Дипломдық ЖҰмыс 5В010800- мамандығы Дене шынықтыру және спорт 2015 мазмұНЫ


Боксшының техникалық, тактикалық дайындық кезеңдерін жетілдіру



бет8/12
Дата20.05.2023
өлшемі434,5 Kb.
#95439
түріДиплом
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
2.1 Боксшының техникалық, тактикалық дайындық кезеңдерін жетілдіру

Спортшының шеберлігін өсіру үшін негізгі роль олармен жеке жұмыс істеу, жекелену спортшыны жетілдіруіне алып келеді. Дайындық ұрыста және дайындық жаттықтырушы боксшыны бақылап және ерекшелігіне мән беруі қажет.


- Қандай арақашықтықта боксшы өзін еркін әрекет жасайды, батыл және активті болады. Қайта ол өзінің тәсілін жасқы жасайды.
- Қандай соққыны немесе қорғанысты боксшы таңдайды. Қандай тәсіл оған жеңіл екенін жақсы жасайды.
- Бұл боксшыға қай ұрыс манерасына тән. Ұзақ, жақын кезеңді соққыларды жақсы игереді.
- Боксшы қандай психологиялық ерекшелікке ие, ол активті жан ол батыл салқын қанды немесе ұрыс кезінде қозатын жан.
Осы анализдер көмегімен жаттықтырушы боксшыға мінездеме жасап, оған жұмыс істеуге бағыт береді, әр боксшының ұрыс манерасын жеке жетілдіреді. Осы мінездемеге сүйене отырып боксшыны жаттықтырғанда жеке жоспар құрады.

  • Боксшының қажетті терілген техникалық қимылдарды игеруі.

  • Боксшыны психологиялық және физикалық дамыту үшін қажетті терілген жаттығулар.

  • Боксшының жұмыс істеуіне қажетті тактикалық терілген тәсілдер.

  • Боксшыға көрсетілген тапсырмаға қатысты қарсыластарының тізімі.

  • Жеке жаттығулардың тізімі.

Жаттықтырушының негізгі бақылауымен құралған жоспар өзгеріссіз және соңғы болжамы. Жаңа тәсілдермен жұмыс үстінде боксшының жаңа тактикаларын қарай отырып жаңа бағыт ашу қажет. Боксшының жеке шеберлігін жетілдіру үшін не қажет?
Боксшының ойша техникасын жасау қажет.
Жаттығудың басында тапсырмаларды жаттықтырушының көрсетуімен және түсіндіруімен жасайды. Кейіннен боксшы өзінің структурасын жасағаннан соң өздігінен жаттығу жасайды. Боксшы жетілдірілген жаттығуларды көп рет қайталап тез темппен, оны жиілете түсіп максимальды тез қозғалысқа жеткенше, бұнымен күш түсірмей соңын да әр түрлі тәсілдерді қосу. Жаттығуларды ұзақ уақыт бойы қайталау, сосын осы жаттығуларды қолдану қажет. Жетілдіру техникасы біртіндеп келіп жаттығулар қиындай түседі. Қарсыласының қарсылануы алғашқыда жайлап, кейіннен күшейеді, бастапқыда тек қорғаныс, кейіннен конрташабуыл ереже болады. Боксшы алғащшыда ұрысты үйреніп боксшы уақыты бұзылса және арақашықтықты бұзса, онда бастапқы жаттығуларды жай жағдайда немесе аз жылдамдықпен жасайды. Сол немесе басқа тәсілді қолдануға қажет:

  • жаттығу, қарсылас әлсіз қарсыласатын

  • жаттығу, әлсіз қарсыласпен

  • жаттығу бір қарсыласпен тұрақты

  • жаттығу өте күшті қарсыласпен

  • жаттығу басқа қарсыласпен

Осы кезеңділікті жайлап ұстап жеке әрекеттерге жетілдіру және бір әрекеттен екіншіге тез өтуге жетілдіру.
Бұл кезеңділікті сақтамаса боксшы әрекеті бұзылады немесе көптеген қателіктер жіберіледі. Бір әсерден екіншіге өте алмайды.
Егер жағдайды біртіндеп жылдамдатса боксшы тез жетіліп, жаттығуларды тез игереді. Боксшы соққыны және қорғанысты жиырма рет жасау қажет. Жұмысқа қатыстыру қажет, тез арада бір жұмыс түрінен екінші түріне өтеді. Боксшы кезеңді соққыларды жұмсағанда бұлшықеттер жиырылады. Соққы кезінде барлық бұлшық ет топтары қатысады. Боксшы тез арада соққыдан қорғанысқа өтіп бұлшық еттерді жиырып тез арада босаңсытады.
Бір немесе кезеңді соққылар және қорғаныс қозғалыстармен қоса жасайтын арнайы жаттығулар:
1. Боксшы тұрған жағдайда оң аяқ серпіліс бастапқы әрекетке денені қосады. Оң аяқ еденнен ал май мұзақта тұрады. Сол аяқ денесімен бірге алға жылжиды. Дене бұлшық еттері, иық, бел, қол босаңсиды. Соққыдан соң бұлшық еттер босаңсуы қажет.
2. Боксшы тұрған жағдайда оң аяқ серпілісімен денемен қатысады. Оң аяқты еденнен алмай тұру қажет. Оң аяқ серпілісімен алға сол аяқ шығады.
3. Тұрған жағдайда боксшы оң аяқ серпілісімен денені оңнан солға бұрады. Бір кезде сол аяқ және оң қол қимылдайды. Дене, иық, бел, қол бұлшықеттері босайды. Оң аяқты ұзақ уақыт еденнен алмау қажет.
4. Боксшы тұрған жағдайда оң жақ серпіліспен оңнан солға денемен айналады. Оң қол тік бұрышпен бүгілген бірдей уақытта қимылдайды. Дене иық, бел, қол бұлшықеттері босаңсыған. Бұрылу кезінде бүйір соққымен оң қолмен жасайды.
5. Фронтальды тұрған сол жақ серпіліспен денені айналдыра солдан оңға бұрады. Бұрылу жағдайда бүйір стойкамен тұрғанда бүйір соққы жібереді. Соққыдан соң бұлшық еттер босаңсады.
6. Боксшы сол жақ бүйір соққы жасайды, жаттығудағыдай қалай соққы жасасымен боксшы оңнан солға бұрылады. Соққыдан соң бұлшық ет босайды.
7. Боксшы тікелей бүйір немесе төменгі қосарланған соққылар жасайды. Соққы негізінен иық бұрумен, ұратын қол иығның бұрумен жасалады. Боксшы, ұратын қол иығының бұрумен жасалады. Боксшы тез жиырылса тез босаңсуы қажет. Егер боксшы тез арада жиырылып, босаңсып соққы жасай алмаса, еденде отырып соққы жасауы қажет. Боксшы кезектік соққыларды іш бұлшық еттерін жиырылып жасау қажет. Бұл босаңсуға және дұрыс тыныс алуға үйретеді. Осыдан кейін босаңсуды үйреніп, кезекті соққылардан соң еркін тыныс алады. (соққыдан соң бірден тыныс алмайды).
8. 6-7 жаттығудан соң, боксшы тез арада босаңсып бұлшық еттерін комбинирленген қорғанысқа өтеді, тосулармен, артқа шегіну т.б.
9. 6-7-8 жаттығулар қорғанғаннан соң сол арада соққы жасап содан соң қорғанысқа көшеді.
Белгілі бір боксшының ерекшеліктеріне соққы жасауына байланысты. Жаттықтырушы анықтау қажет.

  • жетілдіруге қандай соққыларға негізгі мән беру қажет.

  • Қандай арақашықтықта боксшы жетілдірілген соққыны жасау қолайлы.

  • Қандай тәсіл, шабуыл немесе контрашабуыл соққылар оңай жасалады.

  • Осы соққылар қандай қорғаныспен байланысады.

Осыдан кейін жаттықтырушы әр боксшыға жеке тапсырмалардан кезеңділігін құрайды. Оқу жаттығу материалдарын шектеу боксшыны жекелеген жетілуіне жақсы пайда алып келеді.
Сонымен қатар боксшының қандай тактикада және техникалық дұрыс дамыту қажет екендігін анықтау. Жаттығуда және жарыста бақылау боксшы туралы көптеген материалдар береді, ары қарай дамуына жаңа жоспар құрайды. Жоспар техника-тактикалық боксшы жағдайын кеңейту жағдайын кеңейтіп отыру қажет. Әр боксшыға тән ерекшеліктеріне байланысты техникалық және техникалық тапсырмалар беріп оны тұрақты жаттықтырып отырып жүйелі түрде қадағалау қажет. Боксшының тәжірибесін кеңейту үшін жаңа техникалық тактикаларды қосып отыру қажет. Жетілдірудің басында жетілдіру тактикасы және техникасын бекіту, игеруі боксшыға жекелеген тапсырмалар осы жоспарда беріледі кейінен ол жасалмаған жаттығуларды үйретеді. Боксшы жеке жаттығып техника-тактикалық мүмкіндігін кеңейту қажет. Боксшы мен жаттықтырушы алдына қойылған тапсырмалар әр түрлі болғанымен оны жалғастыруға болады. Тапсырма мен жетілдірулер бұл этапқа жаңа тәсілдер арқылы техника мен тактиканы кеңейтуге арналады. Боксшы тактиканы дұрыс ұрыс жүргізетін келесі техника тактикалық әсерлер игереді.
1. Шабуыл және контрашабуыл күтіп тұрған қарсыласына жалған шабуылға шығу.
2. Қарсыласының жаншып қорғану соққысы.
3. Боксшының жауап соққысы.
4. Ринг және арқан бұрышынан шығу.
5. Клинчадан шығу.
6. Қатты соққы алғанда немесе қорғана алмаған жағдайда клинч.
7. Қарсыласын ринг бұрышына немесе арқанға (ұзақ артқа қадам жасау, оңнан соға бұрылу) [37].
Жарысқа боксшының тактикасын дайындау.
Турнирге дейін ұзақ уақыт бұрын тактикалық дайындық жасау қажет. Турнирден кейін боксшы жаттықтырушымен бірге отырып өткен ұрысты анализдейді. Бұл жеңіспен біткен турнир болғанның өзінде дайындықтың әлсіз және күшті жақтарын ескереді. Жеткен жетістікпен тоқтамау қажет. Әр жекпе-жекте табысты немесе табыссыз жақтары болады. Боксшы күшті қарсыласының жеңіл түрде, әлсіз қарсыласын күшпен жеңуі мүмкін. Бұл қарсыласын дұрыс бағаламағаннан болады немесе ұрыс тактикасының дұрыс болмағанында.
Жаттықтырушы және боксшы тактикалық дайындықта енді қандай жұмысты жалғастыру қажет. Тактикалық жетіспеу себебі неде?
Себебі техникалық арсенал шектелуі немесе әлсіз теориялық дайындық немесе арнайы физикалық дайындықтың жетіспеушілігі ұрыс жүргізудің жетілмеген тактикасы. Боксшының негізгі жетіспеушіліктерін жоюға тырысу қажет. Өзінің күшті жағын жетілдіру қажет. Жүлделі орынға ұсынылатын боксшы өзінің негізгі қарсыласын жақсылап бақылап, ұрыстағы тактикасын анализдеу қажет.
Сосын қарсыласына карта құру оның әлсіз жерін бақылап және осы жағын өзі жетілдіру, күшті жағын нитрализдеу қажет. Күшті қарсыласына әрекет жоспарын құрып, жаттықтырушы мен боксшы бірге осы схеманы пайдаланып, осы боксшыға тән техника-тактикалық әрекеттерді жетілдіру. Қарсыласының қателіктерін қолданып системалы жаттығу жасаған боксшыға табыс алып келеді. Боксшыларды жинағанда оған дайын болу қажет. Боксшы жарысқа дайындалғанда жаттықтырушы алдында келесі мәселе тұрады:

  1. Боксшының шеберлігінің күшті жағын қарау.

  2. Бұрында жасалған қателіктер мен жетіспеушіліктерін жою.

  3. Боксшы жалпы және арнайы дайындық жүргізу, негізгі көңілді жылдамдыққа бөлу қажет.

Осы жаттығуларды 3-4 апта бойы аптасына күн демалып жасалады. Дайындық аптасының әр күні дұрыс жүргізу маңызды. Боксшының дайындығы (ұйқысы, жаттығу, тамағы, қыдыруы) маңызды. Техника мен тактикасын жетілдіруде максимальды тапсырыстар жасау қажет аптасына 2-3 рет. Қалған күндері боксшы техника және тактиканы жетілдіруде физикалық дайындыққа көшеді. Дайындық кезінде боксшы дөрекі соққылар жасамау қажет, техника және тактиканы жетілдіру жаттығуымен шектен тыс нервке күш түсірмеуі қажет.
Жарыстар алдында тактикалық дайындық өте маңызды, жарыста боксшы әр түрлі қарсыласпен кездеседі, сондықтан әр түрлі ұрыс материалдарына дайын болуы қажет. Сондықтан жарыс алдындағы дайындықта боксшы олардың әрекеттеріне қарсы тактикалы жоспар құру қажет. Таныс емес қарсыласына дұрыс және тез барлау жасап және оған негізгі контроәрекет жасау қажет.
Айқын тактикада тек қана қарсыласының белгілі бір ерекшелігін ғана емес, боксшының ерекшеліктерін ескеру қажет. Бұндай жағдайда жаттығу дайындығын боксшының келісімімен жасауға жоспарлап және қарсыласына күтпеген болатын жаңа тактика, техниканы жоспарлау, жарыста қарсыласымен 4-5 рет кездеседі, боксшының және жаттықтырушының мәселесі қиын. Боксшы дайындықта әртүрлі қарсыластарымен кездесетінін ескере отыру қажет.
Солақайлармен кездескен өте қиын. Негізінен «түркі» тәсілмен жұмыс істеу қажет. Егер боксшы бір тәсілді қайталай берсе «қарсыласына ол боксшы қорқынышты болмай қалады. Сондықтан боксшының жақсы көретін тәсілі болса онда оны қарсыласынан жасыруы қажет. Жаттықтырушы айтылған құралдардың ішінен боксшының жеңісіне алып келетін әрекеттерді таңдауы қажет. Ең бастысы жаттықтырушы боксшының берілген жаттығуларды игере алулығы. Алғашқы аптада жиналу мәселесінде спортшы функционалды жағдайын жоғарлату. Бұл үшін жаттығу (тас лақтыру) Бокс залында көптеген дайындық жүргізіледі. 3 раунтты дайындық боксшыға 1,5-2 сағатқа созылады.
Екінші аптаның тапсырмасы – боксшының төзімділігін бақылау.
Дайындықта максимальды тығыздықта қарсыласын тез ауыстыра отырып 1-1,5 сағатқа созылған.
Үшінші апта тапсырмасы – жылдамдықты тұрақтау. Боксшы жаттығуды, жеңіл тез боксшымен ұрыс жүргізу. Жаттығудың ұзақтығы 45 минут 1 сағатқа созылады.
Жаттықтырушы, боксшы соңғы аптада салмағын қуу, жаттығуда күш түсірмеу қажет. Егер жаттығу арқылы боксшы салмағын қуғысы келсе, ол ұзақ уақыт күш түсірмей орта темппен жұмыс істеу керек.
Еркін және шартты ұрыстағы тактикалық тапсырмалар
Алғашқы апта: Дүйсенбі жаттығудың негізгі бөлігі 1 раунд- Бір боксшы басқа және денесіне сол жағынан тіке шабуылға шығу керек деген тапсырманы алады. Екіншісі қорғанады. Раунд ортасында боксшылар рольдерін ауыстырады.
2 раунд- Бірінші боксшы бір және қос соққыларымен ұзақ арақашықтықта шабуылдау. Екіншісі жауап бір және қос соққылармен қорғану Раунд ортасында ролдерін ауыстырады.
3 раунд- Бірінші бір және қос соққымен ұзақ арақашықтықа шабуыл шығады. Екіншісі қолайлы жағдайында бір және қос соққымен қарсы шабуылға шығады. Раунд ортасында рольдерін ауыстырады.
4 раунд Бір боксшы сол жақ тіке басқа жеңіл соққы беруді, екінші боксшы бір және қос соққымен контрашабуылға шығады. Бірінші боксшы шегініп және еңкейіп қорғанып қос соққымен шабуылданды екіншісі қорғанады.
5 раунд Сол 4 жаттығу боксшылар орындары ауысады.
6 раунд Сол 4-5 жаттығу, бірінші және екінші боксшы кезекті соққылармен контрашабуыл жасайды.
7 раунд Сол жаттығу боксшылар орнын ауысады. 8-9 раунд Жекелеген комбинерленген жетілдіру
Сейсенбі
Жаттықтырушының боксшылармен жеке жаттығуы. Жаттығушы боксшының қимылының тездігін, соққысының дәл болуын, қорғанудың және соққысының уақытында жасалуын бақылайды.
Сәрсенбі
1 раунд бірінші боксшы сол жақ басына тіке соққы жасауды екіншісі орта арақашықтыққа еңкейіп шығу, қолайлы жағдайда сол жақ бүйір бастап соққы төменнен сол жақ денеге немесе оң жақ басқа тіке соққы жібереді. Бірінші сәтте қорғану жағдайы.
2 раунд Сол 1 жаттығу боксшылар орынын ауыстырады.
3 раунд Бірінші алға ұмтыла отырып кезекті шабуылдар жасау тапсырмасы. Екіншісі қорғана шетке немесе артқа шегіну. Осы қосарланған қорғаныспен артқа шегіне отырып, соққы беру.
4 раунд Сол 3 жаттығу боксерлер орнын ауыстырады.
5 раунд Бір боксшы қарсыласын бұрышқа немесе арқанға қысу. Екінші жеңіл немесе кең манврлеу артқа, шетке қадам жасап оңға немесе солға айнала қимыл жасау.
6 раунд Сол жаттығу боксшылар орнын ауыстырады.
7-8 раунд жекелеген қосарланған жетілдірулер 9-10 раунд ұрысқа жақындау, ұрыс тәжірибесі
Екінші апта
Дүйсенбі
Сабақтың негізгі бөлігі
1 раунд Бірбоксшы бір немесе қос, кезекті соққыларды өздігінен жасайды. Екінші бір немесе қос кезекті соққыларды контрашабуылға қарсы және жауапты соққыларды контрашабуылға қарсы және жауапты соққы ретінде жасайды.
2 раунд Сол 1 жаттығу боксшы орынын ауыстыру.
3 раунд еркін ұрыс;
4 раунд еркін ұрыс;
5 раунд ұрысқа жақындау;
6 раунд ұрысқа жақындау;
Сейсенбі
Боксшы мен жаттықтырушының жеке жаттығу
Сәрсенбі
Ұрыс тәжірибесі.
Үш раунд еркін ұрыс, екі раунд – еркін ұрыс, боксшы бір қарсыласпен кездеседі. Үшінші раунд жаңа қарсыласпен, төртінші раунд – ұрысқа жақын.
Жұма. Дүйсенбіден қайталау. Үшінші жеңіл және шапшаң қарсыласпен кездеседі.
Сәрсенбі. Жаттықтырушымен жеке жаттығуы.
Жұма. Қарсыласпен жеке комбинтрленген жетілдіру [38].




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет