2
|
Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу және құрастыру әрекетін бейнелеу өнері арқылы дамыту
|
2.1
|
Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу және құрастыру әрекетін дамыту кезеңдері мен алғышарттары
|
Балалардың қабілеттерін анықтап, оларды дұрыс дамыту – аса маңызды педагогикалық міндеттердің бірі. Әрі ол балалардың жасын, психофизикалық дамуын, тәрбие жағдайларын және басқа факторларды ескере отырып шешілуге тиіс.
Бейнелей білу қабілетін дамыту ең алдымен байқампаздыққа, айналадағы заттар мен құбылыстардың ерекшелігін көре білуге, оларды салыстырып, сипатты белгілерді бөліп көрсете білуге тәрбилеумен байланысты. Мұның үстіне баланың жасын ескермеуге, демек, 3 – 4 жастағы сәбиден, тіпті сурет салуға үйрету тым ерте басталғаннның өзінде, күрделі сюжетке құрылған суретті талап етуге болмайды. Оның ойлау қабілеті тиісті дәрежеде үйретілген мектеп жасына дейінгі ересек бала оңай шешетін мұндай тапсырмаларды шешу үшін қажетті деңгейге әлі жете қойған жоқ.
Бірақ жастары бірдей балалардың әр түрлі даму сатысында тұратыны белгілі. Мұндай өзі тәрбиеге, сондай – ақ баланың жалпы дамуына байланысты. Педогог мұны ұмытпауға тиіс, өйткені әрбір баламен жеке қарым – қатынас жасай білу – ойдағыдай тәрбие беру мен оқытудың басты жағдайларының бірі.
Кеңестік педагогика баланың дамуын жай сандық процесс ретінде емес, қоршаған дүниенің, ең алдымен тәрбиелеу мен үйретудің ықпалымен оның физикалық және психикалық ерекшеліктерінің сапалық өзгерісі ретінде алып қарайды.
Қабілеттіліктің дамуындағы бейнелеуге дейінгі кезең. Балалардың көркемдік қабілетінің дамуындағы бірінші кезең баланың қолына бейнелеу материалы – қағаз, қалам, саз, балшық кесегі, кубиктер, борлар және т.б. алғаш түскен сәттен басталады. Педогогикалық әдебиетте бұл кезең бейнелеуге дейінгі кезең деп аталады, өйткені бұл жерде әлі заттың бейнесі жоқ және тіпті әлденені бейнелеуге деген ой, құмарлық жоқ. Бұл кезең елеулі роль атқарады. Бала материалдардың қасиеттерімен танысып, бейнелеу формаларын жасау үшін қажетті алуан түрлі қол қимылдарын меңгереді.
Егер 5 – 6 жастағы және 2 – 3 жастағы балалардың қолына материал тұңғыш рет түскен болса, онда, әрине, ересек балаларда ой шапшаң туындайды, өйткені олардың қоршаған дүниені танып – білудегі тәжірибесі көбірек.
Бейнелеуге дейінгі кезең балалардың қабілетін онан әрі дамыту үшін өте маңызды.
Өздерінің шамасы келетін қимылдар мен қажетті формаларды көптеген балалар өз бетімен меңгере алмайды. Тәрбиеші балаларды еріксіз қимылдар жасаудан оларды шектеуге, көзбен бақылау жасауға, алуан түрлі қимыл формаларына, содан кейін жинақтаған тәжірибені сурет салғанда, мүсін жасағанда саналы түрде пайдалануға жетектеуге тиіс.
Біртіндеп баланың бойында заттарды, олардың әсерлі сипатын бере отырып бейнелеу пайда болады. Мұның өзі қабілеттіліктің онан әрі дамуын дәлелдейді. Балалар ассоциация жолымен қандай да бір затпен аса қарапайым формалары мен сызықтардағы ұқсастықты таба білуге үйренеді.
Әдетте балалардағы ассоциация тұрақты емес: бір суреттің өзінен ол түрлі заттарды көруі мүмкін. Оның санасында сурет салған кезде елестетудің, есте сақтаудың, қиялдаудың жалпы жұмысы арқылы пайда болатын берік із әлі жоқ. Қарапайым салына салған форма оған жақындайтын көптеген заттарды еске түсіруі мүмкін.
Ассоциация ойша жұмыс жасауға көшуге көмектеседі. Бұлай көшу жолдарының бірі – оның кездейсоқ жасаған формасын қайталауы болып табылады.
Сызылған сызықтардың қандай да бір затты танығаннан кейін бала оны тағы да бейнелегісі келіп, саналы түрде тағы да сурет салады. Кейде ойша алғашқы салған мұндай суреттердің, ассоциацияланған формаға қарағанда, затпен ұқсастығы шамалы болып шығады, өйткені ассоциация кездейсоқ алынғандықтан бала қолдың қандай қимылдары нәтижесінде оның пайда болғанын есте сақтамаған. Сондықтан сол затты бейнелемейтін деп ойлап, тағы да кез – келген қимылдар жасайды. Сонда да болса екінші сурет бейнелеу қабілеттілігін дамытудағы жаңа, неғұрлым жоғары кезең екенін білдіреді, өйткені ол ойлау нәтижесінде пайда болды.
Кейде бүкіл бейне түгел қайталанбай, ассоциацияланған формаға қандай да бір бөлшектер: адамға – қол, мұрын, көз, машинаға - дөңгелек және т.б. қосылуы мүмкін.
Бұл процесс тәрбиеші үлкен роль атқарады. Ол сұрақтар қоя отырып, мысалы: сен не салдың. Қандай жақсы доп, осылай етіп тағы да салшы деп баланың бейнені түсінуіне көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |