Дипломдық ЖҰмыс 5В010800 Дене шынықтыру және спорт білім беру бағдарламасы Қызылорда, 2022 жыл


Дене тәрбиесі мен спорттық ұлттық тәрбиені қалыптастырудағы алатын орны



бет11/14
Дата06.06.2022
өлшемі170,11 Kb.
#36415
түріДиплом
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Ақбота диплом

3.2 Дене тәрбиесі мен спорттық ұлттық тәрбиені қалыптастырудағы алатын орны

Ұлттық рухани бейне - күрделі құбылыс. Оның құралып қалыптасуына әр түрлі сипатты халықтық құбылыстар қатысады. Бірқатар құбылыстар кешені ұлттық рухани бейнесімен байланысты. Олардың қатарына ұлттық мүдде, сана-сезім, сезім, мәдениетін, тілін, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін жатқызуға болады. Сондай-ақ, дене тәрбиесі мен спорт ұлттың рухани бейнесімен тығыз байланысты. Өйткені, олар ұлттық тұрмыстың элементтерінің бірі болып табылады.


Осы заманғы ұлттық мәселелер бойынша, Отандық және ТМД елдерінің ғалымдары бірқатар еңбектер жариялады.
Осыған қарамастан, ұлттық табиғатты әлеуметтік-философиялық және педагогикалық зерттеудің шеңберін кеңейту қажеттілігі сезіледі. Бұл аталған құбылысты түсінушілікте алақұлылықтың болуынан туып отыр.
Дене тәрбиесімен спорт саласындағы ұлттық тәрбиені кейбір еңбектерболмаса тіпті аз зерттелді десе болады.
Күрделі қоғамдық феномендер ретінде дене тәрбиесі мен спорт өз ішінде қоғамда жасалған жүріс-тұрыс нормаларын, ал бұлар «Адамдардың өмір тіршілігінде белгіленіп, олардың дағдыларына, олардың тұрмыс-салтының, ұлттық өмірдің құрамдас бөлігіне айналады. Ұлттық өмірі дене тәрбиесі мен спорт саласындағы ұлттық тәрбиені анықтай береді» [28].
Демек, ұлттық тәрбиені және ол қоғамдық өмірдің басқа құбылыстарымен қатынасын әрдайым даму жағдайында, нақты жағдайлармен, күллі қоғамның, жеке ұлттың, кемелдену деңгейімен, олардың өмірлері мен өзара қарым-қатынастарының басқа жақтарымен тығыз байланыста болуы керек.
Ұлттық тәрбиенің табиғаты әрі күрделі, әрі қарама-қайшылыққа толы. Адамдардың «туыстық сезімге» барынша жақын екендігі қашаннан белгілі. Мұның өзі ұлттыққа байыппен келуді, оны әрбір халықтың, әрбір ұлттың нақты жағдайларына сәйкес қарастыруды талап етеді.
Неміс ғалымы В.Зигер былай деп жазды: «Дене тәрбиесін қоғамдық құбылыс, мәдениет пен тұрмыс салтының құрамдас бөлігі, адамдардың нақты тарихи әлеуметтік топтарының тәрбиесі ретінде айтқанда, біз тәнді (денені) жетілдірудің әлеуметтік-мәдени жағдайларының, сонымен қатар белгілі бір жеке адамның тарихи тұрғыдан әлеуметтік қалыптасуының жиынтығын айтамыз[29]. Жалпы адамзаттық және әлеуметтік дамудың тарихи формасы болған ұлт сонымен бірге халықтың ұлттық ерекше спецификалық белгілерін алып жүруші де болған, ол жеке адамның тарихи құралуының (қалыптасуының) негізі болып та қызмет етеді. Жеке адамның тәрбиесін қалыптастыруға бағытталған дене тәрбиесі мен спорт өз ішіне көптеген құбылыстарды алып, ұлт өмірінің құрамдас бөлігі болып кіреді.
Ұлтттық өмірі дене тәрбиесі мен спорттың айырмашылық белгілерін, олардың имандылық негіздерін, педагогикалық үдерістің ерекшеліктерін белгілеп береді.
Дене тәрбиесі мен спорттағы ұлттық тәрбие өзара байланысты үдерістердің тұтас бір жүйесін ұсынады, оның басты компоненттері (сыңарлары) жалпы адамдық, әлеуметтік, ұлттық өзгелік болып табылады. Күллі адам атаулының дүниені бейнелеу заңдары ұқсас, әрбір жекелеген жағдайда ұлттық тәрбие жалпы адамзаттық қана емес, ұлттық өзгеше (спецификалық) тәрбиені де іске асырушы ретінде, көрініс береді.
Ұлттық тәрбиеде «жалпы адамдық белгілердің» болуы ұлттық тәрбие ұғымын мазмұны жағынан кең әрі терең ете түседі.
Ұлттық тәрбиенің құрамындағы жалпы адамзаттық қоғам қызметінің нақты саласындағы өзара әрекеттесудің, өзара кірігудің нәтижесі болып табылады. Сондықтан, дене тәрбиесі мен спорттағы ұлттықты қоғамдық қатынастардың күллі жиынтығынан оқшау алып қарастыруға болмайды.
Ұлттық өзгешелікті құрайтын элементтер алуан түрлі. Кейбір ғалымдар атап көрсеткендей, өзгеше белгілері болмайтын үлкенді-кішілі ұлттар болмайды. Сондай-ақ, бір-бірінен ерекшеленбейтін жүйесі жоқ дене тәрбиесі де болмайды.
Мұнымен қатар шығу тегіне қарамастан барлық адамдардың шындықты бейнелеу заңдары да, ұқсас екендіктері де белгілі. А.Г.Агаевтың айтқан пікірі дұрыс, ол «халықтар аз аралас-құралас болғанына қарамастан, өздерінің ғылыми танымында бірдей дерлік нәтижелерге қол жеткізеді», - деп жазған еді[30]. Бұл айтылғанға дене тәрбиесінің кейбір құралдары айқын айғақ бола алады. Дене шынықтыру жаттығулары мен арнаулы заттар (құралдар) немесе ойындар үшін бейімделген құралдар жасаған (жаратқан) дүние жүзінің көптеген халықтары көптеген жағдайларда бірдей дерлік қорытындыға, оларды жас ұрпақтың дене тәрбиесі мақсаты үшін пайдалану заңдылықтарында қайран қаларлықтай ұқсас нәтижелерге жеткен. Белгілі ғалым М.С.Жүнісовтың [31] атап көрсеткендей әрбір жекелеген жағдайда ұлттық тәрбие тек жалпы адамдық қана емес, ұлттық-өзгеше тәрбие түрінде де көрініс береді. Ұлттық тәрбиенің сипаты ерекшелігі сол, ол ұлттық-өзгеше тәрбиеге қарағанда мазмұны жөнінен әрқашанда байқалады[31]. Сондықтан ұлттық тәрбие алуан түрлі, көп элементті құбылыстардан тұрады және ол әр түрлі көрініс береді. Сондай-ақ оның шығу тектері де, даму бағыттары да әр қилы.
Қарастырып отырған мәселеге келетін болсақ, алуан түрлі аса ірі халықаралық ғылыми конгрестер мен симпозиумдерде антик дәуірінен бері дене тәрбиесінде жалпы адамзаттық белгілер бар деген қағида әлденеше рет атап өтілді [19].
Дене тәрбиесі мен спорттағы ұлттықтың өз даму заңдылықтары бар, ол ұлттық өмірдің көптеген жақтарын орынды қозғайды. Бұл жайында кей-кейде аяу және алыс шет ел ғалымдары да жазып жүр. Солардың бірі, мәселен, ұлттық тәрбиеге мынадай түсінік береді: Дене мәдениетінің ұлттық ерекшеліктері ұлттық нақты өмір жағдайларында тарихи қалыптасқан дене шынықтыру жаттығуларының, ойындарының, спорттық өзіндік бір формаларын, өзіндік бір ережелері мен дене қызметін ұйымдастыру тәсілдерін, оған деген дәстүрлі қатынастарын (бұл қатынастарды ұлттық тұрмыс салты мен психикалық құрылым ерекшеліктері көрініс береді) білдіреді. Мұндағы интернационалдық белгілер ұлттық мәдениеттердің өзара әрекетінің, өзара кірігуінің нәтижесі болып табылады[32].
Бұл айтылған пікірден шығатын қорытынды, дене тәрбиесімен спорттағы ұлттық тәрбиені мүлде оқшау құбылыс ретінде қарастыруға болмайды, өйткені ол өз ішіне мынадай құбылыстар тобын «олар белгілі бір ұлттың барлық адамдарына тән» құбылыстарды алады[33].
Осы заманғы дене тәрбиесі мен спортта ұлттық тәрбие интернационалдық тәрбиесіз толық мағынасында өмір сүруі мүмкін емес. өзара бір-бірін байыту, өзара ықпал ету олардың даму бағыты мен сипатын анықтайды.
Алайда нақты өмірде ұлттық форма мен мазмұнның көрінуі субъективтік факторлармен араласып кетеді. Мұның өзі бұл үдерістің дамуына мақсатты түрде ықпал ету мүмкіндіктерін туғызады. Бұл айтылғанның жарқын мысалы ретінде дене тәрбиесінде сабақ жүргізудің кейбір осы заманғы тенденцияларын айтуға болады. Мұндай сабақ оқыту кезінде ұлттық элементтері толық пайдаланылады[33].
Сонымен дене тәрбиесі мен спортта ұлттық тәрбие ұлттық тіршілік ерекшеліктерінен туады, онда ежелгі дүниенің қазыналары да болады. Тарихи көзқарас тұрғысынан алғанда, онда «таза» ұлттық нәрселер қанша, басқа халықтардан ауысқаны қанша, бұл жайтты түсіндіру көп қиындық келтіреді. өйткені, басқалардан алынған дүниелердің өзі тұрмысымызға өзіміздікіндей болып сіңісіп кеткен. Мәселен, көкпар, қыз қуу, аударыспақ, күміс алу, тоғыз құмалақ, жарға жарыс сияқты ұлттық ойындарға қазақтың немесе Орта Азия халықтарының, бізге іргелес шығыс елдерінің қосқаны қанша, әлбетте, анықтау қиын. Қиын болатын себебі, ежелден бұл халықтар ауылы аралас, қойы қоралас өмір сүріп келеді, олардың арасында ежелгі замандардан бері келе жатқан этномәдени байланыстар бар. Алайда, қазіргі ұрпаққа тарихи тамырлардан гөрі, оларда осы заманғы дене тәрбиесінің мазмұнын байытатын қаншалықты озық құндылықтар бар. Міне, оларды осы мәселе қызықтырады.
Дене тәрбиесі және спорт үйлесімді жан-жақты адам тәрбиелеуге бағытталған. Бұл міндетті шешуге ұлттық, халықаралық, интернационалдық тәрбиенінің күллі әдістерімен құралдары бағытталғн. Нақ осында, дене тәрбиесі мен спорт саласында жүзеге асырылған терең үдерістің мән-мағынасы жатыр.
М.Тәнекеевтің «Осы заманғы халықтардың мәдениетінің ұлттық формаларының әр алуандығы, мәдени өзара байытудың дене шынықтыру саласында байытудың елеулі алғы шарттарының бірі болып қызмет етеді. Өйткені, жекелеген халықтардың спорт пен дене тәрбиесі дүние жүзінің басқа халықтарының спорт, дене тәрбиесі жүйесімен өзара әрекеттесу үстінде дамиды», - деген пайымдауы мүлде дұрыс[34].
Дене тәрбиесі мен спорт саласында өзара байыту, өзара әрекеттесу осы заманғы қоғамның объективтік үдерістерімен құбылыстарын бейнелейді. Алайда, олардың мазмұны мен формасы нақты өмірде олардың көрінуі мен арақатынасы, адамдардың тұрмыс салттары мен тенденцияларына сәйкес келмейтін элементтерімен жиі көбірек шатысып кеткен.
Ұлттық тәрбиедегі күллі құндылықтар мен озық атаулының бәрі өзінің рухы бойынша басқа халықтарға сөзсіз жақын. Бұл озық атаулының бәрін тек ұлттық деп қана емес, интернационалдық деп те түсінуіміз керек. Бұл жерде мына бір маңызды тарихты ескерту қажет. Әдетте интернационалдық атаулы ұлттық арқылы көрініс береді.
Бұл тұжырым дене тәрбиесінің жекелеген ұлттық формалары мен құралдарының даму мысалы арқылы қуатталып отыр, бұл жағдайда ұлттық атаулы өзінің тарту күшінің арқасында интернационалдық элементтерге қолайлы жағдай туғызып отыр.
Егер шын жағдай нақ осындай болса, онда сөз етіп отырған қағидамыз профессор Н.Д.Жандилдиннің пікірімен үндеседі. А.И.Арнольдов жоғарыда айтылғандардың төңірегінде қызықты әрі дау туғызатын пікір айтады. «Ұлттық дегеніміз ұлттықтың өзгеше формада көрінуі, интернационалдық ұлттың өмір сүрі кезеңінде ұлттық формада көріне алмайды». Осыған байланысты профессор Т.Сәрсенбаевтың ескертуін толық орынды деп санаймыз. Ал, А.И.Арнольдовтың пікірі бұл құбылыстың табиғатын толық ашып бермейді, өйткені, ұлттық атаулыдағының бәрі интернационалдық болмайды, дейді.
Осы заманғы ұлттық форманың дамуында көптеген интернационалдық болғанына бұл атау сол қалпында қала береді. Мұны дене шынықтыру мәдениеті мен спорттың ұлттық формасына қатысты деп айтуға болады. Егер, оларда ұлттық өзгеше, ұлттық айрықша белгілер болса, онда олар спорттың классикалық түрлері деңгейінде дене шынықтыру мен дене тәрбиесінің интернационалдық көлемінде таратылған болар еді.
Дене тәрбиесінің ұлттық жүйесінде, спорт пен дене шынықтырудың мәдениетінің ұлттық формаларында жалпы маңыздылыққа ие нәрселер бар. Сондықтан да, көптеген халықтарға олар әрі түсінікті, әрі қолайлы. Осының нәтижесінде олармен интернационалдық нәрселер оп-оңай кіріге алады.
Алайда, ұлттық және интернационалдық нәрселердің өзара әрекеттерінің қарқыны ең алдымен қоғам өмірінің тарихи жағдайларына байланысты.
Бірқатар ғалымдар бұл құбылыстардың салыстырмалы түрде екенін ескере отырып, тарихтың әрбір жаңа кезеңінде ұлттық және интернационалдық нәрселер жаңа бірлік ұсына алады деген тұжырымға жүгінеді[32, 33].
Қазақстандағы спорт пен дене тәрбиесі мысалдары арқылы ұлттық дамудың бұл сияқты үдерістерін айқын әрі түсінікті түрде ашып көрсетуге болады. ХІХ ғасырдың аяқ шені мен ХХ ғасырдың бас кезінде ұлттық тәрбие өз мазмұнына ең алдымен ұлттық-өзгеше, ал интернационалдықтан – негізінен халықаралық жарыстар ережелерінің жекелеген элементтерін соның өзінде, тек ат спорты түрлерін алады.
ХІХ ғасырдың 90-жылдары ұлттық тәрбие спорт пен дене тәрбиесінің туыстас ұлттық формаларынан қана емес, көптеген интернационалдық, халықаралық құралдар мен дене тәрбиесінің формаларынан, олимпиялық ойындарды қоса алғанда ойында ме,н спорт түрлерінен осы құнды, озық көптеген нәрселерді алды.
Ұлттық тек тарихи нәрселерді қана емес, осы заманғы қоғамдық өмірдің кең әрі терең үдерістерін қамтиды. Біздің заманымыздың ғалымдары өз еңбектерінде бұл мәселе жайында жан-жақты жазған, бұлардың қатарына Р.Абудлатилов, М.С.Жүнісов, А.С.Смирнов, М.А.Морозов, Т.С.Сәрсенбаев сияқты ғалымдарды жатқызуға болады.
Ұлттыққа болгар ғалымы Д.Паскалов [35]. айрықша мән береді. Поляк философы Е.Коссак ұлттық, көптеген халықтардың жетістіктерімен өніп-өсіп отыр, ал бұлар осы заманның рухына жауап береді, ұлттық кедергілер дегенді білмейді, біздің планетамыздың адамдарына тең дәрежеде қызмет етеді деген пікір айтады.
Сондай-ақ, ұлттық тәрбие спорт пен дене тәрбиесі дамуының көптеген жақтарын қамтиды. Оларда интернационалдық барған сайын айқын көрініс береді. Осының арқасында ол ұлттық нәрселердің мазмұнын байытып, оларды ықпалды ете түседі.
Дүние жүзінің көптеген елдердегі ұйымдастыру және әдістемелік принциптердің, дене шынықтыру жаттығуларына үйрету әдістерінің, спорттық жаттығу әдістерінің, спортшыларды психологиялық даярлау ерекшеліктерінің, спорттық жарыстар өткізу талаптарының, спорт пен дене тәрбиесінің басқа да құбылыстарың тұтас бір комплексінің мазмұнына жалпы, интернационалдық көптеген ортақ нәрселер бар. Бұларсыз жалпы, интернационалдық нәрселерсіз ұлттық атаулыда прогресс жоқ.
Айтылған пікірлерге байланысты ұлттық жалпы тенденцияны бейнелейтін нақты фактілер келтіруді жөн көреміз. Сонымен, қазіргі қазақ спорты мен ойындары ұлттық түрінен ұлттық жарыстарының ережелері, шын мәнісінде спорттық ойындар мен сплорттың классикалық түрлері жарыстарының ережелері негізінде түзілді. Бұларға қазылар алқасының міндеттері, жарыстар өткізу туралы ереже, жарыстар өткізу орны. Ойынға қатысушыларға қойылатын талаптар, жарыстар өткізу жүйесі және жарыс жеңімпаздарын анықтау т.б. принциптер жатады. Мұндай принциптер әсіресе, көкпар, қазақша күрес, аударыспақ, аламан бәйге сияқты ұлттық спорт түрлерінде айқын білдірілген.
Жоғарыда айтқанымыздай, ұлттық тәрбие жеке, оқшау құбылыс ретінде өмір сүрмейді. Керісінше, ол интернационалдық құбылыстармен сан мың арқаумен байланысқан, олар ұлттың негізгі принциптеріне, өмір сүру жағдайларына қарсы келмейді. Сондықтан, әр халықтың өмірінде тек шын мәнінде ұлттық нәрселер сақталып қалған. Ал, басқалары бірте-бірте жоғалады, бұған кеңес өкіметі тұсындағы зорлықпен тықпалаған көп жайлар мысал болады.
Қазіргі демократиялық қоғам жағдайында ұлттық, интернационалдық құрамына кіреді, керісінше де болуы мүмкін. Қайтадан табылған интернационалдық жекелеген ұлттардың жетістігіне айналып, бірте-бірте интернационалдыққа өтеді. Соның өзінде ұлттық нәрсенің интернационалдыққа өту үдерісі олардың бірлігіне нұқсан келтірмейді. Бұған ұлттық спорт түрлерінен бір мысал келтірелік. Қазақтың жалпы ату, қырғыздың күресінде, өзбектің Бұқара ережелері бойынша күресінде қаншама өзара өту үдерістері болды десеңізші! Бұл табиғи нәрсе. Қазіргі күндердегі анағұрлым жетілдірілген спорт түрлері мен спорт ойындары нақ осындай жолдан өткен.
Қазіргі қоғамның дамуы жағдайында ұлттық және интернационалдық диалектикасындағы жаңалықтың мәнісі мынада, біріншісі (ұлттықты айтып отырмыз-автор) барған сайын жақындап, екіншісі араласып кетіп отыр.
Екеуі өзара байланысты, себепші болып отырған үдерісс көз алдымызда өтіп жатыр; бір мезгілде ұлттық атаулының формалары көбейіп, мазмұны сөзсіз байып, ұлттықпен қарым-қатынаста әрқашанда анықтаушы болып табылатын, интернационалдықтың рөлі тоқтаусыз арта түсіп келеді. Бұл жақындасудың мәнісі сол, ұлттық, интернационалдық ендігі жерде тұтас алғанда, интернационалдық негізінде дамып отыр, бұл даму ұлттық атаулыда интернационалдықтың үлесін ұлғайту жолымен жүргізіліп жатыр. Ұлттықты интернационалдық деңгеге көтеру жалпы маңыздылығы зор мәселе.
Мұндай үдерістің маңыздылығын спорт түрлерінің тарихы дәлелдеп отыр. Сонау бір алыста қалған дәуірлерде сақаны доптың орнына пайдаланып ойнау ойыны негізінде шыққан орта азиялық, парсылық човчан (чагда) ойыны уақыт өте келе, күллі азиялық, одан кейін ат добы деген атпен дүнижүзілік ойынға айналды.
Дзю-до қазіргі кезде тек жапонның ұлттық күрес ойыны ғана емес, олимпиялық ойындар бағдарламасына енетін кең тараған халықаралық спорт түрі болып табылады. Спорттың СУМО күресі туралы да осыны айтуға болады. 1996 жылы СУМО жөнінде дүние жүзілік спорт федерациясы құрылып, ойдағыдай жұмыс істейді. Кеңес одағында 30-жылдардың бас кезінде күрестің ұлттық түрлерінен, қарусыз өзін-өзі қорғау тәсілдерінен келіп шыққан Дзю-доны еске түсіретін жаңа спорттық күрес – самбо ойыны пайда болды. Осы ойында қазақша күрес әдістері кең қолданылады. Бүгінде самбо бойынша дүние жүзілік чемпионат өткізіледі. Бүгінгі таңда Самбо күресі ұлттық және ұлтароалық спорт түрлерін интернационалдық, халықаралық спорт түрлері дәреджесіне көтерудің классикалық мысалы болып табылады.
Осы заманғы спорт және дене тәрбиесі жүйесінің ұлттық мәнін тереңдету ерекше маңызды проблемаға айналып отыр. Сондықтан да, бұл проблемаға ғылыми диалектикалық тұрғыдан келу керек. Сонымен қатар, спорт пен дене тәрбиесі саласындағы кейбір мамандар тарапынан бұл проблема дұрыс түсіндіріп жүрген жоқ.
Мәселен, профессор В.И.Элашвили «Тәрбие. Оқуға тиіс 10 кітап» атты кітапта мынадай пікір білдіреді[34]:
«Еліміз халықтарының бай қоры болғанына қарамастан сырттан әкелінгендердің, ауысқандардың есебінен дене тәрбиесі құралдарын кеңейту,-деп жазады ол – дұрыс емес, өйткені бұл ұлт мәдениеттерін дамыту мүдделеріне нұқсан келтіреді. Жергілікті қазыналарымызға, дене шынықтыру жаттығуларына, халықтарымыздың ойындық фольклорына қол байлау болады».
Біздіңше, аталған авторлардың бұл пікірі осы заманғы ұлттық табиғатты толық бейнелей алмайды. Егер интернационалдық халқтар қорына үйлесімді түрде кірігіп кететін болса, онда ол ұлттық атаулығы кедергі келтірмейді, қайта оның деңгейін одан да жоғары көтереді.
Спорт пен дене тәрбиесінің ұлттық жүйесіндегі ұлттық қорды сақтау туралы пікір, қандай да бір жағдайда интернационалдық атаулыдағы ұлттықтың алатын орны тиісінше бағаламаушылықпен, осы заманғы дене мәдениетіндегі ұлттық және интернационалдық бастаулардың өзара байланыс, өзара себепші болушылық диалектикасын бекерге шығарушылықпен байланысты.
Сондай-ақ, ұлттық атаулыны интернационалдық үнемі толықтырып отырушылық, ұлттықтың өзін жоюға әкеліп соқтырады деген де пікір бар.
Сергей Месхидің сөзіне келтірейік: «Буртаоба, күрес, жүзу, джигитоба ойындарымыздың басқалардан несі кем?... өзгерту керек, бірақ бізге ойындарымызды жоғалтатын өзгерістің керегі жоқ».
Иә, мәдениет тарихында халықтардың рухани өмірінен мәдениеттің жекелеген элементтері ғана емес, бірқатар мәдени құндылықтар, оның ішінде спорт пен дене тәрбиесіндегі құндылықтар із-тұзсыз жоғалған оқиғалар аз болмаған. Мысалы қазақтың жамбы ату, ат үстінде, жаяу жүріп садақ ату ойындарын алалық. Бұл ойындардың жоғалуы субъективтік факторлармен байланысты болды. Кеңес өкіметінің спорттық саясаты бұл ойындарды күні өткен, осы заманғы әскери өнердің талаптарына, әскери жаттықтыру дайындығының рухына жауап бермейді деп санады.
Сонымен қатар, жекелеген ұлттық құндылықтар, жоғары халықаралық деңгейге дейін көтерілген оқиғалары да болды. Мәселен, ХІV ғасырда Американ аборигендерінің каучуктен жасалған доппен ойнайтын ойындары болды. Олар жеке және командалық ойындар еді.
Ер кісілер ер кісілерге қарсы, әйелдер әйелдерге қарсы ойнады. Сондай-ақ олар жұп-жұп болып та ойнайды. Бұған дейін дүние жүзі халықтары арасында жұп-жұп болып араласып ойнау жоқ болатын.
Демек спорттық ойындардың кең тараған бұл түрлері (бадминтон, үлкен теннис, үстел теннис) үшін біз европалық, отарлау кезіндегі Американың байырғы тұрғындарына қарыздармыз. Осы заманғы спорт (тау шаңғы акробатикасы, спорттың су шаңғысы түрлері және т.б.) тархынан басқа да мысалдарды келтіруге болады.
Халықтардың ұлттық қоры қаншалықты бай болса да оны жаңа нәрселермен – инонационалдық нәрселермен толықтыру артықтық етпейді, қайта ұлттық күш-қуатын арттыра түсудің маңызды факторы болып табылады. Жетілдірілген формаға, бай мазмұнға ие болған ұлттық атаулы жан-жақты (универсалды) құбылысқа айналады. Мысалға Қазақстанда спорттың жан-жақты ұлттық түрі белуарға дейін жалаңаштанып күресу түрі бар. Қашаннан бері бізде алыс –жақын шетел балуандарының қатысуымен халықаралық жарыстар өткізіледі. Қыз қуу ең көп кең тараған ат спорты ойынына айналды. Қазіргі таңда ол дүние жүзінің көптеген елдеріне тарап отыр.
Сонымен қатар, ұлттық атаулыны асыра бағалау (нақтылай айтсақ, инонационалдыққа зиян келтіру) оқиғалары да жоқ емес. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кейбір мектептерінде ұлттық қимыл ойындары және дене шынықтыру жаттығулары негізінде, дене шынықтыру сабақтарын өткізу әрекеттері жасалған.
Мұның бәрі осы заманғы ұлттық проблемаларды тар көлемде түсінудің салдары болып табылады. Осыған байланысты жекелеген мұғалімдер ұлттық дене шынықтыру жаттығуларының кейбір ерекшеліктері мен формаларының, түсіндіруге болатын тұрғылықтылығын тіпті өзгермейтін құбылыстар деңгейіне дейін көтерілгенін атап көрсету керек.
Егер, мұндай логикаға ерік беретін болсақ, онда ұлттық дене шынықтыру жаттығулары мен дене тәрбиесі өткен кезеңнен мұра болып қалған белгілер, ерекшеліктер негізінде ғана дамытылуға тиіс. 1993 жылы Қырғыздың «Манас» эпосының 1000 жылдағы құрметіне өткізілген Халықаралық ғылыми-ілімдік конференцияда жекелеген мамандар тарапынан мұндай түсініктің қателігі аяусыз сынға ұшырады[37].
Осы арада атап айту керек, мұндай – қате көзқарастар дене тәрбиесінің халықтық педагогикасымен үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Шын мәніндегі дене тәрбиесінің халықтық педагогикасы ғасырлар бойы жасалған ойындар мен дене шынықтыру жаттығуларын кейде дайын күйінде пайдаланып, кейде осы заманғы дәстүрлер рухында дамытып, жаңашылдығымен ерекшеленеді.
«Тек сонда ғана біз қатты тәрбие құралына ие боламыз», - деп әділетті түрде атап көрсетеді Р.Т.Наукеев[38].
Спорт пен дене тәрбиесінде ұлттық ерекшелікті асыра бағалаушылық жеке адамды тәрбиелеу үдерісіне залал келтіреді, ақыр аяғында ұлттық эгоизмге, ұлттық көктеушілікке әкеліп соқтырады. Мұндай құбылыс жақтаушыларының көзқарастары Шығыстың мәдениеті Батыс мәдениетінен әлдеқайда жоғары деп пайымдайтын «азиацентризм» ілімін жақтаушылардың көзқарастарымен үндес келеді.
Сондықтан, ғылыми шындықтан ауылы алыс, бұл сияқты ілімдік тұжырымдардың өмір сүруі өз кезегінде спорт пен дене тәрбиесі саласында шовинизмнің көрінуіне мүмкіндік туғызады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет