Дипломдық жұмыс 6В01515- «Химия» Қызылорда, 2021 Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі



бет55/70
Дата31.12.2021
өлшемі0,66 Mb.
#21376
түріДиплом
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   70
Бақылау кезеңі

Мақсаты – оқушылардың саралап оқытуды дамыту технологиясы сабақ жағдайында «Карбонилді қосылыстар» тарауын меңгеру дәрежесін анықтау, алғашқы және қорытынды нәтижелерді талдау.

Сыныпта барлық балалардын ойлау кабілеті бірдей емес. Сондықтан сабак кезінде аркайсысының денгейіне карай жумыстын түрін тандап, сол такырыпты игеру көзделсе, ете пайдалы.

Сондыктан сынып окушыларының жеке бас еркшелігін және жалпы ой- өpістерінің даму денгейін анықтау үшін Р. Аметхауердің интеллектік кұрылымға араналган тестілердің әдістері негізінде педагогикалык- психологияльк тест жүргіземін. Бул тест 4 топтан тұрады:

1-тест. Сынаушыдағы мәнді, манызды заттар мен кұбылыстарды екінші дәрежелі маңызсыз затар мен кұбылыстардан жіктеп алу.

2-тест. Бұл бесінші apтық деп алып тастайтын сөздік варианттар түрінде құрылған тапсырмалардан тұрады. Осы әдіс аркылы зерттеулерден алынған нәтижелер тексерілушінің жалпылау немес жекешелеу операцияларын іріктеу мүмкіндіктерін керсетеді.

3-тест. Мұнда тапсырмада аналог бойынша ой корыту. Бұларды орындау үшін тексерілушіге логикалық байланысты және түсініктер арасындағы катынастықты таба білу керек.

4-тест. Бул жалпылай білу мүмкіндігіне бағытталған. Окушы тест тапсырмасына кірген соң ортақ біріктіретін түсінті айта білуі тиіс.

Бұл алынған тесттер нәтижесінде окушылардың ойлау қабілеттерінің даму денгейі белгілі ұпайлар аркылы аныкталып, жоғары, орта, теменгі деңгей болып үш топка бөлінеді. Сөйтіп, сыныпта, жоғары денгейде- 6-окушы, орта деңгейде- 10 окушы, теменгі денгейде- 4 окушы калды. Мұның нәтижесінде оқушылардың ойларының ұшкырлығы, таным кабілеттерінің жоғарылығы байкалады. Ал келесі тапсырма оку бағдарламасы бойынша құралды , яғни білім сапасының көрсеткіші анықталды. Бұл мынадай нәтиже берді : жоғары деңгейде- 5 окушы, орта деңгейде - 9 окушы, төменгі деңгейде – 6 оқушы. Жыл бойғы алған білім көрсеткішін анықтау барысында оқушылардың білім сапасы көтерілгендігі байқалды.

Күнделікті сабақ жоспарын жазуда сынып оқушыларының ерекшелігін ескере отырып, берілген оқу материалдарының ауыр , жеңілдігіне қарай топтап түрлендіремін. Өйткені оқушы өз мүмкіндігіне орай тек міндетті деңгейден кем емес білім алуға ерікті. Бірыңғай тапсырмалар оқушыны жалықтырып жіберуі де мүмкін . Сондықтан оқушыны жалықтырмай, оған қажеттілік туғызатындай тапсырманы деңгейіне қарай саралап, күрделендіріп отырамын.

Оқушылардың жеке басының ерекшелігін ескере отырып таным белсенділігін арттыру , оқытудың жаңа әдіс - тәсілдерін қолдану арқылы баланың дүниеге өзіндік көзқарасын қалыптастыруға жол ашу, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында жұмыс. істеймін. Менің мәселелік тақырыбым « Карбонилді қосылыстар тарауын» саралап оқыту болғандықтан әр түрлі шығармашылық іс- әрекетті ұйымдастыру, мысалға: көріністі сурет бойынша, тірек- сөздер арқылы, жоспар бойынша мазмұндама, мәтінді өңдеу,есептер шығару, зертханалық жұмыс, сызба-нұсқамен жұмыс, периодтық кестемен орындалатын т.б. тапсырмалар беремін. Мұндай жұмыстарды да топтардың ерекшелігіне сәйкес ыңғайлаймын. Жұптық әдіс аркылы мықты мен әлсіз оқушы бірге отырып, жұмысты орындайды . Мұнда әлсіз оқушы өзіне деген сенімсіздіктен арылып, мықтысы өзінің қабілеті мен икемділігін одан әрі бекітеді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет