Зерттеудің мақсаты: Баланың ойлай білу, оны сыртқа дұрыс қорытып айта білу қабілетін қалыптастыру. Қазақ сөзінің құдіреті, сөйлеудегі керемет тіршілігін сезіндіру, ана тілінің сырларын білу, сөйлеу өнерін игеруге ұмтылу.
Тіл дамыту мақсаты:
дыбыстарды дұрыс айтуға, оларды бір – бірінен ажырата білуге үйрету;
өз ойын еркін жеткізуге, байланыстырып сөйлеуге машықтандыру;
тіл мәдениетіне, көркем сөз өнеріне баулу.
Зерттеу міндеттері:
1. Баланың сөздік қорын қалыптастыру, оны белсенді түрде байыту;
2. Бала тілінің дыбыстық жағын жетілдіру, мәнерлі де мәдениетті сөйлеуін тәрбиелеу;
3. Тілдің грамматикалық жағын қалыптастыру, грамматикалық
формалардан ауытқымай сөйлеуге машықтандыру;
4. Ауызекі сөйлеу тілінің қалыптасып, дамытылуын іске асыру;
5. Өз ойын монологты түрде байланыстыра жеткізе білуге үйрету;
6. Көркем сөзге баулу;
7. Сауаттылыққа үйрету.
Зерттеу пәні: Оқушылардың тілін дамытудың педагогикалық- психологиялық негіздерінің үрдісі
Достарыңызбен бөлісу: |