Дипломдық ЖҰмыс 5В010100 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»


Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттерін дамыту



бет2/14
Дата09.05.2022
өлшемі186,66 Kb.
#33385
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Дипломды Ж мыс 5В010100 «Мектепке дейінгі о ыту ж не т рбиелеу» (1)

Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттерін дамыту

1.1

Балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттерін қалыптастыру

Бүгінгі таңдағы өркениетті елдердің жаһандану белесінде болып жатқан түбегейлі жаңғыруындағы басты мәселе: қоғам саласының ғаламдануы мен білім мен тәрбие мазмұнының жаңаруы. Мұндай өзгерістерге дайындау, қалыптастыру, қамтудағы игі істер білім беру саласының басты мақсаты.

Бұл ұлағатты мақсаттың жүзеге асуының тиімділігі бала тәрбиесінің қайнар көзі бастауыш пен балабақшаға тәуелді болатыны айдан анық. Өйткені, адамға табиғаттан берілген ізгіліктің мүмкіндіктерінің 80% -ті осы бастапқы оқу кезінде қалыптасатынын ғалымдар дәлелдеп отыр.

Қазір елімізде мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінің қамтылу деңгейі 36,5 пайызды құраса, бұл көрсеткіштің алдағы онжылдықта еселеп өсері сөзсіз. Сондай-ақ, алдағы уақытта тәрбие мен оқытудың жаңа бағдарламалары жүзеге асып, еліміздегі балғын бүлдіршіндердің болашағына жарқын жол ашылмақ.

Болашақта жері мен дәулеті, ұлттық болмысы сақталып қалу үшін ұрпақты дұрыс тәрбиелеп білімнің саналы да сапалы болуын қамтамасыз ету – педагог мойнындағы жаупкершілік, себебі баланың дүниетанымы, интеллектуалдық дамуы мектеп қабырғасында қалыптасады. Заман мен қоғам тудырып жатқан өзгерістер құбылмалы да қарқынды, сол өмір ағымы мен ақпараттар тасқынында еркін жүзе алатын жан-жақты қабілетті ұрпақ дайындау – білім беру мекемелеріне жүктелген дүние болғандықтан, түбегейлі өзгерістер мен жаңалықтар іске асырылуда. Мектепке дейінгі білім беру мазмұны заңдар мен құжаттарға негізделген [1,2,3]. Бағдарламалар жасалып, іс жүзінде іске асырылуды [4,5,6].

Ағартушы педагог, қазақ балалар әдебиетінің атасы Ы.Алтынсарин: «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені – мұғалім – мектептің жүрегі» деген екен [7]. Жүрген жерінің жүрегіне айнала білетін тәрбиелі, білімді, қабелетті, дарынды педагогтардың күн санап өсе түсетіндігіне біз де кәміл сенімдіміз.

Қазіргі өмірдің өзінен туындап отырған талаптарды орындау, жаңашылдыққа жаршы болу үзіліссіз тәрбие негізінің бастау бұлағы – мектепке дейінгі ұйымдардан басталғаны орынды. Бала тәрбиесі отбасынан бастау алады десек те, ғылымға негізделген әдіс – тәсілмен берілетін тәлім – тәрбие ісі көбінесе балабақшадан басталып, мектепте жан – жақты педагогикалық өрісін табады. Әсіресе, балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады. Сондықтан зерттеу мәселесінің өзектілігі баланың жан – жақты дамуында маңыздылығы басым.

Білім берудің алғашқы деңгейлері балабақшадан басталмақ. Хакім Абай: «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы-жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болға адам білімді болады» – десе, француз педагогы Жан Жак Руссо: «Бала туғанда ақ қағаздай болып туады, оның үстіне шимайды қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді» [8].

«Адам ұрпағымен мың жасайды» - дейді халқымыз. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз-оқу. «Надан жұрттың күні – қараң, келешегі тұман», - деп М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ [9]. Сусыз, құрғақ, таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты, жас ұрпақтарымызды тәрбиелемесек өспейді, өнбейді.



Тарих көші жылжыған сайын – жаңа ұрпақ пен жаңа қоғамның жаңалықтарға деген сұранысы күн санап арта бермек. Осыдан ширек ғасыр бұрынғы бүлдіршін мен қазіргі заман баласының арасында жер мен көктей айырмашылық бар. Тіпті, ширек ғасыр демей-ақ, әрбір бес-он жыл сайын ауысып келіп отыратын балдырғандардың арасындағы айырмашылықтарды, олардың сан қырлы сипаттарын санамалап кете беруге болар еді. Өйткені айнала қоршаған ортаның, болашақты тәрбиелейтін қоғам мен заманның күнбе-күнгі өз-герісінде соншалықты шапшаңдық бар.

Ескертпе-бағдарлама мазмұны негізінде құрастырылды

1-сурет. Мектепке дейінгі мекемеде “білім саласын” ұйымдастыру түрлері

Баланы сан қырлы әмбебап иесі етіп баулитын заман туды. Қазіргі заман баласы алдындағы педагог беделінің жоғары болуын күнбе-күнгі зымыран жылдамдықпен өсіп отырған жаңа заман талап етіп отыр. Білім мен білігті, ақыл мен парасаттылықты, оқу мен ғылымды, еңбекқорлық пен ізденімпаздықты ұштастыра қызмет етсек, жаңа заман шәкірттерінің алдында педагог беделінің жоғарылай түспесе, кемімейтіндігі айқын деп есептеймін.

Баланың əрбiр толғанысы, əсерленуi мен əрекет-қылығы санада бiршама уақыт (ұзақ, қысқа) сақталып, қажеттi жағдайларда қайта жаңғыртуға келетiн iздер салатыны баршаға мəлiм.

Бейнелеу қабілеттері мен шығармашылығын, жеке қабілеттілікті дамыту, интеллектуалдық, шығармашылық мәселесіне педагогтар, психологтар, әдіскерлердің көптеген еңбектері арналған. Көне замандағы Антик дәуірдің өзінде-ақ ойшылдар мен педагогтар балардың өзіндік ой - тұжырымын жасау оны дамыту үшін репродуктивті және эвристикалық әдістер мәселелеріне көңіл бөлінген.

Бүгінгі таңда бейнелеу қабілеттері мен шығармашылығын дамыту мәселесін зерттеуге қатысты философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерде маңызды ой-пікірлер жинақталған. Бұл мәселенің түп тамыры ғасырлар тереңінде жатыр. Адамның психологиялық ерекшеліктері жөніндегі идеялар, оның ішінде қабілеттілік туралы ойлар сонау ертедегі грек философтарының еңбектерінде, қайта өрлеу дәуірі ғалымдарының және алдыңғы қатарлы әр елдің озық ойлы педагогтерінің еңбектерінде кездеседі.

Ерте дәуірде адам психикасы танымдық құбылыстың ішіндегі танып білуге, ұғынуға өте қиын мәселелердің бірі болғандықтан, жекелеген адамдардың табиғи ерекшелігі мен оларда ерекше табиғи қабілеттіліктің болуы құдіреті күшті құдайдың жаратқаны деп есептеген. Платонның пікірінше, ақын туындылары өзінің өнерлілігі мен білімінен емес, құдайдың құдіретінен, оның белгілеуінен. Платонның еңбектерінде «... поэт творит не от искусства и знания, а божественного предопределения и одержимости» деп жазады. Бұл пікірді Демокрит те қолдаған [10].

XIV ғасыр ойшылдары қабілеттілік, шығармашылық тек өнер адамдарында ғана байқалады деп есептеген. Үкімет қызметкерлеріне, әскери адамдарға, ғалымдарға қатысты шығармашылық қабілетін жат санаған. Дегенмен, бұл ойды жоққа шығаруға әрекет жасағандар да болды. Аристотель көркем өнер туындысының интеллектуалдық іс-әрекетпен байланысты екендігінде айтады. Ұрпақтың ақыл-ой тәрбиесіне негізделген тәрбие теориясында айналасындағы дүниені шынайы ақиқат тұрғыда танып-білуін қамтамасыз етуі мен коғамға, адамдарға дұрыс карым-қатынасын қалыптастырылуын қарастырады. Бұл идеялар Платон, Аристотель, Гераклит, Гиппократ, Демокрит, Плутарх, Квинтиллан еңбектерінде одан әрі дами түсті [10].

Сократ оқыту барысында шәкірттердің іс-әрекетін арнайы басқарып отыруды қажеттілігімен қоса, оның қабілеттілігін тану мақсатында арнайы оқыту әдісін - эвристикалық әңгімелесуді алғашқылардың бірі болып қолданды. Сократ шәкірттерге білімді жай ғана бере салмай, белсенділіктің көрсеткіші ретінде - сұрақ қоюды ұсынды. Эвристикалық сұрақтарды алдын-ала дайындай отырып, сұрақ қою арқылы ойлау қабілетін, қызығушылығын арттырып, өз ой тұжырымын жасай білуге үйретті [10].

Ұлы ойшыл Плутарх жеке тұлғаны танып білуге, қабілеттілікті ашуға үлкен мән бере: «Көптеген табиғи талант дарынсыз ұстаздарының кесірінен жойылып кетеді. Олар дарынның табиғи құбылысына терең бойлай алмай, тұлпарды есекке айналдырып кұртып тынады» - деп атап көрсетеді [11].

Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу іс-әрекеті деп баланың жеке басының жан –жақты дамуына, айналадағы дүниені белсенді түрде тануына, өздерінің алған әсерлерін графикалық және пластикалық формада шынайы әрі шығармашылықпен бейнелей білу қабілетін тәрбиелеуге жәрдемдесетін көркемдік іс-әрекетті түсінеміз. Бейнелеу өнеріне баулуда балалар сурет салу, мүсін жасау, жапсыру, конструкциялауға үйренеді [12, 13, 14, 15].

Бейнелеу сауатын құрайтын бейнелеу құралдары мен әдістерінің барлық жиынтығын бала меңгере алмайды. Әрбір өнердің әсерлі құралдарының ерекшеліктерін педагогтың білуі олардың әрқайсысын бала түсініп, игеретінін және қайсысы балаға түсініксіз екенін анықтауға жәрдемдеседі.

Бейнелеу өнері негіздерін оқып үйрену процестерінде шығармалардың идеясына, мазмұнына, шебердің өзіндік жеке ерекшеліктеріне байланысты суретшілердің алуан түрлі бейнелеу құралдарын пайдалануы өзгеше болатынын балалар меңгереді.

Жалпы бейнелеу өнері туралы мәліметтерге көз жүгіртсек, өнер талай сыннан өткендігі байқалады. Мәдениетіміздің, бір қырынан алғанды таныс, ал сонымен қатар үнемі болжалуы мүмкін емес жағдайы – күрделі араласулар мен өзара әсерлердің, бастан кешірген қиысулар мен түйісулердің, сонымен қатар көркемөнер мен мүсін өнері түрінде көрініс беретін ұлттық сезіміміздің нәтижесі. Мүмкін соның нәтижесі болар, 90-шы жылдардағы қазақ өнерінің жалпы ауқымын көру үшін, сонымен қатар, сол өнердің көркемсуреттік процестерге әсерін А. Қастеев пен А. Исмаиловтардың шығармашылығындағы алғашқы қадамдармен бірге келіп, ары қарай Х. Наурызбаев, М. Кенбаев, С.Мәмбеев, К.Телжанов, Г. Исмайлова, С. Айтбаев, Т. Тоғысбаев және басқа да көптеген суретшілердің өнерінде жалғаса отырып, қазақ сурет өнеріне енген рухани басымдықтар стилдік көріністердің аса бай қырларының ішінде бола отырып-ақ сирек кездесетін тұрақтылыққа ие болды [16].

Адам мен оны қоршаған орта арасындағы нәзік және рухани үйлесімділікті, қазақ ұлтының табиғат – анамен, соның нәтижесінде әлеммен біртұтастығын, туыстығын көрсетуге бағытталған, ұмтылысын, адамның рухани және ішкі дүниесін білуге деген қызығушылығын, мәңгіліктің бір буыны – қас қағым сәттің әдемілігіне, құндылығына сүйсіну, жалпыға белгілі жүйеге ерекше жолмен ену және дүниетанымның басқа да қырларын суреттеу – міне осылар, қазақ суретшілерінің еңбектерінен байқалатын рухани әдет-ғұрыптық көріністер. Республикадағы бейнелеу өнерінің әмбебап тақырыбы, идеясы, мазмұны мен ішкі қыр-сыры, ұлттың мәдени әдет-ғұрпымен үйлескен, тұрмыстың жанданған, дүние тірегі болатын табиғат пен үйлесімділігін қалыптастыру және адамның шығармашылық жігерін нығайту болды.

Түрлі жағынан көріне отырып, осы дүниетанымдық принциптер дамудың бүгінгі күнгі сатысында да бейнелеу өнерінің негізгі тірегі болып отыр және сол арқылы қазақтың бейнелеу өнерін жалпы дүниежүзілік мәдени кеңістікке үйлесімді түрде енгізуде.

Келесі жайды айта кетуіміз керек, бейнелеу және мүсін өнері өз техникасы, техноголиясы, әлеуметтік қызметі тұрғысынан алғанда Батыстан әкелінген бейнелеу өнерінің жаңа болса да, оның бүкіл жолы, ежелгі қайнар бұлағы бар қазақ өнерінің қуатты діңгегінің жаңа көгерген бұлағы тәрізді үйлесе дамуға толы болды. Сюжеттер ғана емес, суретшілердің ұлттық мінез-құлқы, менталитеті, қоршаған ортаны түсіну және бейнелеу тәсілдері, тікелей немесе жанама түрде бейнелеу және мүсін өнерінің сырттан келген тәсілдерінің арасынан көп ғасырлық көшпелілік өмірге негізделген, өзіндік ерекшелігі бар ұлттық сезімнің қайталанбас лебінің соғып тұруына ықпал етті. Соңғы онжылдықтардағы өнердің ерекшеліктері ұлттық сана сезімнің парасаттылық, философиялық дәрежесінің сапалық тұрғыдан алғанда өрлеуіне ықпал ететін, өнердің рухани толысуы мен жоғарғы кәсіби деңгейінің ұштасуы болды.

Қазақстанның бүгінгі күнгі өнер туралы сөз қозғасақ, әдетке айналып кеткен қазақ бейнелеу өнеріндегі тұрмыстың мазмұндық мәселелері мен экзистенциалдылыққа тартымдылық тәрізді көріністерінің де жалғасып жатқанын атап өтпеуге болмайды. Кәсіби өнердің дамуының осы сәті суретшілердің осы заманғы тұтынушыға жеткізуге ұмтылатын идеялар кешенінің нақты байқалатын шоғырланушылығымен де сипатталады. Бүгінгі күннің бейнелеу және мүсін өнері контекстік жағынан аса толықтырылған, кей жағдайда сол себепті қарапайым көрермен оны түсіне де бермейді. Суретшілер мектебінің қалыптастырылуы сатысының алдыңғы кезеңдеріндегі тәжірибелері, бүгінгі күні толық түсінуіміз болашақтың ісі екенін біле отырып, ұлттық өнердің тұтас, сыйымды, өзіндік сипатқа ие феномен бола отырып, біртұтас түрде жиналатын сияқты болады. Түрлі түстер, композициялар, фактура немесе пластика көмегімен, шығу көздері, жылдар бойы шыңдалған, әдеттегі құндылықтар мен түсінушіліктермен тығыз байланысқан, дүниенің құрылуы туралы ұлттық түсініктерді өнерде қалыптастыра, бейнелік шығармалар мен мүсіндік копозицияларда қалпына келтіре отырып, суретшілер небір жиынтыққа, біртұтас жүйеге, шашырап қалған элементтер мен фрагменттерді жинайды деуге болады. Осы процесс барысында шығармалардың нысандарымен атқарылатын жұмыстар да жедел қойылғанын атап өтуіміз керек. Әр алуан түрлі стильдер, тәсілдер, қолтаңбалар бойынша қызмет атқаратын, сол бағыттарда тамаша туындыларды дүниеге әкелетін бейнелеушілер мен мүсіншілердің шығармаларында нысан ролін әсемдік ерекшелік факторының күшеюі немесе күнделікті эстетикалық критерийді жоққа шығару арқылы қарқындандыру жүзеге асырылуда. Осы процесс ұлттық менталитетке тығыз байланысты жаңа суретшілер тілін қалыптастырумен тығыз байланысты болып отыр. Ол өзінің сыртқы стильдік көріністерінде айтарлықтай шартты, орташалау, рәміздік, метофорлік немесе тіпті ашықтан – ашық метафизикалық сипатқа ие болды.

Бүгінгі күнгі өнерде оның алдыңғы қатарлы түрлері бейнелеу мен мүсін өнерінің арақатынасын анықтау оңай жұмыс болмауы әбден мүмкін. Қазақстанның ХХ ғасырдағы бейнелеушілік өнері 3-ші мыңжалдыққа парасаттылық және рухани толысқан түрде аяқ басты. Онда қазақтың көшпенділік мәдениетінің ежелгі тамырлары мәнін тапқан және түсіндірілген. Сол айтылған мәдениетке сай негізгі қаланған жалпы адамзаттық құндылықтардың заман суретшілері дүниежүзі өнеріндегі әдептер және жаңа бағыттар арқылы, ХХ ғасырдың философия мен мәдениетіндегі ірі ағымдары арқылы өз шығармаларында ашып көрсетеді. Соның қорытындысы ретінде, инновациялар негізінде бір ғасыр бұрын пайда болған бүгінгі қазақ өнері рухани ерекшеліктерін жоғалтпау мен қатар, соған сай қайталанбас пластикалық өнер тілін қалыптастырды. Мүмкін сол себепті болар, нақты көріністердің сан алуан қырға ие болуымен бірге, Қазақстан өнері танымал қасиеттерімен де ерекшеленеді. Олар: тұрмыстың экзистенциалдық мәселелерін қатысты мүдделер; үйлесімділіктің адам мен табиғаттың бірлесе өмір сүруінің негізі; шығармашылық көзқарастардың кең ауқымды болуы; ұлттық мәдени әдет-ғұрыптар, мұраларының шектеулілігі; дүниежүзілік мәдени кеңістікке ерікті түрде енуі. ХХ ғасырдың соңғы онжылдығындағы және ХХІ ғасырдың басындағы Қазақстандағы бейнелеу өнері мен мүсіншілігін күнделікті өмірдің табиғатпен үйлесімділігі туралы асықпай айтылатын әңгіме, адам мен универсумының үздіксіз байланысының философиялық жалпыламасының көркемсуреттік таңбаға айналуы деп түсінуге болады. Бүгінгі күн, суретшілерінің шығармаларында жұмбақтық метафоралары және мән мен толықтырылады және сол арқылы жанданады, адам мәдениетінің ежелгі ғарышын бүгінгі күндегі адам ой–санасының жаңа ағымдарымен байланыстыратын мәндер мен мазмұндар пайда болады, суретшінің өмірге деген махаббаты, оны түсінуге бағытталған мәңгілік ұмтылысы да қайталанбас түрде өмірге қайта келеді.

Классикалық академиялық халықтың көпғасырлық тарихының өзіндік жылнамасын жасайды және менің ойымша, Қазақстан өнерінде ең маңызды орынға ие болды. Тарих пен мифологиялық сюжеттер, көшпенділердің өмірінен алынған фрагменнтер, далалық және таулы пейзаждар генетикалық есті бейнелі түрде жаңғыртуға, болмыстың мызғымас категорияларын ұғынуға мүмкіндік береді. Бейнелердің байлығы, олардың мифологиялық мәні, ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлер мен салттардың тәжірибесі, дәстүрлі мәдениеттің трансляция талабына жауап береді және бейнелеу өнер құралдарымен ашып беруге мүмкіндіктер береді.

Ал осы үлкен өнерге балаларды қалай баулимыз?

Әрине балабақшадан басталады. Балабақшада бейнелеу өнерімен шұғылдану болмысты танудың тиімді құралы болып табылады және сонымен бірге көзбен көріп қабылдау, қиялдау, кеңістікті елестете білу, есте сақтау, сезім және басқа психикалық процестердің дамуы мен қалыптасуына жәрдемдеседі.

Бейнелеу іс-әрекетінде мектеп жасына дейінгі балалар бірқатар графикалық және кескіндемелік білім мен дағдыларды меңгеріп, қоршаған дүниедегі заттар мен құбылыстарды талдауға үйренеді.

Сурет салу, мүсін жасау, конструкциялау сабақтарында жеке басының табандылық, мақсаттылық, ұқыптылық, еңбексүйгіштік сияқты қасиеттері қалыптасады.

Бейнелеу өнерімен шұғылдану мектеп жасына дейінгі балалардың тілінің дамуына, олардың сөздік қорының байи түсуіне жәрдемдеседі. Педагог үйретудің негізгі әдістерінің бірі ретінде сөзді пайдаланады: сабақтың тақырыбын хабарлайды, тапсырманың орындалу ретін әңгімелеп береді. Тәрбиешінің айқын, әсерлі сөзі балаға бейнелеу процесін терең ой елегінен өткізуге көмектеседі.

Бейнелеу іс-әрекетін дамыту мәселесіне көптеген ғалым, педагогтардың зерттеулері арналған. Италияның өнер зерттеушісі Коррадо Риччидің «Суретші балалар» атты еңбегі (1887 ж.) балалар суреттерін психологиялық талдауға арналған. Балалардың көптеген суреттерін зерттей отырып, бейнелеу шығармашылығының өзіндік ерекшеліктеріне сипаттама берген.

1911 жылы К.Риччидің осы кітабы орыс тіліне аударылды. Балалар шығармашылығына көңіл аударатын кез жеткендігін сол кездегі суретшілер айтып жатты. Орыс ғалымдарының балалардың бейнелеу өнеріндегі орны туралы еңбектер жарық көре бастады (Л.Г.Оршанский, А.А.Рыбников, К.М.Лепилов, Ф.И.Шмит және т.б.) [17].

Балалар бейнелеу іс-әрекетінің нәтижелерін педагогикалық позициядан – балаларда байқампаздық, есте сақтау, зейін қою, эстетикалық сезімдердің даму тұрғысынан қарау орыс авторларының жұмыстарына тән болды.

В.М.Бехтеревтың «Обьективті зерттеудегі балалар суреттерінің бастапқы эволюциясы» (1910ж.) атты жұмысы ерекше қызығушылық туғызды.Ол баланың субьективті дүниесіне ену және осының негізінле оның сезімі мен қиялдарының ерекшеліктерін анықтау мүмкіндігі туралы қорытындыны ғылыми емес деп есептеді. Ол бастапқы сызықтары мен шимайларында бала әлі ештеңені білмейді деп дұрыс қорытынды жасаған. Бала айналасынан нені көрсе соны салады, сондықтан баланың шығармашылығына дұрыс баға беру үшін оның тұрған жағдайын анықтау қажеттігін айтты [18].

В.М.Бехтерев балаларға сурет салу техникасын үйретудің қажеттігін мойындады; ересектерге саналы еліктеу, оның пікірінше, баланың өзіндік ерекшелігінің де, жеке-даралығының пайда болуына да кедергі бола алмайды.

Тарихшы, педагог А.В.Бакушинский бабалар шығармашылығының қайнар көздері биологиялық факторлар болып табылады және ол айналадағыны танып білудің ықпалымен емес, жинақталған тектік тәжірибенің, түйсіктің ықпалымен дамиды деп дәлелдеді.

А.В.Бакушинский тектік тәжірибе ретінде балалар шығармашылығы жетілдірілген және онымен салыстарғанда ересектер шығармашылығы жадау әрі кемтар сияқты деп есептеді. Сондықтан бала үлкендерден ештеңе үйрене алмайды деп балалар шығармашылығын жоғары бағалады.

Мұнан кейінгі жылдарда көркемөнер тәрбиесін дамытуда: балалар шығармашылығының мазмұны қазіргі заманғы болмысты бейнелеу болып табылатынын, ал осыған байланысты баланығ қоршаған өмірмен етене араласуына қамқорлық жасау қажеттігін мойындау, тәрбиелік мақсаттардағы өнердің және балалармен жұмыс жүргізуде оны пайдаланудығ маңызын түсіну; баланың шығармашылық қабілеті тек мақсатты педагогикалық ықпал жасаудың әсерімен ғана ойдағыдай дами алады деген пікірдің орнығуы сияқты неғұрлым дұрыс тенденциялар байқалды.

Бұл мәселелерді шешуде Е.А.Флерина үлкен роль атқарды. Ол бейнелеу іс-әрекеті әдістемесінің негізін қалады. «Балалар суреті» (1924ж.) жұмысында балалар шығармашылығына басшылық жасау негізінде алынған принциптерді белгіледі:


  • кеңінен эстетикалық тәрбие беру;

  • байқампаздықты, түс пен ырғақ сезінуді дамыту.

Өткен ғасырдың 60-жылдардың аяғына қарай мектеп жасына дейінгі ересек жастағы балалардың мүсін жасаудағы шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселесі жөнінде (Н.Б.Халезова), балалардың мүсін жасауының сенсорлық негіздері туралы (Н.А.Курочкина, Е.А.Корзакова) арнаулы эксперименттік зерттеулер жүргізді [19].

Бейнелеу іс-әрекетінің алуан түрлеріндегі балалар шығармашылығы зерттелінді:



  • сурет салудағы графикалық іскерліктің қалыптасуы туралы (Т.С.Камарова);

  • мектеп жасына дейінгі ересек жастағы балалардың натурадан сурет салу ерекшеліктері және оларға басшылық жасау әдістері туралы (Р.Г. Казакова);

  • мектеп жасына дейінгі ересек жастағы балалардың сурет салудағы шығармашылығына табиғаттың поэтикалық образдарының ықпалы туралы (Л.В.Компанцева);

  • мектеп жасына дейінгі ересек жастағы балалардың декоративтік – өрнектік іс-әрекетінің қалыптасуы туралы (З.А.Богатеева);

  • декоративтік аппликациялық жұмыстардың материалында балалардың бейнелеу әрекетінің сенсорлық негіздері (Е.С.Рогалева) және т.б. еңбектерінде көрініс тапты [20, 21, 22].

Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу қабілеттерін дамыту аса маңызды мәселе. Ал кез келген іс-әрекетке деген қабілет әрбір тұлға бойында бар болғанымен туа біткен нышандарға байланысты олардың даму дәрежесі барлық адамдарда әр түрлі. Дамудың ең жоғарғы баспалдағына дарынды талантты, алуан түрлі нышандар бойында қолайлы үйлескен адамдар жете алады.

Психологияда ұғымдарды жалпы және арнаулы қабілет деп бөледі. Бейнелеу іс - әрекетіне деген қабілеттілік арнаулы қабілет қатарына жатады.

Әрбір қабілет жетекші, негізгі және құрастырушы фонға бөлінетін психиканың ерекшеліктеріне тәуелді күрделі құрылымға ие.

Бейнелеу іс - әрекетіне қабілеттің жетекші қасиеттері қиялдау болып табылады, қиялсыз ойдың өз көрінісін табуы мүмкін емес.

Бейнелеу қабілетінің құрылымында оның негізгі қасиеттері толық қабылдауды қамтамасыз ететін жоғарғы табиғи көру сезімталдығы; дағдыларды шапшаң және жақсы меңгеруге көмектесетін қолдың ерекше іскерлігі болып табылады.

Бейнелеу іс - әрекетін қамтамасыз ететін және осы іс - әрекет фонын құрайтын қасиеттер белгілі бір эмоциялық көңіл – күй болып табылады.

Оқыту жүйесін жасаған кезде бейнелеу және құрастыру әрекеті құрылымының осы ерекшеліктерін ескерген жөн.

Бейнелеу әрекетіне қабілеттілік әр адамның бойында дамыған болуы мүмкін. Бірақ осы іс - әрекетке туа біткен жақсы нышандары бар адам өнер саласында творчестволықпен жұмыс істей алатындай дәрежеге дейін қабілетін дамыта алады, бұл кезде қолайлы нышандары неғұрлым аз адамдар қабілетін заттарды сауатты, графикалық жағынан дұрыс бейнелей алатындай дәрежеге дейін ғана дамыта алады.

Бейнелеу қабілетін дамыту үшін маңызды мәні бар анатомо – физиологиялық ерекшеліктерді қарастырып көрелік.

Кез келген саладағы қабілеттілікті дамытуда үлкен роль жоғары дәрежелі нерв қызметінің үлесіне тиеді. И.П.Павлов адам бойында оның қабілетін анықтайтын жоғары дәрежелі нерв қызметінің екі типі – көркемдік және ойшылдық (ақыл – ой ) туралы жазған болатын.

Бірінші – көркемдік типте ойлау бейнелі, айқын, әсерлі болып келеді. Екінші – ойшыл типте ойлау абстракциялы, сөздік формаларға ие. Көптеген адамдар аралас типке жатады, олардың ойлауы бейнелі де, абстракциялы да болып келеді.

Тиісті жағдайларда жоғары дәрежелі нерв қызметінің көркемдік типіне жататын адамдарда бейнелеу қабілетттілігі неғұрлым жоғары даму дәрежесіне жете алады.

Бейнелеу қабілетттілігін ойдағыдай дамыту үшін көру аппараттары құрылысының да маңызы бар. Көздің анатомиясындағы немесе физилогиясындағы болмашы кемістік түсті сезе білуге әсерін тигізеді, ал түсті сезе білу суретші үшін соншалықты маңызды. Көзінің тор қабығының қолбалық аппаратының әрекеті бұзылған адам түсті ішінара ажырата алмаудан жапа шегеді, көбіне қызыл немесе жасыл түстерді ажырата алмайды (дальтонизм). Дальтонизмнен жапа шегетін адамдар спектр түсін негізгі екі тонда – сары және көгілдір тонда қабылдайды. Мұндай адам айналадағы заттардың бояуын дұрыс қабылдап, оны живописть құралдарымен бере алмайтыны айқын.

Көздің өткірлігі де, яғни заттарды алыс қашықтықтан айыра білу қабілеті де көру аппаратының құрылысына байланысты. Көздің белгілі бір қашықтықтан айыратын заты неғұрлым кіші болған сайын, оның өткірлігі де соғұрлым жоғары болады. Кеңістікті көру көздің микроқозғалыстарының көру актісіне қатысуына байланысты.

Көру аппаратының кемістігі бар адам живописть саласында бейнелеу қабілетін дамытудың жоғары сатысына жете алмайды, ол бар болғаны дұрыс графикалық бейнелей білуге ғана ие болуы мүмкін. Скульптура саласында шығармашылықпен жұмыс істеу қабілетін дамытуға көздегі кемістік көп кедергі жасамайды, дегемен де толыққанды шығармашылықпен айналысу мүмкіндігін шектейді.

Бейнелеу іс-әрекеті процесінде заттардың формасын, олардың пропорциясын, түсін көзбен көру арқылы қабылдай отырып, адам көргенін салыстырады, байытады, яғни шығармашылық кезінде ойлау процесі күшейе түседі.



1.2

Бейнелеу және құрастыру әрекеттері арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылығын дамыту

Бейнелеу және құрастыру әрекеттері арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылығын дамыту өзекті мәселе.

Баланың бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, шығармашылықты тани білу, оның әрі қарай дамуына бағыт-бағдар беру қажеттілігі әлі күнге дейін маңыздылығын жоймай отыр.

Қабілеттілік пен шығармашылық мәселесі - Орта Азия мен Қазақстан ойшыларын да толғандырған мәселе. Араб сөз бостандығының негізін қалаушылар (Әл-Хорезми, Фердауси, Әл-Фараби, Ибн Сина, Беруни және т.б.) философия, логика, химия, астрономия, география, медицина, психология ғылымдарымен бірге жас баларды тәрбиелеу мәселелеріне көп еңбектер арнаған.

«Шығармашылық» ұғымының философиялық мазмұнына тоқталайық.

Антикалық философияда шығармашылық кез келген іс-әрекеттің нәтижесі ретінде қарастырылады. Адамның жоғары әрекетке ұмтылуын мақсат еткен Эрос туралы ілім Платон еңбектерінен бастау алады. Шығармашылықты адам табиғатының шексіз мүмкіндіктерімен байланыстырады. Бұл дәуірде шығармашылық - көркем шығармашылық тұрғысында қарастырылады, өнер иесі мен көркем өнер иесіне деген қызығушылық пен жеке басқа табынушылық пайда болады.

И. Кант еңбектерінде шығармашылық адам еркіндігі мен субъективтілігіне тікелей қатысты адамның саналы және санадан тыс іс-әрекетінің бірлігі ретінде сипатталады.

ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басындағы шетел философиясында механикалық-техникалық іс-әрекетке қарағанда шығарамашылық әркеті басымдыққа ие және өзара қарама-қайшылықта айқындалады. Шығармашылық тұжырымдамаларының ішіндегі ең белгілісі – интуитизм бағытында берілген А. Бергсон тұжырымдамасы. Шығармашылық - өмір мәні, жаңалықтың дүниеге келуі, субъективті құрастырмалы іс-әрекетке қарама-қайшы объективті түрде жүзеге асырылатын құбылыс (табиғатта-дүниеге келу, өсу, жетілу процесі, санадағы жаңа кейіп-бейненің пайда болуы).

Экзистенциализм тұсында шығармашылықтың бастауы – еркіндік бастамасы ретінде ғана қарастырылады, тұлғаның әлеуметтік және табиғи әлем аясынан мақсатты түрде шығуы.

ХХ ғасырдағы прагматизм, инструментализм секілді философиялық бағыттарда шығармашылық берілген жағдайға сәйкес мақсатты шешу жолындағы ізденіс нәтижесі, өнер табу болып есептелінеді.

С.О.Грузенберг шығармашылық теориясының бірнеше түрін ұсынады: философиялық, психологиялық, интуитивтік (түйсінуге негізделген) [23]. Ал бүгінгі күннің шығармашылық іс-әрекет саласындағы зерттеулер шығармашылық теориясының төртінші түрі ғылыми-теорияны дүниеге әкелді.

Шығармашылықтың қозғаушы күші – қарама-қайшылық, шығармашылық мазмұны – қарама-қайшылықты шешу, ал сұраныс пен қажеттіліктерді қанағаттандыру – шығармашылықтың мақсаты.

Шығармашылықтың – тұлғаны дамытудағы әмбебап механизмі, шығармашылық даму деңгейі – жалпы тұлғаның даму көрсеткіші бола алады. Философтар С.С.Гольдендрихт пен Л.А.Пьянова атап көрсеткендей, шығармашылықтың негізі адам жан дүниесін жаңғырту.

Сонымен, шығармашылық – адамның әлеуметтік күші арқылы өзін-өзі дамыту және өзін-өзі жетілдіру жүзеге асырылатын жаңартушы және жалпы мәдени-тарихи өзіндік іс-әрекет.

Қоғам дамуымен, философиялық және психологиялық ғылымдардың дамуымен шығармашылық қабілет мәселесіне көзқарастар дамып өзгеріп отырды. Түрлі психологиялық мектептер шығармашылық феноменіне, шығармашылық ойлау, шығармашылық қабілеттерді зерттеуге деген өзіндік тәсілдерін ұсынды.

Шығармашылық - өзін-өзі оң бағалауға мүмкіндік беретін және өз дамуында индивидтің өзін-өзі дамытуын қамтамасыз ететін күш. Бірақ әлеуметтік факторлар жеке тұлғаның имманентті қасиетін басып, оны қоршап, жеке тұлғаның шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі көрсетуіне мүмкіндік бермейді. Сөйтіп, гуманистік психологияда шығармашылық табиғатын анықтауда негізгі бағыт заттар мен идеялар саласындағы жаңа өнімдерге емес, сол процестің өзіне, оның жағымды динамикасына басымдық береді. Сонда оның өлшемі болып нәтижесінің сапасы емес, шығармашылық іс-әрекетті белсендіруші сипаттар мен процестер болып табылады, себебі шығармашылықтың өзі – бұл рухани, білімдік толықтырушы космологиялық процесс.

Ғылымдағы гуманистік бағыт адамның шығармашыл табиғатына деген үміткер сенімімен және бірқатар детерминант: шығармашыл тұлғаға деген қоғамның өсіп келе жатқан сұранысы, жаңа ғылыми технологиялардың өсуі – креативтік саласындағы зерттеулерге жаңа қарқын берді. Дарынды және талантты балаларды оқыту мен дамыту адамның шығармашыл дамуының моделін құрауда шығармашыл дарындылық психологиясының жаңа шектері, талант пен дарындылықты зерттеу мәселесіне бірқатар ғалымдардың қызығушылығын (Дж. Гильфорд, Дж. Рензулле, К.Тейлор, Е.Торренс) оятты [24].

А.В.Морозов, Р.М.Голубчик т.б. зерттеушілер шығармашылық ұғымына берілген көптеген анықтамалардың ішінен жалпы ұстанымдарды белгіледі:

● шығармашылық - жаңа тәсілге сәйкес қажеттіліктерге бейімделу қабілеті, жаңаша бейімделу ғана даму мен өсуге түрткі болады.

● шығармашылықты зерттеудің үш аспектісі бар: нәтиже, адам және процесс.

● адам бойындағы жаңарулар, жаңа нәтижеге жету процесс сипаты ретінде жаңашылдық, үйлесімділік, ізденімпаздық қажеттілікті қанағаттандыру және мақсат қою қабілеттері есептелінеді;

● шығармашылық нәтиже түрі сан алуан [23].

Е.А.Колесникова зерттеулерінде шетелдік және отандық психологтар еңбектеріндегі «шығармашылық» ұғымына берілген теориялық түсінік ерекшеліктеріне талдау жасалынған [24]. Оның ішінде гуманистік бағыттағы: «шығармашылық көзі – тұлғалық өсуге деген ынта» деп дәлелдеген психологтар Г.Олпорт пен А.Маслоу ұстанымдары. А.Маслоу: «Шығармашылықты - өзіндік өзектендіруге деген қажеттілік, өз қабілеттері мен өмірлік мүмкіндіктерін еркін және толық жүзеге асыру», - деп түсіндіреді [24].

Қазіргі ғылым жетістіктері шығармашылық барлық адамдарда болуға тиісті сапа және де қабілеттің мұндай дәрежесіне белгілі бір шарттар орындалған жағдайда, кез-келген баланы көтеруге болатындығы жайында көп айтылды. Өкінішке орай бұл түсінік әлі барлық адам санасынан берік орын алған жоқ. Сондықтан мұғалімдер, ата-аналар, тәжірибелер алдында бала шығармашылығының бастауын, қайнар көзін ашып, оның тұлғалық тұғырғы көтерілуіне жағдай жасау міндеті тұр.

Бүгінгі таңда жеке тұлғаны дамытудың жағаша көзқараспен қарап, оған әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес білім мен тәрбие беру талап етілуде. Қазіргі мақсат – жас ұрпақтан өркениетті қоғамның еріктің өз бас бостандығын қорғай алатын, бүкіл адамзат құндылығын бағалайтын, адамгершілік, ізгілік мінез-құлқы қалыптастан шығармашыл тұлға тәрбиелеу.

Үнемi тануға, бiлуге деген кұштарлықтың болуы адамның болмысының басты ерекшелiгi сол ұмтылысының арқасында ол өзiнің рухани жан – дүниесінің байытып, дами бередi.

Оқыту мен дамудың өзара қарым-қатынасы барлық уақытта педагогиканың өзекті мәселесі болып отырған Я.А.Коменскийдің еңбегінен бастап, оқытудың ғылыми негізін іздестіру басталған, соның негізінде әрбір оқушының жеке мүмкіндіктері мен олардың жасының даму процесіндегі өзгерістерін дамыта оқытудың ғылыми негізін іздестіру басталған. Бұл мәселеге орыс педагогикасының негізін салушы К.Д. Ушинскийде назар аударған. Ол өзінің «Адам тәрбие пәні» атты еңбегінде, баланың түрлі жас ерекшелігі кезеңіндегі негізгі психологиялық даму ерекшеліктерін айта отырып, баланы оқытудың ең күшті факторы оқыту мен тәрбиелеу деп жазды.

Оқыту мен тәрбиелеудің арақатынасы жөніндегі мәселе одан бергі уақытта да, өз өзектілігін жойған жоқ. Оны психология ғылымының көрнекті өкілдерінің бірі Л.С.Выготскийде зерттей отырып, оқыту мен дамудың арақатынасы мәселесін шешудің өзіндік тәсілдерін ұсынды:

- Оқыту мен даму бір-біріне тәуелсіз екі түрлі процесс;

- Оқыту кемелденуге негізделеді, оқыту мен даму процесінде пайда болатын мүмкіндіктері пайдаланады;

- Оқыту мен даму екі түрлі салыстырмалы процесс;

- Оқыту дамудан кейін жүріп отыруы мүмкін, сонымен қатар дамуды алға жылжыта отырып, оның алдында болуы да мүмкін.

Баланы оқыту мен дамытудың арақатынасы мәселесінің шешімін түрлі зерттеушілер әр түрлі тәсілдермен іздестіреді:



  • Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдов оқытудың мазмұнының өзгерісін іздестіру керек деп есептеді;

  • Н.А.Меченская, Д.И.Богоявленская, Е.А.Кабанова-Миллер білімді, іскерлікті және дағдыны меңгеру тиімділігі ақыл-ой іс-әрекеттерінің тәсілдерін жетілдірудің көмегімен арттыруға болады деп дәлелдеді;

  • Б.Г.Ананьев, А.А.Люблинская оқытудың түрлі әдістерінің арттыру жағдайын зерттеуге мән береді;

  • Л.В.Занков оқытудың дамытушылық әдістеріне ең бірінші, оқыту процесінің өзін жетілдіру арқылы қол жеткізуге болады деп тұжырымдайды;

  • П.Я.Гальперин, Н.Ф.Талызина баланың ой-өрісінің дамуына ақыл-ой әрекеттерінің кезеңі қалыптастырудың әсерін зерттеді [25,26,27].

И.И.Подласый «дамыту» ұғымына ғылыми педагогикалық тұрғыдан түсінік береді. «Дамыту –дейді ол- адам ағсасының сандық және сапалық өзгеріс үрдісі, оның нәтижесі. Ол адам ағзасындағы үнемі болатын өзгерістер, ол бір жағдайдан екінші жағдайға, қарапайымнан күрделіге, төменнен жоғарыға қарай жүреді». Ал егерде «нені дамыту керек?» деген сұраққа жауап іздестірсек, одан мынаны көруге болады:

Л.С.Выготскийдің пікірінше алғашқыда оқытудың тиімділігі алынған білімнің көлемінен, сапасымен өлшенсе, соңында білімнің тиімділігі деңгейімен, психикалық іс-әрекеттің негізгі түрлерінің қаншалықты дамығандығымен өлшенеді. Іс-әрекеттің жекелеген түрін ойдағыдай, әрі нәтижелі етіп орындаудан көрінетін ерекшелікті – қабілет деп атайды. Қабілеттің негізгі түрінің бірі- жалпы күрделі қабілет. Жалпы күрделі қабілет-білім беру үрдісінде қалыптасқан жеке тұлғаның интеллектуалдық ұйымдастырылуы.

Баланың қабілеттерін дамыту мәселесі өзінің тамырын адамзат тарихының тереңінен алады. Бүкіл бір халықтың ұстазы Абай өзінің 43-ші қара сөзінде бала өмірге келгендегі қабілеттері әрі қарай дамытуды, шыңдауды қажет ететін, сонда ғана олар пайдаға асатынын жазған. Ал назардан тыс қалған қабілеттер бара-бара жойылып, жоқ болатынын айтқан.

Бар өмірін ағарту, тәлім-тәрбие арқауы деп ойлаған үлкен жүректі ұстаз Ы.Алтынсарин арнайы психологиялық еңбектер жазбаса да, алуан түрлі, сандарлы ойға толы шығармаларында адамның тағдыры туысынан белгіленбейтіндігін, адамдық қасиеттердің, қабілеттердің қалыптасатын жері-өмір талқысы, әрекет ету екенін ескертеді.

Ғасыр өткен сайын ұрпақ туралы ойлар өз жалғасын тауып келеді. Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, С.Торайғыров т.б. баламен жұмысты жас кезеңнен бастауды, туған халқының әдет-ғұрпы салт-дәстүрі, мәдениеті арқылы тәрбиелеу керектігін өз еңбектерінде атап көрсеткен [9].

Педагогика ғылымы еш нәрсеге бейімі, қабілеті жоқ адам болмайды деген пікір айтады. Сол себепті балалардың кеңінен өрістете дамытуда мектеп мақсатты түрде ықпал ете алады.

Баланың шығармашылық қабілеттерін талдау ең алдымен қабілет ұғымына тоқталып, мәнін түсінуді талап етеді.

Күнделікті ауызекі сөзде қабілет деген атауды жиі қолданамыз. Мәселен, мұғалім оқушыға мінездеме бере отырып, оның бір пәнге деген қабілеті күшті екендігін атап өтеді. Психологтардың зерттеулері бойынша, әрбір жаста шығармашылыққа баулуға өзек болардай өзіндік қабілет, бейімділік болатынын атап айтқан.

Қабілет біреуде күшті, біреуде шамалы болып келуі мүмкін. Қабілеттің өлшемі- белгілі бір істің нәтижелі орындалуында. Философияда «қабілеттерді» тұлғаның белгілі бір әрекетті орындауға жағдай жасайтын жеке ерекшеліктері дей келе, олар қоғамдық тарихи іс-әрекеттердің нәтижесінде қалыптасып, әрі қарай дамып отыратындығын атап көрсеткен.

Қ.Жарықбаев, қабілет -белгілі бір істі үздік орындауға мүмкіндік беретін адамның әртүрлі жеке қасиеттерінің қиысып келуін, яғни адам қасиеттерінің синтезін атайды [32].

А.В.Петровский, қабілет –білім алуға қажетті адамның психологиялық ерекшелігі- деп атайды.

Ал, Т.Тәжібаев: Қабілет іс -әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай, нәтижелі орындауында көрінетін жеке қасиеті,-деп жазды [33].

Педагогика және психология түсіндірме сөздігінде, қабілет-бір іс-әрекетті орындаудағы тұлғаның жеке дара қасиеті. Сонымен қатар белгілі бір іс-әрекетті берілген уақыт ішінде жүзеге асыруға мүмкіндік беретін сапалар: білік, тәжірибе, шеберлік, талант,-деген анықтама берілген.

Қабілеттің дамуы оны қажет ететін қызмет саласында және әрекетке үйрену үстінде көрінеді. Қабілеттің ойдағыдай дамуы адамда тиісті білім жүйесінің икемділік пен дағдының болуына байланысты болады.

«Қабілет» ұғымына берілген психологиялық анықтамалар саны баршылық. Қабілеттер-деп әрекеттің талаптарын қанағаттандыратын және үлкен жетістіктерге жеткізетін адамның қасиеттерінің синтезін атайды.

Ең алғаш қабілеттер мәселесін көтерген С.Л.Рубинштейн іс-әрекеттің қабілет дамытудағы ролін нақтылады. Осыдан бастап қабілеттердің әрекетте дамитындығы жайлы теория қалыптасып, бұл екі теория біртұтастықта қарастырылатын болды.

Қабілеттер жайлы ой пікірлерді әрі қарай өрбіте отырып, Б.Г.Ананьев қабілеттер тек білім, білік жиынтығы ғана емес, оларды қолдана білудегі дербестік,саналылық,шығармашылық деген пікір айтады.

Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесін көтеру тәжірибе барысында, білім мазмұнында оқушының шығармашылық қабілеттерінің дамуы басты нысана болып алынумен байланысты түсіндіруге болады.

Халқымыздың «жігітке жеті өнер де аз болмайды» «сегіз қырлы бір сырлы» деп айтылатын нақыл сөздері адам табиғатының шексіз мүмкіндіктерін көрсетсе керек.

Шығармашылық - бүкіл тіршіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Бұған бүкілхалықтық,жалпы және жеке адамның шығармашылығы арқылы келдік. Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс-әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізді.

Ал бүгінгі күрделі әлеуметтік-экономикалық жаңарулар тұсында шығармашылық қабілеттер басты нысана болып, керісінше, балада шығармашылық қабілеттің болмауы үлкен мәселе болып саналады. Себебі, өмірдегі сан алуан қиыншылықтарды шешу тек шығармашыл адамдардың ғана қолынан келеді. Тек шығармашылық қана қандай түрде, қандай деңгейде болмасын адамға өмірдің мәнін түсінуге, бақытын сезінуге мүмкіндік әпереді.

Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын, құралдарын анықтау психология мен педагогика ғылымдарында өте ертеден зерттеліп келеді.

Шығармашылық әлемдік мәдениеттің барлық дәуіріндегі ойшылдардың назарында болғандығын «шығармашылық теориясын» жасауға деген көптеген ізденістердің болғандығынан байқауға болады. Бұл әрекеттер өзінің логикалық шегіне жеткен деп айтуға болмайды. Сондықтан шығармашылық оқу тапсырмаларының негізгі мақсаты-бүгінгі күн талаптарынан туындаған, озық қоғамға лайықты жаңа сана, рухани сапа қалыптастыру және дамытуда тың жолдар мен соңғы шешімдер іздестіру болып табылады.

Көрнекті педагогтар К.Д.Ушинский, Ы.Алтынсарин А.С.Макаренконың шығармаларында қабілеттерді дамытудың жолдары қарастырылса, бала шығармашылығына бағыт-бағдар беруді ең алғаш білім мазмұнына енгізген М.Жұмабаев болатын [34].

Кеңестік исихологтар мен ғалымдар Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн, А.Г.Ананьев А.Н.Леонтьев, В.В.Давыдов, Л.В.Занков, В.А.Ккрутецкий, Б.М.Тепловтың өз республикамыздағы көрнекті ғалымдар: Т.Тәжібаев, М.М.Мұқанов, Ж.М.Әбділдин, Қ.Б.Жарықбаев, Т.С.Сабыровтың еңбектерін жеке тұлғаны дамытудың теориясы және практикасының алтын қоры деп білеміз [35,36].

Отандық психологияда қабілеттер жайлы ілім біркелкі дамып отырған жоқ. Мысалы:1930-1940 жылдардың арасында тұлғаға деген тұрпайы-социолистік көзқарас қалыптасқан кезде қабілеттер жайлы мәліметтер психологиядан да, педагогикалық практикадан да алынып тасталған болатын.

Тек, 1950 жылдардың ортасынан бастап, бұл мәселе қайта көтеріле бастады. Бұдан кейін нақты қабілеттер жайлы іргелі зерттеулер жасалды. Олар: музыкалық қабілеттер Б.М.Теплов, бейнелеу өнеріне деген қабілеттер В.П.Ягункова, математикалық қабілеттер В.А.Крутецкий, педагогикалық қабілеттер Н.В.Кузьмина сияқты зерттеулер [37].

Республикамызда бұл мәселеге назар аударған ғалымдар Ә.Қоңыратбаев, С.Тілешева жоғары сыныптарда шығарма жазғызу, В.Д.Чернов факультативтер мен үйірмелер жұмыстары арқылы қабілеттерді шығармашылық деңгейге көтеру жолдарын қарастырса, Қ.Ә.Жаманбаеваның зерттеу жұмысының негізгі идеясы-оқушыларды сөз өнеріне баулу, көркем-шығармашылық қабілеттерін дамыту, М.Мұхамедин ойын арқылы шығармашылық қабілеттерді дамыту жолдарын айқындайды. Шығармашылық –жаңалық ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі.

Осы саланы тереңірек зерттеген дәрігер әрі психолог А.Н.Лук әрекет нәтижесінің шығармашылық деңгейге көтерілуі ең алдымен шығармашылық ойлауға байланысты деген пікір айтады [21].

Шығармашылық қабілеттердің белгілері ретінде: мәселені қарастырудағы қырағылық, көрегендікті, ақпаратты жүйке жүйесіне қол арқылы хабарлауды, тасымалдай білуді, ақылдың икемділігін, ойдың оралымдылығын, әрекетті бағалай білуді көрсетеді.

Әрекеттің шығармашылық қабілеттерді дамытуы үшін қажетті ахуалдың болуы керектігін және қорқыныш, жалқаулық, өзін-өзі шамадан тыс сынау сияқты психологиялық кедергілермен күресу қажеттілігіне тоқталады.

Жоғарыда аталып кеткен еңбектерде шығармашылық қабілеттердің белгілерін анықтау, шарттарын айқындау, аталған сапалар көп жағдайда шығармашыл тұлғаның таңғажайып үлгісін құрайды. Шығармашылық педагогикасының басты мақсаттарының бірі де осы. Мақсатқа жету үшін берілетін оқу тапсырмалары да күрделі, өз ойын жетілдіруге, шығармашылыққа баулуға құрылуы тиіс.

Мектепке дейінгі балалардың қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды. Біріншіден, кез-келген бала оқу әрекетінде адамзат баласының осы кезге дейінгі жинақталған тәжірибесін меңгерсе, екіншіден, кез-келген обалашығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Оқу әрекетінен шығармашылық әрекеттің айырмашылығы-ол баланың өзін-өзі қалыптастыруына, өз идеясын жүзеге асыруына бағытталған жаңа әдіс-тәсілдерді іздейді. Проблеманы өзінше, жаңаша шешуге талпыныс жасайды.

Шығармашылық әрекетте баланың іздену жұмысы басты нысанада болады да, нақты жағдай шешу арқылы нәтижеге жеткізетін шығармашылық қабілеттерді дамытады.

Бүгінгі балалар кез-келгені шығармашылық тапсырмалар шешуді табыспен меңгере алады. Тек ол жұмысқа дұрыс басшылық, шебер ұйымдастырушылық қажет. Л.Н.Толстой Ясная Полянадағы мектебінде бала тек іс-әрекет, ойлау еркіндігі бар жағдайда ғана шығармашылық қабілеттерін дамыта алады деген қағида басшылыққа алынып, оқу, оның мазмұны баланың тұлға болып қалыптасуына қызмет ету керек деген бағыт ұстанады. 1862 жылы жарияланған «Шығарма жазуды кім кімнен, шаруа балалары бізден бе, әлде біз шаруа балаларынан үйренуіміз керек пе?-атты мақаласында өз оқушылары Семка мен Федькаға еркіндік бергені сол-ақ екен, олар, осыған дейінгі орыс әдебиетінде болмаған» шығарма жазғандарын келтіреді. Л.Н.Толстой егер бала мектепте бір нәрсе жасауға, ойлап табуға үйренбесе, тек біреуді қайталаса, еліктесе, ол үлкейгенде де өздігінен ешнәрсе шеше алмайтын адам болады деген.

Бұдан шығатын қорытынды: бала әдемі, байыпты, мақсатты ұйымдастырылған шығармашылық жұмыстардың қатысушылары болғаны дұрыс. П.П. Блонский сөзімен айтқанда, «ол-біліммен толтыратын бос ыдыс емес, ол-жануға тиісті шырақ, ұстаз шырақшы ғана» [26].

Б.Тұрғынбаеваның «Шығармашылық қабілеттері және дамыта оқыту» (1999 ж.) атты оқу құралы тәрбиешілердің қолына тиді. Бұл оқу құралында әдіскер шығармашылық қабілет жайлы теориялар, дамыта оқытуды қалыптастыру, тәжірибелер туралы сөз етеді. Әсіресе, балалар мен жүргізілетін жұмыстар, тапсырмалардың берілуі орын алған. Қазіргі педагогикалық-әдістемелік баспасөз беттерінде де шығармашылық жұмыстар туралы азды-көпті материалдар беріліп жүр. Мұның бәрі қазіргі өмір талабы қанағаттанарлық дәрежеде көрініс таба алмай отыр. Осы орайда зерттеуші педагог- психолог ғалымдардың назарын аударған пробеламалардың бірі бұл балалардың шығармашылық қабілетін дамыту болып отыр. Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселесіне келгенде ең әуелі біз зерттеу проблемамыздағы негізгі категория-«шығармашылық» ұғымының мәнін анықтауға келеміз.

Шығармашылық сөзінің төркіні, этимологиясы «шығару», «ойлап табу керек», дегенге келіп саяды. Демек, жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек. Көрнекті психолог Л.Выготский «шығармашылық» деп жаңалық ашатын әрекетті атаған. Шығармашылық-өте күрделі процесс. Ол іс-әрекеттің түрі болғандықтан, тек адамға ғана тән.

Ұзақ жылдар бойы шығармашылық барлық адамның қолынан келе бермейді деп қарастырылып келсе, қазіргі ғылым жетістіктері қабілеттің мұндай дәрежесіне кез-келген баланы көтеруге болатынын көп айтуда.

Шығармашылық дегеніміз – бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен саналы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу адамның рухани күшін нығайтып, өзін-өзі тануына көмектеседі.

Ал Б.Тұрғынбаеваның әдістемелік оқу құралында шығармашылық туралы айтылған ойлары мен жасалған тұжырымдамалары талдай отырып: «Шығармашылық-бұл қайшылықтарды шешуге бағытталған, ол үшін жекелік қасиеттердің болуын талап ететін, нәтижеде әлеуметтік не жеке адам үшін мәні бар соңы жаңалыққа әкелетін адам әрекеті»- деген тұжырымын жасайды. Ал бастауыш сынып оқушысының шығармашылығы-тек өзіне ғана жаңалық болып табылатын, субьективті жаңалық.

Алайда, біздің өмірімізде әр адамның жаңалық ашуы сирек кездесетін жағдай. Неге? Американдық ғалам Н.Роджерстің ойынша әр адам бала кезінен бастап «сен мынаны дұрыс жасамадың», «бұл қате», «олай емес»- деген сынау сөздерді көп естейді. Кейде тіпті жазада қолданып жатады. Адамдардың өз бойындағы шығармашылыққа қорқа қарау, «олай менің ісім емес»- деген сенімсіздік осыдан басталады екен.

Зерттей келе шығармашылыққа берілген анықтамалар да өзгере бастады. Соңғы жылдары «шығармашылық» сөзімен «жаңалықпен» қатар «белсенділік» ұғымдары астарласа қолданылып жүр. Сонымен бірге шығармашылыққа мынадай анықтама береді.

Шығармашылық - бұл өте күрделі психологиялық прцесс. Ол іс-әрекеттің түрі болғандықтан, тек адамға ғана тән деп көрсетіледі. Бірақ біз осы айтылғанның: Шығармашылық барлық адамға бірдей тән бе? Шығармашылық кез-келген адамның бойында кездесеме? деген сұрақтар туындайтының аңғарамыз. Ия, біз ұзақ жылдар бойы шығармашылық барлық адамның қолынан келе бермейді – деп қарастырып келдік.

Дж.Гильфорд, шығармашылық-әр түрлі бағытта жүретін ой түрі,- деп қарастырады.Ол шығармашылықтың төмендегідей параметрлерін белгілеген:


  1. проблеманы көре білуі қабілеті;

  2. идеяны талдай білуі қабілеті;

  3. идеядан негізгі өнімді ала білу қабілеті;

  4. оригиналдылық:

  5. идеяны жетілдіре білу қабілеті;

  6. талдай және жинақтай білу қабілеті.

Е.П.Торранс шығармашылық деп қабылдаудағы кемшіліктерді көру қабілеті,-деп түсіндіре отырып, құрамын төмендегідей сипаттайды:

1. Проблеманы шешуге жауапкершіліктің пайда болу процесі;

2. Проблеманы шешу жолдарын қарастырып, болжам жасау;

3. Тексеру, болжам дұрыстығын тексеру;

4. Орындалған тапсырманың нәтижесін тауып, хабарлауы.

Психологтардың зерттеулері бойынша, әрбір жаста шығармашылыққа баулаға өзек болардай өзіндік қабілет, бейімділік болады екен. Сондықтан бала-бақшадан бастап мектеп бітіргенге дейін үзбей әрі жүйелі, әрі сатылы түрде шығармашылыққа баулып, ақыл-ойын, икемдігін дамытып отыруы қажет дейді. Бұл жас ой қызметіне ерекше ынтамен ұмтылып тұратын кезең, алғырлығы, шапшаңдығы, сезімталдығы басым кезең. Ештеңені жасырып, іркіп қалмай, ішіне сақтап тұра алмайды, нені болса да ашық, еркін айтады. Мақтау сүйгіш, тәрбиеші жетегіне тез көнгіш - таптырмайтын тамаша қасиеттері бар кезең. Дегенмен, қайшылығы да мол кезең. Бала бойындағы қасиеттердің бар шығармашылық үшін тиімді-тиімсіз жақтары үнемі қатар келіп, бірін-бірі жоққа шығарып отырады.

Мектеп жасына дейінгі балалармен шығармашылық жұмыс кезеңіндегі тиімді жағы: дүниені қиялына қиыстыра алады, белсенділік көрсетеді, жетелеп отыруға еріп отырады, үлкендердің ой-пікіріне қатты сенеді, сурет салуға құмар болып келеді.

Ал тиімсіз жағы: қиялы тұрақсыз, бір образды, сюжетті ұстап тұра алады, шығармашылықты ойын ретінде қабылдайды, бастаған ісін аяқтауға шыдамсыз, балаларды өзіндік сын мүлдем жоқтың қасы, сөзді құбылтып, қолдануға шебер емес.

Міне, осы аталған жайттарды ескере отырып, әр сабақта балалардың шығармашылық қабілеттерін арттырып отырған дұрыс. Яғни бала әдемі, байыпты, мансатты ұйымдастырылған шығармашылық жұмыстардың қатысушылары болғаны дұрыс. П.П. Блонский сөзімен айтқанда, «ол-біліммен толтыратын бос ыдыс емес, ол-жануға тиісті шырақ, ұстаз шырақшы ғана».

Оқыту барысында балалардың бейнелеу қабілеттері мен шығармашылығын қалыптастыру және дамыту мәселесі шығармашылық процестің қандай кезеңдерден тұратындығын, яғни неден басталып, немен аяқталатындығын білуді талап етеді. Көрнекті француз математигі Адашар шығармашылық процесті 4 кезеңге бөледі. Олар: 1.Дайындық кезеңі. 2.Инкубация,ж асырын идеялар,тұйыққа тірелу кезеңі. 3.Интуицияның жарқ етуі. Эврика. 4.Тексеру кезеңі.

Ал А.Н.Лун шығармашылық процесті 5 кезеңге бөледі.Олар: 1. Айқын және дұрыс қойылған мақсат. 2. Күшті жұмылдыру, қосымша мәліметтер іздеу. 3.Проблемадан уақытша кету. 4.Интуицияның оянуы.Инсайт. 5.Нәтижесінің дұрыстығын тексеру.

Ал Б.Тұрғынбаеваның әдістемелік оқу құралында балаларға тән шығармашылық процестің кезеңдерін шартты түрде төмендегіше топтастырады:

1.Жаңалықпен бетпе-бет келу.

2.Шығармашылық белгісіздік, екіұштылық.

3.Шешімнің жарық көруі.

4.Шығармашылық ант.

5.Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.

Шығармашылық процестің әр кезеңінде бала бойында әр түрлі сапалық қасиеттер қалыптасып жатады. Мысалы: алғашқы кезеңдерде жаңалықты сезіну, қайшылықтарға деген күдік, шығармашылық елес орын алады. Белгісіздік кезеңіндегі «бас қатырулар» табандылық, танымдық белсенділік, эрудицияны қалыптастырса, еңбектің нәтижесі баланы жоғары көңіл-күйге бөлеп, жаңа істерге жігерлендіреді. Мұның барлығы Мектеп жасына дейінгі балаларында болуға тиісті қасиеттер болып табылады.

Бұл кезеңдер бір-бірімен астасып, қабысып жатуы әбден мүмкін. Оларда қалыптасып, әрі қарай дамып отыратын сапалар да бірі анық теріліп, бірі керісінше уақытша көмескіленіп жатуы ықтимал. Дей тұрғанмен тұтас алғанда әр баланың бойындағы табиғи, қайталанбас ерекшеліктермен біріккен кезде аталған сапалар көп жағдайда шығармашыл тұлғаның таңғажайып үлгісін құрайды. Шығармашылық педагогикасының басты мақсаттарының бірі де осы.

З.И.Калмыкованың тұжырымдамасы бойынша, өнімді және шығармашылықты ойды қалыптастыратын оқыту дамытуы болып есептеледі.

Жеке тұлғаның жан-жақты дамуын қалыптастыру И.Я.Лернер мен М.Н.Скаткин білім беру мазмұнынының теориялық тұрғыда білім іскерлік, дағды жүйесін түсіндіруде, шығармашылық іс-әрекет пен ерікті сезім тәжірибесін меңгеруді ұсынды.

Қазіргі таңда балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін баланы неге үйрету керек, қалай үйрету керек, әлде оны өз үйрене ала ма деген сұрақтар тууы мүмкін. Ол үшін оған алдымен тәрбиеші дайын болуы керек. Балаларды шығармашылыққа үйрету үшін:

-шығармашылықпен жеке-дара бала емес, топтың балалары айналысуы үшін жағдай, мүмкіндік туғызуы керек;

-шығармашылық процеске баланы үзбей, сатылы түрде қатыстырған жөн;

-шығармашылық жаттығу, ойын-тапсырмалардың мазмұнын оқушылардың жас ерекшелігіне, қызығушылығына сай тұрған дұрыс;

-бала жетістігін мадақтап, көтермелеу керек.

Осы бір ерекшеліктерді баланың шығармашылық қабілетінің дамуына дұрыс бағыттап, арнайы жаттықтыра отырып мақсатты түрде дамыту талантты, шығармашыл адамдар санын көбейтіп, ұлттың ұлыларын еселеуге үлес қосады. Жаңа құндылыққа негізделген педагогика бала бойына жаңашылдық дәнін ерте егуін, оның жаратушылық қабілеттерін тұрақты қолдап, дамытып отыруды көздейді. Ал мектеп жасына дейінгі балалардың қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды. Біріншіден кез-келген бала оқу әрекетінде адамзат баласының осы кезге дейінгі жинақталған тәжірибесін меңгерсе, екіншіден, кез-келген бала шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Оқу әрекетінен шығармашылық әрекеттің айырмашылығы- ол баланың өзін-өзі қалыптастыруын, өз идеясын жүзеге асыруына бағытталған жаңа әдіс-тәсілдерді іздейді. Проблеманы өзінше, жаңаша шешуге талпыныс жасайды.

Екі әрекетте балалар екі түрлі мүдделер көзделген әртүрлі мақсаттар шешеді. Мысалы: оқу әрекетінде белгілі бір ережені меңгеретін, дағдыны қалыптастыратын жаттығулар орындалса, шығармашылық әрекетте баланың іздену жұмысы басты нысанада болады. Сондықтан оқу әрекеті баланың жалпы қабілетін дамытса, шығармашылық әрекет нақты жағдай шешу барысында нәтижеге жеткізетін қабілеттерін дамытады.

Зерттеушілер шығармашылық әрекеттерге әртүрлі сипаттамалар береді. Мысалы: И.Я.Бернер: « шығармашылық әрекет деп білім, білік,дағдыны жаңа жағдайға тасымалдай білуді, обьектінің жаңа қызыметін көре білуді, жаңа шешім табуды белгілейді.»

Абай Құнанбаев адамды қоршаған орта - табиғаттың бір бөлігі дей келе, табиғаттың адам баласына берген керемет сыйы - туылғаннан бастап білуге, түсінуге деген ұмтылысы деп есептейді. Бірақ, бала өсе келе осы қасиетті біртіндеп жоғалта береді. Ұлы ойшыл адамның ойы мен санасы еңбек іс-әрекеті кезінде қалыптасады деп тұжырымдайды: “Кей қасиет туа бітеді, ал кейбірі еңбек арқылы қалыптасады”.

Абай "жетінші қара сөзінде" баланың ақыл-ой, қабілеттілік туралы мынадай пікір айтады: "Жас бала анадан туғанда 2 түрлі мінезбен туады. Біреуі - ішсем, жесем, ұйықтасам деп туады. Бұлар - тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды, һәм өзі өспейді, таппайды. Біреуі білсем екен деп, не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып дәмін тартып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ежетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да тура жүгіріп, "ол немене?", "бұл не?", деп "ол неге үйтеді?", "бұл неге бүйтеді?" деп, көз көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген" [8].

Баланың білсем, үйренсем деген талабын ұштайтын, жеке ерекшелік қасиет, қабілеттерін ескере отырып оларды біліммен, іскерлік, дағдымен қаруландыратын, танымдық ой-өрісін және шығармашылық әлеуетін дамытатын тәрбиеші-ұстаздың ерекше мақсатты қызметінің қажеттілігі жоғары.

Балалар ерте кезден бастап белгілі бір іс-әрекетке қабілеттілік байқатады (сурет салады, билейді, өлең айтады, белгілі бір музыкалық құралда ойнайды, мүсін салады). Бірақ бұл қабілеттілікті қалыптастырып, жүйелі дамытып отырмаса, ол қасиет жас өскен сайын бірте-бірте жойыла бастайды, жас жеткіншектің болашақ кәсіби өміріне бағыт-бағдар бере алмайды.

Қабілеттілік - адамның жеке басына тән белгілі бір іс-әрекетті орындауда жетекші роль атқаратын ерекшелік, белгілі бір тәсілді шешудегі шапшаңдықтың, тереңдіктің және тұрақтылықтың көрініс беруі. Сонымен қатар, әркімнің қолынан жаңаны жасау мүмкіншілігі, оның белгілі істерді үлгеруге бейімделген психикалық қасиетінің ерекшелігі.

Жалпы адам баласы табиғатында қабілетсіз болмайды. Біреулердің қабілеті жоғары, екінші біреулердің қабілеті орташа, төмен болады. Өз қабілетіне сай маман иелері өмірде көздеген мақсаттарына қол жеткізе алады. Дарын иесінің өз қабілеті арқылы жасаған жұмысы көпшілік тарапынан өте жоғары, орташа немесе төмен қабылдануы мүмкін. Бірақ адам жасаған жұмысы арқылы өзін көрсетеді.

Вольтер былай деп жазған болатын: «Белсенді қиял бөлек пәндерді өзара жақындастырады, бір-бірімен аралысып кететіндерді айырады, оларды үйлестіре отырып, өзгертеді. Шындығында тек үйлестіре қосып жатса да, ол жаңаны жасап жатыр деп ойлап қалуға болады» [10].

Баланың өз болмысын тануға көмектесіп, қабілетін дамытып, жаңа рухани күш беру білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады.

Баланың жалпы дамуы мен ойлау әрекетінің сапасын жақсартып, дамытуда қызығушылықтың маңызын Л.С. Выготский де ашып көрсетеді. Ол баланың ойлау қабілетін белсендіретін және оған қажетті бағдар беретін, қажеттілігі мен қызығушылығын оятатын қозғаушы себептерге тоқталады. Ғалымның пайымдауынша, бала қабілетінің дамуы оның алға тез жылжуымен шектелмейді, ал оның жас мүмкіндігіне сәйкес келетін іс-әрекет түрлерін терең меңгере алуына, білім қорына және алған әсерлеріне байланысты болады.

Баланы қоршаған ортадағының бәрі қызықтырады, ол бойындағы бар мүмкіндікті пайдалана отырып, қолынан келетін іс-әрекет түрлеріне белсене араласады, өзінің әрі қарай дамуына жол ашады. Сөйтіп, қоршаған орта және іс-әрекет түрлерімен белсенділікпен жан-жақты танысу тек қана дамыған қызығушылықтың негізінде ғана мүмкін болады.

Шығармашылық - тарихи-қоғамдық мәні бар, жаңашылдыққа бағытталған әрекет. Баланың бойындағы шығармашылық қабілетті дамыту, олардың өшуіне жол бермеу, оның рухани күшінің нығайып, өзін-өзі тануына көмектеседі. Өйткені жеке тұлға туынды ғана емес, тудырушы, жаратушы да. Адам өзін-өзі жетілдіруге де, сонымен қатар өзін-өзі жоюға да қабілетті болады. Шығармашылық - баланың танымдық қабілеттеріне мотивациялық тұрғыда басшылық жасау нәтижесінде туындайды.

Кез-келген бейнелеу және құрастыру әрекет негізінде шығармашылыққа жетеленеді: болжау алдын-ала білу, қорытындысын білу, сезу сияқты әрекеттер жүзеге асады. Болжап білу-адам әрекетінің мақсатты жемісі, ол мақсатты, перспективті әрекет етуді көздейді.

Баланың бейнелеу және құрастыру әрекеттерін дамыту мүмкіндіктерін тиімді әдіс - тәсілдермен дамыту тәрбиешінің шеберлігі мен біліктілігіне байланысты. Тәрбиеші оқу мазмұнын түсіндіруде бала санасына «ұғыну», «ой операцияларын» меңгертеді және баланы танымдық белсенділігін қалыптастырып, оларға бағыт беріп, жолдарын көрсетуі керек. Қарама-қарсы нәрсені салыстыра алушылық, түсініксіз жағдайды таба білушілікпен өз бетімен жұмыс істеуге оқушы үйренеді.

Баланың бейнелеу және құрастыру әрекеттерін дамыту мүмкіндіктерін жетілдіруде баланың жас ерекшеліктерін есепке аламыз.

Г.С.Абрамов жастың өсуіне байланысты жаңа психикалық білімдердің қалыптасуын былай сатылап көрсетеді:



  • 1-3 жаста заттық әрекеттерді меңгеру, белсенді тіл, өзіндік сана-сезім;

  • 3-6 жаста символдарды қолдану, талдап қорыту нормаларынан хабардар ету, бірлескен мотивтер, шартты-диалогтық бағыт;

  • 6-10 жаста өз еркімен сыртқы әрекетін жоспарлау, рефлексия (іштей өзіне-өзі сынмен қарау) дүниетанымы қалыптасады.

Осы даму ерекшеліктерінің өзі бір-бірімен тығыз байланысты, бірінсіз-бірі өтпейді және ең маңыздысы мынау деп қарауға болмайды. Бала психикалық даму кезеңдері 1-кестеде көрсетілген.

Егер мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі әрекеті ойын болып келсе, оқуға кіргеннен кейін оқу іс-әрекеті шешуші рөлді атқарады. Осыған орай баланың психикалық дамуы өзгерістерге ұшырайды. Себебі ойынға қарағанда оқу талабы бала үшін қиын. Сонымен қатар жаңа ортаға үйреніп, тәрбиешімен, құрбыларымен қарым-қатынас жасауына психологиялық көмек қажет. Баланың танымдық іс-әрекетіне әсер ету арқылы оқытудың қиыншылықтарын жеңуге мүмкіндік жасаймыз.

1-кесте - Бала психикалық даму кезеңдері


Балалық




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет