Кеңестер. Әдетте кеңестер жүйесі құрастырылады, олар жеке дара немесе ата-аналар топтарымен жүргізіледі. Топтық кеңестерге бірдей проблемалы немесе тәрбиелеуде бірдей табыстары бар әр түрлі топтың ата-аналарын шақырамыз. Ата-аналардың белгілі білімдерді, әдістерді меңгеруі, проблемалық мәселелерді шешуге көмек көрсету кеңестердің басты мақсаты болып табылады.
Тақырыптық кеңес ата – аналарды психологиялық педагогикалық білім және тәжірибе жаңалықтарымен таныстыру, кеңес беру, ой қозғау, ой қорыту мақсатында ұйымдастырылады. Тәрбиешілер ата - аналарға ақыл - кеңес беру барысында төмендегідей қарым - қатынас ережелерін есте сақтауы керек:
- Бір – біріне көңіл бөлу
- бірін-бірі тыңдау
- бірін-бірі сыйлау
- Көзбе – көз қарау
- Тиімді орынды таңдау
- әзілді сезіну
- ұрыс – керістен сақтану.
Сонымен қатар ата - аналарға тәрбиеші сөзі әсерлі, отбасы қажеттіліктеріне байланысты екендігін түсіндіріп толық тыңдату үшін сиқырлы сөздер айту, баласының жетістігін айту, сенімді болу, ата-ананың көңіл - күйіне қарау, намысына тимеу, қарапайымдылық, ата-ананың пікірін сыйлау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |