Дипломдық ЖҰмыс 5В010800- мамандығы Дене шынықтыру және спорт 2015 мазмұНЫ



бет5/12
Дата20.05.2023
өлшемі434,5 Kb.
#95439
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Дипломды Ж мыс 5В010800- маманды ы Дене шыны тыру ж не спорт 20

Зерттеу пән – Боксшының техникалық, тактикалық дайындығының жас ерекшеліктер негіздерін жетілдіру жүйесі.
Зерттеу объектісі – Жалпы білім беретін және спорт метептеріндегі бокс спорт түріне оқыту-тәрбиелеу процесі.




1 БОКСШЫНЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ, ТАКТИКАЛЫҚ ДАЙЫНДЫҒЫНЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕР НЕГІЗДЕРІН ЖЕТІЛДІРУ АСПЕКТІЛЕРІ




1.1 Жаттықтыру сабақтарында боксшының техникалық, тактикалық дайындығының негізгі ережелері мен қорғаныс әрекеттері

Біздің республикамызда спорт барынша дамып келеді. Ол рас, өйткені ол жастарды дене тәрбиесіне баулудың ең ықтималды құралы болып табылады.


Бокс бұл спорттың қызықты әрі күрделі түрі, ол өзіне табынушылар санын күннен –күнге көбейтуде.
Жарыстар боксшыдан жағдайды бір сәтте бағалауды, мезетте шешім қабылдауды және т.б. талап етеді.
Соңғы жылдары қазақстандық бокс дүние жүзінде алдыңғы қатарға шықты. Бұл біздегі боксқа, оның дамуына жеткілікті көңіл бөлудің нәтижесі деген сөз.
Оқытушылар мен жаттықтырушылар бокс теориясы мен оны оқыту әдістемесіне үлкен үлес қосты, өз жұмыстарында тактика тәсілдері, боксты оқыту әдістемесі және сабақты ұйымдастыру мәселелері түбегейлі мазмұндалған.
Тактика - боксшының қимыл тактикасын, сондай-ақ, нақты бәсекелеске қарсы жекпе- жек қолданыс тәсілдерін үйрететін білім бөлімі.
Осыған байланысты автор тактика мен әртүрлі әдістердің элементтеріне толығымен түсінік беріп жатпайды, өйткені бұның бәрі де бокс туралы көптеген оқулықтарда қамтылған.
Осы жұмыста бокстың тактика негіздері мазмұндалады, боксшының қимыл тактикасының дайындық, негізгі қорғаныс түрлеріне; жекпе-жектің алыс, орта, жақын қашықтықтары түрлеріне, ұлттық бокс мектебіне өзіндік өрнек салған жекпе-жек түрлеріне және жекпе-жекті жеке бас ерекшелігіне сай жүргізу өнеріне сипаттама жасалады.
Қазақстан Республикасындағы бокстың даму тарихы.
Қазақстан боксының тарихы бай. Бокс-қазақтың табиғатына тән, халқымыздың санында бар спорт түрі. Себебі, кейін Қытайға қараған Шығыс Түркістаннан бастап Түмен мен Орынборға дейін Ұлан-байтақ даланы біздің бабаларымыз уысында ұстады. Мұндай Ұлы дала тек рухы қу жүрек жұтқан құлдары бар халықтың еншісіне бұйырса керек.
Ғалымдар бокстың 5000 жылдық тарихы бар деген тоқтамға келіп отыр. Бұған дәлел: бағдатқа жақын жерден табылған тасқа қашалған айшықты боксшылар бейнесі.
Біздің дәуірімізге дейін 688 жылы жұдырықтасу олимпиада ойындарына енді. Жекпе-жекке шыққан жігіттер қолдарын терімен немесе жұмсақ дәкемен орап айқасқан.
Қазіргі бокс тікелей XYI- XYII ғасырларда Англияда бастау алған деген ғылыми тұжырым бар. Бокстың осы елдегі ұстазы Джейм Фиг алғаш рет бокс ережесін жазып шықты. Кейін 1805 жылы Маркиз Куинсберриздің ережесі дүниеге келді. Осы ереже бойынша шаршы алаңның көлемі, раундтың ұзақтығы, қолғаптың салмағы, қандай жағдайда нокауд есепке алынады, тағы басқа жекпе-жекке қатысты мәселелер жүйеге келтірілді.
1904 жылы бокс Олимпиада ойындарының бағдарламасына енді. 1920 жылы Бүкілдүние жүзілік әуесқой бокс ассоциациясы (АИБА) өмірге келді.
Әлем чемпионаты алғаш рет 1974 жылы өткізілді.
Қазақ жігіттерінің ресми бәсекелерге алғаш қатысуы Кеңес одағына қараған кезеңнің үлесіне жатады.
1936 жылы Шоқыр Бөлтекұлы Қазақстанға бокс қолғабын арқалап келгеннен бергі уақытта шаршы алаңға небір мықтылар шықты.
1947 жылғы КСРО чемпионатына Қазақстан құрамасын Шоқыр Бөлтекұлы бастап барған. Сол жолы Махмұт Омаров (51 кг) қола медальға қол жеткізіпті. Оның қадамына інісі Мақсұт Омаров жалғастырды, ол 1957 жылғы КСРО чемпионатында қола жүлде алса, 1959 жылғы КСРО халықтарының чемпионатында күміс медальға ие болды.
1959 жылғы КСРО спартакиадасында Әбдісалан Нұрмахановтың жұлдызы жанып, қола медалімен оралды. Әбдісалан бастап барған Атланта олимпиадасында қазақ құрамасы командалық үшінші орынға ие болды. Қазақ боксшыларының үлесінде әлем чемпионатының бес медалі бар.
Нұрхан Сүлейменов дүниежүзілік чемпионаттардың күміс жүлдегерлері атанды. Армахан Ибрагимов 1997 ж. Будапешт рингінде күміс жүлдеге қанағат тұтты. Осы жылы Болат Жұмаділов қола медалімен шектелді.
Олимпиада шепстресіне көз салсақ Серік Қонақбаев (1980 ж.) пен Болат Жұмаділовтың (1996 ж.) қанжығасына байланған қос «Күміс» көңілге үміт ұялатады.
Серік Нұрқазов 1983 жылы Еуропа чемпионы атанды.
1984 жылы Ташкентте болған КСРО чемпионатында Кәрімжан Әбдірахманов, Серік Нұрқасов, Серік Қонақбаев, Асылбек Қилымов чемпиондық тұрғыда тұрды.
Қазақстан боксын ауызға алғанда біздің республикадан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Валерий Рычковті (1978 ж,), 1989 жылы дүниежүзінің чемпионы атанған Игорь Ружниковті, Бокс бойынша Қазақстанның алғашқы Олимпиада чемпионы (1996), Баркер кубогының иесі Василий Жировті айтпай кетуге болмайды.
Еліміздің тарихында хандар мен билердің батырлық қасиеті туралы аңызға бергісіз әңгімелер аз емес. Бүгінгі заманда да жасында жекпе-жекке түскен лауазымды адамдар көп.
Мысалы, сазгер Нұрғиса Тлендиев боз бала кезінде Шоқыр атамыздың шәкірті болса, Олжас Сүлейменов бала кезінде рингке шығыпты. Премьер-Министр Нүрлан Балғынбаев студент кезінде бокстан Шешенстан чемпионы атанып, спорт шебері дәрежісіне жетті.
1998 жылы Қазақстан бокс федерациясының президенті-Бекет Мақмұтов бүкіл дүниежүзілік әуесқой бокс федерациясының бірінші вице президенті болып сайланды.
Бангкоктағы XIII Азия ойындарында Ермахан Ибрагимов, Вячеслав Бурьба, Мұқтархан Ділдәбеков алтын жүлде алса, Нұржан Сманов күміс жүлдені қанағат тұтты. Тұрсынғали Едібов бастаған құрама команда үшінші орынға табан тіреді.
2002 жылы Австралияда Сидней олимпиадасында Қазақстан Республикасынан Бекзат Саттарханов пен Ермахан Ибрагимов жеңімпаз болса, Болат Жүмаділов пен Мұқтархан Ділдабеков күміс медальді иеленді.
2002 жыла Қазақстан Республикасының Астана қаласында өткен Х әлем кубогында Қазақстан құрама командасы Кубадан кейін екінші орынға көтерілді. [35].
Боксшының негізгі тұрыс қалпы
Бокстың даму барысында шайқастық жағдайдың талаптарына жауап беретін көптеген бастапқы ережелер пайда болып көрінеді.
Бастапқы ережелер төмендегілерді атқаруы тиіс.
А) Боксшыға қарсыласының соққыларынан максималды қорғанысты қамтамасыз ету;
Б) Боксшыға қарсыласына шабуыл жасауы үшін мүмкін беру. «Шайқастық тұрыс» түсінігін бастапқы ереже деп түсіну қабылданған, бұдан боксшы барлық уақытта дайын болуға мүмкіндік беретін тиімді шайқастық позициялардың (ұстанымдардың) жіберілу мүддесін ескерте алады.
Осылайша, боксшының шайқастық тұрысы іс жүзінде шабуыл үшін және қорғаныс қолданылатын әмбебап бастапқы шайқас ережесі болып саналады.
Әрбір боксшыға белгілі бір «шайқастық тұрыс» тән екендігі. Оны спортшының психикасы, физикалық дамуы, анықтайды. Ол жекеше, себебі жеке тұлғаның психикалық және физикалық қасиеттерін едәуір толық қолдануға ықпал етеді. Сондықтан да болар-«Қаншама боксшы болса, шайқастық тұрыс да соншалықты» деп айтылады.
Алайда оқытуды барлығына бірдей типтегі (тұрпаттағы) тұрыстан бастайды.
Шайқастық тұрыс жағдайында спортшы қарсыласына жартылай бұрылып тұрады. Сол қолын шынтағына бүге тұрып, алға созу арқылы бесбармақ буындарын бүге отырып, оның басын қарсыласына бағыттайды.
Жұдырық сырт жағы мен оңға қарай, иектен жоғары, шамамен 30-40см бағытта ұсталады.
Сол қолдың шынтағы денеден әдетте 10-15 см қашықтықта ұсталады. Ол қарсыласының жұдырығынан жүрек тұсын қорғайды. Оң қолдың жұдырығы жартылай жұмылады және иек астынан оңға таман болады; шынтақ денеге, жамбас сүйекке тоғысады. Ол бауыр орналасқан аумақты жауып ұрады. Бас алға қарай, иек сол жақ бұғанаға түйіседі. Боксшы қарсыласына маңдай астынан қарайды. Денені бос алады, сол жаққа қарағанда сәл жоғары көтеріледі, ішті тартып ұстайды. Дене салмағы сәл бүгілген аяқтарға тең бөлінеді, ал оң аяқ арт жақта жартылай қадамда оңға қарай орналасады. Өкше еденнен 3-5 см көтеріліп, алдыңғы бөлікке салмақ салады. Екі жақ та бір-біріне параллель орналасып, жарты айналымда оңға бұрылады.
Боксшының орын ауыстыру тәсілдері. Боксшы үшін статикалық ережелер толығымен болмайтындығы тән. Ауысудың жеңіл болуы мен шапшаңдығы қорғаныс үшін де, шабуыл үшін де шешулі рол атқарады. Боксшының алаңдағы (ринг) ауысуы немесе ерсілі-қарсылы жүруі шапшаң әрі тосын. Бағытты ауысулар шайқастың әрбір жаңа кезеңінде өзгеріп отырады. Сол кезеңде ерсілі-қарсылы жүруден шабуыл мен қорғанудың белсенді әрекеттерінің орындалуы тікелей қатысты.
Аяқтардың дұрыс орналасуынан боксшы шайқас барысында қажетті қимылдарды орындауға мүмкіндік алуы тиіс.
Негізінен боксшы алаңда аздаған тайғанақ қадаммен жылжиды, бұл әрекет табанның алдыңғы бөлігі арқылы жүзеге асады. Әуелі алдыңғы және артқы бағыттағы жекелеген қадамдар игеріледі.
Ерсілі-қарсылы жүру кезінде боксшы дененің салмағын арттағы аяғына салады, осылай алдыңғы аяғын босата отырып еденнен жеңіл (аздап) көтереді және оң аяғымен түрткі жүргізіледі.
Сол аяқ бір қадам алға белгіленген бағытқа басады, ұлтаннын еденге тигізеді, содан кейін барлық табанға толық тұрады.
Арттағы қалған аяғы алдыңғыға тартылады және бастапқыға аналогиялық жағдайда орналасады. Дене салмағы екі аяққа тең бөлінеді [40].
Қорғаныс әрекеттері
Егер боксшыға қарсыластың шабуылы мен қарсы шабуылдауынан және шапшаңдығынан қорғану; ынтасына тосқауыл болу; қарсыласты жалықтыру; қарсыласты әшкерілеу; соққы алған соң өз-өзіне келу; қарсы соққыны даярлау; арнайы тактикалық мақсатта келесі шабуылдау әрекетіне дайындық ретін де бірқатар қорғаныс әрекеттерін үздіксіз шабуылдауға қарсы қою қажеттілігі туындаған қорғаныс әрекеттері қолданылады.
Қарсы әрекеттеріне қорғаныс маневрлеу сондай-ақ қарсылас тегеурінін тоқтату және оны қажыту үшін қолданылатын қарсы және жауап ретіндегі соққылар жатады. Қорғаныс әрекеттеріне тұтасымен шабуылдау әрекетіне енетін және қарсылас шабуылының негізгі құратын қызметін атқаратын қарсы шабуылдауды жатқызуға болмайды.
Қорғаныс әректтері көрсетілген міндеттерінен басқада боксшы қарсы және жауап ретіндегі қарсы шабуылдау ықпалдарын яғни, қарсыластың қайта қайтару әрекеттерін жая отырып үздіксіз шабуылдау мүмкіндігін береді.
Жеке шабуылдау не қарсы шабуылдау уақытында боксшы келесілерден қорғанады.
-өзі шабуылдаудан кейінге жауап ретіндегі не қарсы соққылардан. Жауап ретіндегі соқыға қарсы қорғану назар аудару мен шабуылдан қорғанысқа шапшаң көшуді талап етеді.
Соққыдан қорғанысқа және қайтадан соққыға шапшаң өту көбінесе боксшы соққы кезінде тепе-теңдік сақтаған жағдайда ғана мүмкін:
-қарсы соққыдан (оның алғашқы шабуылдауды соққысына). Мұнда боксшы көбінесе бүгуді пайдаланады, өз қозғалысының бағытын өзгертеді.
-шабуылдаушы боксшының екінші соққысына сүйенетін қарсы соқыдан. Бұл шабуылдаушы үшін өте қиын жағдай, себебі одан шабуыл уақытында айрықша көңіл аударады және ұрысты орта және жақын арақашықтықтарда дамыта және шабуылды ұзбей отырып шабуылдаудан қорғаныс әрекетіне шапшаң көшу шеберлігін талап етеді.
Ұрыс орта және жақын арақашықтықтарда дамыған уақытта қорғану сипаты да біршама өзгереді. Соққылар бұл кезде шапшаң және көбіне аз амплетудада беріледі. Сондықтан соққымен кезектестіріп қорғануды қолдану қиын; олар дәл және шапшаң болуы және аз амплетудамен берілуі тиіс. Шабуылдаушы (қорғанады) соққыдан қорғауға және қайтадан соққыға шапшаң өтуі тиіс.
Қорғанысты немесе соққыны аяқтау ары қарай әрекеттер үшін қолайлы бастапқа жағдай болып табылады.
Әр алуан арақашықтықтардағы ұрыс сипаттамасы.
Қазіргі замандық ұрыс-алға жылжу, әралуан арақашықтықтарда орындалған соққылық және қорғаныс әрекетерінің күрделі үйлесімі.
Қарсыластар ұрыс әрекеттерін жүргізетін арақашықтық көбінесе ұрыстағы боксшының физикалық және психикалық қасиеттерінің, техникасының ерекшеліктерімен анықталады. Әрбір арақашықтықтағы ұрыс әр алуан жағдайда өтеді, спортшылар мен жаттықтырушыларға белгілі балуы тиіс өзіндік заңдылықтарға ие болады.
Үш арақашықтықтың әрбіріндегі ұрыстың мәні қандай?
Қарсыластар арасындағы арақашықтықты қорғануды орындау мен соққы беру үшін қажетті уақыт анықтайды. Ұрыстаға арақашықтық қаншалықты қысқа болса, соншалыққа шапшаң және аңдаусыз соққы мақсатқа жеткізеді және шабуылдаушыдан одан қорғауда соншалықты қиын. Және керісінше, арақашықтық неғұрлым алыс болса, боксшыға қарсылас соққысынан қорғануда соншалықты оңай.
Әрбір арақашықтықтың соққыдан қорғану мүмкіндігін анықтайтын өзінің уақыт өлшемі бар. Алыс арақашықтықта боксшыға ортаға қарағанда қақ ортада, жақын арақашықтыққа қарағанда қорғану оңай.
Алыс арақашықтықта ортаға қарағанда әрекет үшін уақыт көп болса да, боксшының барлық әрекеттері секундтар үйлесімен есептеледі. Тіпті ұрыстың алыс арақашықтығы да табыла тұрып қарсылас әрекетіне дер кезінде, жауап қайтара алу үшін жеткілікті жылдам реакция мен қозғалыс жасай алу қажет.
Әр алуан арақашықтықтағы уақыт өлшемін боксшы үшін сәйкес техника мен тактика анықтайды.
Шабуылдау әрекеттерін оқыту. Сол қолдың тікелей соққысымен шабуылдау және қарсы шабуылдау және одан қорғану. Сол қолдың тікелей соққысымен шабуылдау техникасын және одан қорғануды үйрете отырып жаттықтырушы боксшыдан тек ұрыс қозғалысының дұрыс формаларын ғана талап етпеуі тиіс. Соққылар мен қорғаныстар шапшаң және жеңіл орындалуы тиіс. Боксшы назарын әрекет дәлдігіне және соққы мақсатына жетіп, қорғаныс дер кезінде қолданылатын арақашықтықты табуға бағытталуы тиіс.
Оқытудың бастапқы кезеңінде негізгі міндет боксшыны дұрыс қозғалысқа үйретуден тұрады (соққы, қорғаныс, финт пен қарсы соққы). Боксшы белгілі тактиканы меңгергеннен кейін әр алуан күрделілікті ұрыс жағдайында, яғни әрекетті қас-қағым сәтте таңдау қажет болған қарсыластың белсенді қарсы әрекет жасауы кезіндегі ұрыс жағдайларында оны қолдануға үйренуі тиіс. Тек жаңа бастап келе жатқан боксшылар ғана сол қол соққысымен шабуылдауды әлі үйрене қоймайды, арақашықтықты дұрыс есептей алмайды, біресе қарсыласынан тым алыс, біресе тым жақын жерден табылады, соққы үшін қолайлы кезеңді таңдай алмайды, сасып-әбіржіп әрі қарай қалай әрекет жасау керек екенін білмей қалады. Көбінесе қорғана алмайды. Мәселен, шабуыл алдында иегін оң қолғабымен көлегейлей отырып, олар қарсыласы шабуылдағанда немесе өзі шабуылдай бастағаннан-ақ еріксіз ашып қояды. Көбінесе боксшылар арақашықтықты үзеді және бір-бірінен 2-3 қадам аралықта тұрып шабуылдауға тырысады, бірақ қарсыласына соққысы жетпейді.
Сондықтан боксшыны шабуылдау мен қарсы шабуылдауға үйрете отырып мұғалім онда дұрыс техникалық дағдыларды ғана дамытып қоймай, оны арақашықтықты есептеуге және шабуылдау мен қарсы шабуылдау үшін кезеңдерін таңдауға үйретуі қажет [16].
Шабуыл мен қарсы шабуылдауға даярлау үшін финті шебер қолдану маңызды. Қарапайым финтке (кеудеге соққы көрсету және бастан соққы, не басқа соққы көрсетіп кеудеден соққы беру) боксшы соққы техникасын меңгергеннен кейін бірден үйрету қажет. Сонда олар шабуыл мен қарсы шабуылдаудың дайындығының күшті құралымен қаруланатын болады және барынша ұйымдасқан түрде және ықпалды шабуылдай алады.
Оқытылатын негізгі тактикалық әрекеттерге үйрету және осындай қасиеттерді дамыту үшін (ықыластылық пен қозғалыс есі, реакция шапшаңдығы) жаттықтырушыға жаттығулардың көптеген санын іріктеу қажет. Олардың барлығы да есте сақтауды, байқағыштықты, ықыластылықты, қабылдау шапшаңдығы мен әр алуан ұрыс жағдайларына жауап беруін дамыту үшін тапсырмаларды бірте-бірте күрделендіру ұстанымы бойынша құрастырылуы тиіс.
Шабуыл мен шабуылдан қорғануды меңгеру үшін үлгілік жаттығулар келтіреміз.
Боксшылар қолғап кигеннен соң бір-бірінен ұрыс арақашықтығынан тыс аралықта тұрады. Біреуіне алға және артқа қадам жасау тапсырмасы беріледі (немесе 2-3 қадам алға-артқа) ал содан соң алға қадам жасаумен сол қолмен тікелей бастан соққы беріледі. Ал екінші алға-артқа қадам қозғалысымен жауап қайтарады және соққыдан өтірік қорғанады. Бұдан соң осы жаттығуды ұрыс арақашықтығында орындайды және боксшы алға-артқа қозғала отырып қарсыласына тікелей соққы беріледі және соңында боксшылар залда ерікті қозғала отырып жаттығуды орындайды.
Сосын шын соққыны орнына осы бірте-бірте күрделенуші жағдайда оқушылар финтті қолданады, ал олардың қарсыластары мүмкін шын соққыдан қорғанады. Дәл сондай тапсырманы кеудеге соққы беру кезінде боксшылар да алады. Бұл жаттығулар шабуылдаушыға қарсылас қозғалысының ерекшеліктерін тануымен есте сақталуына, шабуылдаушы және жалған соққыларды, соққы арақашықтығы айыруына мүмкіндік береді. Шабуылдаушы өзіне финт пен шын соққы беруге қолайлы арақашықтықты есте тұтады.
Мұнан соң боксшылар бастапқы соққы арақашықтығынан тыс, ал сосын шектеулі және ерікті қозғалысқа ұрыс арақашықтығында тапсырманы орындайды.
Боксшылардың бірі біресе финт, біресе бастан соққы береді, ал біреуі тек қорғанады. Сосын соққылар тек кеудеге беріледі.
Спортшылар қарсылас әрекетін айыруға, оларға шапшаң жауап беруге және қорғануға, үйретіліп болған соң келесі жаттығулар орындаттырылады: боксшыға әралуан жүйелілікте бастан және кеудеден жалған және шын соққы беру, ал оның қарсыласына қорғану тапсырмасы беріледі: келесі жаттығуда екі серік тефинт пен оларға белгілі қорғануды қолдана отырып бастан және денеден сол қолмен тікелей ұрыс жүргізу құқығына ие. Алғашқы кезеңде оқушылар ұрыс шартында өз қателерін қайталайды: боксшылар арақашықтықты керексіз үзеді (оны әлі сезінбейді) финтті соққыдан айыра алмайды, шабуылдан кешігеді қорғанып үлгере алмайды, шабуыл үшін қарсыласқа қолайсыз жағдайды көрмейді және қолдана алмайды, бөгелу жағдайынан табылады және шабуылды қабылдауға шешім жасамайды. Жаттықтырушы боксшылардың қатесін үздіксіз түзетіп отыруы тиіс. Осындай жаттығуларды жүйелі қайталамай отырып боксшы өзін уақыт пен арақашықтықты сезінуге тәрбиелейді және бірте-бірте сол қолмен тікелей екпінді шабуылдауды және қалсылас шабуылынан қорғануды үйренеді.
Бұдан соң қарсы шабуылдауды үйренуге түседі. Боксшы екі жағдайда қарсы шабуылдай алады алғашқы боп қарсылас шабуылдағанда немесе қарсыластың шабуылын боксшының өзі шақыруының көмегімен ашылумен және басқа да жалған әрекеттермен арандатылған және даярланған жағдайда.
Бәрінен бұрын қарсы шабуылдаушыға финттен соққыны ажырата алуға, соққы бағытын ажыратуға қарсы шабуылдау әрекеттерін шапшаң және дер кезінде жүргізуге үйрену қажет. Шабуылдаушы қарсы шабуылдаушы қарсыласының әрекетін айыра алуы тиіс: жауап ретіндегі немесе қарсы (аяқ қозғалысы кезінде, көкірек қозғалысы кезінде). Алдымен оқушыға боксшылар тұтқиылдық немесе маневрлеу жағдайында қойылған міндеттерді шешетін залда ерікті қозғалу кезінде және шектеулі қозғалыспен (бір орында жаттығу) таңдаусыз жаттығу беріледі [48].
Сол қолмен тікелей шабуылға қарсылас белгілі жаттықтырушы тапсырған қорғаныспен жауап береді (артқа шегіну, бұғу, сол қолмен тойтарыс беруі және қарсы соққы береді). Шабуылдаушы қорғаныстың бірін қолданады. Мәселен егер боксшы сол қолмен тікелей бастан шабуылдаса, оның қарсыласы артқа қарай шегінумен қорғануды пайдаланады және алға қарай шапшаң қозғалумен сол қолмен тікелей бастан соққы береді және («қайық қозғалысы» түрінде) шабуылдаушы тойтарыс берумен қорғанады немесе боксшы сол қолмен тікелей кеудеге шабуылдайды, ал қарсылас оң алақанға тіренумен қорғанады және сол қолмен бастан қарсы соққы береді. Шабуылдаушы шегінумен қорғанады.
Бастапқыда шабуылдау мен қарсы шабуылдау ерікті қозғалу және бір орында жаттығуда баяу орындалады. Бұл қарсыласқа арақашықтықты сезінуге және дер кезінде жауап қайтару мен қорғануға мүмкіндік береді. Бірте-бірте қарқын жылдамдатылады және ұрыста қабылданғанға дейін жеткізіледі.
Ары қарай тапсырма қиындатылады шабуылдаушы бір ғана емес, әр алуан белгілі қарсы соққыдан қорған қажеттілігін алдына қояды.
Сол қолмен тікелей шабуылдауға қарсылас белгілі қорғаныс пен басқа денеге қарсы соққы беруді қолданады, ол шабуылдаушы сәйкес қорғаныспен жауап қайтарады. Мәселен бір боксшы сол қолмен тікелей басқа шабуылдайды, ал екіншісіне сол қолмен тікелей бастан артқа қарай шегінне қорғануды, не кеудеге соққы беріп оңға бұға қорғануды қолданады. Алғашқы шегінумен не қолмен тіренуге лайық қорғанады. Не бір боксшы сол қолмен тікелей денеге шабуылдайды, ал екіншісі оң алақанға тіреліп қорғануды қолданады және сол қол мен бастан қарсы соққы береді немесе артқа шегінеді және кеудеден соққы береді. Алғашқы шегінумен не қолмен тіренуге сәйкес қорғанады.
Қарсы шабуылдаушыға жауап ретінде сол қолмен тікелей екі емес, үш, одан да көп белгілі қарсы соққы қолдану құқығын бере отырып жаттығуды қиындатуға болады. Шабуылдаушыға дұрыс және дер кезінде қорғану қиындай түседі.
Қарсы шабуылдаушының әрекетін күрделендіру және жаттығуды ұрысқа жақындату үшін шабуылдаушы бастан және кеудеден соққы беру, ал содан соң финтті қолдану тапсырмасын алады.
Бірнеше мысалдар келтіреміз:
1. Шабуылдаушы сол қолмен бастан немесе денеден соққыны орындайды қарсылас не бастан кезекті соққымен артқа шегінеді, не басқа соққымен оң алақанға тіренеді. Шабуылдаушы екі жағдайда да келесі әрекеттер үшін бастапқы қолайлы жағдайды сақтай отырып қорғануды қабылдайды.
2. Шабуылдаушы кеудеден жалған және шын соққылап, бастан шын соққы береді; қарсыласы бұрын келтірілген мысалдағыдай қорғану мен қарсы соққыларды пайдаланады (финтті орындау кезінде ашық қалмауы тиіс). Шабуылдаушы қорғанады, ал қарсыластың финтқа жауап қайтару жағдайында ашық жерден шапшаң шабуылдайды.
3. Шабуылдаушы бастан жалған және шын соққы кеудеден шын соққы береді: қарсыласы бұрын келтірілген мысалдағыдай қорғанумен және қарсы соққымен жауап беруі тиіс. (финтті қолдану кезінде ашық қалмауы тиіс. Шабуылдаушы қорғанады, ал қарсыласының финтқа жауап қайтаруы жағдайында ашық жерге шапшаң шабуылдайды.
4. Шабуылдаушы бастан және кеудеден жалған және шын соққылар береді; қарсыласы бұрын келтірілген мысалдағыдай қорғанумен қарсы соққыны қолданады (финтті орындау кезінде ашық қалмауы тиіс. Шабуылдаушы қорғанады, ал қарсыластың финтқа жауап қайтаруы жағдайында ашық жерден шапшаң шабуылдайды.
Жалған соққылар мен ашық әрекеттерде қарсыласты шабуылға шақырумен қарсы шабуылдауды оқыту кезінде қарсы шабуылдаушыны даярлаушы әрекеттердің өзінің күрделілігі және олардан қарсы шабуылдауға қас-қағым сәтте көшу қажеттілігі қиындық туғызады.
Бір жақты шабуылдау және қарсы шабуылдау жаттығулары материалды меңгеру көлемінде боксшыға бір-біріне өзара шабуылдау және қарсы шабуылдау тапсырмасы берілетін күрделенуші шартты ұрыспен бірте-бірте алмастырылады.
Шартты ұрыста сол қолмен бастан және кеудеден тікелей соққы қолданумен жаттығулар боксшы машықтануы мен оқытудың барлық кезеңдері бойында кең қолданылады.
Мұғалім ары қарай оқушылардың шартты ұрысын барлай отырып, олардың ұрыс әрекеттерінің мәнін сезіне бастағандығын, айналы ойлар мен талғамды, қарсыласты ұту мен алдауды игергенін, дұрыс тактикалық ойлай бастағандығын, ұрыста жақсы бағытталғандығын, бәсекелесінің әрекетін айыра алатындығын байқай алатын болады.
Дегенмен алғашқы кезеңдерде олардың кемшіліктері көп болады. Шартты ұрысты жүргізе отырып олар жиі ашуланады және ұрыс құмарлығымен өз әрекеттеріне бақылауын жоғалтып алып, тапсырма жайында ұмытып кетеді, қорғануды ескермей, өзін ашық ұстап, соққы алмасымына ынталана жүгіреді. Шартты ұрыстарда әсіресе техниканың; барлық кемшіліктері жақсы көрінеді. Бұл тұрысты бұзудан, көсілмелі соққылардан тепе-теңдікті жоғалту мен қозғалыстан туындайды.
Боксшының кемшіліктерін жөндеу үшін мұғалім қолғапсыз және серіктесу тактикасы мен техникасын оқытуға үздіксіз оралып, шартты ұрыстағы тапсырмаларды жеңілдетіп отыруы қажет.
Сол қолмен басқа және денеге тікелей соққы берумен ұрыс әрекеттерін оқытуға егжей-тегжейлі тоқталуы қажет.
Сол қолмен өзара ұрысты жүргізу кезінде боксшы арақашықтықты есептеуді, әр алуан құралдардың көмегімен қорғануды, қорғанудан шабуылдауға жылдам өтуді, маневр жасауды үйренеді бір сөзбен айтқанда бокстау негіздерін меңгереді және ұрыс кезінде оған қажетті ықыластылық, тапқырлық, ептілік сияқты қасиеттерді дамытады.
Сол қолмен тікелей соққы көмегі кезінде ұрыс әрекетін үйрету уақытында боксшыны оң қолмен басқа және денеге тікелей соққы берудің техникасымен және одан серіктесіп қолғапсыз жаттығуларға сүйене отырып, тірену, шегіну, бұғу арқылы қорғанумен таныстыруға болады.
Жаңа бастаушы боксшылар сол қолмен тікелей соққы көмегімен ұрыс әрекеттерін және оған сәйкес қорғануды меңгергеннен кейін сол қолмен тікелей соққы беруді үйретуге өте қажет [31].




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет