Дипломдық ЖҰмыс 5В010100 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»



бет4/14
Дата09.05.2022
өлшемі186,66 Kb.
#33385
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Дипломды Ж мыс 5В010100 «Мектепке дейінгі о ыту ж не т рбиелеу» (1)

Шығармашы

лық

Шығармашылық ойлау

- мәселені түсінушілік (олардың танылуы, табылуы);

- шапшаңдық (түрлі идеяларды генерациялаудағы шапшаңдық);

- икемділік (мәселені шешу мүмкіндігіне жеңіл ауысу);

- идеал эталондарды құру мүмкіндігі.



Шығарма

шылық қабілетті

ліктер

- елестету (фантазия);

- ассоциативті есте сақтау;

- жоспарлау;

- шешімдерді қабылдау;

- шешімдерді жүзеге асыру;

-зерттеушілік белсенділік;

- эмоционалды белсенділік;

- сезіну;

-аналитикалық қабілеттіліктер (идеяларды бағалай білу дағдысы);

- өзін-өзі дамыту;

- түпнұсқалы шешімдерге жету.


Алғашқы және негізгі кедергі, В.С.Юркевич түсінігінде баланың өзгелерге ұқсауды қаламайтын конформизмі болып табылады: «Адам күлкілі немесе өте ақылды болып көрінуден қорыққандықтан, керемет ойларын білдіруден сескенеді. Мұндай сезімнің балалық кезінде-ақ туындауы мүмкін». Бұл жерде осы кедергінің туындау себептері көрсетіледі – бұл, бәрінен бұрын, ересектердің тарапынан орын алатын түсінбестік. Екінші кедергі – ішкі тыйым. Бұл кедергі баланың өз ойларынан қорқынышын сезінген кезінде пайда болады. Сол қорқыныш оның айналасындағыларға енжар қарауына және туындаған мәселелерді шешуге тырыспауына және ең ақырында, үшінші кедергі – ригидтілік. Авторлар ондай кедергінің көбінесе мектептегі оқыту барысында туындайтынын ерекше бөліп көрсетеді.

Сонымен қатар шығармашыл балалар қатарына белгілі бір іс-әрекеттер арқылы аса жарқын жетістіктер көрсете білген бүлдіршіндерді де жатқызуға болады.

Шығармашылық қабілеттің дамуы әрбір балаға қажет екендігін, әр тұлғаның қоғам дамуында өз орны бар екендігін біле отырып, балалардың тек өткенге емес, болашаққа да қызығушылығымен, іс-әрекеттердің жаңа тәсілдерін көбейтуге қабілеттерімен ерекшеленетіндігін атап өту қажет. Сонымен бірге бұл жекетұлғалық дамудың мақсаттарына да жауап береді. Бұл жөнінде К.Урбан былай деп тұжырымдаған: «Қазіргі заман талабына сай шығармашылық қабілеттің дамуына бағытталған білім дегеніміз - аз уақыт ішінде мол идея қорын алу емес, керісінше жеке тұлғаның толық дамуын қамтамасыз ететін іс».



«Даму диагностикасы» моделі. Бұл зерттеу нұсқасының авторы Ю.Д.Бабаев жүргізетін тренинг жаттығуларының тиімділігін бағалаудың негізгі көрсеткіштеріне бала қабілеттерінің, мектептегі үлгерімінің, танымдық және шығармашылық белсенділігінің, сауалнама нәтижелерінің, сондай-ақ баланың мектептегі іс-әрекетін бақылау нәтижесінде алынған көрсеткіштерінің, отбасындағы әлеуметтік қарым-қатынастар және т.б. өзгерістерді жатқызады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет