Дипломдық ЖҰмыс 5B020900 «Шығыстану»


Кіріспе Диплом жұмысының сипаттамасы



бет2/9
Дата26.05.2022
өлшемі194,06 Kb.
#35687
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Кіріспе
Диплом жұмысының сипаттамасы. Қытай Қазақстан дипломатиялық қатынастар орнатқан алғашқы мемлекеттердің бірі болып табылады. ҚР Сыртқы істер министрлігінің деректері бойынша Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылдың 3-ші қаңтарында орнатылды. Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасында жоғары деңгейдегі тығыз байланыстар дәстүрлі түрде қолдау тауып, өзара саяси сенім жүйелі түрде тереңдей түсуіне байланысты, прагматикалық ынтымақтастықтың болашағына бағдар жасауға бағытталған.
Тақырыптың өзектілігі. Қытай мен Қазақстан тату көршілік пен сенімді серіктестіктің көрнекі үлгісі болып табылады. Екі елдің көшбасшылары арасында тұрақты жұмыс қатынастары жолға қойылды. Қазақстан тәуелсіздік алған сәттен бастап 30 жыл ішінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қытай басшыларының жеке мүдделілігі мен бірлесіп ілгерілеуінің арқасында Қытай мен Қазақстан арасындағы қатынастар уақыт сынағынан өтіп, әлемдік қоғамдастықтағы өзгерістерге төтеп берді.
1992 жылы дипломатиялық қатынастар орнатудан 2002 жылы тату көршілік, достық және ынтымақтастық туралы шартқа қол қоюға дейін, 2005 жылы стратегиялық әріптестік орнатудан 2011 жылы жан-жақты стратегиялық әріптестікті дамытуға дейін, қадам-қадаммен Қытай-Қазақстан қатынастары үнемі сапалы жаңа деңгейге ауыcуда.
ҚХР мен ҚР арасындағы саяси-құқықтық қарым-қатынастарды да жан-жақты. Қазақстан ядролық қарудан бас тартуға шешім қабылдады және Қытай Қазақстанға ядролық қорғауға уәде берген елдердің біріне айналды. Қытай Қазақстанның Орталық Азияда ядросыз аймақ құру жөніндегі күш-жігерін және жоғары бағалайды.
Қытай мен Қазақстан БҰҰ, ШЫҰ, АӨСШК(Азиядағы Өзара Ықпалдастық және Сенім Шаралары жөніндегі Кеңес) және т. б. сияқты көпжақты тетіктер шеңберінде тығыз өзара іс-қимыл жасайды, "Үш жауыздық күшке" қарсы күресте және өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуде тығыз ынтымақтасады, халықаралық әділеттілікті қамтамасыз ету, экономикалық жаһандануға жәрдемдесу және көпжақты сауда жүйесін қолдау бойынша бірлесіп күш-жігер жұмсайды және осы саладағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға ұмтылады [1].
Осы зерттеудің аясында қазіргі уақытта ҚР мен ҚХР арасындағы әскери өзара қарым-қатынас анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет