Дипломдық ЖҰмыс 5В010100 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»



бет3/14
Дата09.05.2022
өлшемі186,66 Kb.
#33385
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Дипломды Ж мыс 5В010100 «Мектепке дейінгі о ыту ж не т рбиелеу» (1)

кезеңдері

Жас аралығы


Кезеңдердің басты шарттары

1

Тікелей эмоционалдық қарым-қатынас жасау кезеңі

Алғашқы күннен 1 жас

Сәбиде басқалармен қарым-қатынас жасау қажеттілігі, олармен психикалық ортақтығы қалыптасады.

2

Заттың манипуляторлық қызмет кезеңі

1-3 жас

Өзіндік “Мен” қалыптасуының негізі болып табылады, бұл жаста сана қалыптасуы қатар жүре бастайды.

3

Ойын қызметі кезеңі

3-6 жас

Баланың қиялдауы мен ақыл-ой қызметі жүзеге асырылады, тілі дамиды.

4

Ойын қызметі кезеңі

6-10 жас

Оқу арқылы оқушылрадың теориялық санасы мен теориялық ойлауы, оқудың мотиві мен қажеттілігі дамиды.

Ескертпе – Немовтың Психология атты оқу құралынан алынды.

Балалардың оқу материалын жүйелі және мәніне қарай ұғынуында салыстыру ой операциясы негізгі рөлді атқарады. Салыстыру бір нәрсенің өзге нәрседен айырмашылығын немесе екеуінің де ұқсас жақтарын айыру болғандықтан, ой процестерінің ерекше түрі болып саналады. Оқу мазмұнын салыстыруда ой операциясының бірнеше түрі кездеседі. Сондықтан оны баланың оқуға деген ынтасын арттыру үшін пайдаланамыз.

Жапонияда оқыту мен тәрбиелеу негізгілерінің бірі ретінде баланың идеяларын қолдау арқылы оның барлық кезде міндетті түрде өзімен-өзін салыстырып отыру қажет дейді. Оларда: “Маратқа қара, ол тапсырманы қалай шешеді, немесе ол қалай жақсы оқиды” – деп айтпайды, “Кешегіге қарағанда бүгін сен тапсырманы жақсы орындадың”, “сенің қабілетің жетеді” т.б. осындай мақтауларды пайдаланады. Бұл баланың ішкі танымдық іс-әрекеттерімен сыртқы даулы жағдайларды шешуге көмектесетін оқу-тәрбие принципі. Оқыту процесінде өзіне мақсат қойып, оны орындауға тырысады.

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев адамның танымдық қасиеттерінің табиғаты туралы отыз бірінші сөзінде: “Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі – көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші сол нәрсені естігенде я көргенде ғибраттану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғыну керек. Үшіншіден – сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек. Бұл нәрселер – күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер”- деп жазды [8].

Зерттеудің нәтижесін шығара келе, Л.С.Выготскийдің идеясы бойынша, екі даму аймағы анықталды, белсенді даму аймағынан жақын арадағы даму аймағына өту, психологиялық жүйе ретінде жеке адамның қалыптасуына байланысты көрінеді. Бұған жетудің қажетті шарты оқытушы мен оқушының бірлескен іс-әрекетінде болады [24].

Сонымен, дамытушы экспериментті әлеуметтік эксперименттің бір түрі ретінде қалыптастыра отырып, оқыту процесіндегі танымдық іс-әрекеттің барысын және оның даму жолдарын анықтадық.

Академик Т.Тәжібаев: “…Балалардың психологиялық әрекетінің мазмұны және оның өсіп-даму заңдарын білуге сүйене отырып, оқу-тәрбие жұмысын ғылыми жолмен ұйымдастырып, дұрыс жолға қоюға болады. Себебі, әр жастағы балалардың ғана емес, тіптен бір жастағы балалардың әрқайсысының жеке өзгешеліктерін, әсіресе психикалық әрекетінің өзгешеліктерін білмейінше, оқу-тәрбие жұмысын да көңілдегідей жүргізуге болмайды”,-деп мектептегі сабақты оқытылуы, оның нәтижесі – білімдік, тәрбиелік, оқушының іскерлік дағдыларын дамыту негізінде жүргізілуін талап етеді [30].

Тұлғаның дамуына қоғамның ықпалы отбасындағы тәрбие мен мектептегі оқыту арқылы жүргізіледі. Ұлы адамдардың өмірбаяндарының талдауына сүйенен отырып, Э.Г.Эйдемиллер осынау мәселелер бойынша алынған деректердің бірдей еместігін алға тартады: «Кей жағдайларда отбасы дарынды сәбилердің дамуы үшін барынша қолдау мен мүмкіндік туғызды; ал басқа жағдайларда олар шамадан тыс өбектеген немесе үстем болған анасымен, жолы болмаған әкесімен немесе бүтіндей алғанда, қолайсыз отбасында өткізген балалығының салдарын жеңуі тиіс болатын». Бұдан басқа, Э.Г. Эйдемиллер, құрдастары мен мектептің ықпалының маңыздылығын ерекше бөліп айтады [32].

Н.С. Лейтес, ақыл-ойы дамуы ертерек өрлеген балалардың өзіне тән қиындықтарының барын атап көрсетеді. Мәселен, отбасында осындай баланың ерекшелігіне жиі алаңдаушылық білдіреді. Нәтижесінде дарынды бала өзіне ең жақын адамдар – ата-аналары тарапынан түсініспеушілікке тап келеді. Көбіне-көп басқаша да болады. Баланы жанұяда мадақтау ауаны қоршайды, оның табысын шектен тыс қолпаштаушылық орын алады. Осы екі жағдай да сәби жүйкесіне жарақатын түсіреді. Мектепте мұндай оқушыға тағы оңай емес, өйткені, ондағы басымдықтар мұғалімдердің ақыл-ойы мен психикалық жағынан дамуында түрліше қиындықтары бар балаларға көбірек назар аударып, көмек көрсетеді. Демек, дарынды бала мектепте жиірек өз-өзімен оңаша қалады деген тұжырым жасауға болады.

Бала шығармашылығын анықтау диагностикасы белгілері мен көрсеткіштерінің мәселесі әлі күнге дейін толық қарастырылып зерттелмегені белгілі болды. Дегенмен де бірнеше еңбектерде диагностика жүргізуді ақыл-ой мен қабілет сияқты көрсеткіштерді межеге алу керек деген пікірлер басты нысанаға қойылған (2-кесте).

2-кесте - Бейнелеу және құрастыру әрекеттері негізінде шығармашылыққа жетелеу



Факторлар

Құрамды бөліктер

Ерекшеліктерінің көрінісі

Ақыл-ой

Жалпы қабілетті

лік


- ерекше есте сақтау;

- ауызша түсіну және ойды нақты баяндау;

- сөйлеу шапшаңдығы, мол сөздік қор;
- есептеуіш қабілеттіліктер;

- ойлау өткірлігі (қабылдау жылдамдығы);

- қабылдау кеңдігі (объектімен кең композициялар құру);

- жүйелі білім құрылымы (ақпаратты өңдеу, анализ-синтез, индукция-дедукция);

- аса жоғары тұрақталған көзқарас;

- байқағыштық;

- когнетивті қабілеттілік.


Арнайы қабілетті

лік


- лингвистикалық (тілді қолдану қабілеттігі);

- қисынды - математикалық (объектілермен, символдармен, белгілермен жұмыс жасау);

- кеңістік (үлгілермен, фигуралармен, суреттермен жұмыс жасау және көрермендерге ұсыну);
- музыкалық (орындау, шығару);

- жеке тұлғалық (өз сезімін басқару, ажырата білу, сараптама жасау, қажеттіліктерді көре білу, көңіл-күй, ұйымдастырушылық дағды);





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет