Дипломдық ЖҰмыс 5В010200 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі Шымкент, 2021



бет4/36
Дата07.01.2022
өлшемі2,04 Mb.
#19331
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Байланысты:
Килыбай

Зерттеудің өзектілігі. Білім туралы Заңда «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделген [1].

Жаңартылған бағдарлама Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсат-міндеттерімен үйлеседі, ал мемлекеттік бағдарламаның басымдықтары, өз кезегінде білім беру саласында көш бастап келетін Франция, Сингапур және Ұлыбритания секілді прогресшіл елдерге тән заманауи мақсаттармен және құндылықтар жүйесімен барабар [2].

Бағдарламаның жетекші мақсаты әрбір ел үшін маңызды болып табылатын рухани, мәдени және адамгершілік құндылықтардың негізінде жастарды өз елінің мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу; екіншіден (бұл да маңызды аспект) – жастарды жылдам өзгеріп жатқан әлемде өзіне сенімді және табысты болуға мүмкіндік беретін дағдылары мен түсініктерін дамытуға, өмірлік жағдайларда өз білімдерін қолдануға ықпалын тигізетін сын тұрғысынан ойлауға үйретуді қамтиды.

2016-2017 оқу жылынан бастап Қазақстандағы барлық мектептерде Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесіне сәйкес жаңартылған білім мазмұны бірінші сыныптарға енгізілді.

Қазіргі кезеңдегі оқытудың негізгі мақсаты – болашақ мамандығына байланысты әрбір балаға тереңірек білім беру, білімді өзгермелі өмір жағдайларына пайдалана білу дағдысын қалыптастыру. Жаңа технологияларды сабақта қолданудың тиімділігін әрдайым арттырып отыру қажет. Осы жерде жеке пәндердің оқу материалдарын өзара байланыстырып немесе кіріктіре оқытудың жайына сипаттама берудi және оны оқытуды жетiлдiрудiң бағыттарын анықтау орынды [3].

Бастауыш сыныптарда пәнаралық байланыс негізінде оқытудың мақсаты мен мiндетiн анықтауда жаңартылған оқу бағдарламасында жаңа әдіс- тәсілдерді пайдалану, сол арқылы оқу бағдарламаларының бөліктері мен оқулықтағы ортақ тақырыптар мазмұны арқылы танымдық және тілдік қарым- қатынасты меңгерту, iс-әрекет пен өздiгiнен бiлiм алуға және еңбекке бейiмдеу, бастауыш сынып оқушысын тұлға ретiнде қалыптастыру және жеке болмыстық бітімін өмiрде болып жатқан нақты құбылыстарды жалпылауға және қоршаған ортаны ғылыми таным тұрғысынан танып-бiлуге дайындап, дамыту қажеттiгi айтылған.

Бүгінгі таңда алға қойылған мақсаттарды іске асырушы басты тұлға – мұғалім екені ақиқат. Білім беру саласында жүргізілген әлемдік зерттеулер нәтижелері тиісті кәсіптік қасиеттерге ие, оқыту және оқу үдерістерінің қажетті дағдылары мен терең түсініктерін игерген мұғалімдер жастардың білімін сапалық тұрғыдан өзгерте алатынын көрсетіп отыр.

Бастауышта білім беру мазмұнын ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері

– оқушылардың ақыл-ойын, дене күш-қуатын жан-жақты дамыту, дүниеге ғылыми көзқарастарын қалыптастыру және оларды қоғамдық өмірге, еңбекке дайындауға негіз болатын білімдер мен іскерліктердің және дағдылардың көлемі мен бағытын айтамыз. Білім берудің мазмұны ең алдымен қоғамның, мектептің алдына қоятын мақсаттары мен міндеттерімен анықталады. Сонымен бірге оқудың мазмұнын анықтауда дидактиканың талаптары да ескеріледі, себебі соның негізінде ғана қай жаста, қандай көлемде, қандай пәндерді оқуға болатындығын дұрыс шешуге болады.

Бастауыш сыныптардағы пәнаралық байланыс негізіндегі педагогикалық үдерісті жүргізу–жаңа білім мазмұнын оқытуды теориялық жағынан негіздеп, мазмұны мен шарттарын анықтап, әдістемесімен қамтамасыз ету болып табылады. Осының нәтижесінде еліміздің білім беру жүйесіне өзгерістер енгізіліп, білім мазмұны жаңа бағдарламалар аясында жүзеге асырылуда. Бүгінгі қазақстандық қоғам дамуында жаңартылған білім мазмұнының мектеп тәжірибесіндегі педагогикалық үдеріске енуі – қазіргі кездегі ел экономикасының дамуымен тікелей байланысты болып табылады.

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік жаңартылған бағдарламасы бекітілді. 2016 жылдан бастап 1-сыныптар жаңартылған білім беру бағдарламасымен оқытыла бастады. Осыған орай бастауыш сыныпқа арналған оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары оқушылардан шынайы өзекті мәселелерді анықтап, зерттей білуді талап етеді. Жаңартылған білім жүйесі – бастауыш сынып оқушыларына білім, білік дағдыны қалыптастыру мен дамыту арқылы құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Мәселенің бүгінгі күнге дейін ғылыми-теориялық және әдістемелік тұрғыда арнайы зерттеулер арқылы қарастырылмауын ескере отырып, ғылыми-зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «Жаңартылған бастауыштың білім мазмұны аясында пәнаралық байланысты жүзеге асырудың педагогикалық шарттары» деп алдық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет