Бақылау
түрі
|
11 А-сынып
(20 оқушы)
|
11 В-сынып
(15 оқушы)
|
Баға
|
Меңгеру
дәрежесі
|
Баға
|
Меңгеру
дәрежесі
|
Жазбаша
бақылау
жұмысы
нәтижесі
|
«5» - 5
«4» - 9
«3» - 6
«2» - 0
|
64, 6 %
орташа деңгей
|
«5» - 4
«4» - 8
«3» - 3
«2» - 0
|
75, 2 %
жоғары
деңгей
|
Тестілеу
нәтижесі
|
«5» - 5
«4» -11
«3» - 4
«2» - 0
|
80 %
жоғары деңгей
|
«5» - 4
«4» - 7
«3» - 4
«2» - 0
|
66 %
орташа
деңгей
|
В.П.Симонов бойынша оқушылардың сабақты меңгеру дәрежесі:
Нәтижесі 60 % дейін – меңгерудің екінші деңгейі (төмен).
Нәтижесі 60-тан 70 % дейін – меңгерудің үшінші деңгейі (орташа).
Нәтижесі 70 %-дан жоғары – меңгерудің төртінші деңгейі (жоғары)
|
Жүргізілген бақылаулар мен тестілеудің нәтижелері қарапайым дәстүрлі сабақтарды өту кезеңіне қарағанда жоғары болды. Берілген диаграмма бойынша оқушылардың білім деңгейі көтерілгенін, сабаққа деген белсенділіктері артқанын аңғаруға болады. Нәтижені қорытындылайтын болсақ, саралап оқыту әдістерін қолдану сабақ барысында және үй тапсырмасы кезінде үлкен жетістіктерге жеткізді. Себебі, оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары артып, әрбір жеке баланың ерекшеліктері ескерілді. Білім деңгейлеріне қарай әр балаға тапсырмалар берілді. Сараланған тәсілді ұйымдастыру оқушыларға мүмкіндіктерін, сонымен қатар олардың білім деңгейін бағалауға мүмкіндік берді. Нәтижесінде пәнге деген қызығушылық артып, мұғалім мен оқушылар арасында серіктестік орнатылып, сабақтардағы оқушылардың психологиялық стресстері төмендеді. Үлгерімі нашар оқушылардың білім сапасы мен белсенділігі артты. Оқушылардың өзін-өзі бағалауы жеткілікті болды, білімді тексеруден қорқу жоғалды.
Сараланған оқытуды неғұрлым кеңінен пайдалану оқу процесінің сапасы мен нәтижелілігін арттыруға ықпал ететін болады:
* үй тапсырмасын беру кезінде әртүрлі деңгейлік тапсырмаларды пайдалану, кесте, график және диаграмма түріндегі ақпараттың нысаны мен мазмұны бойынша әртүрлі тексеру тапсырмаларын қосу, оқушылардың мектептен тыс түрлі көздерден алатын білімдерін есепке алу;
* табиғи құбылыстарды түсіндіру үшін білімді қолдануға арналған тапсырмалар басым болатын әр түрлі әрекеттерді тексеретін тапсырмаларды қолдану;
* әр түрлі пәндерді оқу кезінде алынған жаратылыстану-ғылыми білімдердің интеграциясын кеңейту және әр түрлі курстарда оқытылатын негізгі жаратылыстану-ғылыми ұғымдарды қалыптастырудың бірыңғай тәсілдерін әзірлеу;
* оқушылардың оқу іс-әрекетіндегі акценттерді өзгерту: репродуктивті іс-әрекеттің үлесін азайту есебінен оқушылардың зияткерлік дамуына бағытталған іс-әрекеттерді оқытуда кеңінен қолдану.
ҚОРЫТЫНДЫ
Дипломдық жұмысты жазу барысында мектептің органикалық химия курсынан қолданылатын саралап оқыту әддістеріне, көрсетілетін тәжірибелерге сипаттама бере отырып олардың көрсетілу әдістеріне, сабақ өту жолдарына және сол тәжірибелердің іс жүзінде қолдану арқылы оқу процесіне тигізетін әсерін тексердім. Кез- келген оқу процесінде енгізілетін әдістер оқу үрдісінде де, солүрдістің оьбектісіне де өзінің белгілі бір пайдасын тигізуі керек. Осы тұрғыда бұл дипломдық жұмыс – саралап оқыту технологиясын «кабонилді қосылыстар тарауын» саралап оқыту үдерісінде қалай пайдаланып, нәтижесінде оқушылардың қызығушылығы, білім сапасы артуына септігін тигізетіндігін тәжірибе жүзінде дәлелдеп берді. Ал егер сабақ үдерісінде осындай нақ осындай әдіс- тәсілдер, тәжірибелер қолданылмайтын болса, онда оқушылардың білімдері біршама төмендеп кететіндігін айқындап, саралау технологияларының орнының ерекше екендігіне баса назар аудардым. Жалпы зерттеу нәтижесі көрсеткендей оқушылардың білім деңгейі, сабаққа деген қызығушылығы сабақта жаңа технологияларды жүйелі түрде қолдану барысында біршама артады. Сондықтан мұндай оқушылардың білімі мен білігіне әсер ететін маңызды фарторға бей- жай қарауға болмас.
Саралап оқытуды дамыту технологиясын пайдаланудың басты мақсаты – оқушылардың оқу материалдарын толық меңгеруі үшін оқу материалдарының практикалық жағынан тиімді ұсынылуына мүмкіндік беру. Бұл мақсаттарға жету жолында деңгейлік тапсырмалар, электрондық оқулықтар, тексеру программалары, оқыту құралдары сияқты өнімдер қызмет етеді. Білім саласында компьютер оқушы үшін оқу құралы, ал мұғалім үшін жұмысшы болып табылады. Оның қолданылуы нәтижелі болуы үшін бағдарламалық құралдар толық түрде мұғалімнің және оқушының алдына қойған мақсатына жетуін және шығару жолдарын қамтамасыз ету керек. Саралап оқыту технолгиясы бойынша дайындалған оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде – өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашуы керек. Оқытудың жаңа әдістерін тиімді қолдану, жаңа технологияны қазіргі заманға бейімдеу, олардың білім деңгейін мемлекеттік және халықаралық стандартқа жетулеріне күш салу – бүгінгі күннің басты талабы. Осы талапты орындау, ұстаз жауапкершілігін арттырады.
орта мектепте химияны оқыту процесінде дәстүрлі бақылау әдістерімен қатар, интерактивті бақылау әдістер жүйесін қолданудың тиімділігі педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерден теориялық негізделді;
қазіргі кездегі орта мектепте химия пәнін оқыту кезінде интерактивті бақылау әдістерінің жүйесінің қолданылу аясы талданды;
интерактивті бақылау жүйесінің білім берушілік, тәрбиелеу және білім бақылау диагностикалық функцияларының мүмкіншілігі талданып, оқушылардың сабақты «жоғары деңгейде» меңгеруіне, химияға деген қызығушылықтарының арттуына алып келетіндігі анықталды.
орта мектепте химия пәнін оқытуда – саралап оқыту әдістерін қолдану оқушылардың оқу үлгерімдерін арттыру және оқу қызметін белсенді ету мүмкіншілігі тәжірибелік анықталды.
химияны оқыту процесінде оқушылардың білімін тексеруде дәстүрлі әдістермен қатар, саралап оқыту кезінде қолданылатын әдістер мен формалары қызықты да, танымдық болған сайын, оқыту процесі де тиімді болады;
зерттеу материалдары мектеп химия пәні мұғалімдерінің практикалық қызметінде қолдануға болады.
Жүргізілген зерттеу нәтижелерін талдай отырып, келесідей қорытынды жасауға мүмкіндік береді:
Саралап оқыту ресурстары – білім алушылардың білім сапасын арттыру және оқыту процесін жетілдіру үшін үлкен перспективалар ашатын заманауи танымдық құралдар;
Саралап оқыту технологиясының ресурстарын педагогикалық процеске енгізу көрнекілік принципін жоғары деңгейде іске асырады, оң мотивацияны қалыптастырады, білім алушылардың танымдық белсенділігі мен дербестігін ынталандырады;
Саралап оқыту технологиясы – бұл оқу және оқудан тыс қызметті оңтайландыруға және ықпалдастыруға ықпал ететін заманауи мұғалім қызметінің барлық бағыттарының маңызды құрамдас бөлігі;
орта мектептің оқу процесіне саралап оқытуды енгізу білім сапасын арттыру және жетілдіру үшін үлкен перспективалар ашады, мұғалімге білім алушылардың әртүрлі қызмет түрлерін ұйымдастыруға, білім алушылардың жеке дербес оқу қызметін жүзеге асыру үшін жағдай жасауға, өзін-өзі оқыту, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі білім алу, өзін-өзі жетілдіру дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Саралап оқыту технологиясының құралдарымен білім алушылардың білім сапасын арттыру процесінің нәтижелілігі келесі критерийлер негізінде бағаланды: когнитивті (оқыту процесінің тиімділігін сандық және сапалы сипаттау), іс-әрекет (қалыптасқан практикалық Біліктіліктің деңгейін бағалау), жеке (білім беру процесінің сипатын және оқыту үдерісіне қанағаттануды бағалау). Пән бойынша білімді меңгеру деңгейі, түсініктер арасындағы өзара байланысты түсіну, қызмет операцияларын меңгеру, жаңа материалды оқу барысында білім алушылардың дербестік дәрежесі жетекші көрсеткіштер болды.
Саралап оқыту технологиясының құралдарымен білім алушылардың білім сапасын арттыру моделін эксперименталды тексеру барысында осы модель жаңа материалды оқу кезінде білім алушылардың өзіндік қызметін қамтамасыз етеді, білім алушылардың оқылатын ұғымдар арасындағы өзара байланысын түсінуіне ықпал етеді және зерттеу барысында бөлінген педагогикалық жағдайларды іске асыру жағдайында білім, білік және дағды сапасын арттырады және ұсынылған гипотезаны растайды.
Достарыңызбен бөлісу: |