлірек білім мен ұқсас білімдерді айыра білуге көшеді.
Б) білім тереңірек бола түседі.Осыған байланысты білім анағұрлым жинақы және саналы сипатқа ие болады, демек берік те дәлелдене түседі.
В) білім жылжымалық және икемділікке ие болады.Олар субьектінің өзі басқара алатындай болады. Осы айтылған бағыттардың әрқайсысы бойынша оқушылардың білімін қалыптастыру үшін,олармен әрқилы әрекеттер жасалуы керек.Сонымен, білімді дифференциялау, анықтай түсу жұмыстары, оқушылардың қимыл бағытының көлемін немесе білімнің жинақталған категорияға айналдырудағыға қарағанда, басқа мазмұнда, басқа бағытта жүргізілуін талап етеді.
Білім беру мазмұнының өзгеруіне байланысты оқушылар әрекетіндегі әр алуан біліктерді қалыптаструға барған сайын зор мән беріліп отыр. Психологтар мен педагогтардың соңғы зерттеулерінде біліктілікті ширақтық, жинақтық сияқты қасиеттерді атап көрсетеді.Бұл қасиеттер әрекетке шығармашылық сипат береді. Оқушыларды оқу әрекеті үстінде біліктілікпен қаруландырмайынша, олардың бойында білімге деген шығармашылық қарым – қатынасты қалыптастыруға болмайды. Қазіргі дидактика мен психология оқытудағы міндет тек білім меңгеру және оны қолдану ғана емес, сонымен бірге білімді тауып ала білуде деп есептеп отыр. Оқушылар біліктілікті меңгермейінше білімді меңгеру жолында алға баса алмайды.
Әдiскер - ғалымдардың көзқарас-пiкiрлерi негiзiнде диалогтық оқыту амал-тәсiлдердiң өзiндiк ерекшелiктерi айқындалған. Диалогтық оқыту амал-тәсiлдердiңең негiзгi және кiшi бөлшегi - оқыту (учебный) диалогы. Диалогтық тiлдесiм барысында оқушылар жұп болып та, топ болып та, ұжым болып та бiр-бiрiмен тiлдiк қарым-қатынасқа түседi. Бұл - диалогтық сөйлеудiң өзiндiк белгiлерi. Диалогтық оқыту амал-тәсiлi оқушыларды сөйлеуге, белсендiлiкке, өзара пiкiр алысуға итермелейдi. Әрбiр диалогтық оқыту технологиясы сөйлеу ситуацияларын туғызып, оқушылардың ауызекi сөйлеуiне, пiкiрлесуiне әсер етедi.
Диалогтық сөйлеуге екi не одан да көп адамның тiлдiк қарым-қатынас кезiнде кезектесе туындайтын ауызша ақпарат беруi, жауап қайтаруы, пiкiр алмасуы жатады. Диалог барысында пiкiрлесiп тұрған тұлғалар «әрi хабар жеткiзушi, әрi хабарды қабылдаушы қызметiн» (Ф.Мешинбаева) атқарады. Диалогтық сөйлеуде хабар жеткiзушi кең көлемде оқуға, өзiнiң жағдайы жөнiнде айтса, онда диалогтық сөйлеу монолгтық сөйлеуге ұштасады. Тiлдесiм әрекетi кезiнде диалогтық сөйлеу мен монологтық сөйлеу бiрiн-бiрi толықтырып, өзара байланыста жұмсалады. Дегенмен бұлардың өзара айырмашылығы бар.Бұл жөнiнде К.И.Соломатов былай тұжырымдайды: «Диалогическая речь является одной из наиболее распространенных форм устной разговорной речи. Монологическая форма речи занимает меньше места в разговорной речи, обычно монологу предшествует диалог. Диалог представляет собой обмен высказываниями, порожденными одно другим несколькими собеседниками». Мұнда оқушының сөйлеу тiлi екi формада жүзеге асады. Бiрiншiсi, диалогтық сөйлеу, яғни тiлдiк қарым-қатынас барысында екi адамның тiкелей қатынас жасап, бiр-бiрiмен көзқарас, ой-пiкiр алмасуы. Диалогтық сөйлеудiң негiзгi ерекшелiктерiн, оның жүзеге асу жолдарын С.Әбдiғалиев, С.Нұрғали, К.И.Соломатов, К.Холодович, Р.К.Миньяр-Белоручев, Я.Яноушек т.б. әдiскер-ғалымдар айқындап, диалогтық сөйлеудiң мынадай басты белгiлерiн көрсеттi: «Олар: бiрiншiден, диалогтың екi немесе одан да көп адамның арасында өрбуi; екiншiден, диалогқа қатысушы адамдардың бiрде тыңдаушы, бiрде сөйлеушi болып кезекпе-кезек олардың арасындағы рөлдердiң алмасып отыруы; үшiншiден, диалог барысындағы ақпараттардың жеткiзiлу жағдайы және оларды қабылдау ерекшелiктерi; төртiншiден, пiкiр алмасушылардың алынған ақпаратқа, хабарға деген көзқарастары, реакциясы және оны жеткiзудегi бет-әлпетi, қимыл-қозғалысы». Сонымен қатар жеткiзiлетiн ақпараттық хабардың аяқ асты туындап, тiлдiк қатынасқа түсуi де диалогтық сөйлеудiң негiзгi белгiлерiнiң бiрiне жатады.
Ал монологтық ─ сөйлеу бiр адамның өз ойын, көзқарасын бiлдiруi. Монологты сөйлеу жүйелiлiктi талап етедi. Мұнда сөйлемдер толық ойды бiлдiрiп, құрылысы жағынан күрделi болып келедi. Монологты сөйлеуге оқушылардың белгiлi бiр тапсырманы түсiндiруi, мұғалiмнiң жаңа тақырыпта баяндауы, хабарлама, баяндама жасауы жатады. Монологты сөйлеудi дамыту үшiн алдын-ала белгiлi тақырыпқа жоспар құрып, сол жоспар бойынша сөйлеу үлгiсi жасалады.
Монологтық сөйлеу мен диалогтық сөйлеу өзара тығыз байланыста болады. Сөйлеушi мен тыңдаушы бiр-бiрiне сұрақтар қойып, хабар айтып тұрса, ол диалогтық сөйлеу түрi болады, ал диалогтық сөйлеуде сөйлеушi өз сөзiн ұзақ түрлi фактiлермен дәлелдей сөйлесе, онда монологтық сөйлеу болады.
Тілді оқыту әдістерінің нақты бағыты ұстаздың танымдық деңгейіне және баларға білімді түсіндіре жеткізудегі озық қабілетіне байланысты жүзеге асады. Тілді оқыту әдістерінің негізгі тәсілдері: жаратылыстану мен қоғамдық ғылымтану негіздеріне қарай тілді меңгеру заңдылықтарына , оны үйретудегі негізгі баспалдақтарына келіп сүйенеді [19, 6 б.].
Демек, диалогтық сөйлеу – екi не одан да көп адамдардың бiр-бiрiмен тiлдiк қарым-қатынасқа түсу әрекетi.
Диалогтық сөйлеу репликалардан тұрады. С.Әбдiғалиев диалогтағы репликаны екiге бөлiп қарастырады: «Диалогтағы репликаның екi түрi болады: а) әрiптестi әңгiмеге тартатын, оның сөйлеуiне түрткi (қозғаушы) болатын реплика. Репликаның бұл түрiн негiзгi реплика немесе қозғаушы (түрткi) реплика деп атаймыз. (побуждающая реплика); ә) түрткi (қозғаушы) репликаға жауап болатын, яғни жауап, жауап- реплика (реплика-реакция). Репликалардың бұл екi түрiнiң бiр-бiрiмен тығыз байланыстылығы сонша, олардың бiрi екiншiсiнiң тууына себепкер болып отырады. Қозғаушы реплика әрқашан жауап репликаны тудырады, қозғаушы реплика болған жерде оған жауап реплика тууы керек. Ал жауап реплика қозғаушы, репликасыз жеке тұрса, түсiнiксiз реплика болып шығады. Олай болса, репликаның бұл екi түрi бiр-бiрiмен тығыз байланысты, екеуi бiр диалогтық бiрлестiк болып бiрiгедi.
С.Нұрғали С.Әбдiғалиевтiң пiкiрiн дамыта отырып, диалогтық бiрлестiкте екi репликаны ғана қарастырмай, үшiншi және төртiншi репликаларды да диалогтық бiрлестiкте қарастырған ұтымды деп тұжырымдайды
Ғалымдардың пiкiрлерi негiзiнде, репликаға - диалогтық сөйлесiм әрекетi барысында баяншының не қабылдаушының өзiндiк пiкiрiн, сұрағын, жауабын жатқызамыз. Диалогтық бiрлестiк барысында репликалар өзара сабақтаса, тығыз қарым-қатынаста жұмсалады
Мысалы,

  • Сабақтың басталуына неше күн қалды?

  • Екi күн.

  • Сен әлi оқуға қажеттi киiм-кешек алмадың ғой?

  • Қорқынышты ештеңе жоқ, мен ертең алып үлгеремiн.

  • Абайла, кешiгiп қалма!

  • Кешiкпеймiн.

Бұл диалогтық бiрлестiкте бiрнеше реплика бар. Диалогтық оқытуда оқушы-оқушы, мұғалiм - оқушы, оқушы – мұғалiм түрiнде диалогтар құрылады. Диалогтық оқытудың ең басты ерекшелiгi ― мұғалiм мен оқушы тең қарым-қатынаста болуы. Диалогтық оқыту амал-тәсілдерін бастауыш оқытуға, оның ішінде кіші жастағы оқушыларды оқытуға қолдану мәселесі мүлде зерттелген жоқ. Дегенмен, біз кіші жастағы оқушылардың ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыруда қолайлы әдістердің бірі болады деп, зерттеу тақырыбымызға бейімдеп, диалогтық амал-тәсілдерді пайдаланып көрдік. Эксперимент оның тиімділігін көрсетті.
Бастауыш мектептерде диалогтың жасанды түрі іске асады. Әдетте оқушы мен мұғалімнің арасындағы әңгімелесуді диалог дегенімізбен, мұнда сөйлемдер толық болады. Біздің кейбір мектептеріміз балалардың диалогтық сөйлеулерін дамытуда өз дәрежесінде жұмыс жасамайды. Ондай мектептерді бітірген балалардың пікір таластыру, кейбір мәселелерді талқылау жұмыстарына белсенді қатыспауларының өзі осының бір айғағы деуге болады.
Бастауыш сыныптарда кейбір балалар ұялшақ болады да, мұғалімнің сұрағына кейде жауап қайтармайды немесе «бар»,жоқ «ия» деп, бір сөзбен ғана жауап береді. Мұғалім бірінші сыныптан бастап әрбір оқушыны батыл, қатты дауыспен, анық, ашық сөйлетуді үнемі қадағалап, қолға алса, онан әрі ауызша сөйлеу дағдылары тиісті дәрежеде қалыптаса бастайды. І сыныпта дыбыстың анық айтылуына, жаңылтпаштарды көбірек айтқызуға,түрлі тақпақтар оқыту, жаттату жұмыстарына қатты назар аударылады.
Мектеп оқушыларының ауызша сөзі мен жазбаша сөзін салыстыра зерттеген белгілі педагог Т.Тәжібаев былай деп көрсетеді: «Ауызекі сөз бен жазба сөздің функциялары (атқаратын қызметі) бір, екеуінің де пайда болуына адам қоғамы себеп болған, екеуі де адамдардың бір-бірімен қатысуына керекті құрал. Бірақ екеуінің арасында үлкен айырмашылықтар бар. Ол айырмашылықтар баланың тілінде анық көрінеді...» дей келіп, ауызша сөздің дауыс қатысы, ырғағы арқылы іске асатындығын және мұнда бет-бейне мен ым, ишара құралдары қосымша көмектесетінін көрсеткен.
Шынында да пікірді ауызша білдіргенде біреумен әңгімелесу немесе пікір таластыру үстінде дауыстап сөйлесіледі.
Ауызша сөйлескенде кейбір пікірлерді қысқартып айтуға немесе тіпті айтпай-ақ кетуге де болады, өйткені ауызба-ауыз сөйлескенде сөздің олқысын ыммен, қас-қабақпен толтыруға мүмкіндік бар. Сондықтан ауызша сөзге психологиялық сипат тән, өйткені әңгімелесуші адамдар бір-бірінің қас-қабағын, бет пішініндегі өзгерістерді байқап тұрады.
Ауызша сөздің ерекшелігі жөнінде атақты ғалым,профессор Қ.Жұбанов былай деген болатын: «Дыбыстап сөйлеген сөздің олқысы, көбінесе ыммен толады. Тіпті бірінің тілін бірі білмеген, иә болмаса, бірінің тілі мүлде жоқ болған уақытта да, лаждап түсінуге болады.Оның үстіне сөздің жігін дыбыс сазымен бірде айырып, бірде қосып айтқасын, сөздің орны жылжып кеткені де онша байқалмайды.Сөздің әні де басқа жағынан ұқсас сөздерді айырып тұрады. Дұрыс айтылмағанын сезсе, сөйлеушінің өзі де сөзін қайта түзеп айтып, түсінікті қылады. Мұның бәрі жеткіліксіз болса, ауызба-ауыз сөйлескен адам қайта сұрап алуына болады». Себебi, қазақ тiлiнiң тазалығын сақтау үшiн ең алдымен бастауыш мектеп оқушыларының сөйлеуін қалыптастыру қажет. Бұл тұрғыда Т.Қордабаев төмендегiдей тұжырымдаған: «Өмiр өрiне алғаш қадам басқан жас ұрпақ болашағына қажеттi нәрдi мектептен алатыны белгiлi. Мектеп беретiн сондай нәрдiң бiрi, бiрi болғанда да бiрегейi - оқушы жастардың сөйлеу, жазу мәдениеттiлiгi». Жасыратыны жоқ, бұл салада мектептерiмiздiң өнiмдi iсi әзiрше байқалмайды. Оны бiз республикамыздың түкпiр-түкпiрiнен жоғары оқу орындарына түсу үшiн жылма-жыл келiп жататын оқушылар бiлiмiн тексеруден де байқаймыз. Солардың басым көпшiлiгiнде кездесетiн ең негiзгi кемшiлiктiң бiрi - шығарма жазуда болсын, ауызша емтиханда болсын өз пiкiрлерiн, тiптi бiлiп тұрғандарын ауызша түрде жеткiзе алмайтындықтарында, тiлдiк элементтердi өзiне лайықты орынды дұрыс қолдана бiлмейтiндiктерiнде.
Әсіресе ауызша сөйлеуді меңгеру адамның мәдени көрсеткiшi болып табылады.Ауызша сөйлеу тiлдiк заңдылықтардың негiзiнде тiлдiк тұлғалардың ерекше күйге түскен, қатысымдық тұлғалар арқылы жүзеге асады. Тiлдiк тұлғалар тiл ғылымының зерттеу объектiсi болып табылса, қатысымдық тұлғалар тiл бiлiмiмен қатар психологияның да зерттеу объектiсi. Тiлдi құрылымы жағынан анықтамақ болсақ, тiл қатынас құралы ретiнде бiр-бiрiмен қарым-қатынасқа түсуге қажеттiлiгiнен туындайды. Ауызша сөйлеу іштегі ойды жарыққа шығару үшін адамдардың қарым-қатынасында өзара түсiнiсуiнен туындайды. Тiл мен сөйлеудi алғаш рет тiл мен сөйлеу тұрғысынан қарастырған Ф.де Сюссер: «Разделяя язык и речь мы тем самым отделяем:
1)социальное от индивидуального; 2) существительное от побочного и более или менее случайного», деп нақты көрсеткен. Ғалымның тiл мен сөйлеудi жiктеген концепциясы өзiнен кейiнгi ғалымдарға бағыт-бағдар көрсеттi. Бұл жөнiнде В.А.Звегинцев: «Такое разграничение истолковывается учеными по разному, но несмотря на это, она должна носить абсолютный характер», - деп, Ф.де Соссюрдiң көзқарасының дұрыстығын сөз етедi.
Жоғарыдағы ғалымдар тiлдi кең көлемде қарастырып, сөйлеу тiлдiң тек бiр-ақ қыры деп түсiнедi:
а) с точки зрения функции языка: язык есть средство общения людей и, как таковое, есть средство формирования, выражения и сообщения мысли;
б) с точки зрения устройства (механизма) языка: язык есть набор некоторых единиц и правил использования этих единиц, т.е. комбинирования единиц:
в) с точки зрения существования языка: язык есть результат социального, коллективного навыка «деления» единиц их смыслом:
г) с семиотической точки зрения: язык есть система знаков, т.е. система материальных предметов (звуков), наделенных свойством обозначать что-то, существующее вне их самих:
д) с точки зрения теории информации: язык есть код, с помощью которого кодируется семантическая информация, и др.
Қазақ совет энциклопедиясында тiлдiң анықтамасы жоғарыдағы пiкiрге ұқсас, бiрақ мұнда тiлдiң негiзгi қызметi қарым-қатынас (коммуникативтiк) қызметi деп танылады: «Тiл адам қоғамының ең негiзгi қатынас құралы. Дыбысты тiл-адам қоғамымен бiрге туып, қатар жасап келе жатқан қоғамдық құбылыс. Тiл - өте күрделi, сан-салалы құбылыс».
Ал сөйлеуге мынадай анықтама бередi: «Сөйлесу – адамның тiл амалдарын пайдалану арқылы пiкiр, ой бiлдiру әрекетi. Сөйлеу – анатомиялық мүшелердiң қатысуымен iске асқанымен, негiзiнен, кiсiнiң психикалық қабiлетiне, қоғамдық тәжiрибесiне сүйенедi.
Тiлдiк амалдар – сөз тудыру, сөз тiркестерiн, сөйлем құрау ережелерi көпшiлiкке ортақ, объективтi категориялар. Осы сипаты арқылы тiл жұрттың бәрiне бiрдей түсiнiктi қатынас құралы ретiнде қызмет етедi.
Сөйлеудiң әр коммуникативтiк жағдайға сай ыңғайланған стилi болады. Мұнымен бiрге сөйлеу үстiнде әр кiсiнiң өзiне ғана тән (индивидуалды сөз жұмсауы, сөз тiркесiн, сөйлем құрау) ерекшелiктерi болады» Демек, тiл мен сөйлеудiң арасында мынадай байланыс бар:
1. Тiлдiк құралдар адамның сөйлеу процесiнде өзгеше күйге енiп, қатысымдық тұлғаларға айналады.
2. Тiлдiк тұлғалар мен қатысымдық тұлғалардағы заңдылық, екеуiне ортақ тұлғалар: сөз, сөйлем, мәтiн, тұрақты сөз тiркесi.
3. Тiлдiк тұлғалар мен қатысымдық тұлғалар тiл бiлiмiнiң заңдылықтары арқылы айқындалады.
Сөйлеу әрекетi қатысымдық тұлғалар арқылы жүзеге асады.
Тiлдiк тұлғалар: фонема, сөз, морфема, сөз тiркесi, сөйлем, мәтiн жүйесi бойынша анықталса, қатысымдық тұлғалар:

  1. Тұтас мағынаны, бүтiн ойды беретiн;

  2. Iшкi мағынаны, бүтiн ойды бiлдiретiн;

  3. Қарым-қатынас процесi кезiнде ғана жұмсалатын;

  4. Қатысымдық заңдылықтарға бағынылатын қасиеттерге ие.

Тiлдiк қатынаста өзiндiк орны мен маңызы бар қатысымдық тұлғалары:
сөз, фразеологиялық тiркестер, сөйлем және мәтiн Қатысымдық тұлғалар тiлдiк қатынаста бiр-бiрiмен байланысып, бүкiл бiр ойды жеткiзедi. Қазақ тiл бiлiмiнде алғаш қатысымдық тұлғалардың теориялық негiзiн айқындаған ғалым-профессор Ф.Оразбаева. Ол сөйлеу процесiнде қатысымдық тұлғаларды қолдану үшiн оқушылардың ауызша сөйлеу дағдылары мен икемдiлiктерi болуы керек деп, сөйлеу дағдысын сөйлеу процесiнде қатысымдық тұлғаларды шығармашылықпен қолдану қабiлеттiлiгiне жатқызады.
Бастауыш жастағы оқушылардың тiлдiк қатысым кезiнде ауызша сөйлеу дағдылары мен біліктілерiнің қалыптасуы үшiн қатысымдық тұлғалардың қолданылу заңдылықтары мен ережелерiн қарапайым түрде болса да, шәкiрттер меңгеруi қажет. Себебi бастауыш мектеп оқушылары ауызша сөйлеуге дағдылану барысында өз ойларын болжайды, жоспарлайды, даярлайды, орындайды, бақылайды және бағалайды. Демек, оқушы өз ойын қатысымдық тұлғалар арқылы өрнектегенде бiрiншi кезекте мақсатты белгiлейдi, жеткiзбек пiкiрiн ойша болжайды. Ол пiкiрдi қалай жеткiзудiң тәсiлдерiн ойластырады, тiлдiң сөз, сөйлем т.б. бөлшектерiн таңдайды да жинақтап тұтас мазмұнға бiрiктiру арқылы жарыққа шығарады. Сондықтан оқушыларды ауызша сөйлеуге дағдыландыруда сөз, сөз тiркесi, сөйлем, мәтiн туралы тiл бiлiмiнiң қол жеткiзген, дәлелденген тұжырымдары басты рөл атқарады.
Тіл дегеніміз – сөздік белгілердің жүесі. Ал белгі-шындық пен болмысты білдіретін бөлшек. Тіл арқылы ойымызды басқа біреуге жеткіземіз. Ақыл –ой жетістігі болып табылатын, ақиқат, өмірдің бейнелеуін қамтамасыз ететін ең жоғары таным-түсінік адамға ғана тән және ол –сөйлеу актісімен тікелей байланысты форма [20, 13-15 б.].
Тiл бiлiмнiң әр саласы өзiндiк дербестiкке ие. Бұл салаларды бiрiктiретiн, байланыстыратын – сөз. Фонетика ғылымы – сөздiң сыртқы қабыршағы дыбысты қарастырса, грамматика ғылымы – сөз бен сөздiң байланыстарын зерттейдi. Сөз – дыбыс пен мағынаның бiрлiгiнен тұратын күрделi тiлдiк, әрi қатысымдық тұлға,
Демек, сөз - дыбыс пен мағынаның бiрлiгiнен тұратын әрi тiлдiк, әрi қатысымдық тұлға.
Ф.М.Оразбаева сөздiң қатысымдық мынадай қасиеттерiн атайды:
1. Сөз адам санасында бейнеленген ұғымның жарыққа шығуын қамтамасыз етедi.
2. Сөз басқа қатысымдық тұлғалардың жасалуына ұйытқы болады.
3. Сөз өмiр шындығын нақтылы мағына арқылы түсiндiре келiп, адам ойын екiншi бiреуге жеткiзуге әсерiн тигiзедi.
4. Сөз адамдар арасындағы тiлдiк қатынасты жүзеге асыруға негiз болады.
Демек, сөз мағынаны, ұғымды, сезiмдi, ойды бiлдiре келiп, тiлдiк қарым-қатынасты жүзеге асырушылардың барлығына аса қажет қатысымдық тұлға болып табылады.
Сөздiң осындай ерекшелiктерiн ескергендіктен 1 сыныптан бастап оқушыларды ауызша сөйлеуге дағдыландыру үшін сөз ұғымын, оның мағыналық реңктерiн, мағыналық түрлерiн меңгеруге аса көңiл бөлінеді. Мысалы, сөздердiң бiр ғана дыбысын өзгертiп беру арқылы оқушыларға сөздiң мағынасын толық ұғындыру дағдылары жетiледi:
1 сыныпта оқушыларға «Р» дыбысы мен әрпін үйрету барысында «ара» деген сөз ауызша айтылады. Сонда ара сөзінің ағаш кесетін құрал екендігін түсіндіретін ағаштың түрі, жәндіктің түрі ретіндегі араның суретін көрсету барысында немесе бір дыбысын өзгерту арқылы мата, маса ұғымын беретіндігін түсіндіру керек.
Дегенмен оқулықта оқушылардың ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыру үшін арнайы берілген тапсырма, жаттығулар, мәтіндер жоқтың қасы. Олар тек оқушыларға дыбыстарды үйрету үшін ғана берілген.
Сондықтан біз оқушыларды ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыруға арнайы жаттығулар, тапсырмалар, мәтіндер беріп сабақ өткізу барысында сол тапсырмаларды орындау, мәтіндерді оқу арқылы оқушылардың ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыруға болатындығын байқадық. Мыс: мына сияқты мәтіндерді оқып, тапсырмаларды орындаса балалардың әрі ойы дамиды, әрі ауызша сөйлеуге үйренеді.
Кiтап.
Менi жұрт сүйедi, құрметтейдi. Маған арнап шкафтар жасап, үстiне шаң жуытпай, таза ұстайды. Менi ұрпақтан-ұрпаққа мұра етiп қалдырады. Мен де адамды жақсы көремiн. Қалтқысыз қызмет етемiн. Мен адамның досымын. Менiң атым - кiтап.
Осы тапсырмаларға ұқсас оқушылар қалам, тақта секiлдi тақырыптарға мәтiн құрастырады. Сондай-ақ өзiнiң отбасы, қоршаған орта туралы мәтiндер түзе алады.
№ 39 мектептің 1 сынып оқушылары өзінің отбасы туралы әжептеуір мәтіндер құрастырады. Соның бір үлгісін, 7 жастағы Мараттың құрастырған мәтінін келтірейік:
Менiң әкем.
Мен әкемдi үлгi тұтамын. Ол маған әрқашан адалдықты үйретеді. Ол-оқыған адам, оқудың жақсы екенiн түсiнедi. Өскенде мен әкем сияқты құрылысшы болғым келеді.
Осындай мәтіндерді оқушылардың 16 сы құрастыра алды. Осы сияқты «Біздің жанұя», «Біздің сынып», «Тамақтану» т.б. сияқты тақырыптарда оқушылар мәтіндер құрастыра алды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет