Дипломдық ЖҰмыс 1-сынып оқушыларының Әліппеден кейінгі кезеңде сөйлеу дағдыларын қалыптастыру әдістемесі


Оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыруда диалогтық оқыту технологиясын қолданудың әдістемелік негіздері



бет8/28
Дата11.04.2023
өлшемі455 Kb.
#81658
түріДиплом
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28
Байланысты:
Коптерова Б. диплом жұмысы

2 Оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыруда диалогтық оқыту технологиясын қолданудың әдістемелік негіздері


2.1 Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу дағдысын қалыптасу деңгейлері
Әдіс деген сөз гректің "metodos" деген сөзінен алынған. Әдіс деген ұғым белгілі ақиқатқа, шындыққа, мақсатқа жетудің жолдары деген мағынаны білдіреді. Білім мазмүны - нені оқыту керек? - деген сұраққа жауап берсе, оқыту әдісі - қалай оқыту керек? - деген сұраққа жауап береді.
Оқыту әдісі - оқыту үдерісі сияқты екі жақты процесс. Мұғалім баяндайды, әнгімелейді, түсіндіреді, сондай-ақ заттардың немесе көрнекті құралдар мен техникалық құралдарды көрсетеді, ал оқушылар сол кезде тыңдайды, қызығады, қабылдайды, бақылайды, ойланады және т.б. таным әрекеттерін жасайды. Мұғалім оқыту әдісі арқылы окушыларға білім беруде өзінің іс-ірекетін балалардың таным әрекетіне басшылық етумен байланыстырады.
Сонымен, оқыту әдісі дегеніміз - оқушыларға білім беру және оларды дамыту мақсатында мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жасайтын қызметі мен қарым-қатынасының тәсіл-амалдары. Сабақта берілетін оқу материалын оқушыларға жеткізу үшін әртүрлі оқыту әдістерін қолдануға болады. Тіпті бір мазмұндағы оқу материалын түрлі әдістер арқылы оқушыларға ұғындыруға болады. Оқыту әдістерін дұрыс таңдап алып қолдану белгілі шарттарға байланысты болады. Олар: оқытудың мақсат міндеттері, пән және берілетін білім мазмұмының ерекшеліктері, сондай-ақ балалардың жас және дара психологиялық ерекшеліктері болып табылады.
Оқыту әдістерінің тиімділігі мұғалімнің іс-тәжірибесінің шығарма-шылық сипатына, оның шеберлігіне тікелей байланысты болатынын білу керек. Оқыту әдістері әр түрлі тәсілдерден құралады.
Тәсілдер деп белгілі іс-әрекеттің жеке амалдарын айтамыз. Мысалы, оқулықпен немесе кітаппен жұмыс істеу әдісінде мынадай тәсілдер қолданады: мақсат қою, сұрақтарды анықтап беру, мәтінге жоспар құру, оның негізгі мазмұнын айтып беру, өздігінен іштей оқып, сұрақтарға ауызша не жазбаша жауап беру т.б.
Оқыту әдістеріне қойылатын жалпы талаптар:
Бірінші талап - қазіргі мектептегі оқытудың негізгі міндеттерін шешуге бағытталып, білімнің жаңа мазмұнын оқушыларға ұғындыруда оқыту әдістерінің атқаратын рөлі ерекшелігін ескеруі тиіс.
Екінші талап - әдістер оқытудың тәрбиелік ықпалын арттырып, бала-лардың жалпы дамуына, ақыл-ой қабілеттерін және дүниетанымының қалыптасуына ықпалын білуі қажет.
Үшінші талап - мұғалім оқушыларды оқыту әдістері мен ғылыми әдістердің элементтерімен таныстыруға міндетті.
Төртінші талап - оқыту әдістері оқушылардың өздігінен жұмыс істеу және дербес білім алу дағдыларын қалыптастыруға бағытталуы тиіс.
Бесінші талап - мүғалім әдістерді қолдану шеберлігіне озат педагогтардың, жаңашыл мұғалімдердің іс-тәжірибесінен үйреніп отыруы тиіс [21, 81-82 б.].
Бастауыш мектепте қазақ тiлiн оқыту әдiстемесi күн өткен сайын дамып, өркендеуде. Қазақ елiнiң ғылымы мен бiлiмi басқа елдермен интеграциялық ауыс-түйiс жүрiп жатыр. Басқа мәдениеттегi елдерден қазақ елiнiң салт-дәстүрлерiне қайшы келмейтiн, ұлттық сана - сезiмге дұрыс келетiн әлем бiлiмiнiң озық әдiс-тәсiлдерi, жаңа инновациялық технологиялары ұлттық бiлiм беру салаларына көптеп енгiзiлуiнен қазақ тiлiн оқыту әдiстемесi ғылымының ұтылмасы анық. Бұл қадам арқылы қазақ елiнiң болашақ ұрпақтарының бiлiмi әлем алды елдерi балаларының бiлiмiмен тең болады. Сондықтан қазiргi кезеңде бастауыш мектепте қазақ тiлiн дәстүрлi емес сабақтар арқылы оқыту тәжiрибелерi жүрiп жатыр. Бұлар - қазақ тiлiн оқыту мәселесiн жетiлдiрудi көздеген еңбектер. Себебi, қазiргi кезеңдегi әдiстеме Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейiнгi бiлiм берудi дамыту Тұжырымдамасында көрсетiлгендей « ... бiлiм алушылардың еңбек рыногындағы бәсекеге қабiлеттiгiн қамтамасыз ету... » қажет.
Бастауыш мектеп оқушыларының ауызша сөйлеуге дағдыландыру және оны жетiлдiру-бүгiнгi күннiң кезек күттiрмес мәселесi. Ертеңгi күнгi тiлiмiздiң хал-жағдайын бүгiннен ойлап, алдымен ауызша сөйлеуге балаларды бірінші сыныптан бастап дағдыландыру арқылы ғана қазақ тiлiн таза күйiнде сақтауға болады. Бұл қажет те. Бұл тұрғысында академик Р.Сыздықова былайша пайымдаған: «Қажеттiктiң бiр себебi - жалпы мәдениетiмiздiң, оның iшiнде тiлiмiздiң әлеуметтiк... қызметiнiң дамуында болып отыр. Сол дамуға талаптың да күшеюiнде болып отыр. Бұл - бiр. Екiншi жағынан, бұрынды-соңды қазақша тiл, сөйлеу мәдениетi деген мәселелер қазiргiдей белгiлi бiр мақсат көздеп, кең түрде жан-жақты сөз болған емес. Сондықтан кезегi жеткен жайт болып отыр. Үшiншi бiр себебi, жасыратыны жоқ, ауызша сөйлеу практикамызда не бiлместiктен, не немқұрайдылықтан, не өзге себептерден қабақ шыта қынжылар кейбiр ақаулар етек алып бара жатқандығынан болып отыр»
Бастауыш мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастырудың жоғарыда айтылған жайттардан басқа да бiрнеше маңызды қажеттiлiктерi бар. Бiрiншiден, бастауыш мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру арқылы олардың адамгершiлiк қасиеттерi тәрбиеленiп, жеке бас тұлғасын iзгiлендiруге болады, екiншiден, топ алдында қысылмай сөйлеуге дағдыланған оқушының бойында лидерлiк қабiлет жетiлiп, өзiндiк ой-пiкiр айтуға үйренедi, үшiншiден, айтар сөзiн, жазар ойын нақты әрi толық жеткiзуге дағдыланған оқушы сабаққа қызығып, бiлiм үлгерiмi жоғарылайды, төртiншiден, сөйлер сөзiнде әрбiр сөздi орнымен, өз мағынасымен қолдануға дағдыланған шәкiрт ертеңгi күнi қазақ тiлiнiң мәртебесiн көтерер ұлттық тәрбие негiздерiмен сусындайды [22, 13-14б.].
Бастауыш білім беру мазмұны математика, ана тілі, табиғаттану, әдебиет пен өнерден оқушыларға қарапайым тілдік қатынастар мен информатика бастапқы ғылыми білімдерді хабарлайды. Бұл білімдер берік игерілу керек. Тек сол уақытта ғана ол негізгі және бейінді сыныптарында мектептің берілетін ғылыми білімдердің негізі бола алады [23, 223 б.].
Логикалық бірлік – бұл сабақ бөліктерінің, яғни құрылымы элементтерінің аралығындағы ішкі өзара байланыс заңдылығы. Мысалы. Қайталану қорытындылау сабағының бөліктері: қорытынды әңгіме немесе шолу лекциясы, жаппай сұрау, кейбір сұрауларды анықтау; мұғалімнің сабақты қорытындылауы. Мұндай сабақта, біріншіден, игерілген білім еске түсіріледі және жүйеге келтіріледі; екіншіден, білімдегі, іскерліктегі, дағдыдағы кемістіктер толықтырылады; үшіншіден, оқылатын матириалдардың маңызды идеялары толық ашылады, төртіншіден, жаңа мен ескі салыстырылады, жаңа мысалдар ойластырылады, жаңа міндеттер шешіледі [24, 256 б.].
Бастауыш мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу дағдыларын мақсатты түрде әрбiр сабақ сайын әдiстемелiк жүйеде қалыптастырып отырылған жағдайда ғана олардың пәнге деген қызығушылықтары оянып, сабақтағы белсендiлiктерi артады. Сонымен бірге балаға ауызша сөйлеу барысында ым, ишара, дауыс ырғағы, жылы жүзбен жымиюдың аса маңызды әсері туралы И.М.Юсупов былай дейді: «Педагогикалық қарым-қатынаста балаға қарап жымию баламен диалогтың ең қажетті құралы болып табылады. Сөйлесетін адамың неғұрлым кішкентай болса, ол өзінің іс-әрекетіне үлкендердің соғұрлым үнсіз де жылы жымиысына баға беруін қажетсінеді.Тек қана оқу процесінде ғана емес, жай қарым-қатынастарда да кіші жастағы балаларды жылы жымиыспен ынталандырудың маңызы зор.
Бұл бастауыш мектеп оқушыларының жас ерекшелiктерiне қатысты психологиялық, әлеуметтiк жағдайларға байланысты. Бастауыш мектеп оқушылары мақтағанды ұнатады, құрбыларының алдында өзiн көрсеткiсi келедi. Сондықтан оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру барысында неғұрлым кiшiпейiл, өзi мен оқушылардың арасындағы қарым- қатынасты гуманистiк бағытта ұстаса, соғұрлым алдына қойған мақсатқа тезiрек жетедi [25, 78-79.].
Бастауыш мектепте сауат шу кезеңінде қазақ тілінің заңдылықтарын оқып-үйрену барысында балалардың өздерінің сөйлеу дағдылары да ұштала түседі, олар өз ойларын ауызекі және жазба тілде бейнелеп, өзгелердің сөзін толық түсінуді үйренеді және тіл туралы материалдар осы тілді қолданудың ең жарқын үлгісі болып табылатын әдеби туындылар, жеке-жеке бөліктер арқылы түсіндіріліетін тіл теориясы –осының бәрі қазақ тілі пәнінде интегративті ұштастырыла меңгертіледі.Осыған орай бағдарламада көрсетілгендей сауат ашудың негізгі мақсаты-оқу дағдысының негізін қалау: тыңдауға, айтуға, оқуға, жазуға үйрету, балаларда сөздің дыбыстық құрылысы туралы түсінік қалыптастыру, әріп таныту, әуелі буындап, содан соң тұтас сөзді, сөйлемді, мәтінді оқуға үйрету, сауатты жазу негізін қалыптастыру, өз бетінше оқуға, кітапқа / кітаптан білуге / қызығушылығын ояту, ауызша диалогтық және монологтық сөйлеуін дамыту баса назарға алынады.
Сауат ашу жұмысы барысында дәстүрлі үш кезең бойынша жүргізіледі:
1.Әліппеге дейінгі кезең
2.Әліппе кезеңі
3.Әліппеден кейінгі кезең.
Әліппеге дейінгі кезеңнің негізгі міндеті – сөйлеудің маңызын білдіру. Сөйлем, сөз және дыбыс туралы ұғым қалыптастыру, сөйлеу дағдыларын жетілдіру, жазуға дайындау. Осы кезеңде көрсетілген оқушылардың сөз байлығын молайту және сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға байланысты жұмыстар кезеңдерде де үздіксіз жүргізіледі [26, 13-14б.].
Әліппе кезеңі сауат ашудың ең негізгі бөлігі болып саналады, өйткені тілдегі дыбыстар мен олардың әріптерін жеке-жеке таныту, оқуға үйрету, әріптердің жазба түрін баспа түрімен салыстыра меңгерту, сөздерді, жеңіл сөйлемдерді дұрыс жазуға үйрету жұмыстары осы кезеңде жүзеге асырылады, әрі бұған уақыттың да негізгі бөлігі беріледі. Бұл кезеңде балалардың ауызекі және жазба тілде сөйлеу, сөйлеу мәдениеті туралы түсініктері айқындала түседі, бейнелілік және сөз көрнекіліктері негізінде әр түрлі жанрда байланыстырып сөйлеу дағдылары қалыптаса бастайды.
Әліппеден кейінгі кезеңнің міндеті- оқу дағдысын жетілдіру, саналы түрде түсініп, мәнерлеп оқуға төселдіру, оқығандарының мазмұнын айтып беруге баулу, оқылған мазмұнға қарапайым баға бере білу. Әсіресе, мәнерлеп оқуға айрықша көңіл бөлінеді, оқу кезінде дауыс күші мен сазын құбылтып оқуға үйретіледі.
Сауат ашу жұмысы бірінші жарты жылдықта аяқталады. Бұл ретте баланы қысқа мерзім ішінде сауаттандыра отырып, олардың сөздік қорының мол болуы, тез арада көп сөз оқу, жазу мүмкіндігіне ие болуы көзделіп, буындап және біртіндеп тұтас оқу әдісі басшылыққа алынады.
Демек, бастауыш мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру - бүгiнгi күннiң өзектi мәселелерiнiң бiрi. Сонымен қатар, оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру арқылы олардың жалпы бiлiмiне тiкелей оң әсер етуге болады.
Бастауыш мектепте мұғалiмдер оқушыларға жалаң бiр жақты тiлдiк матералдарды меңгертiп қана қоймай, оқушылардың игерген тiлдiк материалдардағы тiл заңдылықтары мен ережелердi өз сөздерiн қалай қолданып жатқандығына баса көңiл аударуға тиiс. Оқушылардың қате сөйлегендерiне кешiрiммен қарап, оларды қате жiберуге дағдыландырмау керек. Бұл үшiн мұғалiм әрбiр сабақта оқушыларды ауызша сөйлеуге, сөйлеген сөздерiнде қандай сөз қолданғанын байқауға, синоним сөздердi мағыналық реңктерiне қарай орынды пайдалануға дағдыландыруы қажет. Оқушыларды ауызша сөйлеуге үйрету арқылы олардың тiлдiк материалдарды жеңiл игеруiне ықпал етуге болады. Себебi, ауызша сөйлеу дағдысын меңгерген оқушы ауызша болсын, жазбаша болсын тiлдiң негiзгi заңдылықтарын қолданады. Бұл жөнiнде Ф.Ш.Оразбаева былайша ой қорытқан: « Сөйлеу ерекшелiктерiн меңгерген оқушы өз ойын ауызша және жазбаша түрде iске асырады. Бұл - тiлдi қолданудың тәжiрибелiк көрiнiсi. Сол себептi оқушы тiлдi адамдармен қарым-қатынас құралы ретiнде үйренгенi дұрыс.»
Бастауыш мектеп оқушыларының сөйлеу дағдыларын қалыптастыру деп - оқушылардың ауызша және жазбаша тiлдiк қатынаста өз ойын анық, тiлдiк нормаларға сай толық, дәлелдi және тiл тазалығын сақтай сөйлеуiн айтамыз.
Қазақ тiлiн оқыту әдiстемесiнде оқушылардың ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыру мәселесi аз зерттелген. Жалпы ауызша сөйлеу дағдыларын айқындау iсi күнi бүгiнге дейiн бiр тоқтамға келген жоқ.
Бірінші сынып оқушыларының ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру жұмыстарының көздеген басты мақсаты ― шәкiрттердiң бiлiмдiк, тәрбиелiк бiлiктерiн жетiлдiрумен қатар олардың шығармашылық, ойлау қабiлеттерiн дамытып, тiлдiк қарым-қатынаста сөйлеген сөздерiнде жаргон, варваризмдер мен қыстырма сөздерден арылту. Осы мақсатқа сәйкес бірінші сынып оқушыларының ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға арналған жаттығулар мен тапсырмалар жүйесі оқу бағдарламасының мазмұнына лайықталып құрылды. Оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру жұмыстары сатыланып, жеңiлден қиынға қарай принципiн негiзге алып жүргiзiлдi.
Педагогикалық эксперимент жұмыстары барысында кіші жастағы оқушыларда мынадай ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру тиімді екені анықталды :



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет