Дипломдық жұмыс 6В01515- «Химия» Қызылорда, 2021 Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі


«Карбонилді қосылыстар» тарауын саралап оқытудың тәжірибе нәтижелерін талдау



бет56/70
Дата31.12.2021
өлшемі0,66 Mb.
#21376
түріДиплом
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   70
4.2 «Карбонилді қосылыстар» тарауын саралап оқытудың тәжірибе нәтижелерін талдау




Жалпы келтірілген көрсеткіштердің жиынтығы бойынша химияны зерттеуге саралап оқыту технологиясының нәтижесінде танымдық қызығушылықтың жалпы өсуін айтуға болады. Сауалнама көрсеткендей, эксперимент соңында оқушыларға оқылатын тақырыптарға бағдар беру, негізгі теорияларды есте сақтау және олардың мазмұнын тереңірек көрсету, проблемалық жағдайларды шешу жолдарын табысты орындау сабаққа деген қызығушылығы артып, соның салдарынан олардың жалпы тәртіптілігі мен жауапкершілігі, саралау көмегімен тапсырмаларды өтуге кеткен уақытты азайту есебінен қосымша материалды түсіндіру үшін үлкен мүмкіндіктер пайда болғанын атап өту керек. Эксперименталды жүйенің артықшылықтары арасында олар: жаңашылдық, қызығушылық, өз бетінше жұмыс істеу үшін жағдай жасау, объективті және жылдам бақылау (қорытынды және аралық), ғылым мен техниканың қазіргі заманғы дамуына сәйкес оқу мүмкіндігі және өз оқу іс-әрекетінде саралау әдістерін пайдалану дағдыларын меңгеру деп атаған.

Химия сабақтарында өткен диагностикалық зерттеулер мен алынған бақылаулар нәтижесінде студенттерге сараланған көзқарасты жүзеге асырудың жетекші шарты типологиялық ерекшеліктерді зерттеумен қатар, уақытша типологиялық топтарға бөлу қарастырылды. Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді талдау негізінде оқушылардың келесі топтары анықталды:

I. екі кіші топты қамтитын жоғары білім деңгейі бар топ:

а) химияға тұрақты қызығушылығы бар оқушылар;

б) басқа пәндерге тұрақты қызығушылығы бар оқушылар.

II. екі кіші топты да қамтитын орташа білім деңгейі бар топ:

a) химияға тұрақты қызығушылығы бар;

б) басқа пәндерге тұрақты қызығушылығы бар.

III. химияға және басқа пәндерге деген қызығушылығы төмен және тұрақсыз топ.
Зерттеу жүргізілген арнайы мектептің 11-сыныптарында зерттеу эксперименттері жүргізілді. Оған жалпы саны 35 оқушы қатысты. Эксперимент жүргізу үшін 2 сынып алынды. Олардағы оқушылардың білім сапасы шамамен бірдей болды.

Жүргізілген тестілеудің қорытындысын шығару үшін біз «Меңгеру дәрежесі» критерийін (Критерий «Степень обученности») пайдаландық. В.П.Симонов бойынша оқушылардың меңгеру дәрежесін (ОМД) мына формуламен есептейді:

ОМД = (n5 ∙ 1 + n4 ∙ 0,64 + n3 ∙ 0,36 + n2 ∙ 0,16) ∙ 100 % / N

Мұндағы:

n5 – "5" алған оқушылардың саны

n4 – "4" алған оқушылардың саны

n3 – "3" алған оқушылардың саны

n2 – "2" алған оқушылардың саны

N – сыныптағы оқушылардың жалпы саны

Нәтижесі 60 % дейін – меңгерудің екінші деңгейі (төмен).

Нәтижесі 60-тан 70 % дейін – меңгерудің үшінші деңгейі (орташа).

Нәтижесі 70 %-дан жоғары – меңгерудің төртінші деңгейі (жоғары) .

Саралап оқыту технологиясын пайдалану нәтижесінде 11 сынып оқушылары әддеттегі сабақ барысынан жоғары баға алулары керек деген болжам жасалды. Эксперимент бойынша алты тақырып бойынша сабақ өткізілді. Содан кейін ол сыныптардың оқушылары «Карбонилді қосылыстар» тақырыбы бойынша бақылау жұмысы және тестілеу жұмысын орындады. Оқушылардың нәтижелері алдағы сабақтарға қарағанда жоғары болды.

Эксперимент қорытындысында «Көмірсутектер» тарауын өтіп болған соң жазбаша бақылау жұмысы мен тестілеу жүргізілді. Олардың нәтижесі кестеде көрсетілген.

Кесте- 10. Тәжірибе соңында білім алушылардың білімін меңгеру деңгейі






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет