Дипломдық ЖҰмыс 5В010800 Дене шынықтыру және спорт білім беру бағдарламасы Қызылорда, 2022 жыл



бет13/14
Дата06.06.2022
өлшемі170,11 Kb.
#36415
түріДиплом
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Ақбота диплом

Қорытынды

Біздің өміріміз әртүрлі жағдайларға толы. Оның қиыншылығы мен қуанышы, рахаты мен қасіреті де бар. Өмір бірыңғай әзіл-күлкіден немесе керісінше мұңнан да тұрмайды.


Ендеше, күнделікті тұрмыстық жағдайымызда әр кезде кездейсоқ кездесетін осындай күрделі құбылыстарды қалай шешеміз? Қарсы келген қиыншылықтарға қалай төтеп береміз? Тіпті ауру-сырқаудың жетегінде кетіп қалсақ ше? Әрбір іске табандылық танытып, қажырлы да қайратты, икемді де епті, төзімді де шыдамды, алғыр болуға қалай үйренеміз? – деген т.б. сұрақтар жауабын спорт өнерінен іздеуіміз орынды [39].
Біздің өміріміз сәби жастан қартаң жасқа дейінгі аралықтағы көптеген қимылдарды қарастырады, қамтиды. Әрбір дене қимылы – бұл дененің жетілуін, қимыл машықтығын, сауығуын, шынығуын қамтамасыз етеді. Ал, бұлардың бәрі спорт өнерінен көрініс табады.
Дене қимылы ойыңды ұштап, көңіліңді сергек етеді. Өмірде кездесетін қиын сәттерді оңай шешуге көмектеседі, ерік-жігеріңді шыңдап, адамгершілік қасиетіңдіарттырып, эстетикалық талғампаздығыңды дамытады. Сондықтан, спорт өнерінің қадір-қасиетін неғұрлым жас сәби кезеңінен қастерлеп серік етуіміз керек.
Спорт өнерін неғұрлым жас кезеңнен бастап серік етсек, соғұрлым оның бізге тарту етіп берері де мол. Ол бізді тәртіптілікке, өнегелілікке, азаматтыққа, батылдыққа, сұлулыққа баулиды. Жаман әдеттен сақтандырады. Бойыңда ізгілік, адамгершілік қасиеттеріңді, жақсы мінез-құлықты қалыптастыруды дамытады. Тек оған саналы түрде үзбей қатысу керек.
Спорт өнеріне қатыса жүріп оның көптеген басқа ілімдермен тығыз байланыста болатынына да көз жеткізесің. Адам қимылының биохимиялық (қозғалу, қимылдау заңдылықтарын), әрбір жаттығу сабағында денеге түсетінфизиологиялық жүктемелер әсерін, әрбір жауапты жарыстар барысындағы психикалық, логикалық, тактикалық ой-әрекет қақтығыстарын санаңнан сүзіп өткізесің. Бұл ақыл-ойыңды ұштай түседі.
Адам денесінің, ағзасының даму, жетілу заңдылықтарын меңгересің. Әртүрлі гигиеналық факторлардың денеге, денсаулыққа әсерін анықтай аласың. Нәтижесінде адам өмірінің ұзақ, әрі іскер болып өмір жасау сырларын аша түсесің.
Спорт өнері жылдап тер төгуді, ерінбей еңбектенуді қажет етеді. Сонда ғана өз жемісін береді. Темекі шегу, ішімдік қолдану сияқты жат қылықтар спорт өнерінің қасында қабат жүре алмайды. Біз спорт өнері арқылы мінез-құлық, жақсы әдет қалыптастырамыз десек, теріс қылықтардан әркез аулақ болуымыз керек. Бұл қағиданы еш уақытта естен шығармауымыз тиіс! Әйтпесе, жылдап төккен терің зая кетеді...
Мақтаншақтық, еріншектік, әлжуаздық, қорқақтық, жігерсіздік, т.б. сенімсіздік көріністері спорт өнерімен шұғылданбаушылардың бойына ғана тән. Ал, бұл кейіптегі адамдар өмірдің қиын сәттерінде өзіне де, өзгеге де қамқоршы болып, қайраттылық танытпайды. Сағы сынғыш болып, тез мойиды. Шынында бойын үрей билеп, екі иығы еңкіш тартып жүретін адамнан қандай қамқор күтер едің... Оларды қарттық ертерек қуып жетеді. Денесінің функционалдық мүмкіндігі төмен болады [40].
Спорт жарыстарына қатысу арқылы біз көптеген әртүрлі тұлғамен, мінез-құлықпен, жер-сумен, қала-шаһармен жүздесіп, кездесеміз, көреміз. Мұның бәрі түптеп келгенде біздің дүниетанымызды, айналаға көзқарасымызды, эстетикалық талғампаздығымызды, пайымдаушылығымызды дамытып, адамдар арасындағы адамгершілік-ізгілік қалыпты, қатынасты жетілдіреді. Басқа мамандық иесі болып тұрып та спорт өнерін серік етуге әбден болады. Бұл тұлғаның интеллектуалды, жан-жақты білімді, өнегелі, өнерлі, жоғары эрудициядағы азамат екенін танытар еді. Спортпен тиянақты шұғылдану адамды тұлғалы етеді. Дене қасиеттерін, қимыл-қабілеттерін, дағдыларын қалыптастыруға септігін тигізеді. Нәтижеде дене мәдениетін жетілдіру арқылы жалпы мәдениетіңнің де деңгейін жоғары болуын қамтамасыз етеміз. Жақсы, нағыз спортшы еш уақытта көп сөйлеп көпірмейді, әлжуаздарға күш көрсетіп, мақтанбайды. Өзінің спорттық атағын, даңқын, тұғырын абыроймен сақтап қалуға, оған дақ түсірмеуге тырысады. Спорттық этикаға жат қылықтардан бойын аулақ ұстайды [41].
Қорыта келгенде, дипломдық жұмыстың зерттеу нәтижесі бойынша адам болмысыңның өлшемі болып табылатын келесі қағидаларды ұсынамыз:
- бойыңның, ойыңның, тіліңнің, дене дамуының ең қолайлы кезеңі болып табылатындықтан жастық кезеңнің әрбір сәтін тиімді өткізуге ұмтылу;
- шама келетін қол еңбегіне, қимыл-қозғалысты ойындарға үнемі қатысып отыру. Бұл еріктілікке, ұйымшылдыққа, батылдыққа тәрбиелеп қана қоймай, ол жолдастық сезімге, ұжым мүддесі үшін әрекет жасауға да үйретіп, адами құндылықтар емн эстетикалық талғамыңды арттырады;
- теріс қылықтарға жол берме. Тәрбиеші ұстаздың, ата-анаңның ақылына құлақ ас. Айналаңдағы жақсы істерге, көріністерге ғана назарыңды сал;
- сөзіңнің мен ісіңнің сәйкес болуына мән бер. Арманшыл, қиялшыл бол. Жақсы достар табуға ұмтыл. Болашақ кәсібіңе, болашақ мамандығыңа жас кезеңнен машықтан;
- денеңді шынықтырып өс. Шынығу барысында бүкіл ағза биологиялық өзгеріске ұшырайды. Шынықсаң өмір қиыншылығын үнемі оңай жеңіп отырасың. Ешкімге тәуелді болмайсың. Барлық үрей-қорқыныш сені айналып өтеді;
- өзіңнің ішкі, сыртқы мәдениетің, тазалығың, рухани деңгейің, дүние танымыңның деңгейі арқылы өзгелерге үлгі бола біл және мұны жетілдіріп жүр;
- достыққа, жолдастыққа әрқашан адал бол. Қиыншылыққа кездесе қалсаң сағың сынбасын, мойыма, қайта ширатыла түс;
Мектептегі жақсы жолдастық қарым-қатынас, алған тәлім-тәрбиең, келеңсіз істерің т.б. санаңда өмір бойы сақталатынын ұмытпа. Әрбір істеген жақсы ісің де, жаман ісің де әйтеуір бір алдыңнан шығатын сәті болады;
- болашақта ата-ана болатыныңды ұмытпа. Бұл өмірдің өзгермейтін қағидасы болғандықтан оны да осы бастан ойланып қойғаның абзал. Сенің де ұрпақ тәрбиелеуің керек. Оған да өзіңді дайында;
- адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қасиеттерді ажырата біл. Әрқашан әділдікті жақта. Әлсіздерге қамқоршы, үлкендерге ілтипатты бол. Бұдан көп нәрсені ұтасың;
- орынсыз мақтанба. Сыпайылық – адам мінезінің көрінісі әрі көркі. Өркөкрек, өзімшіл, менмен болма. Әлсіз, әлжуаз адамдарды келемеждеме, оларға әдептілік үлгісін көрсете біл;
- Біреуді сыртынан даттама. Егер саған біреу туралы ғайбат сөз айтса, ол адам сен туралы да біреулерге айтатынын ұмытпа. Біреулер туралы жаман ойлаудың өзі сенің денсаулығыңды бұзады;
- айналадағы құбылыстарға, көріністерге міндетті түрде өзіңнің көзқарасың болуы шарт. Басқалардың пікірі сенің ақыл-ойыңның өлшемі болмауы тиіс. Сөзің жіті, ойың ашық, пікірің құнды болсын. Сонда әркімді уәжге тұрғыза аласың. Немесе оны іштей мойындатасың. Ол сен үшін жартылай жеңіспен тең;
- үнемі ұлтыңның намысын ойла, ұлттық сана, рух, ұлттың болашағы, денсаулығы, ділі, тілі, өсімі, дәстүрі, мәдениеті, өнері, тарихы т.б. сенің бой-болмысыңнан көрініс табуға тиіс. Бұл сенің өмірлік кредоңа айналуы керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет