Дипломдық ЖҰмыс 1-сынып оқушыларының Әліппеден кейінгі кезеңде сөйлеу дағдыларын қалыптастыру әдістемесі


-тапсырма. Өзіннің досыңның жақсы қасиеттерін ата



бет14/28
Дата11.04.2023
өлшемі455 Kb.
#81658
түріДиплом
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28
4-тапсырма. Өзіннің досыңның жақсы қасиеттерін ата.
Оқушылар өзінің досының жақсы қасиеттерін атап,достық туралы әңгімелейді. Жақсы достың қандай болатынын түсіндіреді.Басқа сыныптастарымен достық жөнінде пікір алысып, өздерінің ойларын білдіруге дағдыланады.
5-тапсырма. Сен үлкендерге қалай көмектесесің?
Бұл тапсырманы орындау барысында оқушылар өздерінің үйде анасына, әкесіне қандай қолқабыс жасайтындарын әңгімелейді.Монологты сөйлеуге жаттығады.
6-тапсырма. Қандай үй жануарларын жақсы көресің.
Мұндай тапсырманы орындау барысында балалар өздерінің үй жануарлары туралы әңгімелейді.Әрқайсысы өздерінің үй жануарларының жақсы жақтарын айтуға тырысады.
Сонымен қатысымды-ақпаратты сөйлеу деңгейінде берілген тапсырмалар төмендегідей нәтиже берді:

  • тапсырма түрлері оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын жетілдірді;

  • Оқушыларды мектепке алғаш келген күнінен бастап дұрыс сөйлеуге үйретті;

  • Өз ойларын сынып алдында қысылмай айтуға дағдыландырды;

  • Оқушылардың өзара сөйлесуіне, өзара пікір алысуына мүмкіндік берді;

  • Оқушыларды сөйлемді, мәтінді дұрыс құрауға дағдыландырды.

2. Қатысымды-ауызша сөйлеу деңгей «Әліппе» кезеңінде іске асады. Бұл деңгейде оқушыларға жаңа әріпті таныстыруға байланысты диалогтық оқыту амал-тәсілдеріне, сұрақ-жауапқа құрылған алуан түрлі тапсырмалар, пайдаланылады. Бастауыш мектеп оқушылары сөйлеген сөздерiнде сөздердi орынды қолдануға, сөздердiң мағыналық реңктерiне орай дұрыс пайдалануға, сөйлемдердi, мәтiндердi дұрыс құрауға дағдыланады. Сабақ үстiнде оқушылар дайын үлгiге қарай мәтiн құрастырады, оның мазмұнын жалғастырады. Мәтiннiң мазмұнын оқушылар өз тiлiмен айтып бередi, дайын үлгiге қарап тақпақтар, қарапайым жұмбақтар, жаңылтпаштар шығарады. Сабақта проблемалық жағдайлар қоя отырып, оқушылардан осы проблеманы шешудi талап етiлдi. Алдарына қойылған проблеманы шешу барысында оқушылар шығармашылықпен жұмыс iстейдi. Бұл деңгейде сабақ типтерi - проблемалық сабақ түрiнде болады. Iшiнара пiкiрталасқа және дидактикалық ойындарға құрылған сабақтар да қолданылды. Мұндай сабақтарда оқушылар шығармашылық, iзденiмдiк әдiс арқылы әрекет жасайды. Бұл деңгейдi қалыптастыру үшiн интерактивтi әдiстер қолданылған сабақтар өтiлдi. Осыған орай бастауыш мектеп оқушыларына төмендегідей тапсырмалар берілді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет