Дипломдық ЖҰмыс 5В010100 «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу»


Педагогикалық семинарлар о



бет18/44
Дата07.01.2022
өлшемі45,31 Mb.
#18300
түріДиплом
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   44
Педагогикалық семинарлар отбасылық тәрбиенің әдіс - тәсілдеріне арналады. Семинарға тәрбиешілер де, ата – аналар да жан жақты дайындықпен қатысуы қажет»

Шығармашылық кештер балабақшаішілік және топішілік болып, озық қабілетті, танымал ата - аналарды үлгі тұту, насихаттау мақсатында ұйымдастырылады.

Кейбір жас ата-аналарға семинар - практикумдардың маңызы зор. Бұл нышан оқытудың әдістері мен тәсілдері туралы айтуға, кітапты қалай оқу керектігін көрсетуге, иллюстрациялы суреттерді көруге, оқығаны туралы әңгімелеуге, жазуға қолын жаттықтыруға мүмкіндік береді.

Балабақша ұжымы ата-аналарды ұйымдастырып, балаларының балабақшадағы өмірінің тәрбиесіне белсене қатысуларына арналған іс-шаралар жиі өткізілуі қажет. Оған сауықтыру кештері, ертеңгіліктер, психологтың тренингтері, пікірталас кештері, сауалнамалар жатады. Осындай отырыстар арқылы ата-аналар бір-бірімен жақынырақ танысып, ортақ мәселелерді бірге шешуге тырысады.

Бұл жұмыстардан күтілетін нәтиже:

- ата – аналар және басқа да ересектер мектепке дейінгі мекемедегі оқыту философиясымен және оқу жоспарларымен танысады;

- балалар еліктеудің жаңа үлгісін алады;

- ересектер тәрбиеші жұмысымен жақын танысып, оны бағалай біледі;

- ата – аналар және отбасы мүшелері өздерінің бала тәрбиелеуге, оқытуға қатысы бар екендігін сезінеді,

- балаларда іс - әрекетті таңдаудың үлкен мүмкіндігі болады;

- балалар маңызды жетістіктерге жете алады.

Ата-аналар мен педагогтердің үздіксіз қарым-қатынасы (диалог). Тәрбиешілер отбасы мүшелеріне бүгінгі болған маңызды оқиғалар мен балалардың жетістігі, әрекеті туралы айтып отырады. Ата-аналар мен тәрбиешілер балаға қатысты барлық мәселелерде (әлжуаз, жетілуі мен дамуында ауытқушылықтары бар, көңіл күйі тұрақсыз балалар туралы) бірлесе отырып шешім қабылдайды. Балаға ата-анасы оны қандай болса да жақсы көретінін сезінетіндей эмоционалдық тыныштық пен қамқорлық ортасын қалыптастыру жөнінде ақыл-кеңестер береді.

Педагогтар баланы жан-жақты дамытуға, оның білуге құштарлығын арттыруда, есі мен зейінін тұрақтандыруда, тілдік қатынасы мен сөздік қорын байытудағы отбасының мүмкіншіліктерін анықтайды. Сонымен қатар, отбасы мен тәрбиешілер бірлесе отырып баланың бойындағы ерекшеліктері мен қабілетін ашып, талантын шыңдауға күш салады. Тәрбиеші ата-аналармен қарым-қатынас жасаудың тиімді түрлерін қолданады: тренингтер, пікірталастар, практикумдер, әңгімелер, лекциялар. Арнайы мамандар мен ата-аналардың оңаша әңгімелесуіне жағдай жасау (психолог, логопед) маңызды. Ата-аналарды психолог, логопед, медицина қызметкерлерінің, қосымша сабақтар жүргізетін мамандардың жұмыстарымен таныстырып, баланың дамуындағы ерекшеліктері мен кедергілері туралы мәлімет беріп отырады. Педагог аталған жағдайларды бекіту мақсатында өмірден мысал келтіріп, көріністер қояды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет