Дипломдық ЖҰмыс 5В010800- мамандығы Дене шынықтыру және спорт 2015 мазмұНЫ



бет7/12
Дата20.05.2023
өлшемі434,5 Kb.
#95439
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Дипломды Ж мыс 5В010800- маманды ы Дене шыны тыру ж не спорт 20

1.3 Боксшының техникалық, тактикалық дайындығының жас ерекшеліктер негіздерінің тәсілдік әдістерін жетілдіру сатылары

Тактиканы жетілдіру –бұл ұрысты жүргізу тактикасы мен тәсілдерді жүргізу тактикасын тактикалық әрекеттерді жетілдіру.


Жетілдіру –жеке үрдіс. Дегенмен шеберлікті жеке өзіндік етуге кіріспес бұрын боксшының қай ұрыс түріне-алыс, орта, жақын арақашықтықтан ұрысқа және сондай-ақ ұрысты жүргізудің-белсенді шабуылдық немесе бағыттық шабуылдаушы немесе қарсы шабуылдаушы түрлерінің қайсысына бейім екендігін анықтау қажет.
Шебер боксшыны жетілдіру әрбір боксшыға жеке тапсырмалар және барлық топ үшін ортақ (әр алуан) техникалық және тактикалық тапсырмалар көмегімен жүргізіледі Әр алуан техникалық және тактикалық материал боксшыларды жетілдіру мен оқыту үрдісінде кеңінен қолданылуы тиіс тапсырмаларды жиі өзгерту және олардың әр алуандығы сабаққа тұрақты ынталандыруға мүмкіндік береді, боксшылардың ой-өрісін кеңейтеді.
Әрине әр алуан техникалық және тактикалық тәсілдердің үйлесімдердің барлығын да әрбір боксшы бірдей меңгермейді және барлық тәсілдерді де олар машықтанушылық және сайыстық ұрыста қолдана бермейді. Дегенмен әр алуан үйлесімдерді уйрену және жетілдіру қажет. Бұл қозғалыстың өзіне тән үйлестігін жақсартады, соққының қорғаныстың дағдыландырады боксшыны техникалық және тактикалық құралдармен қаруландырылады. Бірақ боксшылардың жалпыға ортақ және сонымен қатар айтарлықтай әр алуан оқу материалын меңгеретіндігіне қарамастан, әр боксшының жеке өзіндік ерекшеліктеріне барынша сәйкес келетін техникалық және тактикалық тәсілдерді жақсы меңгереді. Бұл тәсілдерді олар басқаларына қарағанда, ұрыста жиі қолданады. Техникалық және тактикалық әрекеттердің әр алуандық жетілдіру үрдісінде боксшыға белгілі дейгейде өзін-өзі билеуге, ал оқытушыға олармен жеке жұмыс бағытын белгілеуге мүмкіндік береді.
Боксшының жеке қасиеттері айқындалғаннан бастап-ақ, белгілі боксшыға тән, анықталған ұрыс жүргізу мәнерін жаттықтуруға және жетілдіруге бағытталған жеке тапсырмалармен ортақ тапсырманы үйлестіру қажет.
Спорттық жетілдіру әдістемесін іліктеу енді боксшының жеке өзіндік ерекшеліктеріне, оның спорттық өсуінің синатына тәуелді болуы тиіс. Сондықтан бастапқыда, жетілдірудің алғашқы кезеңінде белгілі боксшыға тән техниканың белгілі тобын белгілеу (және шектеу) қажет.
Бұл кезде оның өзіндік жеке ерекшеліктерін ескеру қажет (белгілі арақашықтыққа соққыға, қорғанысқа ұрыс жүргізу тәсіліне, мәселен, шабуылға немесе қарсы шабуылға бейімділігін белгілі тәсілдерді таңдау боксшыға таңдаған әрекеттерде жетілдіруге мүмкіндік береді.
Қазіргі ұрыстағы қарқын мен әрекет елеулі түрде жоғарлады, бұл боксшыдан техниканың тактикасын қабаылдау мен ойлаудың, қозғалыс пен реакцияның үлкен жылдамдығын талап етеді. Бұрынғы техникалық әректтермен тактикалық тәсілдер оны боксшы шапшаң жүргізген жағдайда ғана нәтижелі болды. Рингте бұл тактикалық шешімдерді қас-қағым сәтте қабылдау және өзгерту қажет.
Мұның барлығы да боксшыны машықтану үрдісі кезінде оның жеке өзіне тән белгілі әрекеттермен тәсірдерді ғана өңдеуге және меңгеруге, оның сапалы орындалуына қол жеткізуіне мәжбүр етеді. Қорғаныс пен шабуылдау дайындықта әрекеттерді мұқият жетілдіру, ойлауды, еркін күшін, реакцияны, уақытты арақашықтықты сезінуді дамыту боксшыға еңбектеніп және жұмыс істеуді міндеттейді.
Өзінің ұрыс тактикасы мен қасиеттерін дамыта отырып боксшы техника тәсілдерінің шектелгендігене қарамастан, бұл тәсілдер жекпе-жекте қолдану және соққы алмасымы мен ұрыс күші есебінен емес ұрыс жүргізу өнері мен шеберлігі есебінен жеңіске жету мүмкіндігіне ие.
Тактикадағы жетілдіру жылдамдықты, ептілікті төзімділікті, көңіл аударуды, реакцияны, ұрыстық ойлауды, ерікті бір мезгілде дамытусыз мүмкін емес. Техника, тактика, физикалық және психологиялық қасиеттер өзара байланысқан болуы тиіс.
Сонымен егер боксшыда ұрыстық ойлау шапшаңдығы дамытылмаған болса онда ол қас-қағым сәтте ұрыс жағдайын талдап және тактикалық шешім қабылдай алмайды. Қарапайым және күрделі реакция шапшаңдығына және қозғалыс жылдамдығына ие болмайынша, боксшы ұрыста шешімді дер кезінде жүзеге асыра алмайды. Айтарлықтай шыдамды емес боксшы ұрыстағы көңіл аударушылықты, шапшаңдылықты нақтылықты сақтап, қасиетті әрекетті таңдау оны қолдана алмайды. Жігерлілік қасиеті айтарлықтай дамымаған боксшы ұрыста туындайтын қиындықты жеңе алмайды.
Физикалық және психологиалық қасиеттерінің дамуының жоғары емес деңгейі боксшының техника-тактикалық шеберлігін жетілдіруге кедергі болады. Техникада мен тактикада боксшыны жетілдіру кезінде жаттықтырушы оның назарын бір әрекетті табанды жүргізу қажеттілігіне, соққы мен қорғанудың дер кезінде болуына, нақтылығына, әрекеттің шапшаңдығына бағыттауы тиіс. Жеке сабақтарды боксшы жетілдірген әрекеттерді ерікті және сайыстық ұрыс жағдайында қолдануға үйренгенге дейін жүйелі түрде қайталау қажет [17].
Шеберлікті дамыту кезеңінде кейбір боксшылар өзінің тактикалық ойлауы мен ұрыстың сапаларын дамыта отырып (көбіне ұрыс жүргізудің қарсы шабуылдау мәнеріндегі боксшылар), тактикалық тәсілдердің шектелгендігіне қарамастан бұл тәсілдерді жекпе-жекке қолдану және тактикалық шеберлігінің есебінен жеңіске жету мүмкіндігіне ие.
Боксшылардың көпшілігі бір қарсыласты жеңумен табысқа қол жеткізеді, дегенмен басқалармен кездесуде олар жеңіске жете алмайды немесе болдыртатын ұрыста жеңіске ие болады. Бұл ұрыс әрекеттерінің және тактикалық мүмкіндіктердің шектелгенімен түсіндіріледі. Тек барлық үш арақашықтықта әр жақты ұрыс тәсілдері ғана кез-келген қарсыласпен ұрысты әр алуан үлгіде және тактикалық дұрыс жүргізуге мүмкіндік береді.
Сондықтан боксшы тактикасын ары қарайға жеке өзіндік жетілдіру боксшы игеріп қойған техника мен тактиканың сапалық жақтарын жетілдіру жолымен ғана емес, әрекеттердің жаңа тобын жетілдіру жолымен де жүруі тиіс. Тамаша жеңіс үшін ең әр алуан әзірлік, қорғаныс, шабуылдау және қарсы шабуылдау әрекеттерін қолдана отырып, ұрыстың белгілі арақашықтығында әр алуан қарсыластардың қарсы тұруын жеңе алуы тиіс.
Ұрыстың барлық үш арақашықтығында тактикалық әрекеттерде жетілдіру.
Жаттықтырушы бірте-бірте боксшыны барлық үш арақашықтықтағы барлық техникалық әрекеттермен таныстыруы тиіс. Боксшыларды жетілдіру тек бұрын үйретілген әрекеттерді қайталау көмегімен ғана емес, серіктестік жаттығуларында спортшыға берілетін әр алуан техника-тактикалық тапсырмалар жолымен де жүргізілуі тиіс.
Боксшы барынша әр алуан үлгіде шабуылдауға үйренуі тиіс: соққылар сериясы көмегімен қарсыласын ашық қалдыру; сәтті басталу жағдайында шабуылды дамыту немесе керісінше оны үзіп тастау және сәтсіздік жағдайында ұрыстан шығу; шабуылды әр алуан тактикалық міндеттермен орындау сонымен бірге қарсыласты есеңгірету орындау сонымен бірге қарсыласты есеңгілету үшін оның назарын шын соққыдан аудара отырып, жалған шабуыл жүргізеді.
Боксшы қарсыласты ашық қалдырып, маневр жасауды шебер қолдана отырып, шабуылға дайындалуы тиіс (әр алуан жаққа қозғалып, арақашықтықты өзгертіп қарсыласты мүлт кетуге және арақашықтықты есептеуді қателесуге мәжбүр ету).
Боксшыны қарсыласты ашық қалдыру, қауіп төндіру үшін (тек қол ғана емес дененің де көмегімен) әр алуан финтті еркін қолдануға үйрету қажет, бұл қарсыласты ринг бұрышы мен арқанға қуып тығып, қайталама қауіп төндірумен оның маневр жасауына бөгет болу үшін қажет (дене қозғалысымен және маневрмен үйлестірілген жеке және екі дүркін жалған соққыларрды қолдана орырып).
Боксшылар шабуылдау мен қарсы шабуылдаудан қорғаныс әрекеттерін тактикалық дұрыс және дер кезінде пайдалануды; қарсыласты болдырту үшін; арақашықтықты сақтау үшін, қажетті арақашықтыққа ену үшін қорғаныс пен маневр жасауға үйренуі қажет. Қарсы шабуылдауды жетілдіру үлкен табандылықты талап етеді. Жеке соққылармен элементтарлы қарсы шабуылдау (мәселен, қарсы тікелей соққылар) қозғалысы жағынан қарапайымдырақ олардың қиындығы шектеулі шапшаңдығынан қарсы шабуылдау үшін кезеңді таңдау мен нақтылығынан тұрады. Осындай үлгіде қарсы шабуылдау үшін қарсылас шабуылының басталуын мұқият бақылау қажет қарсыласты шабуылға шақыруға қол жеткізетін қарсы шабуыл ғана табысты болмақ. Бұл жағдайда тек ойластырылған жеке қарсы соққы беру ғана емес, кезекті соққылармен қарсы шабуылды дамыту да оңай.[31].
Оқытушы боксшыға қарсыласты шабуылға қандай тәсілдермен шақыруға болатындығын, қалай ашық қалдыру қажет екендігін, (бұл әрекет табиғи және кездейсоқ болуы тиіс, әйтседе қарсылас бұған сенбейді) немесе қарсылас басқа қолымен соққы беру үшін оның бір қолының әрекетіне кедергіні қалай жасауға болатындығын, боксшыны шабуылға ынталандыру үшін арақашықтықты қалай өзгертуге болатындығын т.с.с. көрсетуі қажет. Алыс арақашықтықтағы ұрыстағы жетілдіру.
1. Шабуылдаушы әрекеттерде жетілдіру
- шабуылдауды маневр жасаумен, жалған әрекеттермен әзірлеу
- жеке, екі дүркін, қайталама, сериялы соққылармен шабуылдау;
- қарсыластың шабуылынан қорғану
- өзіндік шабуылдау кезеңінде қарсыластың қарсы шабуылдауынан қорғану (шабуылды әзірлеуде, шабуыл кезінде және одан кейін);
- ұрыстан шығу сәтті шабуылдан кейін, қарсыластың шабуылынан қорғанғаннан кейін.
2. Қарсы шабуылдаушы әрекеттерде жетілдіру
- қарсы шабуылды маневр жасаумен, жалған әрекеттермен даярлау (міндеті қарсы шабуылдауды жүргізу үшін қарсылас әрекеттерін қолдана отырып, оны шабуылға шақыру).
-қарсы шабуыл-жауап ретіндегі қорғану кезіндегі шегіну, бұғу, тірену. Қарсы шабу жеке, екі дүркін және сериялы соққылармен жүргізіледі. Қарсы шабуыл алға және артқа қозғалумен дамытылады.
-кездескен қарсы шабуыл жеке екі дүркін сериялы соққылармен орындалады.
- шабуылдаушының қарсыласының қарсы шабуылынан қорғануы;
- қарсы шабуылдан кейін және дайындық уақыты кезіндегі қарсы шабуылдаушыдан қорғану.
- қарсыластың соққысынан қорғанғаннан кейін; сәтті қарсы шабуылдаудан кейін ұрыстан шығу .
Орта арақашықтықтағы ұрысты жетілдіру;

  1. Орта арақашықтықтан ұрыс жүргізу:

  • жеке, екі дүркін және сериялы соққылармен:

  • орта арақашықтықтағы қозғалыс:

  • қорғаныс:

  1. Орта арақашықтыққа ену:

  • өзіндік шабуыл жасау кезінде,

  • кездескен қарсы шабуыл, жауап ретінде қарсы шабуылдың көмегімен қарсылас шабуылы кезінде,

  1. Орта арақашықтықтан шығу:

  • сәтті шабуыл мен қарсы шабуылдан кейін,

  • қарсылас соққысынан қорғанғаннан кейін,

Жақын арақашықтықтан ұрыстағы жетілдіру.

  1. Жақын арақашықтықтан ұрыс жүргізу.

  • жеке, екі дүркін, сериялы соққылармен:

  • жақын арақашықтықтан қозғалыс.

  • қозғалыс,

  1. Жақын арақашықтыққа ену:

  • жеке өзіндік шабылдау кезінде:

  • қарсыластың шабуылы кезінде:

  1. Жақын арақашықтықтан шығу:

- өзіндік шабуыл немесе қарсы шабуылдан кейін. Жақыннан ұрысты терең меңгеру үшін жақынан ұрыстың әр алуан ұрыстық тұрыстары, соққы үшін қолайлы бастапқы жағдай, дененің қолдың орналасуы қарсылас әрекеттерінен қорғану тәсілдеріне тірену, бастырмалату т.б., сондай-ақ соққы мен қорғаныстың әралуан үйлесіміне тірену, тасалану және бұғу т.б. үйретіледі. Денеге соққы беру қарсылас иығына баспен сүйеніп тұруға жаттықтырылады. Содан соң осы бағыттан қарсыласты ашық қалдыратын және бастан соққы беруге мүмкіндік беретін кішкене қадамдар мен ауытқулар жақын арақашықтықтан ену мен одан шығудың әр алуан тәсілдері игертіледі.
Ұрыстағы тұрысты жетілдіру.
Екі негізгі тұрысты жетілдіру қажет шабуылдаушы және қарсы шабуылдаушы.
Шабуылдаушы тұрыс топтастырылған. Аяқтар тізеден бүгіледі және дерлік барлық табан еденге тиіп тұрады. Дене салмағы екі аяққа тең дәрежеде бөлінеді. Қолдар шынтағынан бүгілген төменге түсірілген, сәл-сәл денеге тиіп тұрады. Боксшылар бағыттан табыла отырып бір-бірімен бастарын түйістірмейді, әрекетке кедергі жасамайды. Қолдары еркін қалдырылады және боксшы соққы беріп,қорғануды орындай алады. Бұл бағытты тактикалы түрде қызықтырып жету және қарсыластың қорғануын басып озып, жақыннан ұрыста соққылар сериясын алғашқы болып беру үшін қолданылады.
Қарсы шабуылдаушы тұрыс. Дене сәл-пәл бүгілген және алға иілген. Аяқтар иық ендігінен табылады, табандар қатарластырылған. Дене салмағы сол аяққа сүйенеді. Қарсы шабуылдаушы тұрыстан табыла отырып боксшылар бір-біріне бастарын тиістіреді сол иықта қолдар тіке бұрышпен шынтағынан бүгілген көтерілген шынтақ денеге жанасқан. Дене бұлшық еттері шырылмаған. Аяқтар тізеден біршама бүгілген және дерлік тұтас табан еденге сүйенеді. Бұл бағытты әр алуан мақсатта өзгертеді. Ол боксшыға қарсыластың белсенді әрекеттерінен қорғанудан және өзі шабуыл жүргізуден демалуға мүмкіндік береді. Оны қолдана отырып боксшы қарсы шабуылдау үшін қолайлы кезеңді таңдай алады.
Қарсы шабуылдаушы тұрыс кезінде боксшы қарсылас бағытында қолдың ішкі орналасуы үшін күреседі. Мұндай жағдай денеден және бастан соққы беруге мүмкіндік береді. Жақыннан ұрыста осындай жағдайға ие болу үшін боксшы қарсыластың білегіне және иық иініне қол білезіктерін қалайды да, осыдан кейін екпінді түрде денеден төменнен соққы береді де бастан соққы беруге өтеді.
Егер де боксшы жақыннан ұрысты жүргізгісі келмеген жағдайда ол қарсыласқа кедергі жасайды, яғни клинті қолданады.

  • қарсыластың иығы мен шынтағына білегін қапастырып және оны тіктелген денемен қыса түсіп, соққы беруіне кедергі жасайды.

  • тіктелген қолдар қарсылас қолдарының астынан төменнен енгізілген және алға-артқа және жан-жаққа қозғалыс жасауда. Боксшы тіктеліп қарсыласты қысқа түсіп, өзіне соққы беруіне мүмкіндік бермейді.

Қорғаныстағы жетілдіру. Денеден төменнен соққыдан қорғау. Шынтаққа тіренумен қорғану сол және оң қолмен денеден төменнен соққыда қолданылады.
Боксшы сол шынтағын төменге түсіріп және тіке бұрышпен ие отырып, оны өз денесінің орта тұсына бағыттап қарсыластың шабуылдаушы соққысының астына тірейді, мұнда білегік пен басты қорғайды. Тікелей бұрышпен шынтағынан иілген оң қолымен боксшы төменге түсірілген шынтақпен денесін, ал қолғаппен басын қорғаштайды.
Тоқтатып қорғану-білезікті орналастыру. Тоқтатып қорғану денеге төмендегі сол және оң қолдармен соққыларда қолданылады. Оң қолмен соққы кезінде денесімен оңнан солға бұрылады. Осымен бір мезгілде тік бұрышпен бүгілген оң қолының білегін алақаны төменде тұрған қарсыластың оң қолының білегінің үстіне қояды (оның қозғалысының басында). Тік бұрышпен шынтағынан бүгілген сол қолымен денесін, ал білегімен басын қорғайды.
Тоқтатып басын қорғану денеден төменнен соққыдан білектеп және соққылап жатқан қолған қарсы қолмен де болады.
Боксшы қарсыласының қол қозғалысының бастапқы кезінде тік бұрышпен бүгілген соққылап жатқан қол білегіне және қарама-қарсы қол білегінің төмендегі алақанына бастырмалатады.
Сол қолдың соққысынан қорғану сол білекті тоқтатып басумен жүзеге асырылады. Денеден төменнен сол қолмен соққыдан қорғану қарама-қарсы оң қолман болуы да мүмкін.
Оң қол соққысынан қорғану да соққылап жатқан қолдың екі басты бұлшықеттеріне сол алақанды басып тоқтатумен жүзеге асырылады.
Сол қолдың шабуылдаушы соққысын соққы беруші қолдың екі басты бұлшықеттеріне оның қозғалысының басталуында оң алақанды қойып тоқтатуға да болады.
Боксшы денеден төменнен оң қолмен шабуылдаушы соққының басталуына қарсыласының соққы беруші қолының екі басты бұлшықеттеріне (үлкен және көрсетуші сұқ саусақ арасында) ашық алақанын қояды.
Бастан төменнен соққыдан қорғану. Артқа ауытқумен қорғану.
Денені артқа ауытқытып қорғану бсатан қысқа тікелей және қапталдық соққылардан төменнен оң және сол қол соққыларында қолданылады.
Бастан оң қолмен соққыдан оң алақанды тіреп қорғану. Боксшы шабуылдаушы соққының соңынан оң қолының ашық алақанын соққы астына тірейді. Және оған жұдырық тиген кезде оны біршама солға бұрады.
Оң қолмен соққыдан сол алақанды тіреп қорғану. Шабуылдаушы соққы соңында боксшы сол қолының ашық алақанын тірейді және алақанға жұдырық тиген уақытта оны біршама оңға бұрады.
Сол қол соққысынан оң алақанды қорғанып тірену. Шабуылдаушы соққы соңында боксшы оң қолының ашық алақанын тірейді және алақанға жұдырық тиген уақытта оны біршама төменге-солға бұрады.
Оң қол соққысынан соққы беріп жатқан қолдың екі басты бұлшықеттеріне сол алақанды басып тоқтатумен қорғану. Шабуылдаушы соққы басталуында боксты соққы беріп жатқан қолға шынтақтан берілген сол алақанды (үлкен және сұқ саусақ арада) қояды.
Сол қол соққысынан соққы беріп жатқан қолдың екі басты бұлшықеттеріне оң алақынды басып тоқтатумен қорғану. Бастан сол қолмен төменнен шабуылдаушы соққы басталғанда боксшы шынтақтан бүгілген соққы беріп жатқан қолға оң алақанын (үлкен және сұқ саусақ арасындағы) қояды. Кері игеру арқылы сол қол соққысынан қорғану. Боксшы тік бұрышты шынтағынан бүгілген сол қолының білегімен қарсыласының шабуылдаушы соққысының соңында денесін солдан оңға бұра отырып, бір мезгілде оның ішкі жағынан кері итереді.
Бастан бүйірлік соққыдан қорғану. Бастан оң қолмен бүйірлік соққыдан «тасыланып» қорғану тасаланып қорғануды бастан оң және сол қолдармен бүйірлік соққыларда қолданады. Оң қол соққысынан қорғана отырып боксшы денесін солдан оңға біршама бұрады. Сәл-пәл тізесін бүге жүріп ол оңға иіледі, төменге иіледі денесін солдан оңға бұрып, сонымен бір мезгілде тікеледі. Қолдары шынтағынан бүгілген.
Тізені бүгіп қорғаныс. Тізені бүгіп қорғану баспан оң және сол қолдармен бүйірлік және қысқа тікелей соққыларда қолданылады. Боксшы қарсыласын мүлт кетуге мәжбүр етіп, шапшаң тізесін береді. Қолдары тік бұрышпен шынтағынан бүгілген, біршама бүгілген денеге сәл-пәл жабысқан.
Үйлестірілген қозғалыс. Үйлестірілген қорғанысты бастан оң және сол қолдармен бүйірлік және қысқа соққыларды қолданылады. Ол бір мезгілде бірнеше қорғанысты бір әрекетке біріктіреді оң қолмен соққыдан-артқа біршама қадам жасау, оңға иілу, сол иыққты тіреу, оң алақанды тіреу, денені бүркемелеп және шынтағынан бүгілген сол қол білегін тіреу, сол қол соққысынан артқа біршама қадам жасау, солға иілу, оң иықты шынтақтан бүгілген оң қол білегін тіреу.
Білекті басып тоқтатып қорғану. Білекті басып тоқтатумен қорғану бастан оң және сол қолдармен бүйірлік соққыларда қолданылады.
Оң қол (сол) соққысынан тоқтатып қорғану. Боксшы соққы беріп жатқан қол қозғалысының басталуында оның екі басты бұлшықеттеріне сол қол білегін қойып оң қол соққысын тоқтатады. Тік бұрышпен шынтағынан бүгілген оң қол жауап беру ретіндегі соққы беру үшін дайын.
Бұғып қорғану. Бұғып қорғану бастан оң және сол қолмен бүйірлік соққылардан, және сондай-ақ бастан соққан соққылар сериясында қолданылады.
Денеден бүйірлік соққылардан қорғану. Шынтақты тіреп қорғану денеден сол және оң қолмен бүйірлік соққыларға қолданылады.
Денеден оң қолмен бүйірлік соққыдан сол шынтақты тіреп қорғану қарсыласының шабуылдаушы соққысының қорғану қарсыласының шабуылдаушы соққысының тіреп қорғану қарсыласының шабуылдаушы соққысының соңында боксшы денеге сә-пәл жабысқан тік бұрышпен бүгілген сол қолының шынтағын тіреп қорғанады. Мұнда дененің оң жаққа қозғалысы мен елеусіз бұрылысы шынтақпен соққыны жеңілдетеді, білезіктен басты қорғаштайды. Шынтағынан сәл бүгіліп денеге жеңіл жанасқан екінші қолмен дененің білезігімен басты қорғақтайды.
Денеден сол қолмен бүйірлік соққыдан қорғану оң шынтақты тіреумен жүзеге асырылады.
Денеге бүйірлік соққылардан бұрылуымен жан-жаққа қадамдар жасау арқылы қорғану, денеге оң және сол қолмен бүйірлік соққыларда қолданылады.
Денеге оң қолмен бүйірлік соққыдан денені бұрып жан-жаққа қадам жасау арқылы қорғану қарсыластың денеге оң қолмен бүйірлік соққымен шабуылдау кезеңінде боксшы оңға қарай оң аяғымен жылдам қадам жасайды және денесін оңнан солға бұрады.
Денеге сол қолмен бүйірлік соққыдан денені бұрып жан-жаққа қадам жасау арқылы қорғану қарсыласты денеге сол қолмен бүйірлік соққымен шабуылдау кезеңінде боксшы солға қарай сол аяғымен жылдам қадам жасайды және денесін солдан оңға қарай бұрады.
Қысқа тікелей соққылардан қорғану. Қысқа тікелей соққыдан бір қорғаныс әрекетінде оңға иілген оң алақанмен оң иықты тіреуді үйлестіре отырып үйлестірілген қорғаныспен қорғанған бәрінен де жақсы. Сонымен бірге «тасалану» солға иілу және тізе бүгіп жүру де болады. Қорғанудың бұл тәсілдері шабуыл жасалынушыға жақын арақашықтықта қалуға мүмкіндік береді.
Соққылар сериясынан қорғаныс. Соққылар сериясының әрбірінен жекелікте қорғану, әсіресе егер олар бірге және шапшаң берілетін болса, өте-мөте қиын. Басқа және денеге соққылар сериясынан қорғанудың тиімді сериялар шабуылынан үзетін және қарсыласқа денеге және бастан төменнен соққы немесе қапталдық жауап ретіндегі соққы алу қаупін төндіретін солға немесе оңға бұғу, иілу және шегіну болып табылады.
Боксшылар жақыннан ұрыста үйлестірілген қорғанысты-оң қол соққысына сол иықпен, сол қол соққысына оң қолмен қорғануды жиі қолданады. Әдетте мұндай қорғаныс қысқа уақытты және оны өзінің шабуылға өтуі үшін, яғни оны белсенді қорғаныс ретінде пайдалану үшін қолданылады.
Күтілмеген шабуыл-жақын арақашықтыққа ену кезеңіндегі бастан және денеден күшті соққылардың ұзаққа созылған сериясынан боксшы керек қорғанысты қолданады. Шынтағынан бүгілген оң және сол қолдарымен денесін және басын қорғаштайды.
Шабуыл мен қарама-қарсы шабуыл жүргізгенде жетілдірудің қорғаныс әрекеті.
Боксшы барлық уақытта қарсыласын алдын алмайды, қарсыласы тактикалық шекарасын біліп қанып және боксшыны өзі ұстап алады.
Барлық шабуыл ұқыпты дайындықтың өзінде табысты бола бермейді. Қарсыласы боксшының шапшаңдығына берілмей және ортаңғы шабуылда, контраатакалық кездесу соққысында оны кесіп, сосын жауапты соққы беруі мүмкін. Сондықтан контраатакалық шабуылдың жетілгендігін тек осы әсердің шапшаңдығында ғана емес, шабуылдың, контраатаканың қорғанысқа өтуінің жылдамдығы өте маңызды.
Ұрыс кезінде боксшы барлық уақытта бір әрекеттен бір әрекетке ауысып отыруы қажет. Осы әрекеттерді ауыстыра отырып, боксшы сол сәтті байқап отыруы қажет. Ол кезде көңілі басқа әрекетте болған жағдайдың өзінде, боксшының байқауының қиындығы қорытындалады.
Сонымен шабуылға немесе контраатакаға дайындалғанда, боксшы көңілі активті әсерді жүргізетін уақытты таңдауына болады. Ол сол кезде көңілін күтпеген шабуыл немесе контрашабуыл қарсыласы жасауы мүмкін болғандықтан, қорғанысқа дайын болуы қажет. Өзінің шабуыл немесе контрашабуыл кезінде қарсыласының қарсы соққысына өзінің қорғаныс әсерін қосу қажет.
Жаттығуды біртіндеп қиынға қарай жетілдіру қажет. Боксшы арақашықтықты маневрлеген жағдайда, қарсыласына шабуыл жасап тұрып, қорғанысты қосу қажет. Арақашықтыққа бола тоқтатпау қажет. Бұндай жағдайда қиындықтар аз құлаш қолды боксшы үлкен құлаш қолды қарсыласпен кездескенде қиындық туады. Аз құлаш қолды боксшы ұзақ қашықтықта арақашықтықты сақтай отырып қорғануы қажет.
Өзінің соққы арақашықтығына кіру үшін ол қарсыласының соққы арақашықтығына кіруі қажет. Боксшы қарсыласының орташа соққы арақашықтығына тіреді. Қарсылас жасқы жағдайда болады. Оның қорғануға арақашықтығы ұзақ, ал боксшы орташа.
Шабуыл жэәне контршабуылға дайындалу кезіндегі жетілген қорғаныс жерлердің жыттығуларының мысалдары.
1. Боксшы жасалынған шабуылдағы арақашықтыққа соққыға кіреді. Қарсылас бұл жағдайда сол баспен немесе денесімен шабуыл жасайды. Боксшы өзінің арақашықтығын сақтай отырып (еңкейіп, тірену, шегіну) қорғануы қажет.
2. Қарсылас бүйір қолмен шабуылдайды. Боксшы оң білекпен тіреп қорғана отырып, алға ұмтылу қажет.
3. Боксшы өзінің арақашықтығына кіреді. Қарсылас жалғыз соққымен ғана емес ұзақ арақашықтықта екі соққымен ғана емес ұзақ арақашықтықта екі соққы жасайды. Боксшы жолшыбай қорғаныс жасай отырып арақашықтықта ұрысты үзбеуі қажет.
4. Боксшы шабуылға дайындалады. Қарсылас бір-екі соққысымен шабуылға шығады. Боксшы жолшыбай қорғаныспен қорғанады.
5. Боксшы жаттығудағы тапсырманы алады, бірақ финт қолданады. (жасырын ашылу, өтірік соққы) қарсыласты контрашабуылға шақырады. Қарсылас бір-екі соққымен шабуыл және контрашабуылға шығады. Боксшы қарсыласының шабуылынан жолшыбай қорғана отырып негізгі мәселені шешеді, белгілі бір соңғы қарсылас жасай отырып шабуылға шығады.
6. Боксшы жаттығудағы тапсырманы алады. Қарсылас сол жақтан әрекет жасайды. Күтпеген соққы бүйір, төменгі жақтан соққы жасайды. Боксшы тез арада қорғануы керек.
7. Боксшы және қарсылас сол жаттығудағы тапсырманы алады.
Боксшы күтпеген соққылардан активті қорғануы қажет, еңкейіп, шегініп, кейде аралас түрде қорғану қажет.
Боксшының көптеген сапасы дайындық кездегі қимылында көрінеді. Шабуыл және конрташабуыл жүргізгенде тез қимыл, шегініс жасау қажет.
Шабуыл немесе конрташабуыл кезіндегі тез арада қорғанысқа өту жаттығуларының мысалдары.
1. Боксшы өзінің арақашықтығына кіреді. Дайындық әрекетін қолданып шабуыл, контрашабуыл қарсылас қарсы контрашабуылдың екі, орташа соққымен боксшыны қорғай жібереді. Боксшы тез арада еңкейеді, қорғанысқа өтеді.
2. Боксшы шабуылдануда, контршабуылдануда қарсыластың бірінші соққысынан еңкейеді. Келесі контрашабуыл жасай отырып, соққыны ұстайды. Боксшы қарсылас қолына накладка жасайды, егер қорғаныс алса еңкейіп қорғанады.
3. Боксшы шабуылданды, контрашабуылданды. Қарсылас бүйір мен екі, орта соққымен контрашабуылға шығады. Боксшы комбинирленген қорғанысты қолданады. Сол иықпен оң білекті тосып, сол соққымен ұзақ арақашықтақтағы арақашықтықтан шығады.
4. Сол жаттығудағы тапсырмада, боксшы қорғаныста кейін қысқа соққы жүргізеді.
5. Боксшы шабуылға немесе контрашабуылға шығады. Қарсылас соққы жасайды. Боксшы активті қорғанады, еңкейіп шетке қадамдап денесін бұрады, бір-екі соққы жасайды. Бұл жаттығулардың барлығы күрделі, боксшыдан тез арадағы реакциясы және ұқыптылықты талап етеді.
Бұны оқушыларына ұсына отырып, жаттықтырушы екі қарсыласқа да жаттығуды қиындатуы қажет, бастапқы жаттығуда қарсылас соққыны жасап, біртіндеп күшейтеді, максимальды қимыл тездігіне жеткенше.
Өзінің ұзақ арақашықтықтағы шабуыл немесе контрашабуылынан соң, тез арада қорғанысқа көшудің жаттығу мысалдары:
1. Боксшы қос немесе кезеңді соққыларымен шабуылданды немесе контрашабуылға шығады. Қарсыласы кері шегінумен қорғанып, сол кезде контрашабуылмен жауып береді. Боксшы активті немесе пассивті қорғанысты қолданады.
2. Боксшы 1 жаттығудағы тапсырманы алады. Қарсылас тосу немесе еңкею арқылы қорғанғаннан соң сериялы соққыштармен контрашабуылға шығады. Боксшы тез арада активті немесе пассивті қорғанады.
3. Боксшы ұзақ арақашықтықта шабуыл немесе контрашабуылға шығады. Қарсылас қорғанады немесе контрашабуылға шығады. Боксшы қорғанады және қайталап контрашабуылға шығады, ал қарсыласы қорғанады. Егер боксшы немесе қарсылас активті қорғанып үлгермесе ол қорғанысқа немесе қарсылас қолына жинақтау жасайды.
Ұрысты жүргізу кезіндегі жетілдірілген тактика.
Жетілдірілген тактиканы ұрыста жүргізгенде бастапқы және қорғаныс әрекеттерді жаттау, жетілдіруге байланысты, әр түрлі әрекеттер ұрысқа қажет.
Жетілдіру әрекеттеріне қажетті жаттығулар.
1. Қарсыласына «Силовика» тактикасын қолдану қажет деген тапсырма беріледі, бұл алғашқы секунтында шаншитын соққылармен боксшыға шабуылға шығады, боксшының алға ұмтылысын басу үшін боксшыға тапсырма береді, ұзақ арақашықтықта қорғаныс әрекеттерін жүргізу, қолдануға:
1. Ұзақ қорғаныс арақашықтықта маневрлеу.
2. Шетке шығу сайыспен, қарсылас тигізе алмайды.
3. Оң қолмен қарсы соққы «стоппинги» қарсыластың бастапқы әсерін, жеңіске жеткізуге немесе жолы болмағанда тоқтатуға болады.
4. Қарсылас соққы шегініп бір немесе кезекті соққылар.
5. Қарсылас сол тапсырманы алады.
Боксшы фрснтальды қорғанысты қолданады, жақындайды, қорғанады, контрашабуылға шығады.
- Қарсыласты тырыстыру, артқа қадам жасай отырып қарсыласты жұдырықпен, білекпен соққылау немесе келесі шабуыл контрашабуыл жақын арақашықтықта болады.
- Комбинирленген қорғаныс келесі активті әрекеттермен (төменнен оң жаққа шығу соққысын және арақашықтықта сол қолды жазып шабуылға немесе контрашабуылға шығу)
- Активті қорғаныс – жақын арақашықтықтағы еңкею немесе кезекті жауап соққылармен болады.
- Қарсылас сол тапсырманы алады. Боксшы 2-3 жаттығудағы әрекетті қолданады.
- Қарсылас, жақын арақашықтықтағы ұрыс, активті түрде жақындауға тапсырманы алады, жақын арақашықтықпен жоғары ұрыс темпімен боксшыны байлап алу. Боксшы ұзақ арақашықтықты ұстауға тырысу қажет. Қазіргі жағдайда боксшының әрекеті тез, әр түрлі, кең маневрленген, ұзақ арақашықтықта қорғаныс артқа қадам жасап және шетке еңкею арқылы боксшы жақын соққылармен қорғанады. Маневрлеу негізгі қарсы соққымен және тез бірден болатын шабуылмен жүреді. Боксшы қарсыласына жақын тұрады, әр шабуыл мен контршабуылдан соң ұзақ арақашықтыққа өтеді. Ол шабуылды ортаңғы арақашықтықта ортаңғы соққылармен күшейтіп, кезеңді қорғаныстарға негізгі еңкеюлер, кейде тосулар қорғаныстарға негізгі еңкеюлер, кейде тосулар қарсыласына қолайлы жағдай тудырып ұстап қалмау үшін соққыдан соң ұзақ арақашыққа өту қажет.
- Қарсылас сол тапсырманы алады. Ол боксшыны арқанға қысады. Боксшы сол жаққа жалған қимыл жасап, оңға кетеді егер қарсылас солақай болса, солға кетеді) артқа қадам жасап қарсыласына шабуылға шығады.
Боксшы ринг бұрышында тұрады. Қарсылас кезекті соққыларын жүргізеді. Боксшы жұдырығын, білегін қарсыласының бицепсіне немесе иығына қояды, оған қарсылық көрсетеді. Осы кезде боксшы басқа қолымен оң иығын басады. Сосын сол иығын басып қарсыласын бұрады. Қарсыласы өзі боксшыға көмектесіп ринг бұрышында қалады. Боксшы артқы қадам жасап, сол қолын созып шабуылданады немесе контрашабуылға шығады.
Қарсылас тыныш ұрысты алыс арақашықтықта жүргізеді. Қарсыласын жақындатпай жеңіл, тез маневр және күтпеген шабуылға тіке соққылармен шығады. Қарсылас өзінің тәсілдерімен ұрыс жүргізуге тапсырма алады. Боксшы қарсыласының тез маневрына оған жақын арақашықтықта ұрыс жүргізіп қолайсыз жағдай тудырып кедергі жасау тапсырмасын алады. Бұл үшін ол флангалы маневрифание (бүкір адам) еңкеюмен қоса, қарсыласын рингтың бұрышына арқанға қысып және жақын арақашықтықтағы қысқа соққыға алуды жүргізеді. Қорғану үшін артқа қадам жасап басына және денесіне соққы жасайды. Жеңіл алдандыратын соққыларды тез акцентпен жүргізеді. Қарсылас контрашабуылдайтын соққы (ұрыс ұзақ арақашықтықта) өзінің тәсілдерімен ұрыс жүргізуге тапсырманы алады. Боксшы сондай контрашабуылдаушы ұрыс жүргізуге тапсырма алады, өзінің қарсыласын шабуылға шақырады.
Бұның барлығы дұрыс жоспар құру үшін жеткілікті емес. Бұл боксшы бұл әрекеттердің барлығын қарсыласы қандай әрекет жасайтынын біліп дайындады, жетілдірді.
Жарыста ұрыс көрінісі тіпті басқаша, онда боксшы танымайтын қарсыласпен кездеседі. Ол белгілі қарсыласпен кездескеннің өзінде ол оның қандай спорт формада, оның физикалық жағдайы қандай екенін білмейді.
Боксшы қарсыласын дұрыс танып, анализдеп, бағалап алу қажет, оның ұрыс кезіндегі мәнерін тактика, күшін және осыған сай жалпы жоспар жасау, ұрыс жолына жақсы шешім қабылдау қажет.
Боксшыға түсіндіру қажет: қарсыластың ұрыс әрекеті кез келген арақашықтықта, тактикада, кез келген тәсілдерде, ұзын жақын, орташа арақашықтықта, шабуыл, контрашабуыл жасауы мүмкін.
Боксшы қарсыласының тактикасының тәсілдерін білу қажет: Стартта белсенділігін ұрыс кезінде әрекеттерін ауыстыруын раунд соңында темпті жылдамдатуын бірінші раунда максималды темпті соңғы раундта өзінің күшті соққыларынан қарсыласының күшті болуы т.б. Сонымен қатар боксшы қарсыласының физикалық дайындығын, салмағын байқау қажет. Негізгі анализдерді қарсыласының күшін және өзінің мүмкіндігіне қарай боксшы жалпы жоспар құрады. Ұрыс кезінде боксшы өзінің жоспарын орындауға активті күреседі.
А) Қарсылас жағынан кез келген күтпеген жағдайда дайын болу (тез стартқа, темпті ауыстыруына, алдауға, қатты соққы алуына)
В) резервті қолданған сәтте ұмтылу (шаршағанда жеңу, күшті соққыдан жасырыну). Қарсыластың өзінің салқындылығымен төзімділігімен басу. Боксшы ұрыс кезінде өзінің планын өзгертуге, кейде толық бас тартуға кейін қайта келуге уйрену қажет.
Боксшы ең алдымен қарсыласын байқауға, әрекетін шешуге, максималды тез арада шешім қимылдауға, дұрыс контрәрекет таңдай алу қажет. Өзінің шешімін орындауға күресу қажет.
Ең басында тапсырмалар жеңіл болады. Мысалы қарсыласты шабуылға, қорғануға шақырады (артқа қадам және шетке) оған тигізбеуге тырысу оған жауап соққы беруінен, қарсылас боксшы біліп таниды. Боксшыға барлауды жүргізуді үйреткенде боксшы бақылағыш, абай, кез келген күтпегендікке дайын болады, тіпті жағдайларды жасау. Ұрыс кезінде қарсыласының тісілін тез табу үшін боксшы өзіндік шешім қабылдап, ұрыс кезінде оны өзгертіп отыруына жаттығу жасау.
1. Ұзын бойлы боксшы ұрысты жүргізуде, қарсыласын бір-екі соққымен шабуылдап, өзіне жақындатпай, артқа шегінумен қорғануға тапсырма алады. Қарсыласының (орта бойлы) ұрыс үстінде тактикасын байқайды, дұрыс шешім жүргізеді, соққыларына еңкейе отырып жақындап, оны арқанға тақайды. Оны маневрден шектейді, бұған басқа денеге кезеңді соққыларды жіберуге қолайлы жағдай.
2. Боксшы контрашабуыл жүргізетін тапсырманы алады, қарсыласының соққысын күтіп, жауап соққы жасайды. Қарсыласы оның тактикасын сезіп жалған соққылар жасайды. Ол боксшы активті әрекетке көшіп, жауап соққы береді.
3. Физикалық күшті және төзімді боксшыға тапсырмада қарсыласына жоғары темппен ұрысып, барлық уақытта шабуылға шығады, арқанға тіреледі. Мүмкіндігін шектейді. Екінші боксшы оның әрекетін сезіп оған контраәрекет ұсынады. Ұрыстың бұл темпте созылуын тоқтатып қарсы соққымен тоқтатып, шетке шығып қарсыласына тигізбейді.
4. Боксшы барлық раундта бір-екі соққымен жүріп раундтың соңында бірден темпті жоғарлату және көптеген соққылармен шабуылдап, контрашабуылдан оны бұрышқа тығу. Қарсылас бірден байқап өзінің тактикасын жүргізу қажет. Қарсы соққы беріп тез маневрлеу қажет.
5. Солақай боксшы оң жақ стойкамен ұрыс жүргізеді. Қарсылас бұл жағдайда осыны байқап сол жақ соққыдан сақтанады. Сонымен бірге тікелей немесе оң жақтың соққысын қолданады.
6. Боксшы комбинациялы күрес жүргізеді. Күресте қарсыласы күшті соққысы болатын болса, онда сақтану қажет, сондықтан ұрысты арақашықпен жүргізеді. Жақындаған арақашықтықты пайдаланып күшті соққы жасайды.
Ұрыс жоспарын боксшы дұрыс емес шешім қабылдаған, қарсылас тактикасын өзгерткенде жоспарын өзгертеді. Бірінші жағдайда мысалы боксшы ұрысты ұзақ арақашықтықта жүргізуді жоспарлады қарсыласымен кездескенде ол жақын және орташа арақашықтықта активті тіке соққылармен жақындап жүргізеді. Боксшы тез арада тактикасын өзгертуі қажет. Қарсыласынан сақтанып шетке қадам жасап қарсыласын тұрақты түрде тигізбей отыру. Екінші жағдай боксшы қарсыласына жалған соққылармен ұрысқа шығады, алғашқыда бұл оған пайда алып келеді. Бірақ қарсыласы оның тактикасын байқап, жалған соққыдан соң контрашабуылға шығады. Боксшы тұрақты түрде өзінің шешімін дұрыс жасауға, өзгертіп отыруға керек жағдайда тез реакция көрсетуге үйрету қажет. [36].

2 БОКСШЫНЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ, ТАКТИКАЛЫҚ ДАЙЫНДЫҒЫНЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕР НЕГІЗДЕРІН ЖЕТІЛДІРУДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет