1.3 Балабақша мен отбасы ынтымақтастығын құру
Бүгінгі таңда болып жатқан өміріміздегі өзгерістерге байланысты тәрбиешілер мен ата - аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігі арта түсуде. Балаларды оқыту мен тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындай отырып бірлесе жұмыс жасау керек. Әрбір педагог ата - аналармен қарым - қатынас жасауда түрлі тәсілдерді, қазіргі жаңа технологияларды пайдалана отырып, ата - ананың қызығушылығын арттыру мақсатында жұмыс жасаса, ата - ананың балабақшаға, тәрбиешіге деген көзқарасы өзгерер еді.
Отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас мәселесін В.С.Мухина мен Л.А.Венгер де терең зерттеді. Олар отбасында дұрыс ұйымдастырылған қарым-қатынас пен тәрбие үрдісі нәтижесінде мектеп жасына дейінгі бала өздігінен дербес түрлі әрекеттер (киім кию, жуыну, тамақтану т.б.) орындағандарымен, ата-ана тарапынан көрсетілген эмоционалды қарым-қатынасты әлі де болса аса қажет етеді деп тұжырымдайды. Баланың психикалық дамуына отбасының әсерін көрсете келе, ол жердегі тәрбиелік ықпалдардың дұрыс ұйымдастырылмауы, қарым-қатынасқа қанағаттанбау, ұжымда өз орнын дұрыс сезінбеу, отбасындағы кикілжің жағдайлар, осылардың бәрі бала тәртібінде қиындықтар тудырады деп қорытындылайды [28].
Отбасының балаға тәрбие берушілік қызметтінің мақсаты - балаланың жасын, жеке ерекшелігін, психологиялық процестерін ескере отырып, жарасымды жетілген ұрпақты тәрбиелеу. Көздеген мақсатқа жету үшін отбасындағы тәрбие төмендегі міндеттерді шешеді:
- отбасында баланың өсуіне, денсаулығына қамқорлық жасау, тазалықты қалыптастыру;
- еңбексүйгіштікке баулу, тұрмыстағы, үй шаруасындағы еңбекке құлшынысын арттыру, өзіне - өзі қызмет етуге үйрету.
- отбасы мүшелерімен тіл табысып, дұрыс қарым - қатынас жасауға, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге үйрету .
- әдебиетке, мәдениетке, өнерге тәрбиелеу.
Бұл міндеттер жүзеге асу үшін бала дүниеге келген күннен бастап отбасында, қоғамдық орындарда, мектепте тәлім - тәрбие беріледі.
Отбасы - барлығының басы, жан - жақты даумуының негізі болатын тәрбие институты. Отбасындағы ата - ана мен баланың қарым - қатынас нәтижесінде, адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесінің алғашқы үлгілері қалыптасады. Ал әке мен шеше - баланың алғашқы тәрбиешілері. Ата – анамен жүргізілетін жұмыс түрлері : топішілік ата - аналар жиналысы, балабақшаішілік ата – аналар жиналысы, ата – аналармен жеке кездесу, ата – аналар үшін ашық есік күні, мерекелік кештерге шақыру, ата – аналарды тренинг ойындарға қатыстыру, отбасылық жарыстарға қатыстыру.
Педагогикада ата - аналармен жұмыс жүргізудің негізгі алғы шарттары көрсетілген:
1. Әрбір отбасының мықты жақтары болады, әр адам жақсы ата - ана болғысы келеді.
2. Барлық отбасы көмекті қажет етеді, көмек түрі отбасының нақты қажеттіліктеріне байланысты болады.
3. Ата – анамен жұмысты ұйымдастыру барысында ата - ананы, яғни отбасын тәуелді ету емес, оның қиыншылықтарды жеңу мүмкіндігін нығайтуды көздеу.
4. Баланың дамуы туралы ақпарат ата - аналарға бала тәрбиелеуде өз ролін жүзеге асыруға ықпал етеді.
5. Әрбір отбасы көрсетілген көмектің тиімділігіне көзі жеткенде ғана, қоғамдық жұмыстарға белсене араласады.
6. Ата - анамен баланың ортақ қарым - қатынастары жөнінде кеңес беру.
Мектепке дейінгі ұйымның отбасымен ынтымақтастығын жүзеге асырудың негізгі міндеттері :
- тәрбиешінің топ ата - аналарының құрамын зерттеуі;
- ата – аналармен тұрақты байланыс орнату;
- ата – аналар ұжымын құру;
- ата - аналардың педагогикалық білім дәрежесі мен мәдениетін үнемі арттырып отыру;
- үштік одақ ( бала, ата – ана, тәрбиеші ) жұмысын жандандыру.
Мектепке дейінгі ұйымның отбасымен ынтымақтастығының атқаратын қызметі :
- ата - аналарды топтағы оқу - тәрбие процесінің мазмұны және әдістемесімен таныстыру;
- ата – аналармен педагогикалық және психологиялық ағарту жұмыстарын ұйымдастыру;
- отбасы тәрбиесі туралы ата - аналарға педагогикалық және психологиялық кеңес беру;
- ата - аналар белсенділерімен жұмыс жүргізу және әр түрлі қоғамдық ұйымдармен, жұртшылықпен өзара әрекеттесуін қауымдастыру.
Мектепке дейінгі ұйымның ата - аналармен жұмысты ұйымдастырудың негізгі мақсаты отбасы мен балабақша арасындағы байланысты күшейтіп, бағытты жұмыс жүргізу, ұйымдастырылатын мерекелік іс - шараларға ата - аналарды тарту.
Достарыңызбен бөлісу: |