Сәлеметсіздер ме, менің шәкірттерім! Мен сіздермен кездескеніме қуаныштымын. Бүгінгі сабақта ыңғайланып тұрып өз есіміміздің бас әріпінен басталатын сөздер айтайық!
Оқушылар жағымды ахуал орнату үшін өз атының бас әрпінен басталатын қасиеттерін айтады. Индира- инабатты, Фатима-фантазер
«Жіпке тізілген жасырын көмірсутектер» арқылы оқушыларды топқа бөлу.
Бағалау парақтарын таратып беру. Топ ережесімен танысу. Топ мүшелерін сайлау. (Мұғалім топ басшысын анықтау үшін логикалық сұрақ береді, топ басшысы анықталған соң, сағат тілі бойынша қалған топ мүшелерін сайлайды. Ол үшін 1-ден 4-ке дейін топ басшысынан бастап санатады.)
1.Дені сау адамның асқазанында қандай күшті қышқыл болады?(HCI)
2. Аспен келеді, тамаққа дәм береді.(NaCI)
3.Көмірсутектер ішіндегі ең маңызды қосылыс. (мұнай)