Дипломдық ЖҰмыс 5В010100 «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу»



бет15/44
Дата07.01.2022
өлшемі45,31 Mb.
#18300
түріДиплом
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   44
Байланысты:
Таменова

Бала тәрбиелеузор, елеулі, қуанышты, сонымен бірге қиында іс. Бала белгілі бір биологиялық заңдылықтар бойынша дамиды. Баланың дені сау болып өсуіне ешқандай нұқсан келтірмеу үшін, бұл заңдылықтарды білу, ескеру және тиімді пайдалану қажет. Баланың адамшылығын қалыптастыру, оның ақылын молайту, оны белгілі адами сапаларға , көркемдік талғампаздыққа және талапқа баулу – бұдан да қиынырақ іс. Бұл жөнінен бала өсетін қоғамдық жағдай, ең алдымен тәрбиенің ықпалы шешуші орын алады. Баланың ойын айналасындағы бүкіл өмір шындығы – табиғат, қоғамдық орта, нәрселер, ең алдымен адамдар, бұлардың ішінен бәрінен бұрын ата-аналар мен мұғалімдер тәрбиелейді. Тәрбиелеу дегеніміз-балаға мақсат көздей, ұйымшылдықпен және жүйелі ықпал жасау деген сөз, осы ықпалдың арқасында бала тәрбиеші талап ететін мінез сапаларына ие болады, мінез-құлық ережелерін бойына сіңіреді. Тәрбие баланың дене және ақыл-ой қабілетін дамытады, оны алдағы еңбекке даярлайды, ол бойынша, қоғамдық дамудың болашақ белсенді қайраткерлеріне керекті адамгершілік сапаларын қалыптастырады. Алайда, балаға деген тәрбие ықпалын тәрбиешінің бір жақты ықпалы деп түсінуге болмайды. Бала дегеніміз мүсінге ұқсас, тәрбиешінің не тілесе соны- баттайтын балшығы сияқты бірдеме емес. Тәрбие дүниесі ғана болған жас шақтағы өсу дәуірін бастан кешіргеннен кейін, бала, тәрбиешіге белгілі қарсылық білдіре отырып, белсенділік көрсете бастайды. Бала өскен және ер жеткен сайын, оның өздігінен өмір сүруге деген ынтасы күшейеді, сөйтіп, ата-ана баланың құлақ қоймайтындығына наразылық білдіріп, оның өзіндік ісін тежеуге, тәрбиешінің ырқына көнбейтіндігін басуға тырысады. Ата-аналар көбінесе балалардың төбелесінің себебін біліп алмай, өз баласын жақтайды. Бұл – өрескел қате. Өзінің әділетсіздік істегенін сезбеген бала келесі жолы да жолдастарын өкпелетеді, ал ер жете келе күші бой бермей кетеді де, ол бұзақыға айналады. Ата-аналар балаларын жолдастарын сыйлауға, қоғамның ережесін сақтай білуге, ересектер тынығып жатқанда тыныш отыруға, өзара сыпайылыққа, қарт адамдарды өте-мөте құрметтеуге, балалалар арасында, жолдастары арасында болған даулы, келіспеушіліктерді құнттылықпен, келісімге келу жолымен шеше білуге тәрбиелеуі керек. Басқа адамдарға жақсы қараудың, көршілерімен сыйлас болудың, біреуді балағаттамаудың үлгісін ата-аналардың өздері де көрсетуге міндетті. Бала тәрбиелеуде ата-аналарға кездесетін мәселелердің ішінен үшеуіне ғана тоқталайық. Қиындықтарды баланы жастайынан дұрыс тәрбиелегенде ғана жеңу оңай болатынын тәжірибе көрсетті.

Бүгінгі күнгі жанұялық тәрбиенің ең басты кемшілігі – үйде ұлдың да, қыздың да бірдей әдіспен тәрбиеленуі. Тәрбиенің мазмұны да ойландыратын жағдай. Балалардан тек жақсы оқуды талап етеміз, ал келешектегі жанұялық өмірге дайындаймыз. Қыз бала мен ұл баланың жыныстық, физиологиялық, психологиялық ерекшеліктерімен міндетті түрде санасу керек.

Ата-аналар өз баласын нашар білетінін әрдайым мойындай бермейді. Отбасындағы тәрбиелеу тәсілдері баланын жеке қасиеттеріне, оның ересек адамдар тарапынан жасалатын әртүрлі ықпал әсерлерін қалай қабылдайтынына карай қолданылатын болуы тиіс.

Қазақ халқы баланы дүниедегі барлық асылдан жоғары бағалаған, болашағына, арманына балаған. Сондықтан халқымыз «Балалы үй — базар, баласыз үй —мазар», «Босағасын алтынан соқсаң да, перзент сүймей адамның мейірі қанбас» деп барлық асыл сөздерін арнаған.

Қазақ отбасы көбінесе көп балалы болып келген. Қазақ отбасы ата-апа, әке-шеше, балалар үш ұрпақты құрамынан тұрған. Отбасы экономикалық жағынан қамтамасыз етіліп отырған. Ата-апа мен әке-шешенің қарым-қатынасы жас баланың адамгершілік жағына толысып жетілуіне үлкен үлес қосады және ізгілікті іске баулиды.

Қазақтар жеке тұлғаны жетілдіруге қамқорлықты танытатын тәрбиелеу мақсатын үнемі есінде сақтады. Бала өмірге келген кезде, сәбиге арналып ақ тілектер айтылды: «Баланың бауы берік болсын», «Әкеге тартып ұл өсер, Шешеге тартып қыз өсер» және т.т. осы тәріздес.

Халқымыз: «Балаңа бес жасқа дейін патшаңдай қара» дегеннің терең мәні дәл осы кезде іске асатынын меңзесе керек. Сәбилердің әке-шешесінің қызметте болуына байланысты көп жағдайларда, көрген білгені көп ата мен әженің тәрбиесінің орны ойсырап тұрады. Балабақша жағдайында ол олқылықтың орнын толтыруды ойлағанымыз жөн. Біздің халқымыздың отбасы жағдайында жас ұрпақ тәрбиесіндегі жетекші буын ата мен әже іс-әрекетінің төңірегіне шоғарланған. Себебі, отбасында әке мен шеше негізгі еңбек иелері, отбасы қажеттілігін қамтамасыз етушілер. Ал ата мен әженің өмір тәжірибесі өз дәрежесінде даналық ақыл-ойдың, орынды дүниетанымның, талғамның, денсаулық бағбанының, орынды тәртіп пен мінез-құлықтың мектебі болып табылады. Күнделікті ертемен маңдайынан ата иіскемеген, әже бауырының ыстығын сезбей өскен бөбектің рухани жан дүниесіне нұсқан келе береді. Өскелең жас ұрпақ қазақ шаңырағының берік болғандығын өмірінің арқауы еткені, аға ұрпақ дәстүрінен аттамағаны жөн.

Балаға ат қойып, айдар тағудың мәнісі орасан. Ата-әжесі мен әке-шешесі жаңа туған жас сәбиге ат қойғанда, осы құрметке лайық деген аузы дуалы сыйлы жанға сеніп тапсырган. Баланың жақсы азамат болып өсіп, жақсы өмір сұруі үшін, оған лайықты ат коюға тырысқан. Мысалы, «Батырбек, Жомарт, Асылхан, Ақжол, Амантай, Серік, Қанат, Ұлықбек, Хангелді, Төребек» деген сықылды есімдерді балаға азан шақырып, құлақтарына үш мәрте дауыстап, айтқан.

Балалардың арасында ертегілер мен жұмбақтар, ауызша халық шығармашылығының басқа жанрларына қарағанда, көбірек қолданылады. Жұмбақ, сыртқы дүниенің кұбылыстарын салауатгы халық даналығы тұрғысынан түсіндіруге көмектеседі. Мұндай танымының ғылыми негізі болмағанымен де, оның қоршаған ортаны, тұтас дүниені түсінуге, салыстыруға және т.т. тигізетін әсері орасан мол. Жұмбақ баланың танымдылығын оятып, оның санасын дамытады, тапқырлығын ұштайды.

Жұмбақтардың негізгі мақсаты - баланың акыл-ойын дамыту, ал, мақал-мәтелдер мен әндердің мақсаты - жас ұрпақты адамгершілікке және сұлулықты құрметтеуге тәрбиелеу.

Жұмбақтар балалардың ой-санасын дамытып, бұларды қоршаған ортаның сан алуан түріндегі кұбылыстар мен нәрселерді сараптауга үйретіп, солардың қасиеттері мен сипаттарын салыстырып карауға баулиды. Қайсыбір кұбылыс немесе нәрсе жөніндегі :«жұмбактардың көп болуы, солардың жан-жақты ы сипаттамасын беруге мүмкіндік береді. Тәрбие барысында жұмбақтарды қолданудың тиімділігі сонда, адам қоғамы мен табиғат жөніндегі мәліметтердің жиынтығын, жас баланың белсенді ойлау қызметінің барысында игеретіндігімен құнды.

Ерте балалық шақ пен мектепке дейінгі кезеңде өзіндік-сапалы формаларымен ерекшеленеді. Баланың ересектермен қарым-қатынасын осы іс-әрекеттің бірнеше формаларының ауысуы ретінде қарастыруға болады. Қарым-қатынастың алғашқы формасы-жағдайға байланысты жеке тұлғалық (ЖБЖТ), келесі- жағдайға байланысты- іскерлік (ЖБІ), үшіншісі – жағдайдан тыс-танымдық (ЖТТ), ең соңғысы- жағдайдан тыс жеке тұлғалық (ЖТЖТ) [19].

Баланың маңайындағыларға қарап, танып, түстей бастайтыны 2-3 жастың шамасы. Міне, балам әкесін сыйлап, тыңдап өссін деген ана екі арадағы дәнекерлік, біріктіріп кетушілік тәлім-тәрбиені сол уақыттан қолға алады. Нәрестені көтеріп ойнауға, уантып, алдандыруға күйеуін де тартады. Сонда бірте-бірте бала әкесіне бауыр басады, кетсе жылап, келсе қуанатын күйге түседі. Үш жарым, төрт жасқа қарай нәресте жеңіл-желпі сөзді ұғына бастайды. Суретті кітаптардан ертегі, өлең оқысаң тыңдайды. Енді әкенің бөбегін жай ғана ойнатып қоймай, оған өзі лайық көрген әлдебір ертекті оқып беріп, «анау не? мынау не?» деген әлдебір сұрақтарына жауап беріп кәдімгідей тәрбиелік жұмыс жүргізуіне мүмкіндік туады.

Отбасыларын зерттеу көп жағдайда ата-аналар ойын іс-әрекеттерін игеруге және балалар ойыны туралы пайдалы мағлұматтар алғылары келетінін куәландырады. Ата-аналар үй жағдайында ойын үшін жаңа мүмкіндіктерді көрулері тиіс. Кейбіреулері үшін, мысалы, макарондар «қуыршақтың туған күніне арналған моншақтарға», ал орындықта қалдырылған газет ойын добына немесе қайыққа айналуы жаңалық болады. Ата-аналарға ойын практикум сабақтарында алған тәжірибелері баламен құрылымдық қарым-қатынасын дамыту және оның сезімдік күшін қолдау үшін ойынның маңыздылығын түсінуге мүмкіндік береді. Көпшілігіне ойынды ата-аналардың нұсқауларынан өзіндік «демалыс» ретінде ұғынуына мүмкіндік береді. Ата-аналарда өзіндік эмоционалдық және ашықтық шекарасын білу мүмкіндігінің болуы тиіс, ал педагогтер осы шекараларға құрметпен қарауға үйренуі керек. Рухани адамгершілік сезімді қалыптастыратын педагогикалық фактор — отбасы мүшелерінің дұрыс қарым-қатынасы, баланы адамгершілікке тәрбиелейді.

Мектеп жасына дейінгі балалар ойнағанды жақсы көреді. Мектеп жасына дейінгі баланың айналуының ерекше маңызының барлығын ойынның олар үшін оқу, олар үшін еңбек, олар үшін тәрбие түрі екендігі туралы кезінде Н.К.Крупская айтқан болатын[14].

Табиғатпен үйлесімділіктегі баланың өмірі оның денсаулығының нығайтылуына, ой-санасының дұрыс жетілуіне ықпалын тигізеді. Табиғат пен өмірді халық ең жаксы тәрбиешіге балаған. Бұлар балалардың бойында еңбекке деген сүйіспеншілік пен дағдыны дамытады. Өйткені, бұлар өздерінің ата-аналарын үнемі жұмыс үстінде көреді және өздері де соларға жиі көмектеседі. Ал, адамға оның адамгершілік қасиеттерінің дами түсуі үшін мейлінше еркін еңбек болуы керек.

Баланы жанұяда дұрыс тәрбиелеу үшін ең алдымен жанұя өмірі бір қалыпты, тату-тәтті болуы, оның әрбір мүшесі тең, бірін-бірі сыйлайтын, мейірімді жәрдемдесуге дайын тұратын болуы керек. Ата-аналардың балаға деген қамқорлығы шексіз. Қамқорлық - мейрімділіктің қайнар көзі, сөнбес сәуле екені баршамызға ақиқат. Дегенмен «Жақсылықтың өзі өлшеммен» деп бекер айтпаған. Сондықтан шектен тыс қамқорлықты жақсылықтын жолы деп қарауға болмайды. Әрине, әр ата-ана өз баласына қамқор болуға әрқашан дайын. Бірақ, сол қамқорлық ақыл-парасатқа негізделген, болашақ болмысын айқындайтын жақсылықтың жолы болуы керек.

Сіз қамқорлықты балаға деген «қауіпсіздік» ұғымымен бағалайсыз. Қамқорлық — сіз үшін адал дос, өйткені ол баланың сенімді серігі деп шешім кабылдайсыз.

Ата-аналар өз баласының алғашқы қадамын, жағымды мінез-қылықтарын көруге асығады. Бала сіз үшін ажырамас айнаға айналады. Оның жылағаны жабырқатып, күлгені қуантады.

Ата-аналар баласы үшін күш-жігерін аямай, барлық мүмкіндіктерді жасауға асығады. Дегенмен, баланың ішкі жан дүниесін білу — отбасындағы тәрбиенін табысты болуының басты шарты. Сіз балаңыздың алдыңғы қатарлы тұлға болып қалыптасқанын, өзіңіз жасамаған игі істерді атқарғанын міндетті деп шешім қабылдайсыз. Мұндай айқын мақсат баланың мінез-құлқына әсер етеді. Себебі, сіз баланың бостандығына тосқауыл болып, оның өзіндік ұстанымын ажыратуға кедергі жасайсыз.

Дүниеге келген нәресте дамуына отбасындағы жұбайлардың өзара татулығы жан-жақты әсер ететіні белгілі. Психолог А.В.Петровский отбасының сипатын ол жердегі адамгершілік ахуал мен мақсаттар анықтайды дей келе, өз зерттеулерінде отбасы қарым-қатынасын төмендегідей бес түрге бөледі:

1. Үстемділік қатынас.

2. Қамқоршылдық қатынас.

3. Қақтығысушылық қатынас.

4. Араласпаушылық қатынас.

5. Ынтымақтастық қатынас деп жіктей келе, әр қайсысына жекелей сипаттама береді [39]. (1-кесте)

Кесте 1 - А.В.Петровскийдің көрсеткен отбасы қарым-қатынасының түрлері



Отбасының түрі

Қарым-қатынас мазмұны

1

Үстемдік қатынастағы отбасы

Үстемдік жағдайында отбасында балаға өз бетімен іс-әрекет орындауына жол берілмейді, өзінің жеке өміріне байланысты мәселелерге қатыстырылмайды. Мұндай отбасындағы қарым-қатынас ата-ананың балаға үстемдік көрсетуі мен бала ынтасын, белсенділігін тежеу барысында жүреді. Ата-ана бала жасын, психологиясын ескерместен өзіне сөзсіз бағыну талаптарын қояды, балаға сенбейді. Олардың бет жүзінде салқындық байқалып, үнемі отбасына қатысты орасан зор істер жайында ойланып-толғанып жүргендей кейіпте болады. Әміршіл ата-ана сөзі әдетте, қысқа, баласының өзіне қарсы ой-пікір айтқанын ұнатпайды, одан өз айтқанын ғана орындатуды талап етеді.

Отбасында үнемі психологиялық қысым көріп үстемдік қатынаста өскен балада флегматизм байқалады, психикасы тітіркенген күйде болады және де ондай бала өзіне сенімсіз, агрессивті болып өседі.

Үстемдік қатынастағы отбасында өскен бала ата-ана тарапынан жүргізілген арнайы бақылау мен қамқорлықты қажетсінеді.


2

Қамқоршылық қарым-қатынастағы отбасы

Қамқоршылық күшті жағдайда баланы желге – күнге тигізбей, мәпелеп өсіреді. Мұндай отбасында өскен бала түрлі қиыншылықтармен кездескенде дұрыс шешім таба алмай, үрейленіп, қайғырады.

Қамқоршылық жағдайында өскен бала тәртібінде эгоизм, инфантилизм, еркелік сияқты құбылыстар жиі байқалады. Бала өзін айналадағы қоршаған әлемнен жекеленген күйді кешіп, шынайы өмірден мүлдем алшақ болады. Кез келген жаңа ортада қиналып, қарым-қатынас жасаудан сескенеді. Ол бала толығымен ата-анасына тәуелді болып, өз еркімен бір әрекет орындауға күші де, қабілеті де жетпейді. Психолог Аллан Фромм, мұндай отбасында өскен бала көп жағдай да ерке, бірбеткей, қиқар болып өседі дейді. Шамадан тыс қамқоршылық қатынастағы бала психологиялық жағынан толық піспеген, ымыраға келе алмайтын қыңыр мінезді болады. Ата-ана, ең алдымен отбасы қарым-қатынасында баланың есейіп, өсуіне толық жағдай тудырып, тәрбиеде нәтижелі педагогикалық әдіс-тәсілдерді қолданулары керек.



3

Қақтығысушылық қарым-қатынастағы отбасы

Отбасындағы ата-ана мен баланың, басқа да мүшелерінің арасындағы қайшылықтардан- қақтығысулар туады. Отбасында бір-біріне наразылық білдіру, бірін-бірі табалаушылық, келеке, қиянат жасау, сөгу, беделіне нұсқан келтіру бір-бірімен шиеленістіруге ықпал жасап, олардың ауызбірлігін жояды.

Үнемі дау-дамай, ұрыс-керіс жағдайында өскен бала психологиясында ашу-ыза, агрессия басым болып, ол күйгелек болып өседі. Мектеп жасына дейінгі кезең психологияда – бала дамуының қарқынды жүретін кезеңі деп белгіленген. Мектепке дейінгі шақ- баланың таным үрдістері, мінез-құлық нормаларын игеретін кезең болғандықтан – отбасындағы жайсыз климат, ұрыс-жанжал бала психикасына өте ауыр соққы болып тиеді. Ондайда баланың психикалық ауруға (әсіресе неврозға) шалдыққаны көп кездеседі. Оның пайда болуы тұқым қуалау факторлардан емес, әлеуметтік фактор, яғни аурудың себебі отбасындағы адамдардың өзара қарым-қатынас сферасында жатыр.



4

Араласпаушылық қарым-қатынастағы отбасы

Араласпаушылық жағдайда ата-ана мен балалар өз беттерінше бір-бірімен ақылдаспай өмір сүреді. Отбасы мүшелерінің бірі кездейсоқ қайғылы оқиғаға ұшыраса, оған қалғандарының қайғы-қуанышына ортақ болуы өз дәрежесінде бола бермейді. Мұндай отбасында қатыгездік, селқостық немесе мейірімсіздік сезімдері байқалады.

Ешбір үлгі -өнегесіз өскен бала қандай жағдайда болмасын өрескелдік танытып, қарым-қатынаста дөрекі келеді. Бала отбасы мүшелеріне қатыгез, қайырымсыз болып, өзіндік қызығушылық пен қажеттіліктерді ең негізгі орынға қояды.



5

Ынтымақтастық қарым-қатынастағы отбасы

Ынтымақтастық ата-ана мен беле арасындағы сыйласушылық қағидасына сүйенеді. Мұндай отбасында балалардың пікір, ойлары тыңдалып, барлық мәселе үй-ішінің бірлескен кеңесінде шешіліп отырады. Ынтымақтастығы жарасқан отбасында әдептілік, сыпайылық, төзімділік, дау-жанжалдан алыс болу белгілері тән. Бұл түсіністік, достық позициясын сақтайды. Ынтымақтастық қатынастағы отбасы баланы өз ойын ашық айта білуге, кез-келген тапсырманы мүлтіксіз орындап, таза, мәдениетті сөйлеп, пікірлесуге дағдыландырады, бала тәртібінде жағымды көңіл-күй, өзіне деген сенім, тәртіптілік негіз алады.

Бұл қарым-қатынас отбасындағы ата-ана мен балаларды біріктіріп, оларда «біз» деген мезімді туғызады және олар өздерінің ортақ жұмысқа қатысты екендерін сезініп өседі.



Бала тәрбиесінде қалыптасқан шамадан тыс еркелету отбасында ерекше орын алады. Мұндай мүмкіндіктерді берген әрине сіздер ана-аналар қауымы. Бала тәрбиесінде нелерді білу қажет? Балаңыздың достары бар ма және ең жақсы досы кім? Баланың достық қатынастары қандай, өзінің жақындарына қамқорлық жасай ма? Баланы не нәрселер қызықтырады? Достарына көмекке келуге әзір тұра ма? деген сияқты сұрақтарға ата-аналар бірдей жауап бере алмайды.

Сондықтан, баланы ақыл-парасатпен зерттей отырып, өзіңдік «менін» сезіндіру керек.

Құрметті ана-аналар! Баланың болашағы балалық шақтан басталады.

Сондықтан сіздерге төмендегі негізгі ережелерді ұсынамыз:


  1. Балаға шамадан тыс қамқор болмау.

  2. Әр қадамына алаңдамау.

  3. Бостандығына шек қоймау.

4. Үнемі бақылау міндетті емес.

5. Сенімсіз міндетті жүктемеу.

6. Баланы тұтынушы ретінде қабылдамау.

7. Өзгелерді түсінуге және шыдамдылыққа баулу.

8. Дос табуға көмектесу.

9. Баланың ойымен бөлісу.

10. Өздігінен дамуға көмектесу.

11. Баланы шамадан тыс сынға алмау.

Бала атаулының бойындағы біртіндеп қалыптасатын психологиялық ауыр өзгерістер мен невроздың негізгі себепкері, жалпы бала тәрбиесінен хабары шамалы, ал бала психологиясы дегенді естіп көрмеген ата-аналардың үкімді де, сорақылыққа толы қатыгездіктерінен екенін ашып айтқымыз келеді. Олардың көпшілігі бала тәрбиесінің қиын да қызық сәттерін іздеп үйренудің орнына, тек жазалау, қорқытып-үркітумен ұстағанды білетіндіктерімен шектелетіндіктері белгілі. ата-аналар мен бала тәрбиесіне қатысты үлкендердің арасында жүргізілетін психологиялық көмектерді атауға болады. Мұның өзіне тән әдістері де толып жатыр. Үлкендерге бала психикасының мән-жәйі туралы түсінік беру, оны мұқалтпаудың маңызы жайлы, психологиялық тәрбиелерді үйретудің жолдарын — кітаптардан, кино-фильмдерден, арнайы жасалынған оқулық фильмдерден — терендей талдап көрсету арқылы, ата-аналар мен үлкендердің бала тәрбиесіндегі қатыгездіктен тыйылуын талап ету.
Осылайша, жас баланың психикасындағы ауыр өзгерістер мен қорқыныштардан туындайтын, оның жан дүниесіндегі жапа шегушіліктің зардабымен қатаң да жедел күресетін мезгіл жеткен сияқты. Сөз жоқ, мұндай жағдайды ата-аналардың көпшілігі білмегендіктен істейтінін де ескеру керек.
Жалпы бала психологиясына белгілі психикалық ауыр әсерлердің түрлерін атап өтсек; бірінші, баланың жігерін жасытатын үкімді баға беру (мысалы, "Сен ойнай білмейсің", "сен дұрыс сөйлей алмайсың" деген сияқты кесімді ұғымдардың әсері жаман). Осыдан кейін, баланың тауы шағылып, талабы қайтып қалатындығы анық. Тіпті, оған бұдан былай ойнаудың да, сөйлеудің де қиындай беретіні рас. Сәбилерді үнемі көтермелей жетелеп тәрбиелеудің психикалық мәні зор.
Екінші сәт, баланың істеген әрекеттеріне теріс те, зілді баға берумен қоса, оның жеке басының намысына тиетін сөздер айту. Мәселен, "Сен ойнай білмейтініңмен қоса, мақтаншақсың, өтірік мақтанасың" деудің әсерімен, баланың бүкіл жан-дүниесін терең жаралауға әбден болады. Сондықтан да, балалардың іс-әрекеттерін дұрыс бағаламау, төмендетіп бағалау арқылы, оның қалыптасу қабілетін тұтылдырумен қоса, ұстамдылығы мен парасатына да қаяу түсіреді. Мұндай әрекеттер баланың өміршең талпыныстарын бірден тоқтатып, тіпті тіршілігінен де жиренері хақ. Оның алдындағы армандарын да, сенімдерін де жоғалта бастайды.
Үшінші бір ыңғайсыз сәт, басқа бір баламен салыстыра бағалаудағы жіберілетін әділетсіздік. Мұндай әрекеттер арқылы, баланың бойына қызғанушылық пен өзімшілдікті қалай сіңіріп алғандарын да байқамай қалады. Міне, тәрбиедегі психологиялық әдістерді білмеудің салдары осындай аса қиын жайсыздықтарға әкеп соғады екен. Бұл бала тәрбиесіндегі кезек күттірмейтін мәселе дегіміз келеді.

Отбасында ата-анасымен өзара қарым-қатынас барысында туғаннан алты жасқа дейін бала:



  • Ана тілін меңгеріп, сол тілдің грамматикалық формаларын ажыратады, белгілі сөз қоры пайда болады;

  • Күнделікті тұрмыста, қарым-қатынас барысында балада өзін айнала қоршаған әлемді танып – білуге деген қызығуы пайда болады;

  • Сөйлеушінің сөзін тыңдау және тыңдаушының сөзінің дұрыс болуы сияқты сөйлеу формалары қалыптасады.

Жүйелі бағыт-бағдар оқыту барысында әр баламен жұмыс жасау алға қойған мақсатымыздың нәтижесін берді.

- әр баламен тығыз қарым-қатынаста болу;

- жалпы ұйымдастырылған карым-қатынас;

- әртүрлі тәрбие әдістерінің өзара нәтижесі.

Алдымен баланың балабақша ортасына икемделуі, өткізілген ойындарға белсенді қатысуы, оның өзіне тән мінез-құлқындағы іс-әрекетінің ерекшелігі каңдай жағдайда көрініс табатындығы алаңдатады.

Сондықтан, бала коғамдық ортада үнемі қарым-қатынаста болуы кажет. Қоғам баладан, бала қоғамнан ажырамас бірлікте. Баланы мектепке дайыңдау барысында біз ата-аналармен үнемі қарым-қатынаста кызмет атқарамыз. Баланы мектепке қоғамдық-психологиялық тұрғыда тәрбиелеу балабақшадан бастау алып, отбасы өмірімен тығыз байланысады. Әлеуметтік ортаға мектептің ықпал жасауы нәтижесінде баланың дүниеге көзқарасы, құқықтық, эстетикалық сияқты болымды қасиеттері дамып қалыптасады. Сонымен, тәрбие бала дамуын бағыттайды, басқарады, жеке тұлғаның дамуын бағдарлайды.

Отбасындағы тәрбиенің тимді болуы оңдағы қарым-қатынас түрлерінің орнығуына байланысты. Үлкенді құрметпен өнеге тұту, одан үлгі алу, біріккен шығармашылық еңбек етуді, белсенді іс-әрекетке баулуды дәстүрлі мерекелер, ұлттық өнер, ойын сайыстары арқылы іске асыру.

Отбасында түрлі қарым-қатынастар орын алады:

- ынтымақтастық қарым-қатынас, яғни отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасы түсіністік пен көмекке бағытталған;

- ортақ мүддеге негізделген бірыңғай қарым-қатынас; 

- жақсы қарым-қатынасты сақтай отырып, өзара жетістікке жетуді кездеген қарым-қатынас;

- бәсекелестік, барлық жағдайда өзінің бәсекеде ұтуын көздеген қарым-қатынас;

- түрлі себептермен туындаған отбасындағы қайшылықты қарым-қатынас.

Баламен үнемі терең қарым-қатынаста болу – тәрбиеге қойылатын, барлық ата-аналарға бірдей деңгейде ұсынылатын жан-жақты талаптар, қарым-қатынас баланы кез келген жаста тәрбиелеуде қажет. Ата-анасымен байланысын сезіну және оған қобалжу балаларға олардың махаббатын, құштарлығын және қамқорлығын сезінуге және түсінуге мүмкіндік береді.

Бұл байланыстың нақты формалары мен көріністері баланың жеке басының жас ерекшеліктеріне байланысты өзгеруі мүмкін. Отбасында ата-ана мен баланың арасындағы психологиялық байланыстардың жалпы заңдылықтары туралы ойлануды да естен шығармау керек. Қарым-қатынас өз-өзінен тумайды, сәбимен де қарым-қатынас жасауға болады. Бала мен ата-ана арасындағы сезім әрекетінің байланысы, өзара түсінушілігі туралы айтқан кезде бала мен үлкендердің өзара іс-әрекеті, бір-бірімен сөйлесуі айтылады. Арадағы қарым –қатынасты сақтау баланың өмірінде болып жатқан өзгерістерге шын көңіл бөлуге, оның түкке тұрғысыз және балалық қылықтарына шын қызығушылық білдіруге, оны түсінуге, өсіп келе жатқан кішкентай адамның жан дүниесінде болып жатқан өзгерістерге бақылау жасауға негіз болады.

Отбасы қызметі- құрылымдық ұйымдастыру және дамумен тығыз байланысты. Отбасы тәртіп ережесі сыртқы орта және отбасы мүшелерінің өзара қарым – қатынас сипатына да әсер етеді. Қазіргі отбасы тәрбиесіндегі басты нысана баламен рухани үндестік пен үйлесімділікке ұмтылу, ата-баба мұрасын сақтауға көңіл бөлу, халықтың тәлімдік мұрасын бүгінгі күнмен сабақтастыру болып табылады.

Осыған орай отбасында еңбексүйгіштікке, баланың жасына сай еңбек түрлеріне және қоғамдық пайдалы еңбекке баулуды іске асыру кажет. Ата-ана және әлеуметтік орта болашақ азаматтың денсаулығын жастайынан сақтау үшін, онын тәнінің дұрыс түзіліп қалыптасуына, салауатты өмір салтын нығайтуға ерекше мән бергені бүгінгі күннің өзекті мәселесінің бірі болып саналады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет