3.3 Дене тәрбиесі мен спорт адамның жеке қасиеттерін қалыптастыруға ықпалы және басқа өнерлермен сабақтастығы
Спорт сұлулығы, атап айтқанда адамның сыртқы пішінінің дамуы ғана емес. Кейде мінез-құлықты, ұстамдықты, парасаттықты сынайтын қиын сәттерде мұндай «сұлу денелер» аянышты жағдайда қалады. Олар бұлшық еттерді күшті дамытуды көздейді. Ал, ауыр атлеттермен сайыста, сұлулықтың жарысында қандай жүлде алып жүрген «культурист» болса да жеңіліп қалады. Себебі, олар бір жақты дамығандықтан, ауыр салмақты атлеттердей төзімді бола алмайды. Спортпен айналысуда бәрінен бұрын өзін-өзі білуі, өзінің оңды және теріс жақтарын көре білуі өз мінез-құлқын қалыптастырудағы алғашқы қадамы болып саналады. Спорт пен дене тәрбиесі пәнінің өзгешелігі адам санасына, сезіміне, ерік-жігеріне және мінезіне жан-жақты әсер етеді.
Қазіргі кезеңдегі дене тәрбиесі адамдарда жоғары еңбексүйгіштікті, өзін-өзі ұстай білу дәрежесін, өзіндегі жағымсыз әдеттерді баса білу, алдына қойған мақсатқа жету жолындағы қиыншылықтырды табандылықпен жеңуді талап етеді. Бұл тұрғыда спорт жарыстарының маңызы өте зор.
Дене тәрбиесі мен спорт – шұғылданушылардың қызмет алдын ұйымдастыруда тек нақтылы дағдыларды, әдептерді ғана өндіріп қоймайды, сонымен бірге жеке тұлғаның бүтіндей қалыптасуын, яғни түйсік, сезім, ерік және басқа да психикалық құбылысты қамтамасыз етеді. Дене тәрбиесі жүйесінде іс жүзіндегі үйретуде этикалық өлшемдердің сақталуын қозғалыс әрекеттері арқылы іске асады. Дене тәрбиесінің ерекшелік құрамының бар жиынтығы - гимнастика, ойын, туризм, сонымен бірге бұл саладағы педагогикалық ұйымдастыру шұғылданушыларды этикалық өлшемдер мен ерік-жігер сапаларын мақсатты бағытта дамытуға үйретеді. Дұрыс өнегелік мінез-құлық әрекеттердің, дағдылардың белгілі бір жүйесін жаттықтыру үшін оны дұрыс, жағымды әрекеттер мен істерді қызметтің нақтылы жағдайында көп рет қайталау керек. Мұндай жағдай, мысалы, әр спорт түрінде белгілі бір жарысқа қатысу тәртібі спортшыларға талап қою, олардың міндеті мен құқығы, сонымен бірге тәртіп бұзушылыққа байланысты шара көру болып табылады. Егер жаттықтырушы спортшыдан жаттығуда қалыптасқан ережені табандылықпен талап етсе, онда спортшының мінез-құлқы жақсы көрсеткіш көрсетіп, жарыс барысында тәрбиелік бағытта сипат алады.
Ережелер мен талаптарды сапалы түрде ең алдымен жаттығу сабақтарында, ал содан кейін сайыстарда орындау спортшының іс жүзінде өзін ұстай білуге, мінез-құлқын дағдыландырады.
Дене тәрбиесімен шұғылданушының адамгершілік бейнесін қалыптастыру жүйесі барлық кезде дұрыс бола бермейді.
Дене шынықтыру мен спорттық сайыстың ерекшелігінде қарсылық бағыттағы өз мүддесіне тартушылыққа ұмтылыс жиі пайда болады. Кейбір шұғылданушылардың өзін ұстай білу қабілетінің болмауы спорттық этика талаптарына қайшы қылықтарға ұрындырады. Мысалы, ұтылған спортшы жеңімпаз қарсыласының қолын алудан бас тартып, спорттық этика ережесін өрескел бұзады. Мұндай қылықтардың алдын алу және болдырмау үшін жүйелі түрде педагогикалық әсер етуді, оның ішінде тәжірибелік үйрету әдісін қолдану қажет. Мұндай әсер ету жүйесінде іс-жүзіндегі үйрету негізгі орын алады, өйткені онсыз мінез-құлық, тәртіптік дағдыларын, қарапайым адамгершілік өлшемдерін, мінездің ерік-жігер сипатын шынықтыруды қалыптастыру мүмкін емес. Дене тәрбиесін ұйымдастыру барысында қиыншылықтарды жеңу, қозғалысқа үйрету негізінде және дене сапаларын тәрбиелеуде іске асады. Дене қабілеттерінің дамуымен және әдістік-тәсілдік шеберлігінің өсуімен бірге ерік-жігер қаиеті мен өз күшіне сенушілік артады.
Педагогикалық тәжірибе мен арнайы ғылыми зерттеулер көрсеткендей шұғылданушының мінез-құлқын әр түрлі әдістермен жаттықтыруға болады. Мысалы:
- Жаттығуда жүйелі түрде қиындықтар мен жүктемені арттыру.
- Жаттығу сабақтарында шұғылданушыларды жарыстық жағдайда әрекет жасауға үйрету.
- Батылдықты, шешімділікті, тәуекелге барып елеулі ерік-жігерге күш салуды талап ететін дене жаттығуларын кең пайдалану.
- Күште, жылдамдықта, шыдамдылықта өте жоғары көрсеткішке жетуге ұмтылу.
Шұғылданушының жеке қасиеттерін, мінез-құлқын тәрбиелеу әдістері барлық уақытта түйсігінде жағымды немесе теріс, ұнамсыз сезім қалдырады. Жағымды әсер ету үлгісіне педагогтың мадақтауы, яғни шұғылданушылардың жағымды әрекеттерін бекітіп, арттыру негізінде олардың мінез-құлқында сәйкес әдет, дағдылары мен этикалық өлшемдері туралы дұрыс ұғымды қалыптастыру болып табылады. Мадақтау сонымен бірге шұғылданушыларды осындай жақсы әдет, этика талап өлшемдерін қайталауға қызмет етеді.
Керісінше ұялту, бетіне басу түріндегі педагогтың әсер етуі шұғылданушылардың көңіл-күйіне жағымсыз сезім туғызу арқылы жағымсыз қылықтарды қайталамауға жұмылдырады.
Спорт өнерін әңгіме еткенде, спорт – адамның істейтін қызметінің бір түрі болып есептеле отырып сұлулық туралы түсінік те береді. Ол әруақытта басқа өнерлермен бірге жүріп қана дамып отырады. Өнер мен спортты бөліп қарауға болмайды. Өнер де спорт та адам тұлғасында кездесетін егіз қасиеттердің бірі. Спорт этикасы мен әсем сөзді музыка жаңа дәуірдің жаңалық желісін қамтиды. Конькиді мәнерлеп тебу бейнелеу өнерімен сабақтас. Гимнастика, акробатика, әуенді ырғақ т.б. спорт түрлері қазіргі заманғы бидің құрамынан анық байқауға болады. Қай өнерді болмасын алып қарағанда ол өнердің құрамында дене тәрбиесі мен спорттың жаттығуларының бір элементі болатыны бәрімізге белгілі. Ең ежелгі өнерлердің қатарында спорт өнерінің оймақтай орны, кез-келген өнердің салмағы басым жақтары бар. Дәл қазіргі уақытта спорт өнерінен бірінші орында тұрған өнерлер жоқтың қасы. Оның дәлелі ретінде әлем спортшыларының атақтары кез-келген өзге өнер иелерінің атағынан бірінші орында тұрғандығын айтуға болады. Спорт өнері мен кез-келген өнердің арасындағы байланыс, бұларда шекара жоқ, айтып кеткеніміздей өнер белгілі бір адамның үлесіне тиесілі рухани азық емес бүкіл халыққа, өнер иелеріне ортақ нәрсе.
Өнердің қайсысы болмасын адам өміріндегі орны айтарлықтай. Өнер дегеніміз не? Ол қалай қалыптасады? Адамды қандай жағдайда ұстайды? деген сұрақтардың жауабын алатын кез де жеткен секілді. Өнер белгілі спорттың түрінен жарыс өткізу барысында спортшылардың арасындағы талас-тартыс кезінде түрлі айла-тәсілдер қолдана отырып, көрермендерге өз спортының мүмкіншіліктерін көрсетуі. Өнердің қалыптасуына жаттығу, көрермендердің ойынан шығу, өз сеніміне, жаттықтырушының артқан үмітін өтеу барысындағы адамның тікелей қимыл-қарекеті. Адам кез-келген өнер түрлерімен айналыса отырып оның нағыз шебері, өнерді толық игерген тұлға болып есептеледі. Адамда өнер толық қалыптасқан сайын шеберлік дәрежесі де артады.
Дене тәрбиесі мен спорттың адамдар өмірінде алар орны ерекше. Жоғары адамгершілік және мораль ахуалын қалыптастыру мәселесі адамдар өмірінің өзге де салалары сияқты аса үлкен маңызға ие.
Қазіргі таңда экологиялық дағдарыс аймағында тұрып жатқан халықтардың денсаулығын спорт, дене тәрбиесі құралдары арқылы адамдарды сауықтыруға, шынықтыруға және белсенді демалысты қамтамасыз етуге мол мүмкіндіктер қарастырылуда.
Дене тәрбиесі мен спорт адамгершілік, өнегелік, ақыл-ой, эстетикалық және еңбек тәрбиелерімен сабақтасып жатады. Бұл зерттеуде дене тәрбиесі мен спорттың басқа тәрбие түрлерімен байланысының нақтылы жақтары және қоғамдық, әлеуметтік мәні адам болмысын қалыптастыруға бағытталған тұстары, адам өміріндегі орны, мақсаты, философиялық тұрғыдан сипатталуы жөнінде баяндалады.
Дене тәрбиесі мен адамгершілік, өнегелік тәрбиелерінің арасында жеке тұлғаны жан-жақты және үйлесімді дамыту заңдылықтарымен қамтамасыз етілген екі жақты байланыс бар.
Шұғылданушыға дене және адамгершілік тәрбиелерінің өзара байланысы дені сау, жаны таза, еңбек етуге, Отанды қорғауға рухы дайын, өскелең өмір жолының қиындықтарына төзімді жаңа заманның белсенді жастарының бейнесін қалыптастырады.
Қазіргі адамзат алдында бұрын-соңды болмаған ауқымды бүкіл әлемдік мәселелер қосылуда. Олардың ішінде қоғамдық және әлеуметтік даму, бейбітшілік, халық санының өсуі, денсаулықты сақтау, адамның жаңа әлеуметтік жағдайларға үйренуі және тағы басқа күрделі мәселелер бар.
Аталған ауқымды мәселелерді шешуді ғылымдар ішіндегі адам санымен бірге қоғамның басты билеушісі жеке тұлғаның денсаулығының кепілі ретінде дене тәрбиесі мен спорттың маңызы зор. Осы мәселелердің ішінде қоғам үшін маңызды түрі - бейбітшілік.
Олар, яғни дене тәрбиесі мен спорт адам баласының қажеттілігін өтей алатын құдіретті күш. Оларда шекара жоқ. Олар тек бір ғана ұлттың, мемлекеттің үлесіне тиген рухани азық емес, бүкіл адамзат, бар халықтың немесе қоғамның шығармашылық қабілетінің нәтижесі.
Спорт - әрбір халықтың, мемлекеттің мәртебесі, мәдениеттің, қарым-қатынастың ең тиімді құралы. Достықтың, бейбітшіліктің өзара түсінушіліктің елшісі. Бейбітшілік адамның, сонымен бірге қоғамның дамуына мүмкіншілік беретін бірден-бір кілт пен қақпа. Әлемде бейбітшілік елшісі жан-жақты дамыған, денсаулығы мықты, адамгершілігі мол, дене тәрбиесімен тәрбиеленген қоғамның басты тұлғасы жеке адам.
Дене тәрбиесі мен спорт қазіргі қоғамда өте керек. Себебі, адам көптеген әлеуметтік рөлдерде ойнайды. Соның ішінде бағынышты рөлдерде, көпшіліктің көрермен пікірімен екінші біреудің рөлінде ойнайды.
Қазіргі қоғамда спорт жарысының мақсаты белгілі - рекорд, жеңіс көптеген адамдардың қабылдауына, әсіресе жанкүйерлердің жарыс әрекетінің қорытындысы осылай болуы тиіс сияқты.
Спорт қоғамның тұтас бірігуіне зор ықпал етеді. Спортшылар әлеуметтік топ ретінде жауапкершілік, сыйлау сезімі барлық қасиеттерін қалыптастырады.
«Адамды адам еткен - еңбек» десе, еңбекпен бірге адамзат тарихымен дамып келген спорт тарихының да алар орны ерекше.
Адамзат пайда болғаннан бергі спорттың әлеуметтік маңызы үлкен. Сонау терімшілік пен аң аулаудағы қимыл-қозғалыстардың барлығы спорттың негізгі іргетасының қалануына себепші. Әлеуметтік қажеттілік барысындағы қозғалыстар спорт түрлерінің шығуына септігін тигізді. Ағаш басына өрмелеу, аңдарды орларға қуып түсіру, жаулардан қорғану сол кездегі адамдардың іс-әрекетіндегі қозғалысы негізгі іс болып қалыптасты, яғни спорт адамзаттың ежелгі асыраушысы.
Халқымыздың әлеуметтік дамуында жеке кәсіпкерліктің орны ерекше. Елбасымыздың халыққа жолдауындағы «жеке кәсіпкерлік денсаулығы мықты жан-жақты дамыған, дене тәрбиесімен тұрақты айналысатын тұлғалардың үлесі»,- деп айтқан сөзі спорт пен дене шынықтырудың өз саласында ғана емес әлеуметтік салада да маңызы зор екендігін аңғартады. Спорттың әлеуметтік қызметтерінің бірі - денсаулықты нығайту, тұлға денесінің дамуын тәрбиелеу болып табылады.
Мемлекеттік шаруашылық ұйымдастыру қызметі мен спорттың жанама байланысы бар. Бұл экономикалық және техникалық тұрғыдан спорттың өндірістік емес салаға жататынын айғақтайды. Өйткені материалдық ептіліктерді жасауға қатыспайды. Алайда спорт пен дене тәрбиесі еңбек қызметіне дайындауға, еңбек қызметін жоғарылатуға және аурулардың алдын алуда зор рөл атқарады.
Спорттың әлеуметтік қызметі жаппай мемлекеттің қызметі, негізгі «Президенттік сынамаларды тапсыруда» іске асады.
Адамзат тарихы өзінің дамуында 4 қоғамдық-экономикалық формациядан өтті. Олар: алғашқы қауымдық, құл иеленушілік, феодализм, капитализм мен социализм. Аталған формацияларда спорттың маңыздылығы түрліше болып келеді. Алғашқы қауымдық кезеңде дене шынықтыру жаттығуларының элементі бар қимыл-қозғалыстар өмір сүру үшін қажет болса, құл иеленушілік кезеңде мыңдаған құлдарды бір жерде ұстап отыру үшін гладиоторлар дайындау ісінде қолданылады. Ал, феодалдық кезеңінде жан-жақты тәрбиеленетін рыцорларды дайындауға пайдаланылады. Капиталистік пен социалистік кезеңдерде адамдар спортты бейбітшілік мақсатқа, денсаулықты нығайтуда, дене мәдениетін қалыптастыруда іске асырды. Қорыта айтқанда спорттың тарихы мен орны еңбек ету барысында түрлі нәтижеге жету үшін ерекше болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |