Дипломдық ЖҰмыс 5В010100 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»


Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттерін дамыту арқылы шығармашылығын қалыптастыру



бет8/14
Дата09.05.2022
өлшемі186,66 Kb.
#33385
түріДиплом
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
3

Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттерін дамыту арқылы шығармашылығын қалыптастыру

3.1

Бейнелеу және құрастыру әрекетінің түрлері және мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жақты дамытудағы маңызы

Баланың бейнелеу және құрастыру әрекеттерін дамыту басты міндеи етіп алынды. Балалардың бойында қабілеттілік пен шығармашылық бастаманы дамыту көркем тәрбиенің балаларды қоршаған болмыспен таныстыруға негізделген өзара байланысты екі міндет болып табылады.

Бейнелеу іс-әрекетінің түрлері арқылы мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жақты дамыту маңызы жоғары.

Бейнелеу іс-әрекеті жөніндегі сабақтар балабақшада барлық жас топтарында аптасына 2 реттен 4 ретке дейін өткізіледі. Сабақтардың мазмұнын тәрбиеші сол жасқа арналған бағдарламаның талаптарына сәйкес және балаларда бар біліммен бейнелеу іскерліктерін ескере отырып жасайды. Ересек жастағы балаларға бейнелеу өнерге баулу «Біз мектепке барамыз» бағдарламасы бойынша «Шығармашылық» саласы аясында сурат, жапсыру, мүсіндеу сабақтарында жүзеге асады. Үлгі сабақ жоспары А қосымшасында берілген.

Мектеп жасына дейінгі балалар бейнелеу іс-әрекетімен жалпы топтық сабақтардан тыс та, ойынға бөлінген уақыт кезінде де шұғылдануы мүмкін. Педагог бұл ынтаны әрдайым қолдап алынған бейнелеу дағдыларын қолдануда инициативалар мен дербестіктің пайда болуын көтермелеп отыруға тиіс.

Сәбилерде сурет салуға мүсіндеуге конструкциялауға деген ынта қысқа мерзімді әрі тұрақсыз болады. Мектепке дейінгі ересек балалар шығармашылық іс-әрекетке деген белгілі бір қажеттілікті бастан кешіреді. Мұнын өзі оларда педагог тарапынан көңіл аударуда және дұрыс басшылық жасауды талап ететін қабілеттердің бар екенін дәлелдейді.

Бейнелеу және құрастыру әрекетінің түрлеріне тоқталамыз.

Балабақшада бейнелеу іс-әрекеті сабақтың сурет салу мүсін жасау аппликация және конструкциялау сияқты түрлерін қамтиды. Баланың айналадағы дүние туралы әсерлерін бейнелеуде осы түрлердің әрқайсысының өз мүмкіндіктері бар. Сондықтан бейнелеу іс-әрекетінің алдында тұрған жалпы міндеттер әрбір түрдің ерекшеліктеріне, материалдың және онымен жұмыс істеу тәсілдерінің өзгешеліктеріне қарай нақтыланады.

1. Бейнелеу және құрастыру әрекетінің бір түрі - сурет салу.

Сурет салу балалардың өздерінің шығармашылық белсенділігін көрсету үшін үлкен мүмкіндік беретін сүйікті сабақтарының бірі.

Суреттердің тақырыбы алуан түрлі болуы мүмкін. Балалар өздерінің қызықтырған нәрселердің бәрін салады: жекелеген заттарды және айналадағы өмірден алынған көріністерді, әдеби кейіпкерлер мен декоративті ою-өрнектерді және т.б.

Сурет салудың әсерлі құралдарын пайдалану олардың қолынан келеді. Мысалы, нақты затпен ұқсастықты беру үшін сурет салушының бейнеленуші объектіге қатынасын білдіру үшін және декоративті планда түс пайдаланылады. Композиция тәсілдерін пайдалана отырып, балалар сюжетті жұмыстарда өз ойларын толығырақ әрі байырақ бейнелей бастайды.

Алайда сурет салуды жете түсініп, оның тәсілдерін техникалық жағынан меңгеру кішкентай бала үшін айтарлықтай күрделі, сондықтан тәрбиеші жұмыстардың тақырыбына баса назар аударуға тиіс.

Балабақшада негізінен алуан түрлі бейнелеу мүмкіндіктері бар түрлі-түсті қарындаштар, акварель және гуашь бояулары пайдаланылады.

Қарындашпен сызықтық форма жасалады. Оның өзінде бір бөліктен кейін екінші бөлік біртіндеп салынып, алуан детальдар қосылады. Содан кейін сызықтық бейнелер боялады. Сурет жасаудың мұндай бірізділігі баланың аналитикалық ойлау қызметін жеңілдетеді.

Бір бөліктің суретін салып алған кейін, ол онан әрі қандай бөлікті жасау керектігін еске алады немесе натурадан көреді. Оның үстіне, сызықтық нұсқалар бөліктердің шекарасын анық көрсете отырып, суретті бояуға көмектеседі.

Бояулармен сурет салғанда форма бояу дақтары арқылы жасалады. Осы тұрғыдан алып қарағанда бояулардың түс пен форманы сезінуді дамыту үшін үлкен маңызы бар. Бояулармен айналадағы өмірдің алуан түрлі бай түстерін беру оңай: ашық аспан, күннің батуы мен шығуы, көк теңіз және т.б. Бұл тақырыптарды қарындаштармен орындағанда көп еңбек, жақсы дамыған техникалық дағдыларды талап етеді.

Балабақшаның бағдарламасымен әрбір жас тобы үшін грфикалық материалдардың түрлері белгіленген. Ересек және мектепке даярлық топтары үшін қосымша көмір қарындашын, түрлі-түсті борларды, пастельді, сангинаны пайдалану ұсынылады. Бұл материалдар балалардың бейнелеу мүмкіндігін кеңейтеді. Көмір мен сангинамен жұмыс жасаған кезде сурет бір түсті болып шығады, мұның өзі заттың формасына және фактурасын бере білуіне барлық назарды жұмылдыруға мүмкіндік береді: түрлі-түсті борлар көлемді беттер мен ірі формаларды бояу жеңілдетеді; пастель түстің алуан түрлі реңкін беруге мүмкіндік жасайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет